Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет28/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78

86
педагогтардың біліктілігі сондай, олар өздерінің кəсіптік қызметінде 
кемшіліктерді өздері анықтап қана қоймай, сонымен қатар туындаған 
мəселелерді шешу жолдарын да өздері таба алады. Бұдан басқа, 
тəжірибе көрсеткендей, өзін-өзі бақылауға ауыстыру педагогтың 
жауапкершілігін, өзіне деген талап қою деңгейін, кəсіптік қызмет сапа-
сына деген талаптарын арттырады. Г. Б. Скок [93] педагогтың өзін-өзі 
бағалау мен қызметі туралы ақпараттың басқа дереккөздерімен үйлесу 
қажеттілігін ашып көрсетеді, бұл дамыған педагогикалық рефлексия-
ны дəлелдейді. Атап айтқанда, ол педагогке өз қызметінде педагог қол 
жеткізген соңғы нəтижеге; ол əзірлеген жəне енгізген əдістемелерге; 
оқушылар мен олардың ата-аналарының пікірлеріне; əкімшілік пікірі 
сияқты аспектілерге көңіл аударуды ұсынады
Бақылаудың тиімді түрі, сондай-ақ жақын бағыттарда жұмыс істей-
тін педагогтар (бір оқу пəнін жүргізетін, тəжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың сабақтас тақырыптарымен жұмыс атқаратын жəне т.с.с.) 
жүзеге асыратын өзара бақылау да тиімді болып табылады. 
Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру барысында пайдаланы-
латын əдістердің ауқымы өте кең: бұл психологиялық диагностика 
əдістері, педагогикалық жəне əлеуметтік зерттеу əдістері, оқыту жəне 
тəрбиелеу үдерісін дəстүрлі бақылау əдістері. Сол сияқты, білім беру 
тəжірибесінде мектеп құжаттамасын, оқушылар əрекетінің өнімдерін 
зерттеу, байқау, ауызша жəне жазбаша сұрау əдістері (əңгімелесу, 
сауалнама), ауызша жəне жазбаша бақылаудың түрлі əдістері. Бұл 
əдістерді пайдалану максималды дұрыс жəне объективті ақпарат алу-
ды кепілдік ететіндей ұйымдастырылуы тиіс, мысалы, əдістер жүйе 
ішінде, кешенді түрде пайдалануы тиіс, бақылаудың мақсаттары мен 
міндеттерін, бақылау жүргізілетін межелер мен көрсеткіштерді анық 
айқындау қажет. 
Аттестаттау бақылаудың маңызды құралы болып табыла-
ды. Оқушыға қатысты қарастырғанда, ол – оның алған білімінің 
деңгейін анықтайтын қорытынды рəсім. Педагог қызметкерді аттес-
таттау – ол қызметкердің біліктілік деңгейінің талапқа сəйкестігін 
анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің аттестат-
тауы жүргізіледі, оның барысында олармен ұсынылатын білім беру 
қызметтерінің сапасы, іс-əрекеттерінің барлық жақтары сапасының 
ішкі жəне сыртқы аудиті іске асырылады. Аттестаттау ең алдымен 
сыртқы бақылау құралы болатынын айта кету қажет. 
Мектепішілік бақылаудың қазіргі тəжірибесіне кейбір кемшіліктер 
тəн. «Біріншіден, директор жəне оның орынбасарлары арасында бақы-
лау нысандарын бөлу болмаған кезде, бақылау тек есеп үшін ғана жəне 
тексерілген сабақтардың санын жинау үшін ғана ұйымдастырылған 


87
жағдайда бақылау жүйесінің жоқтығын көрсетеді. Екіншіден, бұл 
бақылауды ұйымдастырудағы формализм, онда анық қойылған мақсат 
жоқ..., бағалаудың объективті межелері жоқ немесе олар пайдала-
нылмайды. Үшіншіден, белгілі бір тарапты бақылау, педагогикалық 
үдерістің бір бағдарын бақылау деп танитын мектепішілік бақылаудың 
біржақтылығы. ... Төртіншіден, бақылауда тəжірибелі мұғалімдер, 
əдіскерлердің қатысуынсыз тек лауазымдық тұлғалардың қатысуы не-
месе, керісінше, əкімшілік өкілдерінің аз қатысуы» [96, 227 б.]. Бұл 
кемшіліктер оқушының білім алу барысын бақылауда да орын алады. 
Бақылауды тек қорқыту құралы ретінде ғана қарастыруға бол-
майды, тіпті кемшіліктер анықталған жағдайда басшы тарапынан 
педагогке, мұғалім тарапынан оқушыға қатысты жазалау емес, осы 
сəйкессіздіктердің пайда болуына себепкер болған себептерді анықтау 
жəне оларды жоюға бағытталған шаралар қабылдануы тиіс. 
Бақылау, əсіресе, оны басқа адам (басшы, əріптес жəне басқалары) 
жүргізгенде, шиелініс сипатында болуы мүмкін, сондықтан оны ойлас-
тырып ұйымдастыру қажет. Бақылау бүкіл педагогикалық ұжымға 
жəне жеке педагогтарға түсінікті мақсаттарда, іс-əрекеті тексерілетін 
адамдарға жеткізілген межелерде негізделуге тиіс. Бақылау үдерісте-
ріне жұмылдырылған барлық білім субъектілері бақылаудың бірінші 
кезекте көмек көрсетуге, проблемаларды анықтауға жəне шешуіне 
бағытталғанына сенімді болу керек. Осының нəтижесінде бақылауға 
басқару функциясы ретінде бірқатар талаптар қойылуы мүмкін: 
– бақылаудың басқа функцияларымен тығыз өзара байланыс (жос-
парлау, ұйымдастыру, уəждеме); 
– педагогикалық қызметті, білім беру сапасын жетілдіруге 
бағытталуы; 
– бақылаудың барлық кезеңдерінің жариялығы;
– бақылау субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін құрметтеу; 
– педагогтарды бақылау құралдарын жобалауға, оны жүзеге асы-
руға жəне қорытынды шығаруға тарту; 
– бақылау-бағалау рəсімдерін үнемі жетілдіру жəне т.б.
Бақылау функциясының өзіндік өзегі – білім беру мекемесінің 
бұрынғы уақыт мерзіміндегі қызметі туралы деректерді анықтап, тал-
дау, бұл өз кезегінде, болжалдық көрсеткіштер мен одан əрі жұмысты 
жоспарлауға негіз болады. Бұл аспектіде бақылау басқарудың қосымша 
функциясы – ақпарат функциясымен тығыз байланысады. Ақпарат жи-
науды ұйымдастыра отырып, алдын ала қандай деректер бүкіл мекеме 
жұмысын, жеке құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер жұмысын 
басқаруда ең маңызды болып табылатын аспектіде сипаттайтын 
деректерді анықтау қажет. 


88
Сондай-ақ, анықталатын деректер дұрыс жəне сенімді болуы 
өте маңызды. Бірінші кезекте бұл сандық жəне сапалық ақпараттың 
үйлесуімен қамтамасыз етіледі. Ақпараттың негізгі көздері болып 
статистикалық есептеудің түрлі үлгілері, білім беру мекемесінің ішкі 
құжаттамасы, түрлі есептер, диагностикалық зерттеулер барысында 
(сұраулар, психодиагностикалық тест өткізу, байқау, əрекет өнімдерін 
зерттеу жəне т.б.) алынған эмпирикалық деректер болуы мүмкін. 
 Өкінішке орай, тəжірибе көрсеткендей, білім беру мекемесінің 
іс-əрекетіне бақылау жүргізгенде, оны басшылары жəне/немесе 
құрылымдық бөлімшелерінің басшылары аналитикалық есептердің 
негізінде шығарылатын салыстырмалы көрсеткіштерді елемей, өз 
көңілін көбінесе, абсолюттік көрсеткіштерге аударады. Мысалы, олим-
пиадалар (қалалық, облыстық, республикалық жəне т.б.) жеңімпаздары 
болған мектеп оқушыларының саны мектептің дарынды оқушылармен 
жұмыс жағдайы, ол мектептегі білім сапасы туралы ештеңе көрсетпейді. 
Тек олимпиада жеңімпаздарының санын мектеп оқушыларының жал-
пы санына қатысын ашатын салыстырмалы көрсеткіштердің көмегімен 
ғана мектеп қызметінің осы бағыттағы жұмысы туралы шынайы де-
ректер алуға болады. Салыстырмалы көрсеткіштерді пайдалану білім 
беру мекемесінің əртүрлі салалардағы жұмысының тиімділігін өзара 
салыстыру, бірнеше білім беру мекемелердің жұмыс сапасының сипат-
тарын салыстыру мүмкіндігін береді. 
Мемлекеттік-қоғамдық басқару идеясын жүзеге асыруға байланыс-
ты білім беру мекемесі туралы білім беру үдерісінің субъектілерінің 
(педагогтар, ата-аналар, оқушылар) пікірлерін талдауға байланыс-
ты ақпарат маңызды болып табылады. Бұл пікірлер балабақшаның, 
мектептің, жоғары оқу орнының күшті жəне əлсіз жақтарын түсіну 
үшін, қол жеткізген білім беру сапасын бағалау жəне даму келешегін 
анықтау үшін де өте маңызды. 
ҚР жоғары оқу орындарының қызметін елдің аккредитациялық 
агенттіктерімен (ҚР ББМ Ұлттық аккредитациялық орталығы, білім 
берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша тəуелсіз қазақстандық 
агенттік) сырттай бағалау да, сөзсіз, оқу үдерісінің материалдық-
техникалық қамтамасыз етілуі, оқытушылардың сапалық құрамы, 
олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелілігі туралы жəне 
т.б. ақпарат жинауға негізделеді. Бірақ сапаны бақылау жүзеге асы-
рылатын дəстүрлі көрсеткіштермен қатар түлектердің даярлық сапа-
сы туралы жұмыс берушілердің пікірлері пайдаланылады, студенттер 
арасында сауалнама жүргізіледі, кəсіпқой қауымдастықтар өкілдерінің 
пікірлері жиналады. 
Оқу үдерісін, оқушылардың оқу үдерісін басқарудағы бақылау өте 
маңызды. 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау