131
салық салу механизмдерін өзгерту арқылы экономиканың іскерлік
белсенділік деңгейіне саналы түрде əсер ету шаралары.
Бюджет-салық
саясаты ұлттық табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық
деңгейіне жəне бағаның жалпы деңгейіне əсер ете отырып, жұмыссыздық
пен инфляция сияқты макроэкономикалық проблемаларды шешуге
бағытталған.
2. Бюджет-салық саясатының дискрециялық жəне дискрециялық
емес деген түрлері бар. Дискрециялық
бюджет-салық саясаты елдің
эко номикалық белсенділігін өзгертуге бағытталады жəне ол ынталан-
дырушы жəне тежеуші болып бөлінеді. Дискрециялық емес бюджет-
салық саясаты үкіметтік арнайы шешімдерін талап етпей-ақ автоматты
тұрақтандырғыштарға негізделеді.
3. Үкімет дискрециялық бюджет-салық саясатын жүргізу кезінде
жиынтық сұранысқа да, жиынтық ұсынысқа да бірдей əсер етеді.
Кейнстік бағыт шеңберінде бюджет (мемлекеттік шығындар)
мульти-
пликаторы, салық мультипликаторы жəне баланстанған бюджет мульти-
пликаторы сияқты үшін мультипликатордың іске қосылуы есепке алы-
нады. Ал ұсыныс теориясы шеңберінде «Лаффер əсері» қарастырылады.
4. Бюджет-салық саясатының мəн-мағынасын жете түсіну үшін
мемлекеттік бюджет туралы қарастыруымыз қажет. Мемлекеттік бюд-
жет – мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін қаржыландыруға арнал-
ған ақша-қаражаттарын қалыптастырудың жəне шығындаудың нысаны;
заңдылық тəртіппен бекітілген мемлекеттің
кірістері мен шығыстары-
ның құрылымы. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдауда мем-
лекеттік шығындардың орны ерекше болып табылады.
5. Толық жұмысбастылық кезіндегі бюджеттің негізінде бюд
жет
тапшылығының мынадай түрлері ажыратылады: 1) құрылымдық бюд-
жет тапшылығы – толық жұмысбастылық пен нақты жұмысбасты-
лық кезіндегі бюджет тапшылықтарының арасындағы айырмашылық;
2) циклдік бюджет тапшылығы – нақты
бюджет тапшылығы мен құ-
рылымдық бюджет тапшылығы арасында айырмашылық ретіндегі
бюд
жет тапшылығының бір түрі. Циклдік тапшылық экономикалық
белсенділіктің ауытқу себептерімен түсіндіріледі.
6. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың бірнеше əдістері бар:
1) ақша эмиссиясы; 2) Орталық банктен қарыз алу; 3) жеке сектордан
жəне сыртқы көздерден қарыз алу. Бюджет
тапшылықтарының ел эко-
номикасына əсер етуі көбінесе, сол елдің тапшылықты жоюда таңдап
алған əдісімен анықталады.
7.
Мемлекеттік қарыз – мемлекеттің алдында тұрған физикалық
жəне заңды тұлғаларға, шетел мемлекеттеріне,
халықаралық ұйымдар
132
мен субъектілерге деген қарыздық міндеттемелері. Мемлекеттің ішкі
жəне сыртқы қарыздары болады. Ішкі қарыз – мемлекеттік бюджет
тапшылығын жабу үшін ел ішіндегі резиденттерден алған қарыз со-
малары. Сыртқы қарыз – мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін
шетелдердегі резидент емес тұлғалардан (үкіметтен, ұйымдардан, аза-
маттардан) алған қарыз сомалары.
Достарыңызбен бөлісу: