Үш тілде оқыту туралы
Заманауи жағдайда үш тілде білім берудің әдіснамасы алдымен, тарихи және әлеуметтік-педагогикалық алғышарттармен, сондай-ақ лигводидактикалық тұжырымдамалармен анықталады. Алғашқылары:
1) кеңестік Қазақстандағы тілдік жағдай орыс-қазақ (қазақ-орыс емес) қостілділігін тарихи қалыптастырды, сондықтан орыс тілін ана тілі және ана тілінен өзге тіл ретінде оқытудың ғылыми-әдістемелік базасы өте жоғары деңгейде әзірленген;
2) Тәуелсіздікке дейін Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер басым болған және ол мектептерде қазақ тілі оқытылмаған, бұл оның функционалдық белсенділігін дамытудың тежеуші факторына айналды және қазақ тілін (сонымен қатар ана тілінен өзге тіл ретінде) оқыту мәселесіндегі педагогикалық тәжірибенің жетіспеушілігіне апарды;
3) қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы және оның іс жүзіндегі қолданыс деңгейі Типтік оқу жоспарында оқу сағаттарының мөлшерін көбейтуге мүмкіндік берді, дегенмен қазақ тілінің лингводидактикалық аспектілерін теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер бүгінгі күнге дейін жеткіліксіз;
4) Әлемдік экономикаға бірігуге қажетті көлемде оқытуды талап ететін ағылшын тілінің қазақстандық қауымдастықтың лингвокоммуникативтік кеңістігіне белсенді еніп келе жатқаны да, қазіргі кездегі тілдік жағдайды күрделендіре түсті.
Барлық көрсетілген ұстанымдар Қазақстанда тілдердің үштұғырлылығы идеясын енгізудің алғышарты болып, келесі формуламен айқындалды: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Бұл ретте қазақ тілі Қазақстан халқының бірігуінің жетекші факторы болып табылады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бірлік жолында азаматтық бірізділікті қалыптастыру үшін маңызды. Қазақ тілін білу – қазіргі әр қазақстандықтың өзіндік ерекшелігінің кепілі.
Дәл осы идея қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерін іздеу қажеттілігін туғызды.
Үш тілде білім берудің негізгі стратегиялық мақсаты – қазақстандықтардың бір уақытта үш мақсатты тілді халықаралық стандартқа сай меңгеруіне қажетті жағдай жасау, нақты айтқанда:
-қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білу, ол азаматтардың үйлесімді бірлесуіне ықпал етеді;
- орыс тілі, қазақ тілімен қатар қолданылатын ресми тіл ретінде;
- ағылшын тілін әлемдік экономикаға бірігу құралы ретінде үйрену.
Білім процесінде барлық үш тіл (екінші және үшінші тілдер, яғни, қазақ тілі (Т2), орыс тілі (Т2), ағылшын тілі (Т3) бәсекелестікте емес, бірлікте дамуы тиіс. Осыған орай, үш мақсатты тілге оқытудың негізгі тәсілдемесі белгіленді.
Ең біріншісі – мақсатты тілдерді деңгейлеп оқыту. Бұл – мақсатты үш тілде оқыту CEFR («Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment» - «Шетел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктері: меңгеру, оқыту, бағалау») деңгейлік оқыту моделіне сәйкес жүргізілетінін және білім жүйесінің барлық деңгейлерінде бірлік, сабақтастық және үздіксіздік қамтамасыз етілетінін білдіреді. Үш тілде білім берудің қазақстандық моделі CEFR-дің аналогы емес, бірақ бұл құжат негізге алынып және оның идеялары мен негізгі ережелері ұлттық білім беру жүйесінің нақты жағдайларына бейімделеді.
Осыған сәйкес мақсатты үш тілде оқытудың деңгейлері төменгідей белгіленген:
5-кесте – CEFR сәйкес үш тілде оқытудың салыстырмалы деңгейлері (Common European Framework of Reference – Шет тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктері)
CEFR деңгейлері
|
Сынып-тар
|
Ағылшын тілі (Т3)
|
Сыныптар
|
Қазақ тілі (Т2)
Орыс тілі (Т2)
|
Базалық
|
А1
|
Қарапайым деңгейі
|
1-сынып
|
А1 бағытындағы жұмыс
|
А1
|
1-сынып
|
А1 бастапқы
|
2-сынып
|
А1 төмен
|
2-сынып
|
А1 орта
|
3-сынып
|
А1 орта
|
3-сынып
|
А1 ілгері
|
4-сынып
|
А1 жоғары
|
А2
|
4-сынып
|
А2 бастапқы
|
А2
|
Негізгі деңгей
|
5-сынып
|
А2 төмен
|
5-сынып
|
А2 орта
|
6-сынып
|
А2 орта
|
6-сынып
|
А2 ілгері
|
7-сынып
|
А2 жоғары
|
В1
|
7-сынып
|
В1 бастапқы
|
Орта
|
В1
|
Орта деңгей
|
8-сынып
|
В1 төмен
|
8-сынып
|
В1 орта
|
9-сынып
|
В1 орта
|
9-сынып
|
В1 ілгері
|
10-сынып
|
В1 жоғары
|
В2
|
10-сынып
|
В2 бастапқы
|
В2
|
Ортадан жоғары деңгей
|
11-сынып
|
В2 төмен
|
11-сынып
|
В2 орта
|
Ағылшын тілі бір қадамға артта екеніне назар аудару қажет, өйткені қазақ тілі мен орыс тілі табиғи лингвистикалық ортада оқытылады. Заманауи Қазақстанның тілдік жағдайына орыс-қазақ және қазақ-орыс қостілділігі тән және соңғысының қолданыс аясы кеңейтілуде. Оған қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы себеп болды. Сонымен қатар, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде бір миллионнан астам этностық қазақтар тарихи отанына қайта оралды.
Деңгейлік оқытуда сөйлеу қызметінің төрт дағдысын дамытуға көңіл бөлінеді: тыңдалым (ауызекі тілді тыңдап отырып түсіну), айтылым, оқылым және жазылым.
Үш тілде оқытудың келесі әдісі – коммуникативтік тәсіл. Ол мыналарды білдіреді:
біріншіден, мақсатты тілдерді оқыту оқытылатын тілдің ауызекі сөйлеу нормасын меңгеруге бағытталған, сондықтан бірінші сыныпта, ең алдымен, тыңдалым мен айтылым дағдыларына көңіл бөлінеді; оқылым мен жазылым дағдыларын ана тілінде немесе оқу тілінде (мектептің оқу тілі) дамыту арқылы жүзеге асырылады;
екіншіден, тілді оқыту грамматикалық ережелермен шектелмейді, яғни өзге тілді алғаш үйренушілерге «бастауыш», «баяндауыш», «морфология», «синтаксис» т.б. білу маңызды емес. Бала грамматикалық құрылымдарды білмей тұрып, оқу мен жазуды білмесе де сөйлей бастайды, тіпті сөйлемдерді де дұрыс құрайды. Ол жай ғана сөздерді айтады, сөздердің мағынасын түсінеді, айналасындағы адамдармен тілдесе бастайды. Уақыт өте келе оның сөздік қоры молаяды, қоршаған адамдардың басым бөлігі оны түсінетіндей деңгейде сөйлесе алады. Содан кейін ғана бала оқу мен жазуды үйренеді. Мектепте ана тілінен өзге тілді үйренудің негізі осында жатыр.
Ана тілінен өзге тілдерді оқытқанда ана тілін (немесе бірінші тілді) қолдану орынды, бұл коммуникативтік тәсілдеменің ережелерін бұзбайды: егер ана тілінде 5 минут ішінде ережені түсіндіруге болатын болса, онда шет тілінде оны түсіндіруге сабақтың барлық уақытын зая жіберудің қажеті жоқ.
Мұндай оқытудың негізгі мақсаты грамматикалық құзыреттілікті қалыптастыру емес (сөз тіркестері мен сөйлемдерді сауатты құру, мезгіл шақтарын дұрыс қолдану, әр түрлі сөйлемдердің құру түрлерін білу), коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Сөзсіз, грамматикалық құзыреттілік маңызды, бірақ коммуникативтік тәсілдемеде грамматикалық ережелерді іс жүзіндегі қарым-қатынаста қолдануға негізделген.
Коммуникативтік құзыреттілік тілді әр түрлі мақсат пен функцияда қолдануды, әр түрлі сипаттағы және типтегі мәтіндерді құру, оқу және түсіну, шектеулі лексикалық және грамматикалық базасы болғанның өзінде әңгімеге араласуды қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік тәсілде, ең біріншіден, тілдік құрылымдардың дұрыстығына емес, диалогты әрі қарай өрбіту нұсқасын ұғыну, жалпы коммуникативтік мақсатқа жету, өзгертіп айту дағдысын дамыту параметрлеріне назар аударылады.
Коммуникативтік оқытуда білім алушы тек қана тіл туралы білімді меңгермейді, сонымен қатар, мәдени-әлеуметтік компонентті де меңгереді: қоғамдағы тәртіп үлгісі, сол елдің мәдениеті мен мәдениет нормалары туралы білімі, осылардың бәрі шынайы қарым-қатынастың жағдаяттарында сөйлеушімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
Мақсатты үш тілді оқытуда қолданылатын келесі әдістемелік тәсіл – мәдениетаралық-коммуникативтік тәсіл. Бұл тәсілде тілдерді оқытуда тұлғаның мәдениетаралық қарым-қатынасқа қажетті қасиеттерін дамытуға көңіл бөлінеді. Мұндай тәсіл бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
туған жері, оның ерекшелігі, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы түсінік қалыптастыру. Бұл білім алушының когнитивті тәжірибесін кеңейтуге және құндылық жүйесінің бағдарын, оның ішінде өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілік, ұлттық мәдениетке, тілге құрметпен қарауын қалыптастыру үшін қажет;
өз жерінің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы алынған ақпаратты тарату үшін жағдай жасау;
мәдени-білім кеңістігінде тұлғаның өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ету.
Осы тәсілдердің негізінде үш тілде оқыту келесі қағидаттардан құрылады:
тіл мен мәдениетті бірге оқыту қағидаты, бұл – тілді мәдениет аралық қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік құндылық, мәдени-ұлттық мұраның бейнесі, қоршаған ақиқатты тану құралы ретінде оқыту;
білім беру мазмұнындағы қазақ тілі (мемлекеттік) және орыс тілінің теңгерілімділік қағидаты, біріншіден, нақты аймақтың әлеуметтік лингвистикалық жағдайының ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін білдіреді. Көп жағдайда, Қазақстанның әр аймағындағы тілдердің қолданыс белсенділігі бірдей емес. Өйткені еліміздің оңтүстік аймағында орыс тілінің белсенділігі төмендеу, керісінше, солтүстік аймақтарда қолдану аясы кеңірек;
«білімге екі жақты ену» қағидаты – біріншіден, тіл білім беру үрдерісінде әрі оқыту құралы, әрі оқу пәні ретінде қолданылатынын біліреді:
3.1. тіл оқу бағдарламалары аясында оқу пәні ретінде қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» (1-4-сыныптарда), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-11-сыныптарда); оқыту орыс тілді емес мектептерде «Орыс тілі» (1-4-сыныптарда), «Орыс тілі мен әдебиеті» (5-11-сыныптарда); оқыту тіліне қарамастан барлық мектептерде «Ағылшын тілі» (1-11-сыныптарда) оқытылады;
3.2. тіл оқыту құралы ретінде тілдік пәндердің басқа пәндермен кірігу механизмі болып қолданысқа енеді, сондықтан негізгі мектепте оқыту тіліне қарамастан «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» пәндері қазақ тілінде, «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері орыс тілінде, жоғары сыныптарда «Жаратылыстану», «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндері ағылшын тілінде оқыту жоспарланған.
Мектептердің үш тілде оқытуы бойынша дайындығын анықтау үшін 2018 жылы мониторинг өткізу жоспарлануда. Осыған дайын мектептер 2019 жылдан бастап белгіленген пәндерді ағылшын тілінде беруге құқығы бар.
Сонымен бірге, білім алушылар мен ата-аналар өз қалауларын білдірген жағдайда ғана, ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылады. Мұны қаламаған білім алушылар бұл пәндерді оқыту тілінде оқиды
«Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесі туралы
Қазіргі уақытта «Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесін Қазақстанның 4000 аса мектептері қолданады. Жоба 14 облыс, сонымен қатар Астана және Алматы қалалары аумағында жұмыс істейді.
«Kүнделік» жүйесіне елдегі кез келген қалалық, ауылдық мектептердің тегін қосылуға мүмкіндігі бар, сонымен қатар, осы мектептердің барлық білім алушылары, ата-аналары бағаларын, үй тапсырмасын, сабақ кестесін, мектеп жаңалықтарын және басқа да пайдалы ақпараттарды тегін алу мүмкіндігіне ие болады.
Портал «Күнделік» Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 536 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарымен жұмыс істейді.
«Күнделік» журналын қолдану бойынша бірқатар сұрақтар туындауда, сондықтан Әдістемелік нұсқау хат аясында ең қажетті ақпараттар ұсынылған.
«Kүнделік» журналы тегін болып табылады. Kundelik.kz сайтын қолдануға абоненттік төлем алынбайды. Ата-аналарға әрқашан Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік» бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, бағалары мен үй тапсырмалары туралы білуге тегін мүмкіндік беріледі. Сайтты пайдаланғаны үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды.
Алдыңғы барлық жобалардан ерекшелігі Kundelik.kz жобасы бюджеттен қаржыландырылмайды. Сонымен, Kundelik.kz жүйесін әзірлеу, қолдау және дамытуға Қазақстан салық төлеушілері мен азаматтарының қаражаты жұмсалмайды.
Ешқандай жоба қаржыландырусыз мүмкін болмайды, сондықтан, болашақта ақылы қосымша міндетті емес қызметтер пайда болады деп болжануда. Бұл мысалы, білім беру қосымшалары және контент болуы мүмкін. «Білім алушы рейтингі» осындай міндетті емес қызмет үлгісі болып табылады. Әр ата-ана оған өз қалауымен қосылуға құқылы, ол ата-анаға нақты пән бойынша өз баласының үлгерім деңгейін сыныптың басқа да білім алушыларының үлгерімімен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл опцияның баланың бағасын электронды күнделік түрінде әрқашан тегін кез-келген уақытта қолжетімді түрде көрсетуге еш қатысы жоқ.
Тұтынушы деректерін қорғауға қатысты. Kundelik.kz сайты және тұтынушылардың барлық мәліметтері «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» ММ бекітілген және «Ұлттық ақпараттақ технологиялар» АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйесі операторына тиесілі ақпараттық-есептеу ресурстарында, яғни Қазақстан Республикасы территориясында жабық қорғалған дата орталықта орналастырылады. Тұтынушылар деректері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тікелей қарауында болады. Kundelik.kz жүйесіне кіру ешқандай деректер қолжетімді емес жабық болып табылады.
Kүнделік. kz ішінде әлеуметтік желі бар. Бұл байланыстың заманауи құралы, соның арқасында тұтынушылар жүйе ішінде бір бірімен қарым-қатынас жасай алады. Осы әлеуметтік желіде басқа әлеуметтік желілер сияқты анонимді тұлғалар өз бетімен тіркеле алмайды. Әр тұтынушыны мектеп тіркейді. Сондықтан, Күнделік желісіне балаларға қауіп төндіретін анонимді тұлғалар шыға алмайды, бұндай тұтынушы бірден анықталып, бұғатталады және оған Қазақстан Республикасы Заңнамасы қолданылады.
Сонымен қатар, әр тұтынушы өз профилін өзінің деректері ешкімге көрінбейтіндей күйге келтіруді таңдай алады. Бұл Kundelik.kz-ті жасөспірімдер қарым-қатынасы үшін біршама қауіпсіз білім беру ортасына айналдырады.
Тіркеу барысында ЖИН қолдануға байланысты бірқатар мәселелер туындады. Тұтынушының ЖИН-і тіркеу үшін негізгі алаң болып табылмайды. Ата аналарға тіркелу үшін атын, әкесінің атын, туған күнін және жынысын тегін хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін талап етілмейді. Ата аналардың тіркелуі өз қалауы бойынша іске асады, себебі, үлгерім туралы ақпаратпен қатар, ата-ана мұғалімдер және мектеп әкімшілігінен жеке хабарлама да ала алады. Сөйтіп, ата-аналар мен педагогтер арасында тікелей онлайн қарым-қатынас орнайды. Сонымен қатар, болашақта ата-аналарға арналған, мысалы, Ата-аналар Кеңесі және т.б. ақпараттық бөлімдер пайда болады.
Электронды журналмен қатар қағаз есептілік формасын пайдалануға қатысты.
Мектеп әкімшілігінің мұғалімдерден электронды және қағаз журналды қатар жүргізуін талап етуге сәйкес қандай да бір нормативтік құжаттар жоқ.
Мұғалімдердің қалауымен бір электронды журналды немесе электронды және қағаз журналды қатар жүргізуге рұқсат беріледі.
Түсіндіру жұмысы мақсатында ата-аналар мен білім алушылар тарапынан жиі кездесетін сұрақтар сараланды.
Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады?
Білім алушылар және ата-аналарға тіркелуге арналған логин және құпия сөз алу үшін мектептегі мәліметтерді Жүйеге енгізуге жауапты тұлға, яғни әкімгер болып табылатын қызметкерге өтінішпен баруы қажет. Егер әкімгер туралы ақпарат болмаған жағдайда мәліметтерді алу үшін сынып жетекшісіне өтінішпен барады.
Жүйеге тіркелу бойынша нұсқау тұтынушыларға қолдау көрсету порталында: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/217862948 қолжетімді орналасқан.
Не үшін профилді теңшеуде өз Т.А.Ә өзгертуге болмайды және қажет болғанда оларды қалай өзгертуге болады?
Тұтынушылардың Т.А.Ә, туған күнін, және жынысын редакциялау құқығының болмауы, жоғары тұрған инстанцияға ұсыну үшін «Kundelik.kz» ААЖ көмегімен білім алушы, ата-аналар және қызметкерлер туралы мәліметтерді жинау автоматты түрде іске асуымен шартталған. Білім беру саласындағы электронды құжат айналымының мәні осыда.
Берілген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жеке мәліметтерді редакциялауға тек келесі құқықтары бар мектеп қызметкерлері:
әкімгер;
сынып жетекшісі ғана құқылы.
Бағаларды, үй тапсырмасын және сабақ кестесін қалай көруге болады?
Білім алушы оқу ақпараттарына өту үшін экранның жоғарғы жағындағы навигациялық жолақтан «Білім беру»- «Күнделік» бөлімін таңдауы қажет
Ата-аналар үшін сол навигациялық жолақта «Балалар» бөлімі бар. Берілген сілтемені басқанда ол барлық мәліметтер жиналған бетке түседі.
«Күнделік» сілтемесі бойынша:
күнделікті (ағымдағы аптаның әдепкі қалпы бойынша сабақ, баға және үй тапсырмасы жөніндегі ақпараттар);
статистиканы (осы есеп беру кезеңіндегі оқыған пәндері бойынша сараланған бағалар («5», «4», «3», «2») саны және жақсы бағалар пайызы);
пән бойынша статистиканы (фильтрде таңдалған пәндер және есеп беру кезеңі бойынша барлық бағалар туралы жиынтық ақпарат);
семестр/тоқсан/ триместр бойынша статистиканы (берілген есептік кезеңде оқытылған пәндер бойынша барлық бағалар және қатыспағаны туралы жиынтық ақпарат);
қорытынды статистиканы (қазіргі уақытта қойылған барлық қорытынды бағаларының жиынтық тізімдемесі) көруге болады.
Үй тапсырмасы «Үй тапсырмасы» бөлімінде қолжетімді, ал қоңырау және сабақ кестесін «Сабақ кестесі» бөлімінен табуға болады.
Мұғалімдер тарапынан біршама жиі қойылатын сұрақтар.
Біз «Kundelik.kz» жүйесіне тіркелдік. Әрі қарай не істейміз?
Мектеп профилін қосу жөніндегі негізгі нұсқаулық «Әкімгер басшылығы» болып табылады, ол мектепті әкімгермен қосудың негізгі кезеңі туралы айтады.
Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы мақалада: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/218048528 мектеп профилін қосу сызбасы берілген және ақпаратты енгізу кезеңдері көрсетілген.
Жүйеге мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін қалай жаппай енгізуге болады?
Мектеп профилін толтыру кезінде қызметкер уақытын үнемдеу үшін жүйеде мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін импорттауға болады. Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы мақалада: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/218493437 қажетті үлгідегі тұлға импорты бойынша нұсқаулық бар.
Жүйеде жұмыс істеу үшін қандай браузерді пайдалану қажет? Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет пе?
Жоқ, Жүйеге кіру және жұмыс істеу қарапайым браузермен іске асады. Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы «Ұсынылатын браузерлер» мақаласында: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/218352647 Жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беретін және қолдайтын браузерлер тізбесі бар. Мақала ақпараттары ай сайын жаңартылып отырады.
Kundelik.kz пайдалануға қатысты кез келген сұрақтар, қиындық туындаған жағдайда https://help.kundelik.kz/hc/ru адресіндегі Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласуға болады
Сонымен қатар www.kundelik.kz сайтында көрсетілген компания Call орталық да көмек көрсетеді.
1 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУ. МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДА ЖӘНЕ ТОПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін адамгершілік нормаларын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің негізі.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БҒДМБ) аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты міндеті балаларды мектепке сапалы дайындауға бағытталған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.
Балаларды мектепке сапалы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі басым бағыттары айқындалған:
- білім беру ұйымдарында педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогы кәсібінің беделін көтеру;
- демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;
- балаларды мектепке сапалы дайындауға бағытталған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту.
2017-2018 оқу жылында меншік нысанына қарамастан мектепалды даярлық сыныптарының (топтарының) барлық түрлері мен нысандарында білім беру процесі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – МТОМЖБС), ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі –Үлгілік бағдарлама), ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (1 қосыша) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына арналған әдістемелік нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес ұйымдастырылады.
Үлгілік бағдарламаның мазмұнын игеру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізуді қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізу білім беру ұйымдарында білім беру процесін жетілдіруге ықпал ететін жаңа тәсілдерді талап етеді.
Ұйымдастырылған оқу қызметтері Перспективалық жоспар мен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес іске асырылады.
Нұсқаулықта мектепалды даярлық сыныптарының (топтарының) педагогтеріне білім беру әрекетін жоспарлы және жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін перспективалық ортақ жоспарлау ұсынылған.
Перспективалық жоспар білім беру салалары бойынша ортақ тақырыптар арқылы балалардың күтілетін нәтижелерге жететін көрсеткіштері оқу жылының әрбір айына жасалады:
6-кесте – Перспективалық жоспар білім беру салалары бойынша ортақ тақырыптар арқылы балалардың күтілетін нәтижелерге жететін көрсеткіштері
№
|
Тақырыптардың атаулары
|
Айы
|
1
|
«Балабақша»
|
Қыркүйек
|
2
|
«Менің отбасым»
|
Қазан
|
3
|
«Дені саудың жаны сау»
|
Қараша
|
4
|
«Менің Қазақстаным»
|
Желтоқсан
|
5
|
«Табиғат әлемі»
|
Қаңтар
|
6
|
«Бізді қоршаған әлем»
|
Ақпан
|
7
|
«Салт-дәстүрлер мен фольклор»
|
Наурыз
|
8
|
«Біз еңбекқор баламыз»
|
Сәуір
|
9
|
«Әрқашан күн сөнбесін!»
|
Мамыр
|
Кіріктіру принципіне сәйкес бір саланың білім беру әрекеті барысында басқа білім беру салаларының міндеттерін бір мезгілде шешу қажет. «Денсаулық» білім беру саласының міндеттерін іске асыру кезінде бір мезгілде «Әлеумет», «Таным», «Коммуникация» білім беру салаларына қатысты дағдылары қалыптасады. Білім беру салалары мазмұнын кіріктіру балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың міндеттерін біріктіру әдістерімен жүзеге асырылады. Кіріктіру принципін іске асыру балалардың танымдық белсенділігін дамытудың тұтас жүйесін құруға мүмкіндік береді, оның табиғатына сәйкес қоршаған ортаны тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.
Білім беру процесін құру балалардың жастарына сәйкес жұмыстың түрлері мен әдістеріне негізделуі қажет. Жұмыстың түрлері мен әдістерін таңдауды педагог өздігінен және білім беру ұйымы бағытының ерекшелігіне, оның жабдықталуына (материалдық-техникалық база), мәдени және аймақтық ерекшеліктеріне, педагогикалық процеске қатысушылардың жұмыс тәжірибесі мен педагогтердің шығармашылық әлеуетіне байланысты таңдайды.
Мысалы, «Табиғат әлемі» тақырыбын оқу кезінде педагог ұйымдастырылған оқу қызметі барысында, сондай-ақ басқа білім беру салаларымен кіріктіре отырып, балалардың табиғат, жануарлар мен өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейтеді.
7-кесте – «Табиғат әлемі» тақырыбы
Тақырып: Табиғат әлемі
|
«Денсаулық»
|
«Коммуника-ция»
|
«Таным»
|
«Шығарма-шылық»
|
«Әлеумет»
|
Табиғат жағдайларын-да тұрмыста, көшеде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
табиғат туралы алған білімдерін ойын әрекетінде (түрлі қимылды ойындарды ұйымдастыру және өткізу) бейнелеу.
|
«Жәндіктер. Қосмекенділер», «Аялайық, гүлдерді», «Жануарлар әлемі», «Құстар - біздің досымыз», «Жыл мезгілдері» және т.б. тақырыптық топтар бойынша балалар шығармашылығы арқылы сөздік қорды байыту.
|
Өсімдіктер мен жануарлар
дың тірі табиғат бөлігі екендігін анықтау, байқаған заңдылық-тарды айта білу және қорытынды жасау;
адам өміріне өсімдіктің маңызын түсіндіру.
|
Ішкі жан-дүниесін табиғат туралы өнер құралдары-мен байыту. Көркем және музыкалық әрекет арқылы табиғаттың күрделі емес суретін бейнелеу.
|
Әлеуметтік ортаға бейімделе білуін қалыптастыру, экологиялық мәдениет негіздерін дамытуға ықпал ету; табиғат сұлулығы өте құнды, сондықтан оны қорғау қажет екенін түсіндіру
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг ұйымдастыру және өткізу
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы БҒДМБ негізгі бағыттарының бірі – мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау бойынша индикаторлар жүйесін жетілдіру болып табылады.
«Индикатор» түсінігі МТОМЖБС-да баланың даму деңгейінің көрсеткіші ретінде айқындалған. Баланың даму деңгейлерінің көрсеткіштері Үлгілік бағдарламада жартыжылдықтар бойынша білім беру салаларының күтілетін нәтижелері ретінде қарастырылған.
МТОМЖБС сәйкес балалардың даму деңгейлерін қадағалау бала жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады және 3 деңгейде ұсынылады:
1-ші деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады;
2-ші деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі бір білім қорына ие;
3-ші деңгей – бала өзінің білетінін жасай алады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолданады.
Мектепалды даярлық сыныптарының (топтарының) педагогтеріне «Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу» әдістемелік ұсынымдамасын басшылыққа ала отырып, диагностика жүргізу ұсынылады ( құрал «Мектепке дейінгі балалық шақ» ММ сайтына орналастырылған).
Диагностиканы оқу жылының басында, ортасында және соңында жүргізу ұсынылады (бастапқы бақылау – 1-10 қыркүйек, аралық – 10-20 қаңтар, қорытынды – 20-30 мамыр). Нәтижелері Бақылау парағына толтырылады. Алынған деректер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады.
Бастапқы бақылау ересек топтың қорытынды бақылауы нәтижелері
(ІІ жартыжылдықтың күтілетін нәтижелері) бойынша жүргізіледі. Осы диагностиканың негізінде педагог-психолог және педагог-мамандармен бірлесе отырып, баланың жеке даму деңгейін анықтайды, сондай-ақ, бір жыл бойына балаға педагогикалық қолдау қажет ететін жұмыстың міндеттерін анықтайды.
І жартыжылдық қорытындысы бойынша аралық диагностика (қаңтарда) жүргізіледі. Педагогикалық аралық диагностика жүргізудің мақсаты білім беру стратегиясында балаға қатысты дұрыс таңдалған бағалау және даму динамикасын анықтау болып табылады. Диагностиканың бұл түрінің нәтижесі бойынша педагогтер қажет болған жағдайда педагогикалық процеске түзетулер енгізуі мүмкін.
Қорытынды диагностика ІІ жартыжылдықтың күтілетін нәтижесі негізінде оқу жылының соңында (мамырда) жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру деңгейі бағаланады және баланы дамытудың жаңа міндеттерін ескере отырып, бұдан әрі педагогикалық процестің перспективасын анықтайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мониторингісі оның дамуының түрлі кезеңдерінде өзгерісті белгілеуге, балалардың жеке дамуына сауатты педагогикалық қолдау көрсетуге және балалармен одан әрі түзету жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру барысында балаларда мектепалды даярлық сыныбы (тобы) түлегінің моделін сомдайтын мынадай дағдылар қалыптасады:
1) дене бітімі дамыған;
2) білуге құмар;
3) белсенді;
4) эмоциялық елгезек;
5) үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген;
6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат туралы алғашқы түсініктері бар;
7) мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген.
Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар
МТОМЖБС талаптарын іске асыру үшін әрбір мектепалды даярлық сыныбында (тобында) әр балаға оның жас ерекшелік мүмкіндіктері мен жеке қабілеттерін неғұрлым толықтай ашуға жағдай жасау ұсынылады.
Психологиялық-педагогикалық жағдайларға қойылатын талаптар:
тәрбиелік, дамытушылық және білімдік мақсаттары мен міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуі тиіс;
– білім беру процесі перспективалық жоспарлау негізінде ортақ тақырыптарға сәйкес білім беру салаларын кіріктіру принциптерін ескере отырып құрылады (аталған тәсіл тәрбие мен оқыту жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді және және практика, эксперимент жүргізу үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді, ұғымдық ойлаудың негізгі дағдыларын дамытады);
- ақпараттық ресурстарды қолданады (масс-медиа, интернет және т.б.);
- жобалау міндетті түрде балалардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ұйымдастырылған оқу әрекетіндегі (ҰОӘ) өңірлік компонентті және балалардың бірлескен және дербес әрекеттеріндегі режимдік сәттерін ескере отырып, жүзеге асырады;
- балаларға шамадан тыс жүктеме жүктеуге болмайды, нақты жүктемемен қамтамасыз ету;
- тәрбиеленушілерде түрлі іс-әрекеттерге қатысуға деген ынта қалыптасады;
- Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру және балалармен түзету жұмысын жүргізу бойынша диагностика уақытында жүргізіледі;
- балалар мен олардың ата-аналары үшін білім беру процесінің қолжетімділігі, ашықтылығы мен тартымдылығы қамтамасыз етіледі.
Заттық-кеңістік дамытушы ортаға қойылатын талаптар:
Мектепалды даярлық сыныптары (топтары) өз қызметінде «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын (ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы) басшылыққа алады.
- мазмұны қауіпсіздік, вариативтілік, қол жетімділік, ашықтық және икемділік принциптеріне, гендерлік ерекшеліктерге, баланың қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс;
- мазмұны «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адами құндылықтарға, патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеуге ықпал етуі тиіс;
- оқу жылы бойына өзгермейтін аймақтарды қатаң реттеуден бас тарту қажет;
- қоршаған орта баланың жеке тұлғасын дамытуға, балаға зерттеушілік бағытты игеруге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге ықпал етуі тиіс;
- аймақтардың көркем безендірілуі және дизайны эстетикалық талғамға сәйкес және әдемі болуы тиіс.
Педагогикалық процестің мазмұнына қойылатын талаптар:
Мектепалды даярлық сыныптарында (топтарында) оқу процесі бес күндік жұмыс аптасы бойынша жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық сыныптарының (топтарының) педагог қызметкерлері білім беру процесін ұйымдастыру төмендегі құжаттарды басшылыққа алады:
- перспективалық жоспарлау;
- циклограмма;
- мониторинг (Бақылау парақтары мен Баланың жеке даму картасы).
Педагог перспективалық жоспардың негізінде ортақ тақырыптарға сәйкес бір аптаға циклограмма жасайды.
Педагог перспективалық жоспарды негізге ала отырып (айлық ортақ тақырыптар, апталық тақырыпшалар) циклограмма құрастыру кезінде алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін ҰОӘ бойынша әдебиеттерді, оқу-әдістемелік құралдарды, тақырып бойынша иллюстрацияларды, өлеңдер, жұмбақтар, ойындарды және т.б. таңдайды. Одан әрі ол ҰОӘ ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің құралдарын, әдістерін және тәсілдерін анықтайды.
ҰОӘ мазмұнын педагог құрастырады, ол:
І. Кіріспе бөлім (тақырыпқа ену: балалардың өткен материалдарды қалай игергенін білу үшін жетелеуші сұрақтар, жаңа тақырыпқа біртіндеп көшу);
II. Негізгі бөлім (жаңа материал (ойын түрінде); жаңа материалды бекіту сұрақтары (ойын түрінде);
III. Қорытынды бөлімнен (сабақ бойы не өткенін, есте сақтағанын, не ұнағанын балалармен есіне түсіру, бекіту сұрақтары, жаңа материалды бекіту ойындары) тұрады.
ҰОӘ барысында оқу қызметі, ойын әрекеті, күн тәртібінің сәттері барысында педагог балалардың дамуын бақылап, мәселелерді анықтайды. Бақылау мәліметтері диагностиканы жүргізуге негіз бола алады.
Педагог Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдамаларға сәйкес әрбір баланың даму динамикасы мен болашағын Баланың жеке даму картасында және Бақылау парағында белгілейді.
Мектепалды даярлық сыныптарында (топтарында) жұмыс істейтін педагогтердің қызметін ұйымдастыру
БҒДМБ сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты міндеттерінің бірі педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту мен педагог кәсібінің беделін көтеру болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің құқығы мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (07.04.2017 жылғы өзгерістер мен толықтыруларымен), Білім беру ұйымдарының жарғысымен және басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Педагогикалық қызметке білім деңгейі мен біліктілігін тиісті деңгейдегі мемлекеттік үлгідегі құжаттармен растайтын тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.
Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мақсатында мектепалды даярлық сыныптарында (топтарында) жұмыс істейтін педагогтерге:
- тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даму мақсатына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің технологияларын таңдау;
- тәрбиеленушілерге педагогикалық қолдау көрсету тәсілдерін әзірлеу, кедергілер мен қиыншылықтарды жеңе білуге көмектесу;
- ақпараттық ресурстарды (масс-медиа, интернет және т.б.) қолдану;
- вариативтік бөлімдегі баламалы авторлық бағдарламаларды, МДТОМЖС талаптарын сақтау барысында тәрбиелеудің, оқытудың және сауықтырудың жаңа технологияларын өздігінен таңдау және қолдану;
- өз қызметіне талдау жасау;
- білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, ата-аналары мен қызметкерлерінің қарым-қатынасы ынтымақтастық, өзара сыйластық негізінде және жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушіні еркін дамытуды ұсынуды ескере отырып құру ұсынылады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде мектепалды сыныптарда апталық нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды (мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының бес білім беру саласының мазмұнын іске асыруға бағытталған негізгі оқу жүктемесіне 20 сағат, мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын басқа да іс-әрекет түрлеріне (ойын, өзіндік, шығармашылық, жеке жұмыс және т.б.) 4 сағат көзделген.
Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарда ұзақтығы 25-30 минут болатын сабақтардың саны бестен артық болмауы керек. Бірқалыпты қарқында қимылды ойындар ұйымдастырылатын сабақтардың арасындағы үзілістердің ұзақтығы 10-12 минут болуы тиіс.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар тізбесі
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (27.07.2007ж. № 319-III, 13.01.2015 жылғы өзерістер және толықтыруларымен).
2. «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (11.07.1997 ж. № 151, 30.01.2014 жылғы өзерістер және толықтыруларымен).
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2012 жылғы 28 маусымдағы № 23-V).
4. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2007 жылғы 21 шілдедегі №306).
5. «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2002 жылғы 11 шілдедегі № 343).
6. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы).
7. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы).
8. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 қаулысы).
9. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы (ҚР БҒМ 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығы).
10. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысы).
11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.)
12. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары (07.04.2017 жылғы өзгерістер және толықтыруларымен).
13. Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесі (ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығы).
14. Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығы)
15. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығының 1-қосымшасы)
16. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық. – «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы. - Астана, 2017 ж.
17. Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы . – Астана, 2017 ж.
2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады.
«Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының қоғамдық санада, білім беру және тәрбие жүйесінде бекуін қамтамасыз ету керек.
Осы мақсатта мектеп басшылары мен тәрбие жұмысын ұйымдастырушыларға көмек ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруды әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хат» әзірлеп, оған «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі» тарауын енгізді.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы» тарауы қосылған Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері әзірленіп, бекітілді.
«Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі аясында 2016 жылғы 1 қыркүйек – Білім күні «Мен елімнің патриотымын» атты Бірыңғай сабақ өткізу бойынша барлық аумақтарға әдістемелік құрал жіберілді. 2017 жылғы 1 қыркүйекте өтетін Бірыңғай сабақ бойынша әдістемелік ұсынымдар осы Әдістемелік-нұсқау хатта беріліп отыр.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2017 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының, ҚР Білім және ғылым министрлігі, өңірлік білім басқармалары өкілдері, еліміздің барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан педагогикалық жұртшылықтың қатысуымен білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізгі принциптерін іске асыру бойынша республикалық онлайн-конференция өткізді.
«Мәңгілік Ел» идеясы мектеп мазмұнына академиялық пәндер, зерттеушілік және сабақтан тыс іс-әрекет, қосымша білім, элективті курстар арқылы енеді.
Бастауыш білім деңгейінің 1-4-сынып пәндері бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларының «Оқу процесін ұйымдастыруға педагогикалық тәсілдер» 3-бөлімінде «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде емес мектептер үшін), «Жаратылыстану», «Дүниетану», «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары енгізілген. Бастауыш білім деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Дүниетану» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасында оқыту мақсаттарының ішінде – Қазақстанның ресми емес рәміздерінің маңызын түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы).
Осындай жұмыстар негізгі және жоғары мектеп пәндерінің Үлгілік оқу бағдарламаларында да жалғасады.
Мектептердің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының тағы бір ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бағдарламалық құжаттың «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» 1 бөлімінде тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтеді.
1. Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
2. Прагматизм
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
4. Білімнің салтанат құруы
Мақалада құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігі баса айтылады.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Мемлекет Басшысы ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болғандығын атап өтті.
Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.
Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.
Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады.
Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. Мұндай жағдайда білім алушыларда апат қауіп-қатерінің азаюы мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылау маңызды.
Сонымен қатар, Президент ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де бергеніне назар аударды.
Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.
«Сондықтан, – деп жазады Н.Ә. Назарбаев – әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі».
6. Сананың ашықтығы
Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің іргелі еңбегінің «Таяу жылдардағы міндеттер» тарауында алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынады.
Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажет.
Екінші, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы.
Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім беруге мүмкіндік береді. Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады.
Үшіншіден, Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.
Төртіншіден, Елбасы жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет деп санайды. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.
Бағдарламалық құжат авторы Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды ұсынады.
Бесіншіден, «Мемлекет басшысы ұсынып отырған тағы бір жоба Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.
Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.
Алтыншыдан, Н.Ә. Назарбаев ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту үшін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыруды ұсынды.
Мемлекет Басшысы, қорытындылай келе, екі дәуір түйіскен шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отырғандығына сенім білдіреді.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру, тұлғаны оның рухани мәдениеті, танымдық қызығушылығы, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау және әлеуметтік рөлдердегі практикалық қызмет көзқарас жағынан дамытуға назар аудару қажет.
2017 жылы Қазақстан Республикасы ЭКСПО халықаралық көрмесін қабылдаған барлық кеңестен кейінгі елдер арасында бірінші мемлекет болып отыр. Адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар азамат пен патриотты қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында шын мәнінде ғаламшарлық ауқымдағы оқиғаға арналған іс-шараларды кеңінен өткізу керек.
Тәрбие жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алу керек.
Сынып сағаттарын өткізу кезінде тәрбиенің жаңа технологиялары мен белсенді формаларын өнімді пайдалану ұсынылады. Ресурс ретінде отандық әдебиеттерді, кинематографты, публицистиканы, поэзияны, өзінің өмірлік жағдаяты туралы шығармаларды қолдану ұсынылады.
Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, тәрбиешілер мен ата-аналарға көмек ретінде білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне әдіснамалық қолдау көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, Академияның сайтында орналастырылды (www.nao.kz).
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының
жалпы орта білім беру ұйымдарында «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағын өткізуге
әдістемелік ұсынымдама
Мазмұны
1. Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі.
2. Сабақтың мақсаты және кешенді міндеттері.
3. Сабақтың ресурстық картасы.
4. Сабақ өткізу бойынша ұсынымдамалар:
- 1-ші концентрі: 1-4-сыныптар,
- 2-ші концентрі: 5-7-сыныптар,
- 3-ші концентрі: 8-9-сыныптар концентрі.
5. Қосымша.
5.1. Сабақта жұмыс істеу үшін инновациялық тәсілдердің «қоржыны»
5.2. Глоссарий.
1. Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі.
«Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша білім сабағының тұжырымдамалық идеясы қоғам мүддесінде азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі идеясы болып табылады.
Таңдау негіздемесі.
- МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ жеті берік негізі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмді түсінуге арналған мемлекет орнатудың белгілері:
1) Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік;
2) бейбітшілік пен келісім;
3) Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият;
4) Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім;
5) Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы;
6) тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
7) Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
- Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» мақаласында «Туған жерден» ауқымдырақ «Туған елге» көшетін ұлттық сана-сезімнің жаңарту бағдарламасын ұсынды.
«Туған жер» бағдарламасы:
- біріншіден, туған өлкенің тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени объектілерді қалпына келтіруге;
- екіншіден, елдің басқа өңірлеріне қоныстанған бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері және жастардың жәрдемдесуімен кіші отанын қолдауға (аймақты жасылдандыру, мектептерді компьютерлендіруге көмек көрсету, жергілікті мұражайлар мен галереялардың көркемөнер қорларын қолдау және т. б.);
үшіншіден, демеушілік көмекті қоса алғанда кіші отанына көмектесетін түрлі қолдау және әлеуметтік құрмет нысандарын іздеуге;
төртіншіден, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы арқылы халықтың жалпыұлттық киелілік санасын нығайтуға, киелі жерлердің мәдени және рухани мұрасы «бірыңғай өріс, бір тізбек» құрылған кезде;
бесіншіден, «отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілінде: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб, француз тілдерінде естілсін деп «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға бағытталған. «... Бұл үлкен аудармашылық жұмыс және біздің мәдени жетістіктерімізді жетілдірудің арнайы әдістері - кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер, музыкалық шығармалар, ғылыми жаңалықтар және т. б.»;
алтыншыдан, «Қазақстанның 100 жаңа адамы» жобасын іске асыру арқылы қоғамның назары біздің замандастарымыздың тарихына бағытталатын болады - «бұл осы қарқынды жылдары табысқа қол жеткізген түрлі аймақтардағы, әртүрлі жастағы және түрлі ұлттағы 100 нақты адамның тарихы болып табылады.
2. Сабақтың мақсаты және кешендік міндеттері.
Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
Кешенді міндеттері:
- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;
- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;
- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;
- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;
- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;
– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.
8-кесте – Сабақтың ресурстық картасы.
Ресімдеу
|
Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар
|
Қазақстан Республикасының картасы (физикалық, саяси)
Қазақстан экономикасының әртүрлі саласына үлес қосқан атақты адамдардың суреттері және т.б.
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
Мемлекеттік Әнұранның, «Атамекен», «Менің Қазақстаным» әндерінің аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі, «Astana EXPO – 2017 5 ғимараты» бейне
|
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Интерактивті тақта
Бейнепроектор
Компьютер
|
Үлестірмелі материалдар
|
Патриотизм, Отан туралы өлеңдер мен нақыл сөздер, тіл туралы, еңбек туралы мақал-мәтелдер және т.б.
|
Эпиграфтар
|
«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»
Н.Ә. Назарбаев
|
«Патриот болу нені білдіреді?
Сүю –иә, бірақ тек өз жерін ғана емес, бірақ оған міндетті түрде нақты бір нәрсе істеу".
Ш. Уәлиханов
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
«Мен – Қазақстанның патриотымын».
«Қазақстан әлемдік қоғамдастық жолында»
«Қазақстанның болашағы - менің болашағым»,
«Материалдық мәдениет - ұлттың қазынасы» және т.б.
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 2017 жылғы 12 сәуір. http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy
2. 2016 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі.
3. http://www.metod-kopilka.ru/klassnyy_chas_po_kazahstanskomu_patriotizmu_quotya_-_patriot_rkquot-22113.htm
4. http://collegy.ucoz.ru/publ/65-1-0-15615
5. http://collegy.ucoz.ru/publ/41-1-0-22272
6. Мыңбаев А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или КАК ИНТЕРЕСНО ПРЕПОДАВАТЬ. – Алматы, 2007.
7. Карты ума – правила составления http://rumapping.ru/mind-maps/creation/mindmaps-pravila
8. Двуличанская Н.Н. Интерактивные методы обучения как средство формирования ключевых компетенций // Наука и образование: электронное научно-техническое издание. – 2011.
9.http://flatik.ru/patrioticheskoe-vospitanie-shkolenikov-celi-i-zadachi
10.http://festival.1september.ru/articles/565945/
|
4. Сабақ өткізу бойынша ұсынымдамалар
Білім сабағын ұйымдастыру кезінде:
● білім алушылардың жас ерекшеліктерін;
● пәнаралық байланысты және білім алушылардың әдебиет, тарих, география және т.б. сабақтарда алған білімдерін;
● жеке педагогикалық іс-тәжірибені;
● патриоттық тәрбиенің бағыттарын ескеру керек.
Білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие жүйесіндегі негізгі бағыттар:
Рухани-адамгершілік. Білім алушылардың патриоттық тәрбие процесінде жоғары құндылықтарды, әлеуметтік маңызды процестердің және нақты өмір құбылыстарының идеалдары мен бағдарларын, оларды анықтайтын принциптер ретінде басшылыққа алу қабілетін, тәжірибелік қызмет ұстанымдарын ұғынуы. Мәдениет пен білімділікті арттыру; Отанға лайықты қызмет көрсетуге дайын екендіктерін көрсететін идеяны түсіну; жоғары адамгершілік мінез-құлық нормаларын, жауапкершілік және ұжымшылдық, маңызды рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи құндылықтарды дарыту.
Тарихи-өлкетану. Білім алушыларды оқыту мен патриоттық тәрбие процесінде өткенге қатысты сезімтал тәжірибенің деңгейінде тарихи-мәдени негіздерді тануы; Отанның қайталанбайтындығын, оның тағдырын, тұтастықты, ата-бабалардың және замандастарының істеріне қатысты мақтанышты, сондай-ақ қоғамда және мемлекетте болып жатқан тарихи жауапкершілікті ұғыну.
Азаматтық-патриоттық. Білім алушы тұлғасында қоғамдық өмірдің толыққанды қатысушысы болуға мүмкіндік беретін қасиеттерді қалыптастыру. Құқықтық мәдениетке және заңды орындауға, жоғары адамгершілік пен жалпы мәдениетке, мемлекет пен қоғамдағы саяси және құқықтық оқиғалар мен процестерді бағалау дағдыларына, азаматтық ұстанымға, өз халқына саналы, жанқиярлық, ерікті қызмет көрсетуге үнемі дайын болуға және өзінің конституциялық міндетін орындауға тәрбиелеу.
Әлеуметтік-патриоттық. Ұрпақаралық рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи сабақтастықты жандандыру, өмірлік белсенді ұстанымды, аяушылық сезімдерін және егде жастағы адамдарға қатысты қамқорлықты қалыптастыру.
Әскери-патриоттық. Жастардың бойында жоғары патриоттық сана, Отанға қызмет идеясын, оның қарулы қорғаныс қабілетін; отандық армияның әскери дәстүрлерін, әскери қызметті, әскери киімді құрметтеуді қалыптастыруға тәрбиелеу процесін бағдарлау.
Ерлік-патриоттық. Ерлік кәсіптерді, отан тарихындағы көрнекті қайраткерлер және кең танылған батырлық күндерді насихаттауға тәрбиелеу процесін бағдарлау.
Спорттық-патриоттық. Тәрбиелеу процесінде жұмысқа қабілетті адамды қалыптастыру; білім алушының тұлғалық моральдық-жігерлік қасиеттерін дамыту (күш, ептілік, төзімділік, бәсекеге қабілеттілік және т.б.); дене шынықтыру сабағында және спортпен айналысу арқылы Отанға қызмет ету және отанды қорғауға дайындық тәжірибесін қалыптастыру. Осы бағыт бойынша тәрбие жұмысының жүйесі - аурулардың алдын алу құралдарының бірі, денсаулықты нығайту және жағымсыз және зиянды әдеттерді болдырмау.
Бірінші сабақтан бастап, ПАТРИОТ - өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам екенін атап өту маңызды.
ПАТРИОТИЗМ ген арқылы қаланбайды, бұл - жеке тұлға, азамат, патриот ретінде өзін-өзі білдіру, мемлекет өміріне белсене қатысу арқылы барлық қоршаған ортамен қалыптасатын әлеуметтік сапа.
Мұғалімге сабаққа дайындық кезінде патриотизмге үш негізгі құрылымды қамтитын тұлғалық қасиеттер жүйесі ретінде назар аудару қажет:
1. Сезімдерді қамтитын сезімдік-эмоционалдық қасиеттер:
- кіші отанына деген сүйіспеншілік;
- өз халқының мүмкіндіктері мен күштеріне сену;
- өз ұлтына тиесілі болғанына мақтаныш;
- Отанның тарихтағы рөлі мен ұлылығын түсіну;
- ұлттық мәдениетке деген махаббат;
- Отанын қорғауға дайын болу;
- мемлекет пен халықтың мәселелеріне қатыстылық;
-этностың, әлеуметтік топ ішінде жеке тұлғалардың өзара жақын болуы және т.б.
2. Тұлғалық құндылықтар жүйесінің көрсеткіштерін қамтитын рухани-құндылықтық қасиеттері:
- Отан игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету;
- Отан мүддесін жекеден жоғары қою қабілеті;
- ұлттың рухани-адамгершілік мұрасын өте құрметтеу;
- құндылық бағытында мемлекеттік деңгейдегі құндылықтардың басым болуы;
- ұлттық-конфессиялық рухани құндылықтар, адалдық.
3. Тұлғаның патриоттық санасын көрсететін, практикалық қызметін қамтитын практикалық-қызметтік:
- өз өміріне қауіппен Отан мүддесін қорғауға шынымен дайындығы;
- сайлау, сауалнамалар, референдум кезінде патриоттық ұстанымын нақты білдіру;
- қоғамның, әлеуметтік топ, жеке тұлғаның құндылық бағдары жүйесінде мемлекеттік деңгейдегі құндылықтардың басым болуы;
- практикалық іс-әрекеттердің декларацияланған құндылықтары мен сезімдеріне сәйкес келуі;
- белгілі бір этникалық топпен және ішкі ұлттық бірлігін жоғары дәрежесімен өзін-өзі сәйкестендіру;
- ұлттық-мемлекеттік мүдделерін ұғынуы және оларға қоғамда бұқаралық әлеуметтік іс-әрекеттер сәйкестігі.
Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасына сәйкес рәміздерге - Елтаңба, Туға ресімдеуге қойылатын талаптар орындалады.
Сабақ практикаға бағытталған құрылымға сәйкес болуы тиіс: білу – түсіну – қолдану. Инновациялық технологиялар, әдістер, интерактивті тәсілдерді пайдалану ұсынылады: «Идеялар себеті», «Блумның алты сатысы» «Ыстық орындық» әдісі, «Кластер», «Синквейн жазу», «Ақыл картасы», «Түрлендірілген дебаттар», «Жобалау пікірталасы».
Рефлексия әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет:
Мен ...............................................таныстым.
Маған ................................................оңай болған жоқ.
Мен .........................................................қол жеткіздім.
Мен ...........................................................істей алдым.
..................................................болса жақсы болар еді.
Менің .......................................................есімде қалды.
Мен ...........................................................істеп көремін.
4.1 1-4-сыныптар концентрі
Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».
Сабақ арқауы: МЕН –КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН.
I-блок. Уәждемелік
Білім алушылар өз бетінше синквейн құрайды, шамамен мынадай мазмұндағы:
Патриот
Аса өнегелі, жауапты
Еңбектенеді, жасайды, күреседі,
Өз Отанын сүйеді,
Азамат.
ІІ-блок. Практикаға бағдарланған
Осы сыныптар концентрі білім алушылары үшін белсенді әуестік, эмоционалды әсершілдік тән, осыдан Білім сабағын өткізудің келесі түрлері арқылы патриотизм құндылықтарын бағдарлану ұсынылады:
ᴥ Өзінің туған қаласы, ауылына арналған «Менің қалам (менің ауылым) кеше-бүгін-болашақта» атты суреттердің көрме конкурсы, қорғалынуы керек;
ᴥҰжымдық шығармашылық іс: «Менің қаламның, ауылымның тарихын жазамыз» ( «Қала, ауыл тарихы» (таныс оқиғалар, қызықты адамдар, мақтануға тұрарлық «кіші Отан» патриоттары ұжымдық КІТАБын шығару) және басқа да ұжымдық шығармашылық істер;
ᴥ «Менің жерлестерім және олардың біздің қала, ауыл үшін еңбектері», «Қала, ауылды түрлендіруге менің отбасымның үлесі» (әркім өз суреттерін қорғайды) фото-көрмесі
ᴥ «Мен - қала құрлысшысымын» рөлдік ойыны («Лего» конструкторынан қала, ауылдың жаңа бөлігінің макетін жасау) және т.б.
ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.
Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:
- патриотизмге өз анықтамасын бере;
- тарихи оқиғаларды атау және патриотизмге байланысты кіші Отанының тарихымен байланысты тұлғалармен мысалдар келтіре;
- патриотизм мен оның көріністеріне өз ұстанымын ұстана алады.
Зерттеу әдістері: «Ойлану». «Басқа адамнан сұрау». «Қадағалау (Фото, сурет)», «Ақпаратты кітаптардан, газет-журналдардан алу», ата-аналармен бірлесіп бейнефильмдер түсіру.
4.2 5-7-сыныптар концентрі
Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».
Сабақтың арқауы: МЕН – МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН.
I-блок. Мотивациялық
«Ассоцация» тәсілі
Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:
Патриот – бұл...........
Болжамды жауаптар:
1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.
6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.
7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.
8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.
9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.
10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.
11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.
12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.
13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.
14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.
II-блок. Практикаға бағдарланған
Осы жас аралығындағы білім алушылардың бойында мінез-құлық қалыптасады, қарым-қатынас, диалог арқылы практикалық іске деген мотивация пайда болады.
Осы сыныптар концентрі үшін мынадай сабақ түрлері ұсынылады:
ᴥ «Жібек жолы» іскерлік ойыны: сауда керуені жолымен білім алушылар қалаларға біздің ұлттық бірегейліктің базасын құрайтын ежелгі ескерткіштер орналасқан қалаларға аялдама жасайды. Шағын топтарда жұмыс істей отырып осы ескерткіштер туралы постер дайындайды және қорғайды. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және ежелгі Отырар қаласы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енгізілген Тамғалы археологиялық кешені айналасындағы ескерткіштерді сипаттау ұсынылады;
ᴥ «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Қазақ халқының жарқын тарихы бар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, олардың арасында ежелгі шеберлердің бұйымдары да болуы мүмкін, мысалы, «Қарғалылық олжа», қазіргі заманғы белгілі шеберлердің жұмыстары. Білім алушылар бұйымдардың шығу тарихын, оларды шеберлер қалай жасағанын айтады. Мүмкіндігіне қарай шеберлік сыныптарын көрсетеді, мысалы, қыш заттары қалай дайындалатындығы туралы;
ᴥ «Мұражай алаңы». Қазақстан мұражай залдарында тарихи реконструкциялау элементтері бар театрландырылған экскурсия ұсынылады Мұражай экспонаттарымен таныстыратын білім алушы-экскурссия жетекшісін даярлауды қарастыру; сабаққа музыкалық шығармалар, суреттер, слайд-шоу, мультимедиялық презентациялар енгізіп экспозиция ресімдеу. Білім алушылардың тақырыпты және экскурссия материалдарын толық «тереңірек меңгеруі» үшін театрландырылған сценарий және әртүрлі есте қалатын костюмдердегі білім алушы топтарын дайындау.
ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.
Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:
- «патриотизм» ұғымымен тығыз байланысты ассоциативті қатар құруды;
- сәндік-қолданбалы өнер заттарын сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын тарихи оқиғаларды қайта жаңартуды;
- мұражай сайты материалдарын пайдалануды орындай алады.
Зерттеу әдістері: «Тарихи қайта қалпына келтіру», материалды «тереңірек меңгеру», сайттар, мұражай әдебиеті материалдарын зерделеу.
4. 3. 8-9-сыныптар концентрі
Сабақтың тақырыбы: «Мен-патриотпын».
Сабақтың арқауы: «МЕН – ПАТРИОТ – АЗАМАТ
I-блок. Уәждемелік
Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау және 9-кестені толтыру ұсынылады:
9-кесте – Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау
Патриотқа тән қасиет
|
Патриот емес адамның қасиеті
|
Маған тән қасиеттер (алдыңғы бағандардан)
|
Болжамды жауаптар:
• жауапкершілік;
• әділеттілік;
• төзімділік;
• адалдық;
• батылдылық;
• шыдамдылық;
• ризашылдық;
• зейінділік.
|
Болжамды жауаптар:
• өзі өмір сүріп жатқан қоғамды құрметтемеу;
• жауапсыздық;
• отбасы алдындағы борыштың болмауы;
• берекесіздік;
• бағдарсыздық (өз елі туралы дұрыс пікірде болмау және оны жақсарту үшін ештеңе жасамайды);
• арамтамақтық, жұмыс істегісі келмеу;
• Отанға деген сүйіспеншіліктің болмауы.
|
|
Кестені толтырып болғаннан кейін білім алушыларға «Сіз қандай қасиетті ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап беру ұсынылады.
II-блок. Практикаға бағдарланған
Жастық кезең белсенді өмірлік ұстанымның, өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығы түсінудің қалыптасуымен байланысты. Осы жас категориясы үшін болашақ кәсібін таңдау және оның еліміздің бүгінгі өмірімен байланысы маңызды болып табылады.
Аталған сыныптар концентрі үшін мынадай сабақ түрлері ұсынылады:
ᴥ «Жастардың азаматтық бастамаларға құқығы бар» пікірталасы.
ᴥ «Белсенді азаматтық ұстаным керек пе?» подиум-пікірсайысы. Пікірсайыс үшін білім алушылар азаматтық қоғамдастықтар бойынша бірігеді. Мынадай қоғамдастықтар ұсынылады: «Таза қала» экологиялық қозғалысы, жануарларды қорғау жөніндегі бастамашыл топ, «АРГО» азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы, Оff-line қоғамдастығы, «Азаматтық құқық» қоғамдастығы. Әрбір қоғамдастық өз спикерлерін ұсынады.
ᴥ Ұсынылған мысалдар азаматтық мінез-құлықтың көрсеткіші болып табылатындығы туралы қысқаша пікірсайыс:
1) егер ол азамат болса, ол туған өлкесінің табиғаты құрып бара жатқанына немқұрайлы қарай алмайды, ол экологиялық отрядта жұмыс істейді және ағаштар егеді. Ол өз ауласын тәртіпте ұстауға көмектеседі және ешқашан қағазды жерге тастамайды. Кешке саябақта ол орындыққа аяғымен шығып отырмайды және кетерде оны сындырып кетпейді.
2) азамат елінің өткен тарихын сақтайды, көне ескерткіштерді қалпына келтіруге қатысады;
3) азамат адамдар ешқашан тең болмағанын, сондықтан бай адамдарды қызғанудың дұрыс еместігін түсінеді. Ол табандылық, мақсаткерлік, жұмыс қабілеттілігі және кәсібилік көрсету арқылы материалдық әл-ауқатқа және тәуелсіздікке жете алады;
ᴥ Келесі әрекеттерді азаматтық әрекеттер деп айтуға болатындығы туралы қысқаша пікірталас:
1) білім алушылар тоғайларды тазалау бойынша сенбілік өткізді және тұрғындарға өз қаласының жасыл желектерін аялап ұстуға үндеу дайындады;
2) жастар ғибадатхананы қалпына келтіруге қатысады;
3) білім алушылар соғыс ардагерлеріне арналған госпиталдерді қамқорлыққа алады;
ᴥ Жобалық пікірталас. Елестетіп көріңізші, сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз:
1) Көршілерде өрт болды...
2) Науқасқа шұғыл қан тапсыру қажет болды...
3) Бөтен адам үшін дәрі-дәрмекке барып келу қажеттігі туындады...
ᴥ Отанға қызмет жасауда менің болашақ мамандығым. Шағын топтарда кластермен жұмыс істеу және оны қорғау.
ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.
Сабақтың нәтижесінде білім алушылар:
- құндылықтарды декларациялау (мысалы, «Патриот болу - бұл азаматтық ұстанымының болуы»);
- құндылықты оған қол сұғушылықтан қорғауды;
- іс-әрекеттерді білдіретін құндылық қарым-қатынасты (мысалы, көмекке келу немесе адамға көмектесуді сұрау);
- құндылықтарға деген нақты көзқарасты іс жүзінде іске асыруды ұйымдастыруды (мысалы, ұсыныс: «Іс-шаралар өткізетін жер болуы үшін мектеп айналасын тәртіпке келтіру») меңгереді.
Зерттеу әдістері: жобаны, кластерді қорғау мен дайындау әдісі.
5. Қосымша
5.1 Сабақта жұмыс істеу үшін «Қоржын» инновациялық әдісін қолдану
«Идеялар қоржыны» – «қызығушылықтар өрісін» анықтайтын әдіс.
«Идеялар қоржынымен» жұмыс жасау алгоритмі:
Сабақтың тақырыбы жарияланады.
Жеке жұмыс. Әр білім алушы тақырып бойынша өзінің білгенін дәптеріне қысқаша жазады. Бұл кезең – 2-3 минутқа созылады.
Топпен немесе жұппен жұмыс жасау. Қатысушылар қай жерде ойларының сәйкес келгенін және сәйкес келмегенін түсіндіре отырып ақпарат алмасады. Жүргізілу уақыты — 3 минут.
Сыныппен жұмыс. Бұл кезеңде әрбір топ тақырып бойынша өз білімдерін көрсетіп, пікірлерін білдіреді, берілген сұрақтар бойынша идеяларын айтады. Оның үстіне жауаптар қайталанбауы тиіс. Барлық айтылғандарды мұғалім тақтаға қысқаша жазып тұрады.
«Қоржынға» тақырыпқа қатысты: идеялар, есімдер, күндер, фактілер, жорамалдар, терминдер және тағы басқалары салынады.
«Блумның алты қадамы» әдісі. Әрбір қадамға сұрақтар беріледі:
1. Неге? - Why?
2. Түсіндір - Explain
3. Ата - Tell
4. Ұсын - Offer
5. Ойлан тап - Invent
6. Бөліс – Share
«Ыстық орындық» әдісі. Берілген әдіс проблемаларды талдау дағдыларын дамытуға, өз ұстанымын негіздеуге көмектеседі. Жүргізілу реті: бір білім алушы барлық білім алушылардың алдында орындықта отырады, қалғандары жарты шеңбер құрып отырады. Жүргізілу алгоритмі: Бір оқушы алға шығып, өз ойын айтып, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Өзіндік көзқарасы бар білім алушыларға немесе сұраққа қосымша қосатын ойы бар оқушыларға шығып жауап беруіне болады. Білім алушылар белгілі бір адамның рөліне кіріп ойнай алады.
Кластер — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік болып саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа графикалық түрде біріктіру. Ол оқу материалдарын жүйелеп, қорытуға ықпал ететін бейнені білдіреді.
«Синквейн жазу» әдісі. «Синквейн» француз тілінен аударғанда белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең дегенді білдіреді. Синквейн жазылу тәртібі:
Бірінші жолға бір сөзден тұратын - зат есім. Бұл синквейннің тақырыбы.
Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын – екі сын есім.
Үшінші жолға синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік.
Төртінші жолға білім алушы тақырыпқа қатысты білдіретін бірнеше сөздерден құралған сөйлем. Ол қанатты сөздер, дәйексөз немесе білім алушы тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін.
Соңғы жол – бұл түйіндеме-сөз, тақырыпқа жаңа интерпретация беріп және оған өзінің жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше синквейннің тақырыбы эмоционалды болуы тиіс.
«Ақыл картасы» әдісі. Ақыл картасымен жұмыс істеу технологиясын Тони Бьюзен қатысушылардың визуалды ойлау қабілетін дамыту үшін құрастырған.
Ережелер орындалуы керек. Қағаз көлденең жатуы тиіс. Ең негізгі элементі ең ортасында орналасады. Осы карта туралы адамның аты, кітаптың атауы, жоспардың атауы. Орталық міндетті түрде түрлі-түсті болуы тиіс, кем дегенде үш түсті! Ал қалғандары осы орталықтың айналасында орналасады. Карта – бұл ағаш. Тұтастық – ол дөңгелек. Дөңгелек – тұтастықтың белгісі.
Барлық тақырыпшалар міндетті түрде бір-бірімен байланысты болуы керек. Әйтпесе ол карта емес, тағы мәтін болып кетеді. Әсіресе центрдегі тақырыпты басқа тақырыпшалармен байланыстыратын сызықтар маңызды. Бұл сызықтар әрқайсысының өзіндік түсі, формасы болады және бұл сызықтарда сөздер (тек сөйлем емес) жазылуы мүмкін. Мысалы, тақырыпшаларды гүл түрінде құрастыруға болады. Жасыл түсте – аса маңызды емес шаруалар, көк түсте - міндетті шаруалар, қызыл түсте – шұғыл шаруалар. Суреттер ақыл картасындағы ең маңызды элеметтер, осының арқасында картаны оқу және түсіну біршама жылдам болады.
Әрбір маңызды желі немесе тораптан келесі топиктардың желі сызықтары тарайды (бұл, мысалы, шеңбер, немесе сопақша, немесе ромб).
Өзгертілген Дебаттар.
Бұл Дебат нысанының белгілі бір элементтерін пайдалану немесе ережелеріне біраз өзгерістер енгізілген Дебат түрі.
- сөйлеу регламентінің қысқаруы,
- командадағы ойыншылар санының көбеюі,
- аудиториядан сұрақ қою мүмкіндігі бар,
- тайм-аут кезінде аудиториямен сөйлесуге мүмкіндік болуы,
- ойынның соңында ымырашыл, дұрыс шешім қабылдайтын топтың құрылуы,
- ойынның жүргізушісі мұғалім болады.
Жобалық дискуссия. Бұл белгілі бір тақырыпта жоба дайындау және қорғау әдісіне негізделген. Топтық талқылаудың тиімділігін асыру үшін қажет әдістерді дискуссия жасау арқылы білуіміз керек:
1. Ойды дәлелдеуге және рәсімдеуге арналған нақтылайтын сұрақтар («Сіз мұнымен нені айтқыңыз келіп тұр...?», «Сіз мұның дұрыс екенін қалай дәлелдейсіз?»).
2. Парафраз – айтылғандарды түсініп, нақтылау және қайта ойластыруға ынтылындыру үшін кейбір сөздерді қайталау («Сіз былай деп айттыңыз...сонда?», «Мен сізді былай түсіндім...?»)
3. Түсініспеушілік таныту – қатысушылардың пікірлерді нақтылап түсінуге, қайталауға итермелеу («Мен сізді түсінбедім, сіз не дегіңіз келіп тұр, өтінемін, түсіндіріңізші...?»).
4. «Күмәндану» – әлсіз және мұқият ойластырылмай айтылған ойларды сиретеді («Солай ма еді?», «Сіз осы айтқаныңызға сенімдісіз бе?»).
5. «Альтернатива» – жүргізуші қарама-қарсы жағдайға назар аударып басқа көзқарасты ұсынады.
6. «Сандыраққа жеткізу» – жүргізуші айтылған бекітумен келіседі де, бірақ содан кейін одан сандырақ қорытындылар шығарады.
«Тарихи қайта қалпына келтіру» - қазіргі немесе ежелгі тарихи дәуірді жаңадан жасау және ғылыми талдау мен зерттеу мақсатында археологиялық, суретті, жазбаша көздерді пайдалана отырып аймақты жаңадан жасау арқылы материалдық және рухани мәдениет объектілерін терең зерттеу үшін арналған рөлдік ойындар әдісі. Келесі ережелерді орындау керек. Біріншіден, экспозицияларда тұрмыс-тіршілік қана емес, сонымен қатар әртүрлі заттардың қызметтерін, сондай-ақ халық мәдениетін сипаттайтын үдерістер мен құбылыстарды көрсетуге тырысамыз. Екіншіден, мәдени ландшафтты модельдеу, үй жануарларын асырау, мұражайлық экспозицияларды «тірілту» мақсатында дәстүрлі қолөнердің қайта тууы және ұлттық қолданбалы өнер маңызды және перспективалық міндет болып табылады.
5.2 Глоссарий
Мемлекеттік рәміздер (ұлттық) (греч. sym-bolon - белгі) – конституциямен немесе арнайы заңмен бекітілген белгілі бір мемлекеттің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын, белгілі бір идеологиялық мағынаны білдіретін белгілер. Ең негізгі рәміздерге мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік түстер, мемлекет басшысының байрағы, мемлекеттік мөр, мемлекеттік ұраны жатады.
Негізгі ұлттық құндылықтар - бұл белгілі бір ұлтқа тән халық ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін адами қадір-қасиет, әлеуметтік- тарихи, мәдени отбасылық дәстүрлер жүйесі.
Өркениеттік (әлеуметтік-мәдени, мәдени-генетикалық) код – белгілі бір өркениетке тән тұрақты мәдени-генетикалық белгілердің жиынтығы.
Азамат - белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.
Азаматтық патриотизм – Отанға деген мемлекеттік ауқымындағы сүйіспеншілік, ұлттық және құқықтық сана-сезім, азаматтық мораль: өз отбасымен, үйімен, өз халқымен, ауласымен, спорт клубымен, қаласымен, аймағымен, елімен мақтануы.
Азаматтық қоғам - өзін барлық деңгейде - жергілікті ұйымдардан жалпы халықтық (мемлекеттік) деңгейге дейін қалыптастыра алатын, өзінің сұраныстары мен қызығушылықтарын таңдаулы демократиялық билік органдары, өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары арқылы ашық көрсете алатын қоғам. Тәрбие білім берудің басты мақсаты болып табылатын, азаматтық қоғам онда жауапты азаматтың міндетті түрде болуын болжайды.
Жаңа қазақстандық патриотизм «Қазақстан-2050» стратегиясындағы қазақстандық даму үлгісі негізінде көпұлтты қоғамның, идеологиялық, мәдени және рухани шоғырландыру идеологиясы мен стратегиясы болып табылады.
Патриотизм өзінің жеке мүдделерінен мемлекеттің мүдделерін жоғары қоятын, оған адал қызмет ететін, өз мемлекетінің жоғары дәрежелі бірегей азаматы.
Ұлттық таным – өзінің ұлттық қызығушылықтарын қоғамның танып білуі. Ұлтты, өмір сүретін территориясын, экономикалық ресурстарын, рухани құндылықтарын қорғау.
Меритокра́тия ( «лайықтылар билігі», от лат. meritus — лайықты және басқа. -греч. κράτος — билік, басқару) — әлеуметтік шығу тегі мен қаржылық жағдайына қарамастан, билік басында қабілетті адамдар отыруы тиіс деген ұстанымдағы басқару түрі. Көбінесе екі түрлі мағынада қолданылады. Терминнің бірінші мағынасы аристократия мен демократияға қарама-қайшы келетін, басшылар арнайы әзірленген таланттар ішінен алынатын жүйеге сәйкес келеді. Екіншісі, неғұрлым кең таралған - дарынды және еңбекқор адамдарға болашақта бәсекеге қабілетті, қоғамда жоғары лауазымға ие болуға мүмкіндік беру үшін бастапқы шарттарды қоя білу.
Меритократикалық қоғам — бұл істеген еңбегі үшін марапатталатын қоғам. Демек, адал еңбегі, әскери немесе азаматтық ерлігі, қайырымдылығы үшін.
Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлт.
Лейтмотив – жетекші мотив (адам әрекетіндегі, оқиғалар тізбегіндегі үстем бастама деген кеңірек мағынаға ие).
3 2012 ЖЫЛҒЫ МЖМБС ЖӘНЕ 2013 ЖЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚИТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2017-2018 оқу жылы 1-ші және 2-ші сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын болады.
3, 4-сыныптардың білім алушылары 2012 жылғы МЖМБС бойынша оқуды жалғастырады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті – оқу, шығармашылық, көркемдік, еңбек, спорттық іс-әрекеттерде дербестікті қалыптастыру, алдына қойған мақсаты бар, еңбексүйгіш, салауатты өмір сүруге ұмтылатын, өз жұмысын жоспарлай алатын және өздігінен білім ала алатын, негізгі мектепте оқуға (білім алуға) дайын оқушыны тәрбиелеу.
4-сыныптың білім алушыларын оқытуда білім беру процесіне оқытудың белсенді түрлерін (дәлелдерді құру, жалпы сыныптық, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, диалог әдісі, бір сабақ аясында әртүрлі тапсырмаларды қолдану) енгізуге ерекше назар аудару қажет. Әсіресе оқу, жазу, математика және жаратылыстану бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет, өйткені 4-сынып оқушылары бастауыш сыныпты аяқтаған соң, 5-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын болады.
Білім алушының сабақтағы іс-әрекеті мұғалімнің іс-әрекетінен басым болуын қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл міндетті шешуде оқуға ынтасы жоғары және оқуда қиындықтары бар балалар үшін сабаққа арналған тапсырмаларды дайындауда оқытудың қосымша ресурстарын тарту, оқыту түрлерінің көптүрлілігі, бақылау және өзіндік бақылау жұмыстарының түрлері көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану әр оқушының жұмыс істеуіне және сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бастауыш білім берудің мазмұны жеті білім саласын құрайды:
- «Тіл және әдебиет»;
- «Математика»;
- «Жаратылыстану»;
- «Адам және қоғам»;
- «Өнер»;
- «Технология»;
- «Дене шынықтыру».
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
Қазақ тілі
«Қазақ тілі» пәні бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.
3,4-сыныптарда «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Оқу бағдарламасындағы материалдар жүйелi-шоғырланған ұстанымға негiзделiп, кешендi сипатта берілген. Пән мазмұны «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Күрделі сөздер», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз құрамы», «Сөз таптары», «Сөйлеу мәдениеті» бөлімдерінен тұрады.
«Қазақ тілі» пәні 3, 4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты құрайды.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың жетістік деңгейін бағалау жазбаша жұмыс түрлері арқылы жүргізіледі:
диктант;
грамматикалық тапсырмалар;
бақылау ретіндегі көшіру;
бақылау мазмұндамасы;
бақылау шығармасы;
тест тапсырмалары.
Диктантты ұйымдастыру және өткізу
Диктантқа арналған мәтіндер орфографиялық тұрғыдан оқушыларға таныс болуы керек, яғни өтілген сабақтардың материалдары негізінде алынады.
Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады;
мұғалім диктант мәтінін орфоэпиялық нормаларға сүйеніп, кідіріс жасап, оқиды;
оқушыларға оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң жазуға кірісу ұсынылады;
жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдер қайталанады;
мәтінді түгел жазып болған соң мұғалім диктант мәтінін әр сөйлемнен кейін кідіріс жасай отырып, қайта толық оқиды.
Оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын тексеру мақсатында алынған бақылау жұмыстарында 2-3 грамматикалық талдау тапсырмалары болады.
3, 4-сыныптарда грамматикалық тапсырмалары бар бақылау жұмыстары 35-40 минут өткізіледі.
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі:
Қателер:
сөздегі әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, артық әріптерді қосып жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескел қателер;
емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер;
мәтінде өтілген тыныс белгілерінің болмауы (сөйлемнің соңында) және бас әріптің сөйлем басында жазылмауы;
орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; бір ережеге сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады;
бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді;
мазмұндама жазу кезінде шығарманың мәнін, мазмұнын өзгертетіндей, алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардың болуы;
бөлімдердің арасында байланыстың болмауы, сөздік қоры жұтаң, мазмұнының негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардың қалдырылуы;
мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынада қолданылмауы.
Диктантта мына қателер бір қате ретінде саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; бір сөзден жіберілген қатенің қайталануы; екі өрескел емес қате.
Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы; сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы, аяқталмаған сөз.
Кемшіліктер: келесі сөйлем бас әріппен жазылған жағдайда сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы; азат жолдың болмауы; мазмұндама жазу кезінде авторлық мәтіндегі оқиға қисынының шамалы бұзылуы.
Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өтілген сабақтардың материалдарында қарастырылмаған жағдайда жіберілген қателер диктантта қате деп саналмайды.
«5» бағасы оқушы барлық тапсырмаларды қатесіз орындаған, түсініктерді, анықтамаларды, ережелерді саналы түрде меңгеруін анықтаған және жұмысты орындау барысында білімін өз бетінше қолдана алған жағдайда қойылады;
«4» бағасы оқушы ережелер мен анықтамаларды саналы түрде меңгерсе; сөз, сөйлем талдау барысында білімдерін қолдана білсе, кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе), қойылады;
«3» бағасы оқушы оқылған тақырыптардың белгілі бір бөліктерін меңгерген, тапсырмалардың жартысынан артығын дұрыс орындаған жағдайда (3-5 қате жіберілсе) қойылады;
«2» бағасы оқушының оқу материалын нашар білетіні анықталса, көптеген грамматикалық тапсырмаларды орындай алмаса (5-тен артық қате жіберілсе), қойылады.
Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу.
3, 4-сыныптарда оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Үйрету сипатындағы шығармашылық жұмысты жүргізудің кезеңділігі – шамамен 15 күнде бір рет.
Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің көлеміне қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.
Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығы, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығы, мазмұнының, мәтін құрылысы мен оның тілдік безендірілуінің қолжетімділігі ескерілуі қажет.
Бастауыш сыныптарда мазмұндама мен шығарма үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, үйретушілік сипаттағы шығарма мен мазмұндама үшін қанағаттанарлықсыз баға қойылмайды, қанағаттанарлықсыз баға тек 4-сыныптың бірінші жартыжылдығы соңында бақылау мақсатындағы шығарма үшін және оқу жылының соңында бақылау мақсатындағы мазмұндама үшін қойылады.
3-cыныпта мазмұндама, шығарманы тексергенде,. 1 баға қойылады; 4-сыныпта мазмұндама және шығарма үшін 2 баға қойылады: 1 баға – мазмұны үшін, 1 баға сауаттылығы үшін.
«5» деген баға автордың мәтіні (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалса; тақырып толығымен ашылған болса, сөздік қоры бай және сөздерді қолдануда, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құруда кемшіліктер жоқ болса; сондай-ақ орфографиялық қате (1-2 түзету рұқсат етіледі) жіберілмесе, қойылады.
«4» деген баға жұмыста автор мәтіні (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндаудың бірізділігі шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле қате, 1-2 түзету болған жағдайда қойылады.
«3» деген баға мәтін мазмұнында ауытқушылықтар бар (мазмұндама), тақырыптан біршама алшақтаған (шығарма), ойдың баяндау бірізділігі бұзылған жағдайда, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер болғанда, сөздік қоры аз, 3- 6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады;
«2» деген баға қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан айтарлықтай алшақтаған, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, бөлімдер арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, 6-дан артық қате және 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.
Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады. Оқушыларға (3, 4-сыныптар) мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріп жүргізілуі керек.
Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмысы және бақылау (тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі. Сөздік диктанттардың мазмұны жазылуы ережемен реттелмейтін сөздерден құралады.
Сөздік диктантқа берілетін сөздер саны:
3-сыныпта – 8-10 сөз;
4-сыныпта – 10-12 сөз.
Сөздік диктантты бағалау:
«5» – қатесіз;
«4» – 1 қате, 1 түзету жіберілсе;
«3» – 2 қате бар, 1 түзету жіберілсе;
«2» – 3-5 қате жіберілсе.
Тест тапсырмаларын бағалау
Оқушыларды тапсырманы орындауға алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңындағы 10-15 минутты бөлу керек. Тестілеудің тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып қойып, оларды оқушылармен бірге орындау ұсынылады.
10-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау нормасы
Базалық деңгей
|
0 - 60%
|
60 - 77%
|
77 - 90%
|
90 - 100%
|
бағасы «2»
|
бағасы «3»
|
бағасы «4»
|
бағасы «5»
|
Төмендегі 11-кестеде тоқсандар бойынша қазақ тілінен ұсынылатын қорытынды бақылау жұмыстарының саны көрсетілген.
11-кесте – Қорытынды бақылау жұмыстарының саны (грамматикалық тапсырмалары бар диктанттар)
Тоқсан
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Тақырыптық
|
Бақылау
|
Тақырыптық
|
Бақылау
|
I
|
2
|
2
|
2
|
2
|
ІІ
|
2
|
1
|
2
|
1
|
III
|
2
|
1
|
2
|
1
|
IV
|
2
|
1
|
2
|
1
|
Барлығы
|
8
|
5
|
8
|
5
|
12-кесте – Қорытынды бақылау жұмыстарының түрлері
Жұмыс түрлері
|
Сыныптар
|
III
|
IV
|
I жартыжылдық
|
II жартыжылд.
|
I жартыжылдық
|
II жартыжылд.
|
Мәтінді бақылау ретінде көшіру
|
1
|
2
|
1
|
1
|
Бақылау шығармасы
|
-
|
-
|
1
|
-
|
Бақылау мазмұндамасы
|
-
|
-
|
-
|
1
|
Бақылау сөздік диктанты
|
2
|
2
|
1
|
1
|
Төмендегі 13-кестеде 3, 4-сынып оқушылары үшін ұсынылатын диктант мәтінінің көлемі көрсетілген.
13-кесте – Диктант мәтінінің көлемі
Сыныптар
|
Тоқсандар/сөздер саны
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
3-сынып
|
32-35
|
35-40
|
40-55
|
55-60
|
4-сынып
|
63-65
|
65-68
|
68-70
|
70-75
|
Грамматикалық тапсырманы орындағандағы бағалау нормасы
«5» бағасы барлық тапсырмалар қатесіз орындалса, қойылады.
«4» бағасы оқушы кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса, қойылады.
«3» бағасы егер оқушы тапсырмалардың 1/2 бөлігінен артығын дұрыс орындаса, қойылады;
«2» бағасы егер оқушы кемінде тапсырмалардың 1/2 бөлігін дұрыс орындаса, қойылады.
Мәтінді көшіріп жазудан (оқулықтан, тақтадан және т.б.) тұратын оқушылардың жазбаша ағымдық және қорытынды тексеру жұмыстарын жүргізуде төмендегі нормалар қолданылады:
14-кесте – Мәтінді көшірудің көлемі
Сыныптар
|
Тоқсандар
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
3-сынып
|
40-45
|
45-50
|
50-55
|
55-60
|
4-сынып
|
63-65
|
65-68
|
68-70
|
70-75
|
15-кесте – Мәтінді көшірудің бағалау нормалары
Бағалар
|
3-сынып
|
4-сынып
|
«5»
|
қатесі жоқ
|
қатесі жоқ
|
«4»
|
1 қате, 1 түзету
|
1 қате, 1 түзету
|
«3»
|
2 қате, 1 түзету
|
2 қате, 1 түзету
|
«2»
|
3 қате, 1-2 түзету
|
3 қате, 1-2 түзету
|
Әдебиеттік оқу
«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың ерекшелігі – дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Пән мазмұны балалар әдебиеті (ауызекі, жазба) үлгілерін, жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтерді, ғылыми-танымдық шығармаларды оқытып үйретеді, мақала, естелік, өмірбаян туралы түсінік қалыптастырады, әдеби-теориялық білімдерді меңгертеді, монолог, диалог құруға дағдыландырады.
«Әдебиеттік оқу» пәні 3, 4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылы бойынша әр сыныпта 136 сағатты құрайды.
Қорытынды тексеруді ұйымдастыру үшін және оқыту нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады:
кешенді әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеру үшін);
әдебиеттік диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын тексеру үшін);
өтілген шығарма, тақырып, бөлім бойынша тест тапсырмалары;
дауыстап және іштей оқу дағдыларын жаппай тексеруге арналған сұрақтары мен тапсырмалары бар мәтіндер;
оқу әрекеттерінің қалыптасуын тексеруге арналған диагностикалық тапсырмалар және тест тапсырмалары;
дауыстап оқу дағдысын жеке тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (әр жартыжылдық соңында);
іштей оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (3, 4-сыныптардың соңында);
оқырмандық біліктерінің және білімділігінің деңгейін тексеру бойынша кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстар (әр жартыжылдық соңында);
қорытынды тест тапсырмалары (кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстардың бір түрі);
3-сыныптан бастап балалар кітабымен жұмыс бойынша тапсырмалар оқығандығы және өтілген шығармаларды білуі бойынша ағымдық және қорытынды тексеруге жатады.
16-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны
Тоқсан
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Тексеру
|
Бақылау
|
Тексеру
|
Бақылау
|
I
|
1
|
1
|
1
|
1
|
II
|
1
|
1
|
1
|
1
|
III
|
1
|
1
|
1
|
1
|
IV
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Барлығы
|
4
|
4
|
4
|
4
|
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің жіктелуі
Қателер:
- қате оқу (әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу);
- мәтінді толығымен мағыналық кідіріс жасамай оқу;
- дауыстап оқығанда, сөздің айтылу ырғағы мен анықтығын бұзу;
- белгіленген оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын түсінбеу;
- мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі ойды бөліп көрсете алмау, оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінгенін білдіретін мәтіндегі сөздер және сөйлемдерді таба алмау;
- мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігін бұзу;
- жатқа айтуға дайындалған мәтінді шала білу; бірсарынды оқу; мәнерлеп оқи алмау.
Кемшіліктер:
- дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының шамалы бұзылуы;
- оқылған мәтінді белгіленгеннен көбірек уақытта түсінуі;
- шығарманың негізгі ойын тұжырымдаудағы дәлсіздік;
- мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы, кейіпкердің мінезін көрсетуде мәнерлеудің жеткіліксіздігі.
3-сыныптағы бағалау нормалары:
Оқушыға «5» деген баға егер ол оқыған мәтіннің мазмұнын түсінген; мәтінді мәнерлеп оқуда дауыс ырғағын сақтаған; өздігінен мәтіндерді бөліктерге бөле алатынн; бастысын бөліп көрсететін, оқытылған мазмұнды жеткізе алатын, сөйлеу тілін грамматикалық дұрыс қоя білетін, мәнмәтіндегі сөз мағынасын түсінетін, мәтіннен өздігінен кейіпкерлер мен табиғатты бейнелеу үшін автор қолданған әрекеттегі тұлға мен сипаттауды сөз бен сөйлемдерін таба алатын, өлеңді жатқа айтатын және оны мәнерлеп оқыған жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға мәтінді саналы түрде мәнерлеп оқыған; оқуда және кішігірім қажет оқиғаларды табуда 1-2 өрескел емес қателер жіберілген; оқығаннан негізгі мәнін дұрыс түсінген, бірақ анық жеткізе алмайтын, өлеңді жатқа білген, оны мәнерлеп оқитын, бірақ шамалы қателер жіберген (қайталаулар, ұзақ кідіріс және тағы басқа) жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға оқыған мәтіннің мазмұнын дәйекті түрде жеткізетін, негізгі ойды көрсетіп, мұғалімнің көмегімен жетелеуші сұрақтары арқылы мәтінді бөліктерге бөле алатын; мазмұндау барысында мәтіннің мазмұнын сақтамай қателесіп, оны мұғалімнің көмегімен түзететін; мәтінді жатқа айтатын, бірақ оны толық білмейтін; өлең мәтінін бірсарынды оқитын жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға сөздерді толық оқыған; 6 және одан да көп қате жіберген; негізгі ойды көрсете алмайтын және қосымша сұрақтар арқылы мәтінді бөліктерге бөле алмайтын; өлең мәтінін жатқа толық білмейтін сөздерді нақты айтпайтын жағдайда қойылады.
4-сыныптағы бағалау нормалары:
Оқушыға «5» деген баға әдеби сөздерді оқудың барлық негізгі нормаларын сақтай отырып, жылдам, түсініп, саналы, дұрыс оқыған; дұрыс ойын дауыс ырғағы арқылы жеткізіп, мәтінді толық, қысқаша және таңдап айтып беретін; өздігінен қарапайым жоспарларды құратын, оқыған мәтіннің негізгі ойын анықтай алатын; белгілі тақырыпқа сай (табиғат, оқиға, кейіпкерлер туралы) әңгіме құрастыра алатын; өлеңді жатқа мәнерлеп айтатын жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға мәтінді түсіне отырып, жылдам әрі мәнерлі оқыған, кідірістер мен логикалық екпінді дұрыс қолдана алған, оқығанда және кідірістер мен логикалық екпінді анықтағанда 1-2 қате жіберген, мәтінге сай жоспар құрастыра алған, мәтін мазмұнын толық айтқан; өздігінен мәтіннің негізгі ойын анықтай алған, өлең мәтінін мәнерлеп жатқа айтқан, бірақ шамалы дәлсіздіктер жіберілген жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға саналы түрде және бірсарынды оқыған, жеткіліксіз мәнерлеп оқитын, оқуда 3-тен 5-ке дейін қате жіберілген; мәтін мазмұнын толық және қысқаша жеткізетін, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы жоспар құрастыра алатын, мәтінді жатқа айту барысында жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен түзететін жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға жеке сөздерді толық оқыған, көп мөлшерде сөздерді және буындарды ауыстырып, тастап кету қателіктерін жіберген, мәтін мазмұнын жетік меңгермеген, сөздерді толық оқи алмаған, 6 және одан да көп қате жіберген (ІІ жартыжылдықта), мәтіннің мазмұнын тікелей, қысқаша және өз қалауынша айта алмайтын, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы өздігімен жоспар құра алмайтын, жатқа айту барысында өлеңді толық жеткізе алмаған жағдайда қойылады.
Оқушылардың үйде оқуын бағалауда алдын ала дайындықсыз оқуға қарағанда жоғарырақ талаптар қойылады.
Сабақ барысында оқу үшін баға оқушының ауызша жауабы мен өз бетімен оқуы негізінде қойылады. Бағаға оқу көлемі: 3-сыныпта – 1/3 беті; 4-сыныпта – 1/2 беті болуы керек.
Оқушының оқу дағдысын қорытынды тексеру жылына үш рет: кіріс тексеру, І және ІІ жартыжылдықтың соңында жүргізіледі.
17-кесте – Оқу техникасының нормасы (минутына оқылатын сөздер саны)
Сыныптар
|
3-сынып
|
4-сынып
|
І жартыжылдық
|
60 сөз және одан артық
|
75 сөз және одан артық
|
ІІ жартыжылдық
|
65 сөз және одан артық
|
80 сөз және одан артық
|
Ескерту: Шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
18-кесте – Жартыжылдықтар бойынша оқу техникасын бағалау
3-сыныптағы оқу техникасы
|
Бағасы
|
І жартыжылдық
|
ІІ жартыжылдық
|
«5»
|
60 сөз және одан артық
|
65 сөз және одан артық
|
«4»
|
51-59 сөз
|
60-64 сөз
|
«3»
|
45-50 сөз
|
51-59 сөз
|
«2»
|
45 сөзден кем
|
50 сөзден кем
|
4-сыныптағы оқу техникасы
|
Бағасы
|
І жартыжылдық
|
ІІ жартыжылдық
|
«5»
|
75 сөз және одан артық
|
80 сөз және одан артық
|
«4»
|
65-74 сөз
|
75-79 сөз
|
«3»
|
60-64 сөз
|
65-74 сөз
|
«2»
|
60 сөзден кем
|
65 сөзден кем
|
Бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейіне төмендегі талаптар қойылады:
- 3-сыныпта көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеу; халық ауыз әдебиеті үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айту; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айту; 30-35 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу;
4-сыныпта көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеу; көркем шығармадан алған әсерін 8-10 сөйлеммен жазбаша түрде орындау; 40-45 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу.
«МАТЕМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» білім саласының кіріктірілген оқу пәні болып табылады. Оны оқып-білу нөл мен 1 000 000 көлеміндегі натурал сандардың арифметикасын, маңызды шамаларды, сондай-ақ негізгі орта білім беру деңгейінде одан әрі қарай оқытуды жалғастыру үшін алгебра және геометрияның қарапайым алғашқы түсініктерін қамтиды.
Математика
Оқу пәні ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейіне жетуге бағытталған математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді, көрнекі-бейнелік, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыруды, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны меңгеруге практикалық негіз жасауды қамтамасыз етеді.
3-сыныпта қайталауға берілген сағаттар саны 4 сағаттан 14 сағатқа дейін артты. Осыған байланысты алғашқы 14 сабақтың мазмұны толығымен өзгертілген.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
3, 4-сыныптарда – аптасына 5 сағат, оқу жылына 170 сағатты құрайды.
19-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны
Қорытынды бақылау жұмыстарының саны (құрама бақылау жұмысы
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Тақырыптық
|
Бақылау
|
Тақырыптық
|
Бақылау
|
Тоқсан
|
I
|
2
|
2
|
2
|
2
|
II
|
2
|
1
|
2
|
1
|
III
|
2
|
1
|
2
|
1
|
IV
|
2
|
1
|
2
|
1
|
Барлығы
|
8
|
5
|
8
|
5
|
Кіріс бақылау жұмысындағы қиын тапсырмалар қосымша тапсырма ретінде беріледі және тек қана «4» немесе «5» деген баға қойылады; кіріс жұмысы үшін журналға «2» бағасы қойылмайды.
Қатемен жұмыс жасау барысында міндетті түрде есепті шығарудың жолдарын талдау қажет.
20-кесте – Бақылау ауызша есептеу және математикалық диктанттардың саны
Жұмыс түрі
|
3-сынып
|
4-сынып
|
I жарты
жылдық
|
II жарты
жылдық
|
I жарты
жылдық
|
II жарты
жылдық
|
Ауызша
Есептеу
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Математикалық
Диктант
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Ауызша есептеу мен математикалық диктанттың бағалау нормалары
Бақылау ауызша есептеу: «5» бағасы – қатесіз; «4» бағасы –1-2 қате; «3» бағасы – 3-4 қате.
Бақылау математикалық диктанты: «5» бағасы – қатесіз; «4» бағасы – 1-2 қате және 1-2 кемшілік; «3» бағасы – 3-4 қате және 1-2 кемшілік; «2» бағасы – 5 және одан көп қате.
Бағалау нормасы
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің жіктелуі
Қателер:
- тапсырманы орындау негізінде немесе оны орындау барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамасын, ережелерін, алгоритмдерін білмеу және дұрыс қолдана алмау;
- амал, тәсілдерді дұрыс таңдамау; тапсырманың мақсаты есептеу білігі мен дағдысын тексеру кезінде қате есептеу;
- дұрыс жауап алуға әсер ететін математикалық есептеулер, амал, тәсілдерді қалдырып кету;
- түсіндірме мәтіннің, тапсырма жауабының, шама атауының орындалған амал мен алынған нәтижеге сәйкессіздігі, орындалған өлшеулер мен геометриялық құрылымның берілген параметрге сәйкессіздігі.
Кемшіліктер:
- мәліметтерді (таңбалар, сандар, белгілеу, шамалар) дұрыс көшірмеу;
- математикалық ұғымдардың, шамалардың қате жазылуы;
- тапсырма жауабының болмауы немесе жауабында жіберілген қателер; егер 2 кемшілігі болса, ол 1 қатеге саналады.
Өрескел қателер:
- мысалдар мен есептердегі есеп қателері, арифметикалық амалдарды орындау тәртібін білмеудегі қате;
- есепті қате шығару (амалдарды орындамау, амалдарды дұрыс таңдамау, артық амалдар);
- есепті немесе мысалды аяғына дейін шығармау; орындалмаған тапсырма.
Өрескел емес қателер:
- есептеудің тиімсіз тәсілдері; есепті шығаруда амалға сұрақтың дұрыс қойылмауы;
- қате тұжырымдалған есептің жауабы;
- мәліметтерді қате көшіру (сан, белгі); түрлендірулерді аяғына дейін жеткізбеу.
Математика бойынша жұмыста жіберілген грамматикалық қате үшін баға төмендетілмейді. Лас безендірілген жұмыс, каллиграфия ережесін сақтамағаны үшін 1 балл төмендетіледі, бірақ 3-тен төмен емес.
Жазбаша жұмыстарды бағалау
Мысалдардан құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4» – 1өрескел қате және 1-2 өрескел емес қате; «3» – 2-3 өрескел және 1-2 өрескел емес қате немесе 3 және одан да көп өрескел емес қате; «2» – 4 және одан да көп өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады.
Шартты есептерден құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4» – 1-2 өрескел емес қате; «3» – 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате; «2» – 2 және одан да көп өрескел қате болған жағдайда қойылады.
Құрама есептер: «5» – қатесіз; «4» – 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате (есептің шешуінде өрескел қателер болмауы қажет); «3» – 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате, бірақ есептің шығару жолдары дұрыс болуы қажет; «2» – 4 өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады.
Амалдардың орындалу ретін анықтауда жазба жұмысын бағалау: амалдар тәртібі қате таңдалса, арифметикалық амалдар дұрыс орындалмаса, қате болып саналады.
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4 және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.
Теңдеуді шешу жазба жұмыстарын бағалау: шешудің қате жолы, амалдардың дұрыс орындалмауы, тексеру дұрыс орындалмаса, қате болып саналады
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.
Геометриялық материалдармен байланысты жазба жұмыстарын бағалау: егер оқушы геометриялық фигураны қате құрса, өлшем бірліктерін ескермеген жағдайда, өлшем бірліктерін қате өрнектегенде, егер сызу құралдарын дұрыс пайдалана алмағанда қате болып саналады.
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4 және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.
Ауызша жауаптарын бағалау
Оқушылардың ауызша жауабын бағалау көрсеткіші: жауаптың дұрыстығы, негізділігі, өз бетінше орындағаны, толықтығы.
Қателер: қойылған сұраққа қате жауап; қойылған сұраққа жауап бере алмау немесе мұғалімнің көмегінсіз тапсырманы орындай алмау; тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда оны толық жеткізіп, түсіндіре алмау.
Кемшіліктер: қойылған сұраққа толық әрі нақты жауап бермеу; дұрыс жауап берген жағдайда өздігінен толық дұрыс жеткізе алмау; тапсырманы баяу орындау; математикалық ұғымдарды қате айту.
Оқушыға «5» деген баға меңгерген оқу білімін дұрыс және өздігінен қолдана алған; есептеулерін дұрыс әрі жылдам қолданған; өздігінен тапсырмаларды құрастырған (жоспар құрап, есептеп, есептің шығару жолдарын түсіндіріп және есептің сұрағына нақты жауап беру); тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындаған жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға «5» деген бағаның талаптарына сай болып, бірақ жауабында дәлдіктер болмаған; есептеуде тиімді тәсілдерді қолданбаған; осы кемшіліктерді оқушы мұғалімнің сілтемелерімен өздігінен түзете алған жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға өтілген сұрақтардың жартысынан көбін меңгерген, есепті шығару барысында қателер жіберген және сол қателерді мұғалімнің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға оқу бағдарламасын меңгермеген және мұғалімнің көмегімен есепті шығара алмаған жағдайда қойылады.
Оқушының күнделікті жұмысына мұғалімнің жүргізген бақылауы, ауызша сұрақтар, ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижелері қорытынды баға қоюға негіз болады. Дегенмен ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарына көп мән беріледі.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дүниетану
Оқу пәні қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпы адами құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
«Дүниетану» пәнін меңгеруде бастауыш сынып оқушылары биология, экология, география пәндерінің қарапайым ұғымдарымен танысады. «Дүниетану» пәнінің сабақтарында мұғалімге зілзалалардың, экологиялық апаттардың қауіп-қатері жағдайында қауіпсіз іс-әрекет ету мәселелерін талқылау ұсынылады.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқушылардың білім, білік, дағдылары ауызша сұрақтар, бақылау, тест жұмыстары, тәжірибелік жұмыстар мен диктанттардың нәтижелері бойынша бағаланады.
Оқушыға «5» деген баға, егер ол оқу материалын табиғаттағы құбылыстарға жасалған бақылауларды ескеріп, жүйелі де логикалық түрде байланыстыра отырып баяндаған (бағдарлама көлемінде), тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындап және қойылған сұрақтарға толық жауап берген жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға, егер оның жауабы «5» деген бағаның талаптарына сай болғанда, дегенмен оқушы нақты материалды баяндауда, кейбір практикалық жұмыстарды қолдануда жекелеген дәлсіздіктер жібергенде, қойылады. Осы кемшіліктердің барлығын мұғалім көрсеткеннен кейін оқушының өзі түзетеді.
Оқушыға «3» деген баға, егер ол оқу материалының негізгі мазмұнын меңгеріп, бірақ нақты қателер жіберсе, табиғаттағы құбылыстарды бақылау нәтижелерін қолдана алмаса, бағдарламада қарастырылған табиғаттағы құбылыстар мен нысандар арасындағы байланысты орнатуда, практикалық жұмыстарды орындауда қиналса, бірақ мұғалімнің көмегімен аталған кемшіліктерін түзете алса қойылады.
Оқушыға «2» деген баға, егер оқу бағдарламасының көп бөлігін меңгермесе, мұғалімнің көмегімен де тәжірибелік жұмыстарды орындай алмаса қойылады.
21-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны
Тоқсан
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Тексеру
|
Бақылау
|
Тексеру
|
Бақылау
|
I
|
1
|
1
|
1
|
1
|
II
|
1
|
1
|
1
|
1
|
III
|
1
|
1
|
1
|
1
|
IV
|
1
|
1
|
2
|
1
|
Барлығы
|
4
|
4
|
5
|
4
|
Тест жұмысын бағалау
Тест қиындығы жағынан орташа деңгейлі тапсырмалардан тұрады. Қатені табу; дұрыс жауапты таңдау; айтылған ойды жалғастыру немесе түзету түріндегі тест тапсырмаларын қолдануға болады.
Тест жұмыстарын орындау үшін оқушыларды алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минут уақыт бөлу керек. Тақтада өтілетін тест тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып немесе іліп, оны оқушылармен бірге орындау ұсынылады.
22-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау
Базалық деңгей
|
0-60%
|
60-77%
|
77-90%
|
90-100%
|
Баға «2»
|
Баға «3»
|
Баға «4»
|
Баға «5»
|
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты оқушылардың өз ішкі әлемін танып білуіне мүмкіндік беру және өзімен, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасын құруы болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды:
Өзін-өзі тану бақыты.
Адами қарым-қатынасқа үйренейік.
Адам болам десеңіз.
Әсемдік әлемінде.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда – 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақтар қорытынды қайталау ретінде көрсетілген, ол курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау мен жүйелеуді білдіреді.
Қорытынды қайталаудың сағаттарын білім алушылардың портфолиосында байқалатын шығармашылық қызметінің нәтижелерін көрсету мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.
Портфолио – білім алушылардың өзін-өзі тану процесіндегі жетістіктерін бейнелейтін шығармашылық жұмыстарының жиынтығы. Шығармашылық жұмыстар жеке, топтық және ұжымдық сипатта болуы мүмкін.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім алушылардың білімін бағалау білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар білім алушылардың танымдық қызметін дамыту мониторингінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға және қоғамға қызмет ету дағдыларына ұмтылудың өлшемшарты болып табылады.
Адамгершілік-рухани білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» деген бағалау болады. Егер білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың жалпы көлемінің кемінде 2/3 сәйкес келетін жетістіктерді көрсете алған жағдайда «сынақ» бағасы қойылады. Білім алушыға «сынақ» бағасын қоюда оның пән бойынша шығармашылық қызметін көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын талдауда білім алушының ұжымдық және топтық шығармашылықтағы белсенділігі, сондай-ақ жеке шығармашылық қызметте проблеманы ұғыну тереңдігі, оның ойының бағдарлығы, жалпыадамзаттық құндылықтар басымдығының мазмұны, адамға және қоршаған әлемге сүйіспеншілік негізінде сабақта қойылған проблемаларды шешу жолдарын іздестіру басты назарда болады.
«ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
Музыка
«Музыка» пәнінің мақсаты білім алушылардың музыкалық мәдениетін тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана білуіне негізделген. Пәнді оқытуда «Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық аспаптар», «Концертке және театрға саяхат», «Қазақстан – менің Отаным» сынды ең негізгі тақырыптарға аса мән беріледі. Пән мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық құбылыстардың ауқымы кеңейеді.
Оқытудың әдістемелік жүйесі заманауи технологияларды пайдалануға негізделген. «Мұғалім – оқушы» технологиясы шынайы шығармашылық қарым-қатынас қалыптастырады. «Жетістік» технологиясы оқушылардың шығармашылық биігіне көтерілуіне көмектеседі. Бастауыш сыныптарда саяхат-сабақ, концерт-сабақ, ой бөлісу сабағы, репортаж-сабақ және т.б. әртүрлі сабақ түрлерін пайдалану ұсынылады.
«Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны 3, 4-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
Музыка сабағында жұмысты бағалау
«5» бағасы – аталған үш критерийлерге немесе алғашқы екеуіне сәйкес болғанда қойылады: музыкаға қызығушылық таныту, оған тікелей эмоционалды жауабы, тыңдаған немесе орындалған шығарма туралы өз ойын айту; іздену жағдайы барысында анықталған, оқушының белсенді жігері, және музыканы қабылдау барысында ең алдымен бастапқы білімдерін қолдану білігі; орындау дағдысының өсуі, бұл оқушының дайындық деңгейі мен сабақтағы белсенділігін есепке ала отырып, бағаланады.
«4» бағасы – екі немесе бір критерийлерге сәйкес болғанда;
«3» бағасы – берілген критерийлерге сәйкес болмағанда;
«2» бағасын қоюға жол берілмейді, себебі ол баланың қызығушылығын және соған сәйкес сұлулық пен мейірімділікке деген қажеттілігін жояды.
Бейнелеу өнері
Пәнді оқыту эстетикалық сезімдерін, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу; қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту; халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу; аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.
Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем-шығармашылық қызмет мазмұны».
Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
Бағалау нормалары:
«5» бағасы: оқушы сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алады, меңгерілген материалды дұрыс түсіндіреді және алған білімін іс жүзінде қолдана алады; сурет композициясын дұрыс шешеді, яғни бейненің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бейнені айрықша аңғарады және жеткізе сипаттай алады.
«4» бағасы: оқушылар бағдарлама материалын толық меңгерді, бірақ қосымша сипатта жеткіліксіз мазмұндайды; бейненің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бірақ бейнені нақты сипаттай алмайды.
«3» бағасы: оқушылар сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алмайды; меңгерілген материалды мазмұндауда дәлсіздік жібереді.
«2» бағасы: материалды мазмұндауда өрескел қателер жібереді; сабақтың қойылған мақсатын орындай алмайды.
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Еңбекке баулу
Оқу пәні бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; сенсорика, қол саусақтарының ұсақ моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.
4-сынып оқулығында «Сым темірмен жұмыс», «Фольгамен әшекей бұйымдар жасау», «Қошқар мүйіз оюының орындалу реті» тақырыптары қарастырылмауына орай, мұғалім пәнді оқытуды жоспарлауда бұл тақырыптарды оқу бағдарламасына сәйкес басқа тақырыптармен алмастыра алады.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесі 3, 4-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағатты құрайды.
Бағалау нормалары:
Бағалар жалпы орындалған не жасалған бұйым, жеке технологиялық операциялар; жұмыс жоспарын құра білу, тәжірибе жасау, материалдардың қасиетін анықтау, материалдар мен құралдарды дұрыс атау, олардың міндетін анықтау, олармен қауіпсіз жұмыс ережесін атау білігі үшін қойылады.
Жалпы алғанда бұйымды орындау
«5» бағасы құралдармен қауіпсіз жұмыс ережесін сақтай отырып, қатесіз және мұқият жасалған бұйымға қойылады (қолданылатын материал бойынша құралды таңдау, сонымен қатар, сабақ бойы жұмыс орнында тазалықты сақтау білігі ескеріледі).
«4» бағасы осы талаптар есебінен қойылады, бірақ бұйым құрылымын бұзбай түзетуге жол беріледі.
«3» бағасы бұйым мұқият орындалмаған, бірақ құрылымы бұзылмаған жағдайда қойылады.
Көрсеткен дербестігі мен шығармашылықпен орындалған жұмыс үшін бағаны бір баллға көтеріп қоюға болады немесе қосымша бағаланады.
Құрылымы бұзылған, өз мақсатына сай емес бұйым бағаланбайды, оны түзетуге, қайта жасауға болады.
Тексеру жұмысы кезінде дайын бұйым үшін баға барлық оқушыларға қойылады. (Тексеру жұмыстары әр тоқсан сайын және жыл соңында жүргізіледі. Олар белгілі бір сабақтар санынан кейін жеке операцияларды меңгеруін тексеру немесе жұмыс түрлері бойынша қорытынды сабақ болуы мүмкін).
Жеке технологиялық операциялар
«5» бағасы әртүрлі белгілеулердің, материалдарды пішудің нақтылығына, бүгудің дұрыстығына, тегіс сырылуына; үлгіге немесе суретке сәйкес конструктор бөлшектерінен бұйымды орындау дәлдігіне; материалдарды, құралдарды олардың мақсатына сәйкес бұйым құрылымына ұжымдық талдау жасағаннан соң жеке жұмыс жоспарын құруға (3-сынып); жоспар құру, бұйымға өздігімен талдау жасауына (4-сынып), түсіндірумен көрсету білігіне (3, 4-сыныптар) қойылады.
«4» бағасы, егер оқушы белгілеу кезінде дәлсіздікті жіберсе (3 мм дейін), пішуде 1 мм дейін белгілеу жолынан ауытқыса, материалды үнемсіз қолданса; жұмыс орнындағы тәртіпті мұғалімнің ескертуінен кейін сақтаса; жұмыс жоспарын мұғаліммен бірге құрса (3-сынып), алдағы жұмыс жоспарын өздігімен 1 қатемен құрса (4-сынып) қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы белгілеу кезінде дәлсіздікті жіберсе: 2мм-ден 5 мм-ге дейін – 3-сыныпта, 5 мм-ге дейін – 4-сыныпта; материал мен құралдарды тиімсіз қолданса (3-сынып), мұғаліммен бірге жұмыс жоспарын құру кезінде 3 логикалық қате жіберсе (3-сынып), бұйымды жасаудың жұмыс жоспарын өздігімен құруда 2 логикалық қате жіберсе (4-сынып) қойылады.
Оқушылардың білімі мен біліктерін әділ бағалау үшін әр баланың бағдарлама материалын меңгеруін есепке алу қажет. Егер мұғалім сұрау мен бақылауды жоспарлаған жағдайда баға әділ болуы мүмкін. Сабақтың жоспарында бақылайтын 3-4 оқушының аты-жөнін жазады, олардың сабақ бойы жұмыс орнында тәртіпті қалай сақтайтынын бақылайды, 3-4 оқушының материал бойынша нақты бөлшектерін нақты белгілей алу ептігін бақылайды, келесі 3-4 оқушының желіммен мұқият жұмыс істеу ептілігін, сабақтағы құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібін сақтай отырып сыруды орындауын немесе жұмыс істеуін бақылайды.
Егер оқушы мұғалім берген тапсырманы орындай алмаса, мұғалім жұмысты қалай орындау керек екенін оқушыға қайтадан көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда баға бірнеше сабақтан соң қойылады.
Осылайша, бір сабақта мұғалім бірнеше бағалайды, бірақ олар оқушының нақты білімі мен білігіне қойылады.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Пәнді оқыту қимыл-қозғалыс негіздерін меңгеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; дене бітімінің және психикалық қасиеттерінің толық дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдануға бағытталған.
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Дене дамуында жетіспеушілігі бар балаларды сауықтыруға бағытталған дене шынықтыру пәнінен қосымша сабақтар немесе оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары және қызығушылықтары ескерілген спорт түріндегі сабақтар оқу бағдарламасының вариативті жүктемесі арқылы орындалады.
«Денсаулық күні» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылды (www.nnpcfk.kz).
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда – әр сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағатты құрайды.
Бағалау нормалары:
Оқушы іс-әрекетін бағалау кезінде олардың жеке ерекшеліктері мен психосоматикалық мүмкіндіктері ескеріледі.
Егер оқушы денсаулығының жағдайына байланысты практикалық тапсырмаларды орындай алмаса, оған теориялық тапсырмалар беріледі.
«5» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің психосоматикалық мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса қойылады.
«4» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің қабілеттері мен психосоматикалық мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса, бірақ мұғалімнің көмегіне шамалы сүйенген жағдайда қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің ерекшеліктері мен психосоматикалық мүмкіндіктерінен төмен орындаса, қойылады. Тапсырманы орындауда мұғалімнің көмегіне үнемі сүйене береді.
«2» бағасы оқушы тапсырманы орындамағанда, мұғалімнің көмегін қолданбаған жағдайда қойылады.
НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (6, 8, 9-сыныптар)
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Ана тілі», «Әдебиет», «Шет тілі» оқу пәндері және «Абайтану» курсы кіреді.
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін).
6, 8, 9 -сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
6 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
8 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
9 - сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Жалпы білім беретін мектеп білім алушыларға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы білім алушылардың жазбаша тіл мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.
Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – білім алушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.
Жазба жұмысына қойылатын талаптар (диктант).
23-кесте – Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөлінуі
Сыныптар
|
Жазба жұмыстардың
түрлері
|
Оқу тоқсандары
|
Барлығы
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІҮ
|
6
|
Диктант
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
8
|
Диктант
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
9
|
Диктант
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
Барлығы:
|
7
|
7
|
7
|
7
|
28
|
Диктант – білім алушылардың орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын тексерудің негізгі формаларының бірі. Білім алушылардың ауызша жауаптары және жазба жұмыстары бойынша бағдарламалық материалдарды қаншалықты деңгейде меңгергендігін ескере отырып, әр сыныпта белгілі бір нақты көлемде қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі.
Диктант мәтіні үшін әдеби тіл нормаларына сай келетін мәтіндерді пайдалану ұсынылады .
24-кесте – Диктант нормасы
Сыныптар
|
Диктант саны
|
Сөздер саны
|
Орфограмма саны
|
Тыныс белгілері
|
6
|
12
|
100-110 сөз
|
16
|
3-4
|
8
|
12
|
120-150 сөз
|
24
|
10
|
9
|
4
|
150-170 сөз
|
24
|
15
|
Диктант белгілі бір тақырып бойынша білім алушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар, бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс.
Диктанттың мәтінінде:
- 6 - 7 сөзден артық емес,
- 8-9 - сыныптарда - 10 сөзден артық емес өткен сабақтарда меңгерілген орфограммалар ғана енгізілуі қажет. Білім алушылар жазылуы қиын сөздермен және олардың емлесімен өткен сабақтарда таныс болуы тиіс.
Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды білім алушылардың барлық өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеруге арналып құрылатындықтан қосымша тапсырмалар беру немесе бермеуді пән мұғалімі өзі шешеді.
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) бар;
- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4) немесе емледен 1 немесе тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар;
- «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8) бар;
- «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) бар диктанттарға қойылады.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типтінемесебіртектіқателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:
1) сөзді тасымалдау;
2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;
3) әлі меңгерілмеген ережелер;
4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.
Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі.
Жеңіл қатеге жатады:
1) ережеге бағынбайтын сөздер;
2) автор сөзін берудегі тыныс белгілері.
Ескерту:диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады;
Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
-«5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;
-«4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;
-«3» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда;
-«2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады.
Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі.
Емлелік қателерді түзету әдістері. Білім алушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.
Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде негізгі ескеретін жағдайлар:
мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен қателердің астын сызып көрсетуге болады;
орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;
түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;
емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;
сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі білім алушыға түсінікті болуы тиіс.
Білім алушы қате жазылған сөздің дұрыс нұсқасын ғана қайта көшіріп жазады.
«Қазақ тілі» пәнінен дәптер тексеру тәртібі:
Білім алушыларда болуы тиіс дәптерлер саны туралы мәліметтер ұсынылады.
25-кесте – Білім алушы дәптерлерінің саны
Пән
|
Жұмыс дәптері
|
Жазба жұмыс дәптері
|
Барлығы
|
Қазақ тілі
|
2
|
1
|
3
|
Дәптер тексеру тәртібі:
1) 6, 8, 9-сыныптарда жұмыс дәптерлері аптасына бір рет тексеріледі;
2) 9 - сыныптарда жұмыс дәптерлері 2 аптада бір рет тексеріледі;
«Қазақ тілі» пәнінен барлық дәптерлердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіппен орындау ұсынылады:
- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;
- дәптер сыртын үлгі бойынша білім алушы өзі толтыруы қажет:
«Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге диктанттар мен бақылау жұмыстары орындалады).
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.
үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады, мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);
- сынып немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
- мәтін азат жолдан басталады;
- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
- талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
- ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.
Баға тапсырмадан кейін дәптердің сол жақ шетіне нүктесіз қойылады.
Талдау жұмыстары қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).
Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс.
Дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).
Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет.
Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.
Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға көрсетілуі керек:
орфографиялық қате – /.
тыныс белгілер қатесі – ۷
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруде отандық және әлемдік тәжірибедегі жаңа оқыту технологияларын пайдаланудың артықшылықтары;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін топтық жұмыстар арқылы оқыту жолдары;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін құзыреттілік тұрғысынан оқыту нәтижелері туралы;
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың дидактикалық ұстанымдары;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру;
Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін).
Мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – білім берудің басым мақсаттарының бірі. Оның нәтижесі білім алушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алуын қамтамасыз ететін тиімді әдістерді білім беру процесіне оңтайлы енгізу – мектеп пен ұстаз қауымына қойылып отырған жауапты міндеттердің маңыздысы.
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілді) пәнінен оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей белгіленген:
6 - сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
8 - сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
9 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткізілетін жазба жұмыстарының нормалары
26-кесте – Жазба жұмысының, сыныптан тыс жұмыстардың саны (мазмұндама, шығарма, сыныптан тыс оқу)
Сыныптар
|
Жазба , сыныптан тыс жұмыстардың
түрлері
|
Оқу тоқсандары
|
Барлығы
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІҮ
|
6
|
Мазмұндама
|
2
|
2
|
-
|
-
|
4
|
Шығарма
|
-
|
-
|
2
|
2
|
4
|
Сыныптан тыс оқу
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
Барлығы:
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
8
|
Шығарма
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
Эссе
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
Сыныптан тыс оқу
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
Барлығы:
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
9
|
Эссе
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
Шығарма
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
Сыныптан тыс оқу
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
Барлығы:
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
Мазмұндама – білім алушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жазбаша жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.
27-кесте – Мазмұндама мәтінінің көлемі
Сыныптар
|
Мәтін көлемі
|
6
|
150-200 сөз
|
28-кесте – Мазмұндама мәтінінің шартты белгілері
Шартты белгілер
|
Белгілер
|
Нені білдіреді?
|
/
|
емле қатесі белгіленеді
|
V
|
тыныс белгісінен кеткен қате
|
Z
|
абзац керек деген белгі
|
Z
|
артық қойылған абзац
|
?
|
екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі
|
?!
|
пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік
|
!
|
осы жерге ерекше көңіл аудар
|
~ ~
|
ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер
|
...
|
стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі
|
...
|
сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді
| Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерін жүргізуге болады:
дайын мәтін бойынша мазмұндама;
сурет бойынша мазмұндама;
-аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.
Мәтін мазмұнын мазмұндап жазу формалары әртүрлі болады:
мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізіп жазу;
мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру;
өз жанынан қосымша оқиға қосу;
- мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, бірінші жақта, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;
- қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;
- кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;
- берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.
Шығарма мен мазмұндаманы бағалау. Оқушы шығармасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарстырылады:
мазмұндылығы мен идеялылығы;
ой-пікірдің жүйелілігі;
стилі;
грамматикалық сауаттылығы;
әдеби материалдарды пайдалануы.
Бұлардың қай-қайсысы да білім алушының білімін бағалауда маңызды. Білім алушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы; ой-пікірдің жүйелілігі, шығарманың тақырыпқа сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен пікір ұтымдылығы; тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілу ұсынылады.
Шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады:
1) бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі);
2) екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады;
3) баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады;
4) жазба жұмысының бағасы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша дәптермен жұмысты ұйымдастыру.
Дәптерлерді тексеру тәртібі. 6, 8, 9-сыныптарда жұмыс дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет.
29-кесте – Білім алушы дәптерлерінің саны
Пән
|
Жұмыс дәптері
|
Жазба жұмыс дәптері
|
Барлығы
|
Қазақ әдебиеті
|
1
|
1
|
2
|
«Қазақ әдебиеті» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіп бойынша орындау ұсынылады:
- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу;
- көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;
- дәптер сыртын үлгі бойынша білім алушы өзі толтыруы қажет.
- қазақ әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге мазмұндама, шығарма, эссе орындалады).
Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;
сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
мәтін азат жолдан басталады;
сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;
дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.
Оқу жылдамдығы – білім алушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру мынадай талаптардан туындайды:
оқу техникасы (сөздерді, сөйлемдерді дұрыс оқу және дыбыстау);
мәтінді түсінуі (оның мағынасын, мәнін, мазмұнын ұғыну).
Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені оқу техникасын жетілдірмей – түсіну, дұрыс оқу жүзеге аспайды.
Оқу жылдамдығын дамыту – мәтіндегі сөздерді қалай болса, солай бастырмалатып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл – оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшандықпен оқу.
Оқу жылдамдығы дегеніміз – белгілі бір уақыт ішінде оқылатын мәтіннің көлемі. Жалпы, оқу техникасымен жұмыс – ұзақ процесс, оған балалар үнемі қызығушылық таныта қоймайды. Дегенмен жақсы оқу техникасы болмайынша, баланың жоғары сыныптарда білім алуы қиынға соғады.
Осыған орай, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде әзірлеген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектеп деңгейлерінің оқыту тілдері бойынша әдістемелік ұсынымдама» Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды. Әдістемелік құралда оқу мәтіндерінің түрлері мен оқу техникасы, оқу әдістері қарастырылып, негізгі мектептердегі оқу нормативтері мен оқу жылдамдықтарын тексеруі бойынша ұсынымдамалар берілген. Төменде берілген ұсынымдамаларды 6, 8, 9-сынып білім алушыларының оқу жылдамдықтарын дамыту барысында қолдану ұсынылады.
6, 8, 9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар:
1) мәнерлеп оқу, логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу;
2) оқу барысында сөзді бұзбай, автордың айтатын ойын дұрыс жеткізу.
30-кесте – 6, 8, 9 – сыныптарға арналған оқу нормативтері
Сынып
|
Сөз саны
|
Таңба саны
|
6-сынып
|
105-110
|
720-780
|
8-сынып
|
120-130
|
840-900
|
9-сынып
|
130-155
|
900-1080
|
6, 8, 9 -сыныптарда оқу жылдамдығын тексерудің ерекшеліктері.
Оқу жылдамдығын тексеруге арналған мәтіндер төмендегі талаптарға сай болуы қажет:
нақты сюжеттік негізінің бар болуы;
күрделі емес құрылымда құрылған сөйлемдерден тұруы қажет;
мәтіндер диалогтерден, өлең жолдарынан, түсініксіз сипаттаулардан болмауы керек ;
оқушыларға таныс сөздерден тұруы қажет;
мүмкіндігіне қарай эмоционалдық қарым-қатынастан бейтарап болуы керек.
Оқу жылдамдығына талдау жасау барысында:
оқу тәсілі;
оқу қарқыны;
оқу сауаттылығы;
түсініп оқуы;
мәнерлеп оқуы ескеріледі.
Оқу жылдамдығын тексеруге таңдалатын мәтіндер бала танымына жақын, етене таныс, күнделікті қарым-қатынас жасап отырған ортаға байланысты таңдалады. Мәтіндер қызғылықты, қоршаған орта мен табиғатты терең тануға ықпал ететін, дүниетанымын кеңейтетін, ұлттық рухты көтеретін, батырлыққа, ерлікке жетелейтін, баяндалатын іс-әрекет пен оқиғалар сабақтаса байланысқан, бірін-бірі толықтыратын болып келу жағы қарастырылады. Оқу жылдамдығын тексеру барысында мына төмендегі материалдарды пайдалануға болады:
1) жыл мезгілдері және олардың бір-бірінен өзгешеліктері, ерекшеліктері;
2) білім алушылардың өз бастарынан кешкен оқиғалары;
3) оқыған кітаптары, естіген әңгімелері, көрген кинофильмдері;
4) қоршаған орта мен табиғатты бақылаудан алған әсерлері мен ой-пікірлері;
5) балалардың еңбек әрекеттері, ойындары;
6) отбасы, ауылы, туған өлкесі;
7) үй жануарлары және олардың қасиеттері;
8) жабайы аңдар және құстар;
9) түрлі кәсіптер туралы;
10) туған елдің тарихы, ұлы ойшылдары мен ақын-жазушылары, билері мен батырлары т.б.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2017-2018 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
15 тамыз - жазушы, әдебиеттанушы, ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішевтің туғанына 90 жыл (1927-1984)
5 қазан - Ұлт азаттық қозғалысының басшысы, атақты батыр Сырым Датұлының туғанына 275 жыл 100 жыл (1742);
4 мамыр - әйгілі жырау, дана би, абыз, қазақ ауыз әдеби шығармашылығының көрнекті өкілі Бұқар Жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл (1668);
25 маусым - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл(1893 -1937);
15 тамыз - ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғафу Қайырбековтің туғанына 90 жыл (1928-1994);
28 қазан -қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл(1893-1920);
Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Ақан Сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының дүниеге келгеніне 175 жыл (1843).
Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:
http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;
http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;
https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;
http://abai.kz - ақпараттық-танымдық сайт;
http://u-s.kz - ұстаздар сайты;
http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты;
http://sabak - сайт творческих учителей Казахстана;
http://ojarovaroza.ucoz.kz - қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің портфолиосы;
http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт;
http://bilimsite.kz/ustaz - білімділер сайты;
http://u-s.kz/publ/ - ұстаздар сайты;
http://sabaq.kz - ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт;
http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы;
http://oqu-zaman.kz - ұстаздар мен білім алушыларға арналған қосалқы білімді сайт;
http://tarbie.org - ұстаздар сайты;
http://kazbilim-edu.kz - оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;
http://bilimtime.kz - ұстаздарға арналған сайт.
«Абайтану» курсы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады.
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.
Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |