Оқу пәнінің сипаттамасы 1 Пәннің мақсаты


Қазақстанның  энергетика  жүйесі



Pdf просмотр
бет10/76
Дата16.05.2022
өлшемі1 Mb.
#38620
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Дәрістер(ЭжӨҰ)

Қазақстанның  энергетика  жүйесі

-  электр  энергиясы  мен  қуатын  өндiру  және 

электрмен  жабдықтау  жүйесi;  ұлттық  экономиканың  өндiрiстiк  және  әлеум. 

инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты 

базасы. 



Жалпы  электр  ст-лары  қуатының  артуына,  электр  қуатының  өндiрiлуiне, 

экономиканы  электрлендiру  деңгейiне  жасалған  талдау  негiзiнде  кеңестiк  дәуiрдегi 

Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады: бiрiншi 

кезең  1918  —  45  жылдарды  қамтиды,  бұл  кезеңде  сол  уақыттың  өлшемi  бойынша  iрi 

электр ст-лары салынып, алғашқы энергет. тораптар пайда болды. Екiншi кезеңде (1946 — 

58  ж.)  аймақтық  электр  ст-ларында  электр  қуатын  бiр  орталықтан  өндiру  күрт  артты, 

алғашқы  энергет.  жүйелер  құрылды.  Үшiншi  кезеңде  (1959  —  90  ж.)  республиканың 

энергет.  базасы  жедел  қарқынмен  дамып,  аймақтық  энергет.  жүйе  қалыптасты.  Сөйтiп, 

Қазақстан  өзiнiң  электр  қуаты  жөнiндегi  мұқтаждарын  толық  қамтамасыз  ететiн  әрi  оны 

өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, 

Жамбылда,  Шымкентте,  Павлодарда  iрi  аймақтық  су  электр  ст-лары  (АСЭС)  салынды. 

Ертiс  өз-нде  Өскемен  және  Бұқтарма  су  электр  ст-лары  (СЭС),  Iледе  Қапшағай  СЭС-i 

жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды. 

ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары 

активтерiне  мемл.  монополияны  реформалау,  сөйтiп  электр  қуатының  бәсекелi  рыногiн 

жасау  қажеттiгi  туралы  шешiм  қабылдады.  Осы  мақсатта  электр  энергетикасын 

құрылымдық  жағынан  қайта  құрудың  үкiметтiк  бағдарламасы  әзiрлендi.  Бұл 

бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру 

және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және 

бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық 

жылу  электр  ст-лары  (ЖЭО)  жергiлiктi  басқару  органдарының  меншiгiне  берiлдi.  1120, 

500  және  220  кВ  кернеулi  негiзгi  тораптардың  активтерi  негiзiнде  Электр  тораптарын 

басқару жөнiндегi  қазақстандық  компания (“КЕGOC” ААҚ), 110  — 35, 6  — 10 және 0,4 

кВ  кернеулi  аймақтық  электр  тораптары  негiзiнде  бөлу  электр  тораптық  акцион. 

компаниялары  (АЭК  АҚ)  құрылды.  Бұл  саланы  одан  әрi  дамытудың  1997  —  2000 

жылдарға  арналған  бағдарламасында  электр  қуаты  рыногiн  ұйымдастырудың  мынадай 

үлгiлерi  көзделдi:  ақырғы  тұтынушыға  жеткiзiлетiн  электр  қуатының  бағасы  бойынша 

бәсеке; бiрыңғай электр қуаты рыногiнiң екi деңгейде (көтерме сауда және бөлшек сауда) 

болуы;  электр  қуатымен  сауда  жасауды  ұйымдастыру;  рынок  субъектiлерiнiң 

аймақаралық  (“КЕGOC”  ААҚ),  аймақтық  және  жергiлiктi  (БЭК-тер)  деңгейдегi  тораптар 

бойынша электр қуатын тарату және бөлу қызметтерiн көрсету жөнiнде шарттар жасасу. 

Осы үлгiнiң енгiзiлуi екi жақты мерзiмдi келiсiмшарттар рыногiн құруға мүмкiндiк бердi. 

Бiр  орталықтан  диспетчерлiк  басқару  жүйесi  қайта  құрылды,  ол  электр  қуатын  бәсекелi 

(электр қуатын өндiру мен тұтыну) және монополиялы (электр қуатын тарату және бөлу) 

бөлiктерiнiң бөлiнiсi жағдайында жұмыс iстеуге бейiмделдi, сондай-ақ, электр қуатының 

сапалық  көрсеткiштерi,  атап  айтқанда,  электр  тогының  жиiлiгi  жақсартылды.  Электр 

энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектiлiкпен iске асыру нәтижесiнде 

2000  жылдан  бастап  оң  өзгерiстерге  қол  жеткiзiлдi:  екi  жақты  мерзiмдiк  (форвардтық) 

келiсiмшарттар  рыногi  құрылып,  жұмыс  iстей  бастады.  Қазақстанның  электр 

энергетикасы  секторының  бастапқы  экспорттық  әлеуетi  2001  жылдың  басында  500  — 

1000 мВт деп бағаланды. Мыс., Екiбастұз АЭС компаниясы 2001 жылдан Ресейге (Омбы 

қ-ның маңына) 300 мВт электр қуатын экспортқа шығара бастады. 2030 ж-ға дейiн электр 

энергетикасын  дамыту  бағдарламасы  шеңберiнде  Қазақстанның  электр  энергетикасы 

жөнiнен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2005 жылға дейiнгi жоспары әзiрлендi. 

Нарықтық  экономика  жағдайында  электр  энергетикасы  секторындағы  табиғи 

монополияның барлық құрылымдары уәкiлеттi орган (Энергетика және табиғи ресурстар 

мин.)  тарапынан  мемл.  бақылауға  алынған.  Электр  қуатын  тарату  және  бөлу  жөнiндегi 

тарифтердi ҚР-ның Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi 

агенттiгi реттеп отырады. 2000 ж. 1 сәуiрде Тарифтер жөнiндегi бөлiмшеаралық комиссия 

“КЕGOC”  ААҚ-ның  аймақаралық  деңгейдегi  электр  тораптары  бойынша  электр  қуатын 

тарату  жөнiндегi  қызмет  көрсетуiне  арналған  тарифтi  есептеудiң  жаңа  әдiстемесiн 

қолданысқа енгiздi. 




Электр  энергетикасы  секторындағы  реформаларды  тереңдетудiң  2000  жылдан  басталған 

кезектi кезеңi Респ. электр қуатының көтерме сауда рыногiн жетiлдiру тұжырымдамасына 

негiзделдi.  Бұл  тұжырымдамаға  сәйкес  электр  қуаты  рыногiнiң  қазақстандық  операторы 

құрылды, оған электр қуатын өндiру мен тұтыну процестерiн нарықтық  жолмен басқару 

мiндетi жүктелген. 

ҚР-ның  электр  энергетикасы  секторын  қайта  құру  негiзiнде  электр  энергетикасы 

нысандары  түрлi  меншiк  иелерiнiң  қолына  көштi:  iрi  электр  ст-лары  шет  елдiк 

компанияларға  тиесiлi,  кернеуi  220  және  одан  жоғары  кВ  электр  тораптарын  басқару, 

диспетчерлеу,  т.б.  мәселелердi  шешу  мiндеттерi  электр  тораптарын  басқару  жөнiндегi 

қазақстандық  компания  — KEGOC-қа жүктелдi;  кернеуi  110 және  одан төмен кВ электр 

тораптары  бұрынғы  энергетика  жүйесi  шеңберiнде  таратушы  электр  компанияларының 

басқаруында;  электр  қуатын  өндiрушiлерден  сатып  алу  және  оны  тұтынушыларға  сату 

мiндетi Электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторына жүктелген. 

Қазақстанда қазiр  энергет. өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi  энергиясын 

СЭС-терде  өндiрiледi.  Қазақстанның  батыс  аймағында  энергет.  шикiзат  көзi  мұнай  мен 

табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн ст-

лар дамытылған. Шығыс және оңт. аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергет. 

көздерi  жоқ.  Осыған  байланысты  оларда  ядр.  отын,  тасымал  мұнай,  газ,  көмiр 

пайдаланылады.  Электр  қуатын  тұтынудың  есептiк  деңгейлерiне  жасалған  талдау  1990 

жылдан  бастап  он  жылдық  кезеңде  электр  тұтыну  көлемi  жалпы  респ.  және  солт.,  бат. 

аймақтар бойынша 2 есе дерлiк, ал оңт. аймақ бойынша 3 есе дерлiк кемiгенiн көрсетедi 

(қ. 1 — 2-кестелер). 

Соңғы  2  —  3  жылда  электр  энергиясын  тұтынудың  азаю  қарқынының  баяулағаны 

байқалды,  ал  батыс  аймақта  ол  өсе  бастады.  2000  жылдың  алғашқы  жартысында 

республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы 

кезеңiмен  салыстырғанда  7,2%-ға  көп.  Электр  қуатын  өндiру  мен  тұтыну  көлемiнiң  өсуi 

негiзiнен  Бат.  және  Солт.  аймақтарда  (Павлодар-Екiбастұз  өңiрiнде)  байқалды. 

Қазақстанның Оңт. аймағында (Алматы,  Оңт. Қазақстан, Жамбыл,  Қызылорда обл-тары) 

жеткiлiктi  бастапқы  энергет.  қор  жоқ  болғандықтан  оның  электр  энергетикасы  тасып 

әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген. Бұл аймақтағы электр 

қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай 

СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солт. Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары 

бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi. 

2000  ж.  15  маусымнан  бастап  Қазақстанның  Бiрыңғай  энергет.  жүйесiнiң  (БЭЖ)  Солт. 

бөлiгiнде  Ресейдiң  БЭЖ-iмен  қатарласқан  жұмыс  қалпына  келтiрiлдi,  ал  2000  ж. 

қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-i  Ресей мен Орт. Азияның энергет.  жүйесiмен қатарлас 

жұмысқа  көшiрiлдi.  Қазiр  Қазақстанның  барлық  облыстарында  аймақтық  электр 

тораптары  компанияларымен  қатар  көптеген  делдалдар  (трейдерлер)  тұтынушыларды 

электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазiргi құрылымында 

1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулi жоғары класты жүйе құраушы негiзгi тораптардың ұз. 

тиiсiнше  1423  км,  5470  км  және  17900  км.  Аймақтық  және  жергiлiктi  тораптардың 

көрсеткiштерi мынадай: 110 кВ — 42000 км, 35 кВ — 61500 км, 6 — 10 кВ — 199400 км 

және 0,4 кВ — 115500 км. 

Республика  экономиканың  отын-энергет.  қорының  қажеттiгiн  анықтау  кезiнде 

өнеркәсiптiң  түрлi  салалары  мен  әлеум.  аяда  қуат  үнемдейтiн  100-ге  жуық  технол.  мен 

шаралар ескерiлдi. 

Қазақстан өзендерiнiң су энергет. әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экон. тиiмдi 

су-энергия  қоры  23  —  27  млрд.  кВт/сағ  деп  бағаланды.  Қазiргi  кезде  гидравлик. 

энергияның  экон.  әлеуетiн  пайдаға  асыру  деңгейi  небәрi  20%-ды  құрайды.  Жел  қуатын 

пайдалану,  үшiн  Жоңғар  қақпасы  ауданында  (100  —  110  млрд.  кВт/сағ),  Маңғыстау 

тауларында  (100  —  140  млрд.  кВт/сағ),  т.б.  аудандарда  қолайлы  жағдайлар  бар.  Оңт. 

Қазақстан,  Алматы  облыстарының  аумағында  негiзiнен  жылытуға  және  ыстық  сумен 




қамтамасыз  етуге  жарамды  геотермиялы  су  қорлары  анықталды.  Жер  асты  суын 

пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Республикада күн 

энергиясы  мен  биомассаның  да  белгiлi  бiр  әлеуетi  бар.  Энергияның  мұндай  әдеттен  тыс 

көздерiнiң тех. әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 

—  6000  сағатты  қамтамасыз  ететiн  кепiлдi  қуат  —  380  мВт.  Энергия  өндiрiмi  1,9  —  2,3 

млрд. кВт/сағ. 

 

Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаттылығы рыногының 



ұйымдастырылуы және жұмыс істеуі 

 

Рынок Қазақстан Республикасында электр энергиясының көтерме рыногын ұйымдастыру 



және оның жұмыс істеуі тәртібіне сәйкес мынадай шарттар негізінде жұмыс істейді:  

 



сатып алушы мен сатушы арасындағы электр энегиясын сатып алу  – сату шарты, 

онда сатып алынатын электр энергияның көлемі туралы айтылады, оған келісілген 

баға, электр энергиясына төлеу шарттары белгіленеді;  

 



электр  энергияны  сатып  алушы  (жекелеген  жағдайларда  –  электр  энергиясының 

сатушысы) Техникалық оператормен (Ұлттық энергия таратушы ұйымы) жасаған, 

сатып  алу-сату  шарты  жасалғаннан  кейін  реттеу  органы  бекіткен  тариф  бойынша 

тарату қызметтерін төлеумен шарт;  

 

техникалық  оператор  барлық  энергия  өндіруші  ұйымармен  және  импортталатын 



электр  энергияны  тұтынушылармен  диспетчерлеуге  жасалатын,  реттеу  органы 

бекіткен тариф бойынша тарату қызметтерін төлеумен шарт;  

 

рынок  операторы,  Техникалық  оператор  және  электр  энергиясы  рыногының 



субъектілері  арасындағы  олардың  арасындағы  қатынастарды  реттейтін  үшжақты 

"Бірлескен қызмет туралы" шарт;  

 

авариялық  жағдайларда  басты  қуаттардың  істен  шығу  кезінде  электр  қуаттары 



резервтерінің  ақылы  негізінде  беру  мен  алу  шарттарын  реттейтін  электр  қуаты 

резервінің ПУЛ-ына қатысу туралы шарт;  

 

қуатты реттеу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт;  



 

"бір күн бұрын" режимінде орталықтандырылған саудаларға рынок субъектілерінің 



қатысу шарты.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау