Оқулық / К. Б. Байболов, Т. Қ. Құлажанов, Н. Б. Батырбаева


«Целинная-50» астық кептіргіші



жүктеу 4,28 Mb.
Pdf просмотр
бет68/109
Дата17.01.2022
өлшемі4,28 Mb.
#33177
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   109
«Целинная-50» астық кептіргіші.
 
Қайта құрылған  газорецеркуляциялық 
кептіргіш,  жоспарлы  қуаты  50  т/сағ  (сурет  59).  Астықты    кептіргіш  үстіңгі 
қораптан,  қыздыру  камерасынан,  жылу-ылғал  алмастырғыш  қораптан,  аралық 
және соңғы салқындату шахталарынан, әрекет еткен агентті соратын желдеткіш 
Ц4-70  №  12  және  сыртқы  ауаны  шахталарға  беретін  екі  №  10  және    №  12 
желдеткіштерден тұрады. Осы кептіргіште пневмогазды кептіргіште қолданатын 
принцип қайталанған, яғни ылғалды астықты қыздыру, ылғал-жылу және масса 
алмасу  (бөктіру),  аралық  салқындату  (осы  астықтың  бір  бөлігі  ақырғы 


109 
 
салқындату  камерасына  түседі,  ал  қалғаны  қайталау  цикліне  беріледі) 
операцияларынан тұрады.  
Целинная-50 кептіргішінің негізгі артықшылықтары: 
-  пневмогазды  кептіргіште  кептірілетін    астық  пневмогазды  құбырмен 
көтеріледі, ал «Целинная 50»-де қыздыру камерасына көтерілген агентке қарсы 
құлайды, астықты нориямен көтереді; 
-астықты  шахтадан  бірқалыпты  шығуын  қамтамасыз  ететін  кептіру 
үстіндегі қорап табаны ауданына саңылаулар жасалған;  камера темір бетоннан 
құралған, тік бұрышты, табан қиындысы 3 х 1,5 м, биіктігі 6 м. Камераның ішкі 
көлденеңі бойынша 20 қатар, диаметрі 100 мм, әр қатарға 7-і ден, шойын құбыр 
орнатылған; 
- астықтың жоғарыдан бірқалыпты түсуі үшін,  құбыр кесіндісі бойынша, әр 
құбырдың  келесі  қатары,  алдыңғы  қатардағы  құбырлармен  салыстырғанда,                 
100 мм-ге жылжытылған. Құбырдан қыздыру камерасына астық барлық жаққа 
шашырап, жалпы ауданға бір қалыпты түсуі қамтамасыз етіледі; 
-  ошақтың  араластырғыш  камерасынан  температурасы  300-350
0   
кептіру 
агентін  ауа тасымалдағыш құбырмен  кептіргіштің қыздыру камерасына түсетін 
астыққа  қарама-қарсы 6 м/сек жылдамдықпен  беріледі; 
- әрекет еткен агентті қыздыру камерасының үстінен орта қысымды № 12 
желдеткіш Ц4-70 сыртқа айдайды. 
Кептіру  -  құбырында  қызған  астық  жылу  -  ылғал  алмастырғыш  қорапқа 
түседі. Осы камерада дақылдың жеке түйісуінен температура теңеседі, астық аз 
мөлшерде құрғайды, одан әрі аралық және ақырғы салқындатқыш темір бетонды 
камераға түседі. 
Қыздыру  камерасынан  астықтың  бірқалыпты  түсуі  үшін,  оның  табаны 
бойына  саңылаулар  орындалған.  Камера  тік  бұрышты  темір  бетон,  қиынды 
өлшемдері 3 х 1,5 м, биіктігі 6 м. Камера ішіне қиындысы бойынша 20 қатар, әр 
қатарда диаметрі 100 мм 7-і шойын құбырлар орнатылған. Жоғарыдан құлаған 
астық бір қалыпты жайғасуы үшін келесі қатардағы құбыр, үстіндегі қатармен 
салыстырғанда, 100 мм жылжытылған. 
Астық  жылу-ылғал  алмасу  қорабынан  қыздыру  камерасына  орналасқан 
құбырларға  құлайды,  шашырайды,  кеңістікке  бір  қалыпты  жайылып,  қызады. 
Қызған  астық  нория  арқылы  жылу-ылғал  алмасу  қорабына  түседі,  онда  жеке 
дәннің  бір-бірімен  түйісуі  әсерінен  температурасы  және  ылғалы  бір  шама 
теңеледі. Процесс үздіксіз жүреді. Ылғалы және температурасы теңелген масса, 
темір  бетоннан  жасалған  құрылымы  ДСП-24-сн  шахтасымен  бірдей,    аралық 
және ақырғы суытқыш шахтасына түседі. 
Шахтаға  берілетін  және  әр  шахтадан  шығатын  астық  мөлшерлері  бірдей 
болуы керек. Ол үшін шахтадан шығатын кепкен астық мөлшері берілетін ылғал 
астықпен синхронды жағдайда болуы  қамтамасыз етілген.  
Кептіруге  қайта  берілетін  және  кепкен  астықты  шахтадан  шығару  масса 
көлемі астықтың алғашқы ылғалына және соңғы ылғал  деңгейіне байланысты.  
Егер,  ылғалды  көбірек  алу  керек  болса,  онда  аралық  салқындату 
камерасынан қайта кептірге берілетін астықтың мөлшерін көбейту керек. 


110 
 
Ылғал  астықты  және  аралық  салқындату  камерасынан  қызған  астықты 
(қоспа) НЦ-350 нория ылғал-жылу алмасу қорабына береді. 
Кептіргіштің  ошағы  сұйық  отынмен  жұмыс  істейді,  құрылымы  ДСП-32 
кептіргіші ошағымен бірдей. 
Отынның  және  электро  энергияның  меншікті  шығыны  шахталы 
кептіргіштермен  бірдей.  Астықты  кептіруде  сапасын  өзгертпей  ылғалын                            
10-12 %-ға түсіруге болады.  

жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау