Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Практика сабағының жоспары



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет143/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   325
dogalov-makroekonomika

Практика сабағының жоспары:
Практика сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, 
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жа-
уап беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру əдістері арқылы 
жүргізілуі тиіс. 
Мақсаты:
осы тақырыпта қарастырылатын негізгі үлгі арқылы 
мемлекеттің жүргізетін екі негізгі саясатының ұлттық табысқа қалай 
əсер ететіндігіне көз жеткізе отырып, олардың жүзеге асырылуының 
салыстырмалы тиімділіктеріне баға беру. Осы мақсатқа жету үшін прак-
тика сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мəнін ашу ке-
рек:
1. AD-AS жəне IS-LM үлгілерінің өзара байланысы.


197
2. IS-LM қисықтарын құру, олардың қозғалыстары. IS-LM үлгісіндегі 
тепе-теңдік.
3. Бюджет-салық саясатының жəне ақша-несие саясатының салыс-
тырмалы тиімділігі. Ығыстыру əсері.
4. Бағалар деңгейінің өзгерісіне сəйкес AD-AS жəне IS-LM үлгілерін-
дегі экономикалық саясат.
5. IS-LM үлгісі жəне қазақстандық экономиканың мəселелері.
СОӨЖ жəне СӨЖ тапсырмалары:
1. Тақырып бойынша э к о н о м и к а л ы қ с ө з д і к (глоссарий) 
жасау.
2. Тақырып бойынша л о г и к а л ы қ с х е м а л а р құрастыру.
3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- IS-LM үлгісінің тəжірибелік маңыздылығы жəне əлемдік қолда-
нысқа ие болуы;
- IS-LM үлгісі арқылы Қазақстанның макроэкономикалық саясаты-
на тал дау жасау жəне оны бағалау.
4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):
- Инвестициялық тұзақ жəне өтімділік тұзағы; 
- IS-LM үлгісіндегі кейнстік, монетаристік жəне аралық жағдайлар. 
5. Жаттығулар, есептер жəне т.б. тапсырмалар:
1. Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс?
а) Ақша-несие саясатының шараларын жүргізу нəтижесінде IS 
жəне LM қисықтары бір уақытта өзгереді.
б) Ақша ұсынысының ұлғаюы жəне мемлекеттік сатып алымдар-
дың өсуі ЖІӨ динамикасына бірдей əсер етеді.
в) Ақша ұсынысының ұлғаюы жəне салық ставкаларының төмендеуі 
нарықтық пайыз мөлшерлемесіне бірдей əсер етеді.
г) Ақша ұсынысының қысқаруы жəне салық ставкаларының тө-
мендеуі жиынтық сұраныс қисығына бірдей əсер етеді.
д) Егер баға деңгейі төмендесе, онда жиынтық сұраныс қисығы оңға 
жылжиды, ал LM қисығы солға жылжиды.
2. IS-LM үлгісіне сəйкес пайыз мөлшерлемесі, табыс деңгейі, тұ-
тыну мен инвестиция көлемі қалай өзгереді? Егер:
а) Ұлттық банк ақша ұсынысын қысқартса.
б) Мемлекет тауарлар мен қызметтерді сатып алуды төмендетсе.
в) Мемлекет салықтарды қысқартса.
г) Мемлекет сатып алымдарды жəне салықтарды бірдей мөлшерде 
төмендетсе.


198
3. Экономика келесі теңдеулермен сипатталады:
C = 300 + 0,8 Yd;
I = 200 – 1500 R;
Xn = 100 – 0,04 Y – 500 R;
Md = (0,5 Y – 2000 R) P;
G = 200 (мемлекеттік шығындар);
t = 0,2 (салық салу мөлшерлемесі);
M = 550 (атаулы ақша ұсынысы);
P = 1 (бағаның тұрақты деңгейі).
а) пайыз мөлшерлемесінің жəне табыстың тепе-теңдік деңгейін 
анықтаңыз;
б) жиынтық сұраныс қисығының теңдеуін анықтаңыз.
4. Айталық, үкімет мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту 
үшін жəне инфляция деңгейін төмендету үшін салықтарды өсірді. IS-
LM үлгісін пайдалана отырып, Ұлттық банк өндіріс көлемінің деңгейін 
өзгертпеу үшін қандай іс-шараларды жүргізу керек. График арқылы 
көрсетіңіз.
5. Егер Ұлттық банк инфляция деңгейін төмендету мақсатында 
қатаң ақша-несие саясатын жүргізсе, онда қысқа мерзімде мынадай 
жағдайлар орын алады:
а) жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды, жоспарланған шы-
ғындар қисығы жоғары жылжиды, ал LM қисығы солға жылжиды;
б) жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды, жоспарланған шы-
ғындар қисығы төмен жылжиды, ал LM қисығы оңға жылжиды;
в) жиынтық сұраныс қисығы өзгеріссіз қалады, жоспарлан-
ған шы 
ғындар қисығы төмен жылжиды, ал LM қисығы солға жыл-
жиды;
г) жиынтық сұраныс қисығы солға төмен жылжиды, LM қисығы 
солға жоғары жылжиды, ал жоспарланған шығындар қисығы төмен 
жылжиды.

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау