359
−
М. Портердің «ұлттық бəсекеге қабілеттілік ромбы» үлгісі жəне
кластерлер. Бəсекеге қабілеттілік индекстері.
5. Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар:
1. Айталық, Жапония қандай да бір ресурстың бір бірлігін қол-
дана отырып 3 компьютер немесе 3000 бөшке шарап өндіре алады. Ал
Франция сол ресурстың
бір бірлігін қолданып, 1 компьютер немесе
5000 бөшке шарап өндіре алады.
Осы мəліметтер негізінде мына сұрақтарға жауап беру керек:
а) əр елдің осындай тауарларды өндіруге мамандануы жиынтық
өндірістің ұлғаюына алып келе ме?
ə) осы мысал қандай артықшылық принципін сипаттайды: абсо-
люттік артықшылықты ма, əлде салыстырмалы артықшылықты ма?
б) егер Жапония максималды түрде 1000 дана компьютер өндіре ала-
тын болса, онда оның өндірістің мүмкіндіктер қисығы қандай болады?
в) Жапония тек компьютер өндіреді жəне оны Францияға шарапқа
айырбастау арқылы
экспорттайды деп болжай отырып,
оның сау-
да мүмкіндіктерінің сызығын салыңыз (жапондық бір компьютердің
бағасы француз шарабының 2000 бөшкесіне тең деп алыңыз)?
г) егер Франция максималды түрде 2 млн.бөшке
шарап өндіре ала-
тын болса, онда оның өндірістің мүмкіндіктер қисығы қандай болады?
д) Франция тек шарап өндіреді жəне оны Жапонияға компьютер-
ге айырбастау арқылы экспорттайды деп болжай отырып, оның сау-
да мүмкіндіктерінің сызығын салыңыз (жапондық бір компьютердің
бағасы француз шарабының 2000 бөшкесіне тең деп алыңыз)?
2. Мына кестеде Германия мен Швейцарияның сағатқа деген
сұраныс
пен оның ұсынысы туралы мəліметтер берілген. Кестенің мəліметтері
бойынша əр елдің сұраныс пен ұсыныс қисықтарын салыңыз жəне
мына сұрақтарға жауап беріңіз:
Сағаттың
бағасы (1
дана
сағатқа
доллармен)
Германия-
дағы сұраныс
көлемі (мың
данамен)
Германия-
дағы ұсыныс
көлемі (мың
данамен)
Швейцария-
дағы сұраныс
көлемі (мың
данамен)
Швейцария-
дағы ұсыныс
көлемі (мың
данамен)
10
110
0
80
30
20
90
20
50
50
30
70
40
35
65
40
60
60
20
80
360
50
50
80
5
95
60
40
95
0
105
70
30
105
0
110
80
20
110
0
115
а) Сыртқы сауда жоқ болған кездегі екі елдің сағаттар нарығындағы
тепе-теңдік бағалар мен тепе -теңдік көлемдер қандай?
ə) Сыртқы сауда кезінде сағаттардың əлемдік
нарығында тепе-
теңдік қандай баға қалыптасады?
б) Қай ел сағаттарды экспорттайды жəне қанша көлемде?
Достарыңызбен бөлісу: