Тақырып 13 Энергетикалық шаруашылық жұмысын экономикалық ұйымдастыру
Дәріс мақсаты:
кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын, оны
басқарудың, кәсіпорынның энергиямен жабдықталуының экономикалық маңызын түсіну.
Дәріс мазмұны:
1) Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы.
2) Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың ұтымды
тәсілдерін таңдау әдістемесі.
3) Кәсіпорынның энергия үнемдеу саясаты. Кәсіпорынның
энергоаудиті.
1 Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы
Кәсіпорынның энергия шаруашылығы – осы кәсіпорында энергияның әртүрлі түрлерімен
қамтамасыз етуге арналған энергетикалық қондырғылардың және қосымша құрылғылардың
жиынтығы.
Кәсіпорынның энергошаруашылығы бір жағынан отын-энергетикалық кешеннің маңызды
бөлімі болып табылады және энергетиканың көптеген қасиеттеріне және ерекшеліктеріне ие, ал
басқа жағынан сәйкес кәсіпорынның бөлімшесі – қосымша өндіріс ретінде оның құрамына
кіреді.
Энергетикалық кәсіпорыннан басқа да кез келген кәсіпорында өзінің энергетикалық
шаруашылығы болады. Ол тек кәсіпорынның қосымша бөлімшесі ғана емес, өндірістік
үрдістердің жиынтығы, барлық энергетикалық ресурстардың түрлерін түрлендіру, бөліп тарату
және пайдалану дегенді білдіреді.
Энергетикалық шаруашылық өндірісте әртүрлі энергия түрімен қамтамасыз етеді және
кәсіпорын немесе цехтың жабдықтарын пайдалануды, жөндеу жүргізу жұмыстарын жүзеге
асырады.
Энергетикалық шаруашылықтың міндеттері:
-
өндіріс үшін энергияның керекті барлық түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету;
-
энергетикалық жабдықтарды, құрылғыларды толық қуатымен пайдалану және
жұмысқа қабілетті түрінде ұстап тұру;
-
тұтынылатын энергия түрлеріне кететін шығындарды азайту.
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының негізгі құрылымы электр-қуатты цех,
жылу-қуатты және цех электрлік-техникалық цехтардан тұрады.
Оның бөлімшелеріне кіретіндер:
−
қосалқы станса: трансформаторлық, аккумоляторлық, релелік байланыс,
сигнализация;
−
қазандық: жылумен қамту, сумен қамту, ауамен қамту, отынмен қамту, канализация,
желдету;
−
бөлшектеу-жинау: слесарлық, механикалық, сынақтық, электр монтажды, жинақтау.
Жетілдіру бағыттарына жататындар:
-
энергия үнемдеуге арналған қондырғыларды орнату;
-
энергия тұтыну сұлбасын жетілдіру;
-
техникалық үрдістерді жетілдіру;
-
өндірістік үрдістерді автоматтандыру, есепке алу, оның пайдалануын қадағалау;
-
энергетикалық шаруашылықтағы жабдықтардың конструкциясын өзгерту;
-
энергетикалық ресурстарды нормалау, есептік-аналитикалық әдістерін қолдану;
-
энергетикалық ресурстарды пайдалануды жақсартуға ынталандыру.
Энергетикалық қызметтің функцияларына төмендегілерді жатқыуға болады:
-
нормативтер жасау;
-
энергия түрлеріне деген сұранысты жоспарлау;
-
энергетикалық баланстарды жасау;
-
жоспарлы-сақтық жөніндегі жұмыстарды жоспарлау;
-
энергия түрлерімен қамтамасыз етуді жоспарлау;
-
оперативті жоспарлау (барлық энегия түрлеріне);
2
-
жабдықты жөндеу жұмысын жоспарау;
-
жөндеудің техникалық құжаттарын жасау;
-
жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау;
-
энергетикалық жабдықтарды пайдалану ережесін бақылау;
-
энергия шығынын қадағалау.
Энергия үнемдеу саясатының негізі – энергетикалық нарықтың барлықмсубъектілерінің
энергоресурстардың барлық түрін сақтықпен жұмсау, сондай-ақ, энергия шығынының ғылыми-
негізделген нормаларын әзірлеу және қабылдау.
Кез келген энергияны үнемдеу өндірістік процестерде энергия пайдалануды талдаудан
басталады. Мұндай талдаудың басты көрсеткіші –қондырғылардың ПӘК-і, олардағы энергияны
тиімді пайдалану коэффицииенті және өнім бірлігіндегі энергияның меншікті шығыны.
Кәсіпорында ресурсты үнемдеу бойынша жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі:
- жабдықты ауыстыру (техникамен қайта қаруландыру);
- жабдықты жаңарту;
- қолданыстағы жабдықтың жүктемесін арттыру (интенсификация);
- энергия шығындарын азайту үшін қосымша құрылғыларды енгізу;
- жабдықтың жұмыс параметрлерін өзгерту;
- энергияны қайта пайдалану (егер технологиялық процесс рұқсат етсе);
- апаттарды талдау және жаңа апаттардың алдын алу.
Барлық аталған іс-шаралар оларды енгізудің экономикалық тиімділігін көрсететін
экономикалық негіздемесіне ие болуы тиіс.
Энергошаруашылықты құруға кететін шығындарды анықтау үшін жылдық смета дайындалады.
Жылдық сметаны дайындау үшін:
-штаттық кесте,
-тарифтік мөлшерлемелер,
лауазымдық қызметақылар және қолданыстағы еңбекақы төлемі,
-жөндеу-эксплуатациялық қажеттіліктер үшін материалдардың және резервтік бөлшектердің
шығындары,
-көлік құралдарын пайдалануға кеткен шығындар,
-амортизациялық аударымдар және басқа да шығындар пайдаланылады.
Тиісті агрегаттармен электр энергиясын өндіріп шығаруға кететін шығындар өндірістің сәйкес
салаларына немесе энергошаруашылықтың жалпы өндірістік шығындарына жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |