105
құбыршаға астық аз жылдамдықпен жалпақ және жұқа берілуі қажет. Сонда,
астық пенагент жеңіл көтеріледі.
Егер, айтылған жағдайлар орындалмаса, онда астық төменге шөгуі мүмкін.
Сондықтан құбырдың жіңішкеленген соңында сигнал беруші клапан
орнатылған, ол астықтың немесе ауыр заттардың (мысалы тас) салмағымен
ашылып, кептіргіш құбыры астындағы жинағыш қорапқа түседі.
Әрекет еткен кептіру агенті қалқу жағдайдағы астықпен араласып, аралық
және ақырғы салқындатқыш камералары үстінде орналасқан, сиымдылығы 60 т
жылу-ылғал алмастырғыш қорабына құбыр арқылы түседі. Жылу-ылғал
алмастырғыштың қақпағы астында, қоспа түсетін саңылау мен әрекет еткен
газды шығаратын орын аралығында, тік бөлгіш жасалған.
Астық ауамен қорапты 180
0
айналады, осының әсерінен жылдамдығы күрт
төмендеп, жылу-ылғал алмастырғыш және бөлгіш рөлін атқаратын қорапқа
түседі.
Осы әдістің кемістігі - ауамен жеңіл қоспалар қораптың периметрі бөлігіне
шоғырланады, одан біраз бөлігі желдеткіштің сорғыш құбырына жылжиды, ал
қалғаны қораптың сол қабырғасына жиналады, одан шахтаға түседі. Осы
әрекеттер астықтың бірқалыпты қозғалысына кедергі келтіреді.
Әрекет еткен ауаны шығару үшін кептіргіш қорабы астықпен толмауы
қажет, кері жағдайда, желдеткіштің ауаны соратын құбырының жұмысына
теріс
әсерін тигізеді. Астық төмен жылжығанда, жылу-ылғал алмастырғыш
қорабындағы астық мөлшері ұсынылған деңгейден төмен болса, сыртқы ауа
шахта арқылы аралық және соңғы салқындатқыш камераларына сорылып,
процесті тежейді.
Жылу-ылғал алмастырғыш қорапта астықтың температурасы теңеседі және
дәннің анатомиялық құрамындағы ылғал қайта бөлініп, температура тепе-теңдік
қалыпқа келеді. Жылу-ылғал алмастырғыш қорапта кепкен астық пен ылғалды
астықты ңаз болуына байланысты ылғал алмасу айтарлықтай жоғары деңгейде
болмайды.
Қорапта астық деңгейін көрсететін үш ДУЗ (датчик) орнатылған.
Датчиктердің қораптың жоғарғы қақпағынан орналасу биіктігі: жоғарғы ДУЗ 1/3,
төменгісі қораптың 2/3 биіктігінің бөлігіне тең. Ортадағы датчик жылу- ылғал
алмасу қорабындағы астық мөлшерін тұрақты деңгейде ұстау қызметін
атқарады.
Төменгі датчик түтін құбырымен, ортадағы астықты ақырғы салқындататын
шахтаның түсіргіш затворымен, ал жоғарғысы - ылғал астыққа арналған
нориямен блоктасқан.
Астықты тиімді кептіру бағытын ұстау үшін ылғал астық үздіксіз кептіру
құбырына берілуін және осы мөлшердегі астық суыту шахтасынан шығарылуын
қамтамасыз ету қажет,осыжағдайда жылу-ылғал алмастырғыш қорапта астық
деңгейі бір қалыпта болады. Үстіңгі қорап астына орналасқан шахтаның біреуі
кебуге қайтарылатын астықты суыту рөлін атқарады, одан шыққан масса құбыр
арқылы кептіргішке беріледі. Екінші шахта, кепкен астықты ақырғы рет
салқындатып, қоймаға жібереді.
106
Сурет 58. Пневмогазды астық кептіргіштер:
1-түтін тартатын желдеткіш; 2-ошақ; 3-рецеркуляцияға
арналған құбыр;
4-соңғы салқындату шахтасы 5-аралық салқындату шахтасы; 6-ылғал астықты
тасымалдағыш құбыр; 7-ылғал астықтың қорабы; 8-түтін құбыры;
9-пневмогазды (кептіру) құбыр; 10-жылу-ылғал ауыстырғыш қорап.
Кепкен астықты шахтадан шығару үшін ДСП-24-сн кептіргіші механизмін
қолданады. Әр шахта астындағы түсіргіш механизімінің қуаты сағатына 125
тонна болуы керек.
Аралық және ақырғы салқындату шахталарынан шығатын астық мөлшері
астықтың ылғалына және әр кептіргіш-құбыр астындағы затвордың жібергіш
қабілеттілігіне байланысты. Астықтың ылғалы жоғары болса соңғы суыту
шахтасынан шығатын масса соншалықты аз болады, ал қайта кептіруге масса
көбірек беріледі. Ондағы астықтың температурасы сыртқы ауаның
107
температурасымен шахтада болу ұзақтығына байланысты 10-15
0
-қа төмендейді,
ал соңғы салқындату шахтасында 25 -35
0
.
Екі шахтада жылудың әсерінен дәннің ылғалы 0,5-1 % -ға төмендейді, ол
сыртқы ауамен үрлеу ұзақтығына байланысты. Аралық салқындату шахтасынан
өтетін астық массасы, соңғы салқындату шахтасынан өтетін астық массасымен
салыстырғанда, артық болатыны анықталған, сондықтан дәннің температурасы
және ылғалы, соңғы салқындату шахтамен салыстырғанда, төмен болады.
Ылғалдың кемуіне шахтаны сыртқы ауамен кезекпен желдету әсерін
тигізеді. Осы процесті жандандыру мақсатымен ауаны соңғы салқындату
шахтасына үрлеп, астық массасынан өткен біршама қызған ауаны аралық
салқындату шахтасына береді.
Кептіруге қайтарылатын астық мөлшері көбейсе немесе тұрақты болса
және ылғал астық пен кепкен астықтың сыртқа берілуі азайса, онда құбыр-
кептіргіштегі және аралық салқындатқыш шахтадағы астық мөлшері артады.
Сонда, астықтың қайталанып берілуі жиіленіп, ылғал көбірек алынады.
Аралық шахтадан шығатын астықты затвор арқылы қуаты 175 т/сағ норияға
береді, одан кептіру-құбырына қайтарылады. Осы циклдің қайталануы дәннің
ылғалының қажетті мөлшерге жетуіне байланысты.
Кептіргіштің ошағы ДСП-50 кептіргішінің ошағымен бірдей (ошақтың
құрылысы және жану процесі ДСП-50-де келтірілген). Әрекет еткен агент
циклон-фильтрде тазалаудан өтеді, онда аэродинамикалық жеңіл қоспалар
бөлінеді.
Кептіруге қайта берілетін астықтың ылғалы қажетті деңгейге жеткенде
шахтадан шығарылады, осы мөлшерді толтыру үшін қуаты сағатына 175 тонна
нория ылғалды астықты жоғарғы қорапқа береді. Процесс осы тәртіппен
жалғасады. Кепкен астықты соңғы шахтадан шығару мөлшері затворлар жұмысы
арқылы реттеледі, ал ол астықтың ақырғы ылғалына байланысты.
Кептіру-құбырына берілетін агенттің температурасы 250-300
0.
, бидай дәні
55-60
0
-қа қызады, сапа
көрсеткіштері өзгермейді, ылғалы 10-12% төмендейді.
Меншікті шартты отын шығыны 10-11 кг/план. тонна, ал электроэнергия -
3,5 квт-сағ/план тонна
108
.
Сурет 59. «Целинная-50» кептіргіші: 1-кептіргіш үсті бункері; 2- қыздыру
камерасы; 3- жылу масса алмасу бункері; 4- аралық суыту шахтасы; 5- соңғы
суыту шахтасы.
Жүгері және бұршақ дақылдарынан ылғалдың кебу жылдамдығы, бидай
дәнімен салыстырғанда, айтарлықтай аз және бұршақ дақылдарын пневмогазды
кептіргіштерде кептіруде дән шытынайды, технологиялық қасиеттері
нашарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: