28.10 Мектепте «Жаз-2016» спорттық ойындар шахматтан, тоғызқұмалақтан, теннистен аймақтық сайыс болды. Оған Көрші елді мектептер, Коктерек НМ,Қызылегіс НМ, Кішітүкті НМ оқушылары қатысып, шахматтан Қызылегіс мектебі, теннистен Ортағаш мектебі бірінші орындарға ие болып аудандық жарысқа жолдама алды.
Қараша айының басынан бастап жоспарбойынша Ортағаш орта мектебінде АИТВ және ЖИТС-ң алдын алу айлығының жоспары құрылып, өз жұмысын бастады.
Жоспар бойынша ай бойына сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» атты сынып сағаттары өтілді. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты оқушыларды салауатты өмір салтына бағыттау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, ағзаның дұрыс демалуы және жеке бас гигиеналарын сақтауды әдетке айналдыру туралы әңгімеле сағаттары болып өттті. Оқушыларға бұл тәрбие өте пайдалы және ұтымды болды.
Жоғары сыныптар оқушылар арсында «Зиянды әдеттен аулақ бол» атты шығармалар сайысы өтті. Бұл шығармада 8- сынып оқушысы Өтежан Алуаның шығармасы өте жақсы деп танылды.
9-11 сынып оқушылар арасында «Тағдырың өз қолыңда» атты ойын сабағы өткізілді. ОЙын сабақта оқушылар топтарға бөлініп, бірінші «Тағдыр» деген сөзге өз ойларын айтты. Оқушылар өз ойларын толық айтты. Келесі тапсырма әр бала өз тағдырына қандай өзгерістер енгізе алады, ол үшін олар қандай өмір таңдауы керек деген ойларды бөлісті. Оқушыларға уланған өмірлер, есірткіге салынған адамдардың тағдыры туралы бейнефильмдер көрсетілді. Оқушылар үшін бұл айлықтың маңызы өте зор.
І жарты жылдық оқу қорытындысы.
2016- 2017 оқу жылы
Мектепте І ж/ жылдықтың аяқталуына байланысты 2-11 сыныптар арасында 53 оқушы аттестацияланды. Аттестацияланбай қалған оқушылар жоқ. 53 оқушының барлығы дерлік оқу барысында үлгерушілер қатарын құрайды. І ж/ жылдық қорытындысы бойынша оқу сапасы – 67,9 пайызды құрайды.
Бастауыш сыныптар бойынша 1 сынгыпты қоспағанда 15 оқушы оқу бағдарламасын толық көлемде меңгерді. Оқу сапасы- 86,6 пайызға тең . Тоқсан қорытындысы барысында
,, үздік,, оқушы саны-1
,, екпінділер,, - 12
,,үлгеретіндер,,- 2.
Орта буын бойынша 5- 9 сыныптар аралығында 31 оқушы оқу бағдарламасын толық көлемде меңгерді. Оқу сапасы 61,2 пайызды құрайды.
,, үздік,, оқушы саны-2
,, екпінділер,, -17
,, үлгеретіндер,, - 12
Жоғары сыныптар бойынша 10-11 сыныптардың 7 оқушысы оқу бағдарламасын толығымен меңгеріп, аттестацияланды. Оқу сапасы-57,1 пайызды құрайды.
,, үздік,,-0
,, екпінді,,-4 ,, үлгеретіндер,,-3
Жалпы мектеп бойынша ,, үздіктер,, саны-3
,, екпінділер,, -33
,, үлгеретіндер,,- 17
Жалпы оқу сапасы- 67,9%
100 пайыз оқу сапасын көрсеткен 3,4сыныптар.
Сынып жетекшісі Нұрқанова Ш.Б, Жайылғанова Г.Қ.
Орта буында ең аз пайыздық көрсеткішпен аяқтаған- 10 сынып. С/ ж-
Жүсіпбекова Ш.Р.
Оқу қорытындысы педагогикалық отырыста тыңдалып, қаралды. Олқылықтырға байланысты арнайы үкім шығарылып, ІІІ тоқсан барысында жақсы нәтижелерге жету жолдары қаралды.
Достарыңызбен бөлісу: |