Оқулық / К. Б. Байболов, Т. Қ. Құлажанов, Н. Б. Батырбаева


§ 8. Шетел астық кептіру техникасы



жүктеу 4,28 Mb.
Pdf просмотр
бет74/109
Дата17.01.2022
өлшемі4,28 Mb.
#33177
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   109
§ 8. Шетел астық кептіру техникасы 
 
Шетелде,  бізге  ұқсас,  астықтың  сапасын    жақсарту  кептірудің  негізгі 
мақсаты.  Кептіру  амалдары  мен  әдістерінің  айтарлықтай  айырмашылықтары 
жоқтың қасы. Конвективті кептіру әдісі кеңінен таралған, яғни астық шахтада, 
қалың  қабатпен,  баяу  төмен  жылжиды.  Ол  үшін  шахталы,  жалюзді  немесе 
ленталы қондырғыларды қолданады, олардың қуаты 5-100 т/сағ. 
Әр  серияны  бір  типті  стандартталған  түйіндерден  құрастырады, 
монтаждауды жобалау орнында жүргізеді,  нәтижесінде шығын аз кетеді және 
пайдалану жеңілденеді. 
Шетел қондырғыларының негізгі артықшылығы –кептіру процесінің негізгі 
параметрлерін (кептіру агентінің және астықтың температурасы, қыздыру қуаты 
жәнеылғалы  бойынша  топтау)  басқару  үшін  қажетті  приборлармен 
жабдықталған, автоматтандырылған және келесі талаптар орындалады: 
-
 
астықты зақымдамау және шектен тыс қыздырмау; 
-
 
көлемі  аз  және  сапа  көрсеткіштері  әр  түрлі  партияларды  кептіру 
мүмкіндігі; 
-
 
басқа партияны кептіруге көшкенде қондырғыны толық және аз уақытта 
тазалау. 
АҚШ-тың  Кэпбелл  Драйер  кампаниясының  шахталы  кептіргіштері 
қызықтырады. Бұл кептіргіштерде астықтың ылғалын 13 % - ға дейін түсіреді.  
Қуаты 68 т/сағ астық кептіргіштің жалпы түрі сурет 66 а көрсетілген. Кептіргіш 
қосарланған  екі  металл  шахтадан  тұрады,  шахтаға  ошақ  жалғасқан.  Шахта 
өлшемдері бірдей емес, биіктігі бойынша 18 құралмалы секциялардан құралған. 
Ерекшелігі - шахтасының өлшемдері бірдей 10 колонкаға бөлінген (сурет 66 б). 
Формасы  үш  бұрышты  коробалар  шахматты  түрде  орналасқан,  агентті 
беретін  коробалар  қатары  жіберетін  коробалармен  алмасып  отырады.  Бөлгіш 
қалқалар  фигуралы  және  түзу  тартқыштармен  бекітілген.  Жіберетін 
коробалардың  ортасында  тіректер  орнатылған.  Коробалардың  сырты,  жауын-
шашыннан қорғау үшін, шарнирлі қақпамен жабылған. Астық қызғанда немесе 
коробалар  үстінде  астық  болмаған  және  кездейсоқ  жағдайларда  процесс 
автоматты түрде тоқтатылады. 


119 
 
 
 
Сурет 66. Кэмпбелл Драйер (АҚШ) фирмасының кептіргіші:  
а)  жалпы  көрінісі:  1-кептіру  камерасы;  2-  қосарланған  металл  шахта;  3- 
суыту камерасы; 4- жағу бөлмесі; 
б) енізу мен шығару  қораптарының орналасуы: 1- шахтадағы қалқалар; 2-
тіреуіштер; 3,4- қораптағы қалқалар; 5,6- тік және фигуралы тартпалар.   
 
Биіктігі  бойынша  кептіру  камерасындағы  қоробалар  қадамы  ауыспалы  – 
200-ден  400  мм,  осыған  байланысты,  кептіру  агентінің  зоналарға  меншікті 
берілуі өзгерісте болады. 
Салқындату камерасының астына орналасқан түсіру құрылғысы, шығырлы 
астауша  (10),  білікшелерден  тұрады,  ол  ашып  -  жапқыш  көмегімен  әр 
колонкадағы  астықтың  түсу  жылдамдығын  реттейді  және  астықтың  үздіксіз 
бірқалыпты шығуын қамтамасыз етеді. Кептіргіш сұйық отынмен әрекет етеді, 
отын  шығымы,  агенттің  температурасына  байланысты,  автоматты  түрде 
реттеледі. 


120 
 
Гольдзаат фирмасының (Германия) шахталы кептіргішінің түрі сурет 69-те 
көрсетілген. Оның ерекшелігі – астықты алдын-ала қыздыру, ошақ сұйық және 
қатты отынмен жұмыс істей алады.  
 
 
 
Сурет 67. Гольдзаат фирмасының астық кептіргіші: а) қуаты 2 т/сағ астық 
кептіргіштің схемасы; б) астық кептіргіштің жалпы түрі. 
 
 
Фирманың мәліметі бойынша, камера биіктігі 1,2 м, кептіргіштің қуаты 1 
т/сағ. Астықты қыздыру ұзақтығы 45 мин.  
Кептіргіштің қуаты, оны құрайтын қарапайым камера санына байланысты, 
1-10  т/сағ  аралығында.  Кептіргіш  толық  модернизациядан  өтпеген,  суыту 
камерасы, жылу генераторы және желдеткіштер стандарттан өтпеген, әр түйін 
жеке орындалады. 
Францияның Соком фирмасы «Сирокко» (сурет 68) кептіргішін шығарады. 
Ол кептіргіштің қуаты 1,25 – 8 т/сағ бидай үшін, жүгерінің ылғалын 20 % дан 16 
%-ке түсіргенде қуаты 0,4-4 т/сағ. Кептіру және суыту камералары бірдей және 
бірін-бірі алмастыра алатын түрде  жасалған. 


121 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 68. Сокам фирмасының «Сирокко» астық кептіргіші  (сыртқы түрі)  
 
Кептіру  агентін  кептіргіштің  бір  немесе  бірнеше  секциясына  беруді 
тоқтатқан жағдайда, төменгі осындай секциялар салқындату қызметін атқарады. 
Осы сәтте камерадағы қозғалмалы клапанды реттеу керек. Кептіргіштің үстіне 
орнатылған,  қозғалмалы  қалытқысы  бар,  астықты  беретін  механизм  астықтың 
қысымы  әсерінен,  кепкен  астықты  автоматты  түрде  шығаруды  реттейді. 
Шахтаның  астындағы  қайталама  -  қозғалмалы  арбаша,  жылдамдығы  электр 
қозғалтқышпен  реттелетін,  кепкен  астықты  шахтадан  шығарады.  Кептіргіштің 
қуаты арбашаның қозғалысы арқылы реттеледі.  
Кептіргіштің ошағы мазут немесе пропанға бейімделген. Бірінші жағдайда, 
беті  ырсиған  калорифер  –  жылу  алмастырғыш,  кептіргішті  жылы  ауамен 
қамтамасыз етеді, екінші жағдайда кептіргішке оттық газбен ауаның араласқан 
қоспасын береді. 
Петкус  фирмасы  (Германия)  ұсынған  К844  астық  кептіргіші  (сурет  69) 
өзінің  тұтастығымен  тартымды.  Оның  қуаты  2  т/сағ.  Бидайдың  ылғалын                 
20  %-дан  16%-ке  төмендетеді.  Ерекшелігі  –  шахтаға  коробаларды 
орналастырудың ыңғайлылығы, қажет болғанда, тез алмастыруға болады және 
кепкен астықты шахтадан шығару үшін ыңғайлы қондырғы қарастырылған.  


122 
 
 
Сурет 69. Петкус кептіргішінің жалпы түрі (Германия): 
1-шахта; 2- астық қорабы; 3- колориферлі ошақ. 
 
Құрылымы  бойынша  бірегейлі  ағылшын  фирмасы  Темплвуд  ұсынған 
шахталы  кептіргіш  (сурет  70)  елеулі  орын  алады.  Онда  астық,  коробасыз 
камерада,  кептіру  агентіне  қарсы  қозғалады.  Бидай  үшін  қуаты  2  т/сағ,  оның 
ылғалын 20–21 %-ден 14–16 %-ға түсіреді. Кептіргіштің негізгі құрылымдары: 
кептіру  және  суыту  камералары,  сұйық  отынмен  жұмыс  істейтін  ошақ  және 
транспорттық механизмдер. 
Ылғалды астық толықтырғыш камерасынан кептіру камерасын толтырады. 
Тегістегіш  транспортер  камераның  жазық  бетін  астықпен  бір  қалыпты 
жайғастырады.
 
 


123 
 
 
 
Сурет 70. Темплвуд астық кептіргіші (Англия): 1-ошақ; 2- ауа каналы; 
3-желдеткіш; 4- кептіру камерасы; 5-тегістеуіш транспортер; 6-қалақты клапан; 
7-астықты жіберуші;  8-суытқыш ауа; 9-түсіргіш шнек. 
 
Астық жоғарыдан төмен жылжу барысында кептіру агентімен әрекеттесіп, 
дәннің ылғалын алады. Ағымның қарсы қозғалуы мен ыстық ауаның әсерінен, 
негізгі  кептіру  камерасына  түсуден  бұрын,  кептіру  камерасының  жоғарғы 
бөлігінде астық буланады. Ошаққа берілетін ауа кептіргіштен шыққан астықпен 
араласып, қызады. Осы жағдайда астық салқындайды.  
Англия,  Германия  және  Швейцарияда  шахталы,  жалюзді  коробалар  және 
беті перфорацияланған кептіргіштер жиі кездеседі. 
Жалюзді колонкасы бар кептіргіштің бір түрін Топфа фирмасы (Германия) 
шығаратын түрі сурет 71-де көрсетілген. Олар, басқа кептіргіштер типтес және 
әдеттегі  қондырғылар  сияқты  екі  немесе  бірнеше  колонкалар  бірлестігі, 
бүйірлері  жалюзді.  Топфа  фирмасы  қондырғысының  жоғарғы  шахтасының 
бөлігі алғашқы қыздыру рөлін атқарады. Тік берілетін және горизонталь бойы 
жіберілетін және  ауа  тұрақты  ауысуда  болады,  осының  нәтижесінде астық  екі 
жағынан  ауамен  үрленеді.  Ауаны  булы  калориферлерде  қыздырып  кептіру 
агентін алады. 
Астықты  конвективті  әдіспен  кептіретін  ленталы-конвейерлі  және 
текпішекті  (каскадты)  қондырғыларға  Эридер  (АҚШ),  Олмет  және  Бленч 
(Англия) фирмаларының өнімдері жатады.  
Эридер  фирмасының  кептіргішінің  (сурет  72)  лента  беті  кедір-бұдыр  2-і 
ленталы  транспортер  арқылы  астықты,  жұқа  қабатпен,  кептіру  камераларына 
кезекпен  береді.  Қозғалысты  жағдайдағы  астықты  көлденең  бойы  ыстық  ауа   
үрлейді. Қондырғының қуаты 10-15 т/сағ, астықтың ылғалын 4-5 % төмендетеді. 
 


124 
 
 
 
Сурет 71. Топфа фирмасының (ФРГ)  астық кептіргіші: 
1- алдын-ала қыздыру каналы; 2, 3-  беретін және шығаратын каналдары 
бар кептіру камерасы; 4- суытқыш камера; 5- жібергіш қондырғы. 
 
Бленч  фирмасының  (Англия)  каскадты  кептіргішінің  жалпы  түрі  сурет                    
73-те  көрсетілген.  Кептіру  камерасы,  ылди  орналасқан,  жалюзді,  сөреленген 
астау.  Астаудың  төменгі  бөлігіне  кептіру  агенті  беріледі.  Жоғарғы  қабатына 
орналасқан  айналыстағы  роликастықтың  қалыңдығын  реттейді  және  астықты 
кептіруге  итермелейді.  Кепкен  астықты  қалақты  транспортер  тасымалдайды, 
оның  жылдамдығын  өзгертіп,  қондырғының  қуатын  0,5-тен  3,25  т/сағ  өсіруге 
болады.  
Астықты  кептіру  режимдері:  кептіру  агентінің  температурасы  80-100
0
  С, 
астықтың қызу температурасы 40 – 50

аралығында. 
АҚШ, Англия және Канада елдерінде көп таралған кептіргіштер сурет 72-
76-де келтірілген. 


125 
 
 
 
Сурет 72. Ленталы конвейерлі Эридейр фирмасының (АҚШ) кептіргіші: 
1-қорап; 2,5-желдеткіштер; 3-суытқыш секция; 4-кедір-бұдыр бетті 
транспортер; 6-шығаратын шнек; 7- газ және сұйық отынға арналған ошақ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 73. Бленч фирмасының астық кептіргіші (Англия): 
1-еңіс орналасқан астау; 2-нория; 3-тегістейтін ролик. 


126 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 74. Вуллей фирмасының астық кептіргіші (Англия). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 75. Джефформ фирмасының астық кептіргіші (Англия). 
 
 
 
 


127 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 76. Листер фирмасының кептіргіші (Англия). 
 
Қозғалмайтын  қалың  қабаттағы  астықты  конвективті  әдіспен  кептіруде, 
әрекеті үздікті, бірақ тұрақты орнатылған қондырғыларды қолданады. Осындай 
әдістер бойынша, негізінен, көлемі аз және қапталған тұқымдық материалдарды 
кептіреді. Ол үшін саңылаулары бар платформа үстіне қапталған астыққа немесе 
үйіндіге  саңылаулар  тесілген  құбырды  енгізіп,  оған  кептіру  агентін  жібереді 
(сурет 74, 75, 76), және қаптарды орналастыруда аралық өткел қарастырылады, 
осы өткелдер бойы кептіру агентін айдайды. 
Отандық технологияға  сәйкес, қарқынды кептіру әдісі кеңінен таралған. 
Мысалы,  отанымызда  қоймалардың  табанына,  ағаштан  жасалған  ауаны 
айдайтын  каналдары  бар,  орнатылған  төсеніштер  арқылы  ауаны  беріп  немесе 
сорып  астықты  салқындатады,  ал  шет  елдерде  астықты  кептіру  үшін 
желдетілетін қамбаларды қолданады, соңынан қойма ретінде пайдаланады. 
Астық қабатына ауа ағымының бөлініп берілуіне байланысты желдетілетін 
қамба (закром) үш топқа бөлінеді – тік, радиалды және ауаны аралас беру.  
Ауаны тік беру АҚШ және Канадада кеңінен таралған. Батлер және Мартин 
фирмалары (АҚШ) сиымдылығы 12 – 220 т. шанақтарды жиірек қолданады.  
Радиалды  қамбалар  батыс  Еуропада  көбірек  таралған.  Майер  фирмасы 
(Англия)  ауаны  аралас  беретін  астық  кептіргішін  ұсынады.  Қондырғы  тік 
бұрышты қамба, ол 10 бөліктен тұрады, қабырғалары тесігі бар болат қаңылтыр, 
қабаттар (бөліктерде) арасында ауа сақталады. Кептіру агентін, сұйық отынмен 
жұмыс істейтін, калорифер береді. 
Кейбір  фирмалардың  (Швеция,  Германия,  Англия)  кептіргіштерінің 
қабырғаларына,  болатты  қаңылтырдың  орнына,  астық  қабаты  қалыңдығын 
азайту  және  ауа  ағымының  тиімді  бөлінуі  үшін,  ауаны  бөлетін  коробалар 
(беретін және шығаратын) орнатылған. 
Германия,  Англия,  Швеция,  АҚШ,  Польша,  Чехия,  Словения  елдерінде 
дақылдың  жартылай  немесе  толық  қалқыған,  жалған  сұйықталған 


128 
 
(псевдожиженный)  жағдайларын  ескеріп  конвективті  -  түйіспелі  амалмен 
кептіру  үшін  барабанды,  флюидизациалық  және  пневмо  кептіргіштер  кеңінен 
қолдануда.    Осы  машиналарды  жасайтын  фирма  мамандарының  мәліметтері 
бойынша, аталған кептіргіштерде, кептіру процесі қарқынды өтеді. 
Майера  (Германия,  Эмцка  кептіргіші)  және  Дундроф-Эллиот  (Англия) 
фирмалары  орындаған  барабанды  кептіргіштерінің  айтарлықтай  ерекшеліктері 
бар.  
Эмцка кептіргішінде екі кептіру агенті әрекет етеді: бірінші кептіру агенті 
астық қозғалысына қарсы беріледі, ал екінші агент астықпен бірге бір барабанда 
жылжиды.  Кептіргіштің  қуаты  барабан  өлшемдеріне  (диаметр,  ұзындығы) 
байланысты, астықтың ылғалын 4 – 6 % түсіргенде, қуаты 1-1,5 т/сағ. Аталған 
кептіргіштерді құрама-жем ингредиенттерін кептіруде қолданады. 
Гасконь  және  «Друг  фермера»  -  Оклей  (Англия)  фирмалары  жасаған 
тербелмелі қондырғыларын атауға болады.  
Гасконь  фирмасы  кептіргішінде  астық  қабылдау  қорабынан  құбырмен 
кептіргіш  табаны  бұғылып  тесілген,  аздап  ылди  орындалған  астауға  түседі. 
Астауға  астықтың  жылжуын  қамтамасыз  ететін  тербеліс  беріледі.  Тербелісті 
қозғалыстағы астауша астықты жылжытып, бір шама қалқу жағдайын  тудырады, 
ал ол аэрациялайды, яғни қопсуын қамтамасыз етеді, нәтижесінде кептіру агенті 
астық  массасын  қаушып,  кебу  процесінің  тиімді  өтуін  қамтамасыз  етеді. 
Қондырғының қуаты 3 т/сағ, ылғалы 5 – 6 %  кемиді. 
Оклей фирмасының кептіргіші екі камералы, бірінің үстіне бірі орналасқан 
камералардың  әр  қайсысында  бұғылып  тесілген,  тербелмелі  қозғалысты 
тербеткіштен  алатын,  кептіргіш  астау  орнатылған.  Астықты  қайталап  кептіру 
жолы қарастырылған. Қондырғының қуаты, ылғалын 4-5 % түсіргенде, 1,5 т/сағ. 
Швед  фирмасының  жалған  сұйықталған  (псевдожиженный)  ТВН 
қондырғысының  орны  айтарлықтай.  Ол  бірнеше  тұрақты  кептіргіш  және 
суытқыш  камераларының  құрамы,  жеке  желдеткіштермен  жабдықталған. 
Қондырғының қуаты секция санына байланысты 1-10 т/сағ. Астықтың ылғалын 
6  %  азайтуда  агенттің  тепературасы  60-70

С болуы қажет. Астық қозғалысын 
жеңілдету  мақсатымен  секцияларға  аздап  ылдилық  беруге  болатын  қондырғы 
орындалған.  
Батыс  Германияның  Шильде  фирмасы  сусымалы  материалдарды  кептіру 
үшін  пневмо  қондырғысын  ұсынады.  Ерекшелігі-конвективті-түйіспелі  әдіс 
арқылы ылғал және кепкен материалдарды пневмотасымалмен бірге қозғап және 
әрекет еткен ысыған газдың бір бөлігін кептіруге қайталап беру.   Материалдың 
ылғалын 4-5 % кеміткенде қондырғының қуаты 10 т/сағ. 
Кейбір  елдерде,  конвективті  және  конвективті  -    кондуктивті  әдістерді 
қолданып,  кондиционер  типті  кептіргіштерді  қолданады,  мысал  ретінде  тұтас 
металды Агро кептіргіші (Финляндия). 
Астық  шөмішті  транспортер  арқылы  қабылдау  қорабына  беріледі,  одан 
радиаторлар зонасына түседі, қызады. Қызған астық кебу зонасына беріледі, осы 
зонада  ауамен  үрлеп  салқындайды.  Сонда,  қондырғыда  қыздыру  және 


129 
 
салқындату  алмасуда  болады.  Процесс  астықтың  температурасын  қажетті 
деңгейге жеткізумен аяқталады. 
Фирма  осы  кептіргіштің  үш  типін  шығарады,  олардың  айырмашылығы 
радиаторлар  және  кептіру  зоналары  санына  байланысты.  Кептіру  режимдері: 
азық-түлік  дақылдар  үшін  –  радиатордағы  судың  температурасы  -  75

С; 
тұқымдық 

55
0

ал 
кептіру 
зонасындағы 
температура 
30-35
0
.  
Агро модельдердің қуаты, астық ылғалын 5 – 6 % төмендеткенде, 1,5 – 3,0 т/сағ.  
Радиациялық  қондырғылардың  бір  түрі  ретінде  Сименс  (Германия) 
фирмасы  кептіргішін  атауға  болады.  Онда,  астық  жұқа  қабатпен  тербелмелі 
астау  бетімен  қозғалады,  инфрақызыл  сәулемен  өңделеді,  қызады.  Қызу 
барысында пайда болған ылғал бу ретінде ауа ағымымен сыртқа айдалады. 
Сонымен,  шетел  фирмалары  кондуктивті  және  конвективті-түйіспелі 
әдістер негізінде  көптеген астық кептіру қондырғыларын шығарады. Олардың 
қуаты жоғары емес (1- 10 т/сағ). Кептіру әдістері біздерге мәлім. Отын ретінде 
сұйық және өте аз мөлшерде қатты отын түрлерін қолданады.  
 

жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау