Оқу пәнінің сипаттамасы 1 Пәннің мақсаты


Дәріс 3. Кәсіпорынның негізгі қорлары



Pdf просмотр
бет15/76
Дата16.05.2022
өлшемі1 Mb.
#38620
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Дәрістер(ЭжӨҰ)

Дәріс 3. Кәсіпорынның негізгі қорлары   

 

1 Негізгі қорлар, олардың жіктелуі және құрылымы   

 

Негізгі  қорлар

–  негізгі  құралдардың  құнының  ақшалай  берілуі.  Негізгі  қорларға 

қызмет ету мерзімі үлкен (бір жылдан жоғары) және өзінің қызмет ету мерзімінде өзінің 

құрын  қайтадан  жасалған  өнімге  біртіндеп  беріп  отыратын    еңбек  құралдарын  айтамыз. 

Есепке алу жүйесінде негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі капиталды ретінде көрсетіледі.  

Өндірістік  үрдіске  байланысты  негізгі  қорлар  өндірістік  және  өндірістік  емес 

қорлар болып бөлінеді.  

Өндірістік емес қорларға энергетиканың өндірістік саласына қатысы жоқ нысандар: 

денсаулық  сақтау  (кәсіпорындардағы  медициналық  бөлімшелер),  мәдениет  (клубтар, 

кітапханалар), сауда-саттық, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтар, спорт кешендері, 

демалыс базасы.   

Өндірістік  негізгі  қорлар 

кәсіпорынның  негізгі  өндірістік  қуатын  құрайды  және 

өндірістк  үрдісте  белгіленуіне  байланысты  мынадай  топтарға  бөлінеді:  өндірістік 

ғимараттар;  құрылыстар;  беріліс  құрылғылары;  жұмыс  және  күштік  машиналар; 

механизмдер  мен  жабдықтар;  транспорттық  құралдар,  өндірістік  және  шаруашылық 

құрал-саймандар;  басқа  да  негізгі  қорлар.  Кез  келген  өндірістің  негізгі  қорларының 

құрамын 1-кестеден көруге болады.  

 

1  Кесте  -  Материалдық  өндіріс  салалары  бойынша  негізгі  өндірістік  қорлардың 



құрылымы   

Негізгі қорлардың топтары 

Машина 

құрау 


Электр 

энергетикасы 

Транспорт 

Электр 


желілері 

кәсіпорыны 

1 Өндірістік ғимарат 

27,3 


13,2 

5,4 


2,3 

2 Құрылыс 

20,6 

17,3 


34,3 

1,1 


3 Беріліс құрылғылары 

10,5 


34 

5,5 


81 

4 Жұмыс, күштік 

машиналары мен 

жабдықтар   

38,9 

33,6 


8,7 

12,5 


5 Транспорт көліктері 

2,7 


0,9 

45,6 


1,8 


6 Өндірістік және 

шаруашылық құрал-

саймандар   

0,5 



0,2 

0,5 


7 Басқа да негізгі қорлар   

0,7 


0,5 

0,3 


0,8 

Барлығы 


100 

100 


100 

100 


 

Өндірістік негізгі қорлардың құрылымы 1-кестеден  көретініміздей, әртүрлі өндіріс 

саласы  бойынша  айырмашылықтары  бар.  Электр  энергетикасы  бойынша  жалпылай 

айтқанда,  негізгі  қорлардың  екі  тобын  айтуға  болады:  беріліс  құрылғылары  және 

машиналар,  механизмдер,  жабдықтар.  Ал  екінші  топ  бойынша  күштік,  жұмыс 

машиналары және жабдықтар үлкен үлес алады. Электр желілері кәсіпорындары үшін бұл 

екі топ бойынша олардың меншікті салмағы 90% құрайды.   

Негізгі  өндірістік  қорлар  өндірістік  үрдіске  қатынасу  дәрежесі  бойынша  активті 

және  пассивті  болып  бөлінеді.  Активті  негізгі  қорлар  тікелей  өнімді  өндіруге  қатысады, 

пассивті  негізгі  қорлар  өндірістің  негізгі  технологиялық    жұмыстарын  орындалуын 

қамтамасыз етеді.  

 

 

Негізгі  қорлардың  пассивті  тобына  көбінесе  өндірістік  ғимараттар,  құрылыс 



ғимараттары, өндірістік құрал-саймандар, басқа да негізгі қорлар.   

Негізгі қорларды есепке алу жүйесінде ақшалай бағалау бастапқы, қалдық, және қалпына 

келтіру құндары бойынша жүргізіледі.  

 

Бастпақы  құн  кәсіпорындардың  негізгі  қорларды  сатып  алғаны  немесе  оның 

нысандарын  салуға  кеткен  нақты  шығындарды  көрсетеді.  Ол  сондай-ақ  нысан  бойынша 

кітапшаларда  көрсетіледі,  оған  қоса  негізгі  қорлардың  сипаттамалары:  қуаты, 

өндіргіштігі,  ауданы  немесе  ұзындығы,  жылдамдығы  және  тағы  басқа  да  көрсеткіштері 

беріледі.  

Негізгі  қорларды  пайдалану  кезінде  олар  тозады  және  өзінің  бастапқы  табиғи 

сапасын  ғана  емес  экономикалық  сапасында  жоғалта  бастайды.  Осы  бастапақы  құннан 

негізгі қорлардың тозуын (құндық түрде) алып тастаған құнды қалдық құн деп атайды. Ол 

әр  негізгі  қор  бойынша  және  кәсіпорынның  толығымен  негізгі  қорлары  бойынша 

анықталады.    

Кез келген экономикалық жүйеде әртүрлі мезгілде жасалған немесе сатып алынған 

біртекті  негізгі  қорлардың  құны  әртүрлі  бағалануы  мүмкін.  Сондықтан  оларды  бір 

салыстырмалы жағдайға келтіру үшін нақты бір мезгілге негізгі қорды сатып алуға кететін 

шығындарын көрсететін қалпына келтіру құны қолданылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау