Оқулық / К. Б. Байболов, Т. Қ. Құлажанов, Н. Б. Батырбаева



жүктеу 4,28 Mb.
Pdf просмотр
бет28/109
Дата17.01.2022
өлшемі4,28 Mb.
#33177
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   109
 (
ϕ
 = 100 %

𝜏
с
 және 
𝜏
м
 
тең және 
𝜀
= 0.
 
Ылғал ауаның i-d – диаграммасы 16 -суретте келтірілген. 
 
§ 4. Кептіру процесінің кинетикасы және динамикасы 
1.
 
Жалпы жағдайлар 
 
Кептіру  жылуфизикалық  және  физика-химиялық  күрделі  процесс,  дақыл 
бетімен  қоршаған  орта  арасында  жылу-масса  (ылғал)  алмасу  өтеді,  сондай-ақ 
дәннің  ішіндегі  жылу  және  ылғал  ауысады.  Кептіру  нәтижесінде  дақылдың 
сапасы сақталып, мүмкіндігі болғанша, жақсаруы қажет. Дәннің бетіндегі және 
қоршаған ортадағы парциалды қысымдардың өзгеруі әсерінен ылғалдың сыртқы 
алмасу процесі өтеді. 
Дәннің  ішкі  қабаттарындағы  ылғалдың  сыртқа  қозғалуы  оның  құрылымы 
және қасиеттеріне байланысты, ал ол, өз кезегінде, ылғалдың дәнмен байланыс 
түріне  тәуелді.  Дәннің  ішкі  қабаттарындағы  ылғалдың  сыртқа  немесе  қарсы 
бағытқа қозғалуы жылу ағымымен бірге өтеді. Дәннің ішіндегі ылғал алмасуды, 
негізінен,  ылғалдың  молекулярлық  алмасу  процесіне  жатқызады.  Дәннің 
бетіндегі  ылғал  алмасуы,  будың  диффузиялық  қозғалысы,  заттың  жұту 
потенциалының градиенті будың парциалды қысым градиентіне пропорцианал 
екенін  көрсетеді.  Дәннің  ішкі  және  сыртқы  құрылыстарында  өтетін 
молекулярлық  тасымалдаумен  қатар  молярлық  тасымалдау  орын  алады. 
Ылғалдың ішкі тасымалдануы, температура градиенті әсерінен пайда болатын, 
түтікшенің  потенциал  градиенті  мен  жылудың  жылжуының  пайда  болуына 
байланысты. Сонымен қатар, жалпы қысымның әсерінен затта тасымалдау орын 
алады. 
Дәннің  микро  түтікшелерінің  радиусы  10
-5 
артық  болмауына  байланысты 
материалдағы  ылғалдың  кеуекті-түтікше  арқылы  диффузилық  әдіспен 
тасымалдауы маңызды орын алады.  
Көптеген  ғылыми  зерттеулер  нәтижелері  бойынша,  кептірудің  жұмсақ 
режимдерінде,  дәндегі  ішкі  ылғалдың  қозғалысы байқалады.  Ылғалы  аз  дәнде 


35 
 
ішкі  ылғал  бу  түрінде  қозғалады,  яғни  будың  молекулярлық  (диффузиялық) 
қозғалысы әсерінен кебу процесі өтеді. Дәннің ылғалы 20 % жоғары жағдайда 
ылғал  сүйық  түрінде  қозғалады  (булану  зонасына  дейін)  және  бірен-саран  бу 
түрінде  (булану  зонасынан  сыртқа  ұшу),  және  де  булану  зонасы  материалдың 
бетіне жақын орыналасады. 
Ішкі  бу  пайда  болғанда  ылғал  көлемі  тез  өседі,  ол  материалдағы  жалпы 
қысым  градиентінің  пайда  болуын  тудырады.  Кептірудің  жоғары  режимдері 
және дәннің бетінде құрғақ қабаттың пайда болуы, бу қысымының артуы, булану 
зонасында,  ылғалдың  қозғалуына  кедергі  келтіреді,  осының  әсерінен  кептіру 
қарқындылығы біршама төмендейді. 
Астықты  кептіру  кинетикасы  мен  динамикасы  өте  тығыз  байланысқан, 
сондықтан,  оларды  бірге  қарастыру  қажет.  Кептірудің  кинетикасы  мен 
динамикасы жағдайлары астықты кептіру режимдерін ғылыми тұрғыда негіздеп 
таңдауда,  процесті  интенсификациялауда,  астық  кептіргіштерінің  жаңа  типін  
жобалауда  және  әрекет  еткен  кептіргіштердің  тиімділігін  арттыруда  қолдану 
қажет. 
 


36 
 
 
Сурет 16. Ылғал ауаның i-d –диаграммасы. 

жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау