Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет11/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105

32
алушылардың кəсіби қабілеттерін дамытудың тəсілдерін ойластыруға 
болады.  Əдетте  осындай  тексеру  барысында  білім  алушылардың 
өмірбаяны,  психологиялық-педагогикалық  сипаттамасы,  үлгерімі, 
тұлғалық  дамуының  генезисі,  ауырған  ауруларының  сипаттамасы, 
туа біткен кемшіліктері, танымдық үдерістерінің даму барысы жəне 
ата-аналары жөніндегі мағлұматтар сарапталады.
Білім алушылардың жазбаша, графикалық жəне шығармашылық 
жұмыстарын  зерттеу.  Мұндай  зерттеу – білім  алушылардың 
интеллектуалдық-даралық,  кəсіби  ерекшеліктері  мен  қабілеттері 
туралы  мағлұмат  беретін  əдістің  бір  түрі.  Мəселен,  білім 
алушылардың  технология  сабағына  арналған  дəптерлеріне  жəне 
басқа  да  жұмыстарына  талдау  жасау  зерттеушіге  олардың  кəсіби 
іс-əрекетін,  еңбекпен  шұғылдану  мотивтерін,  саралауға  мүмкіндік 
береді,  сондай-ақ  кəсіби  іс-əрекеттің  сыныпта,  сыныптан  тыс, 
демалыс,  сергу  кезеңдерінде  əртүрлі  көрініс  табуы  туралы  жан-
жақты мəліметпен қамтамасыз етеді.
Педагогикалық құжаттарды зерделеу. Оның көздеріне кəсіптік 
оқыту бойынша оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу-
əдістемелік  құралдары,  оқытушының  сабақ  жоспары,  білім  беру 
мекемесіндегі  оқу-тəрбие  жоспары,  кəсіби-эстетикалық  бағыттағы 
іс-шаралар жоспары, сынып журналдары,  іс-шаралардың сценарийі
оқытушының  шығармашылық  есептері  жəне  басқа  да  тіркеу 
құжаттары  жатады.  Мектептегі  кəсіби  іс-əрекетке  баға  беру  үшін 
білім алушылардың конкурстарға, үйірмелерге қатысуы, мерекелік 
іс-шараларға  қатысуы  туралы  мəліметтерді  зерттеудің  де  маңызы 
зор.
Теориялық  деңгей  əдістері.  Танымның  теориялық  деңгейі 
эмпирикалық  деңгейде  мүмкін  болмайтын  жетістіктерге  қол 
жеткізеді. Эмпирикалық зерттеу өзінің əдістерінің ерекшеліктеріне 
байланысты  құбылыстардың  функционалдық,  себеп-салдарлық 
тəуелділігін  айқындауға  мүмкіндік  бере  алмайды.  Ғылыми 
танымның  осы  деңгейі  заттардың  мəніне  терең  бойлауға, 
құбылыстарда  болып  жататын  өзгерістер  мен  байланыстардың  ең 
терең заңдылықтарын, механизмдерін байыптауға септігін тигізеді. 
Алайда зерттеу жұмыстарының көпшілігінің эмпирикалық деңгейде 
жүзеге  асырылуы  оны  теріске  шығаруға  болмайтынын  жəне 
ғылымның базасы мен негізгі мазмұны осы эмпирикалық деңгейде 
жасалатындығын ескеруді талап етеді.
Теориялық  деңгей  əдістеріне  зерттеушілер  əдебиет  көздерін 


33
зерттеу, талдау мен жинақтау (синтез), абстракциялау (талдап қорыту 
жəне жекелеп бөлу), тұжырым жасаудың индуктивті жəне дедуктив-
ті əдістері, ұқсастыру, модельдеу, болжау əдісі, математикалық жəне 
статистикалық əдістерді жатқызады.
Əдебиет  көздерін  зерттеу  ғылыми  зерттеудің  барлық 
кезеңдерінде  жүргізіледі.  Ол  алдымен  зерттеу  проблемасы  мен 
міндеттерін  анықтауда  қажет.  Зерттеу  жұмысын  бастамас  бұрын 
зерттеуші  белгіліні  белгісізден  ажыратып  алуы  тиіс.  Ал  ондай 
шараларды  жүзеге  асырмай  тұрып,  зерттеудің  логикасын  жəне 
зерттеудің  əдістемесін  нақтылау,  жинақталған  эмпирикалық 
материалдарды  теория  тұрғысынан  пайымдау  өте  қиынға  соғады. 
Əдебиет  көздерін  зерттеу  əдепкіде  библиографиялық  тізімдеуден 
басталады.  Бұдан  əрі  авторлардың  негізгі  пікір-пайымдауларын 
конспектілеу,  оған  деген  өз  көзқарасын  ұсыну  жəне  солардың 
негізінде  проблеманың  зерттелу  дəрежесін,  басты  бағыттарын 
анықтап, жүйелеу жұмысы жүргізіледі.
Талдау  мен  синтез.  Талдау  дегеніміз – тұтастық  құрамына 
кіретін  элементтерді,  заттар  мен  құбылыстарды  бір-бірінен 
ажыратып  қарастыру  негізінде  зерттеу.  Синтез  оған  қарама-
қарсы  үдеріс,  яғни  зерттелетін  объектінің  элементтері  мен  сапа-
қасиеттерін біртұтастықта, жүйелі зерделеу. Анализ бен синтез өзара 
диалектикалық  байланыста  болып  келеді  жəне  көбінесе  зерттеу 
үдерісін біртұтастықта қарастыруда қолданылады.
Абстракциялау  (дерексіздендіру) – ақыл-ой  операцияларының 
бірі.  Адамның  мəнді  еместен  көңілін  басқа  жаққа  аударып, 
нəтижесінде нақтыдан дерексізге өрлей отырып, ұғым қалыптастыра 
алатын  ойлау  үдерісі  саналатын  заттар  мен  құбылыстардың  мəнді 
сапа-қасиеттері мен байланыстарын ойша ажыратуға негізделген та-
ным формасы. Оның екі түрі бар: талдап қорыту жəне жекелеп бөлу. 
Талдап  қорыту – көптеген  бірыңғай  заттар  мен  құбылыстардың 
жалпы,  ұқсас  белгілерін  анықтау.  Жекелеп  бөлу – бір  затты  неме-
се құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажеттіні бөліп алу 
үдерісі.
Индуктивті жəне дедуктивті əдістер. Индукция – білімнің же-
ке-жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай ілгерілеуі. Дедук-
ция – білімнің жекеге қарай қозғалуы, салдардың алғышарттардан 
шығарылуы.
Ұқсастыру  əдістері – заттар  мен  құбылыстардың  сапа-
қасиеттерін өзгелермен ұқсастығы негізінде анықтауда қолданылады.


34
Модельдеу əдісі – заттар мен құбылыстардың, мүмкін жағдайдың 
теория  жүзіндегі  моделінің  жасалуы.  Модельдеу  əдісі – зерттеу 
объектісін соған ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алма-
стыратын зерттеу əдісі. Оның біріншісі – түпнұсқа да, екіншісі оның 
моделі болады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық 
болу  керек.  Мұндай  ұқсастық  модельді  зерттеу  кезінде  алған 
ақпараттарды түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін 
ұқсастық, талдау мен синтездің түрлі формалары қолданылады. Мо-
дельдеу ауызша (вербалды), логикалық, физикалық, математикалық, 
заттық белгілік болып бөлінеді.
Болжау  əдісі – зерттеушінің  қатысуынсыз  педагогикалық 
жүйе  немесе  білім  беру  жүйесінің  даму  қозғалысын  көрсету  үшін 
қолданылады. Зерттеу барысында алынған нақты ғылыми деректерді 
сандық  көрсеткіштерге,  кестелерге,  сызбаларға,  диаграммаларға, 
формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ой-
лау абстракциясының жоғары деңгейі мен дəрежесін қажет етеді.
Математикалық  жəне  статистикалық  əдіс  педагогикалық 
құбылыстар  мен  олардың  сапалық  өзгерістері  арасындағы  сандық 
тəуелділікті анықтау мақсатында қолданылады.
Əдіснамалық  деңгей  əдістері – ғылыми  танымның  ең  жоғары 
деңгейі. Танымның əдіснамалық деңгейі педагогика категориялары-
мен, «білмеген туралы білімді» айқындаумен, ғылыми-педагогикалық 
зерттеу  əдістемесі  ретінде  белгілі  теорияларды  қолданумен  байла-
нысты мəселелерді шешуге бағытталған: əдіснамалық деңгейде та-
ным іс-əрекетінің əдіснамалық теориясы құрылады.
Соңғы  жылдары  ғылыми-зерттеу  жұмысын  орындауда 
терминологиялық  əдістер  кеңінен  қолданыс  тауып  жүр.  Өзінің 
ғылыми жұмысын орындаудың өн бойында кездесетін негізгі ұғым-
түсініктерді автор нақтылап алған соң, жұмысты аяқтағанша соларға 
сүйеніп  отыруы  тиіс.  Ол  үшін  əдебиет  көздерін  зерттеу  кезінде 
анықтамалық  сөздік  жасап,  кездескен  терминдерді,  оған  берген 
авторлардың түсінік, анықтамаларын немесе балама пайымдаулар-
ды тіркеп отырғаны дұрыс.
Зерттеу жұмысында оның ғылыми-теориялық жəне практикалық 
маңызын ашып көрсету міндетті емес. Алайда, бітіруші өз қалауы 
бойынша  белгілі  бір  сынып  көлемінде  тəжірибелік-эксперимент 
жұмысының барысында жеткен жетістіктерін атап көрсетуіне бола-
ды.
«Зерттеу  жұмысының  ғылыми-теориялық  маңыздылығы» 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау