Бұл ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана бейнелейді.
Олар дыбыс шығармайды.
Ойнау барысында балалардың музыкалық есту түйсігін, творчестволық қиялын жетілдіреді.
Шектеулі әуені бар,
белгілі бір биіктікте дыбыс шығаратын дыбыс бояуы(тембр), динамикалық (ырғақ),
дыбыс диапозоны бар аспаптар.
сақпан,дабыл,дауылпаз,
тоқылдақ, тайтұяқ,мүйіз,шыңдауыл.
асатаяқ,шылдырмақ, қоңырау,үшбұрыш,кепшік, даңғыра.
сыбызғы,керней,сазсырнай, үскірік, желбауыз,шаңқобыз, уілдек.
домбыра.қобыз,шертер, жетіген, пианино,баян.т.б.
домбыра,шертер, жетіген, қобыз.
сыбызғы,сазсырнай, сырнай, мүйіз сырнай,керней, үскірік,уілдек.
баян,аккордион, шаңқобыз.
рояль, пианино.
дабыл,дауылпаз, тайтұяқ, сақпан, тоқылдақ,мүйіз, шаңдауыл.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым музыкалық аспаптарды (даңғыра, дабыл, асатаяк, тұяқтас, шаңқобыз, сақпан, тоқылдақ, қоңырау, үшбүрыш және т.б.) қолдану, балалардың сол сабаққа деген ынтасын, сүйіспеншілігін, белсенділігін, жауапкершілігін арттырады, олардың музыкалық қабілетін дамытуға, шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Шығармашылық әрекет кезінде музыканы сергек қабылдау, бірігіп орындау (ансамбль) сезімі және дағдысы дамиды. Балалар үшін сабақта қолданылатын музыкалық аспаптар көлемі, салмағы жағынан ыңғайлы, құрылысы қарапайым, әрі мықты болуы керек. Аспаптарды ойнаудан бұрын жетекші балаларға олардың құрылысы , шығу тарихы, дыбыстық бояуы (тембрі) туралы біраз мағлұматтар бере отырып, оны сабақта пайдаланудың тиімділігін, мақсатын және қолдану тәсілдерін әңгімелейді.
Аспапта ойнау кезінде балалардың тұрып ойнау, немесе отырып ойнау қалпын қадағалау қажет. Аспаптарды меңгерудің ең алғашқы қадамы ретінде балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді. Әр музыкалық аспаптың сипатына сай оның ырғақтық өрнектерді келтіру ерекшеліктерін ескеру керек.
Кіші топ балаларына шылдырмақ, сақпан,тоқылдақ,дауылпаз аспаптарында шағын әуендерді ойнатуға болады Мұғалім сабақта орындалатын жаттығудың балалардың меңгеруіне жеңіл әрі түсінікті болуын қадағалайды.
Ырғақ (ритм)-қозғалыс элементерін пайдаланумен дыбыстың динамикасы, ансамблдің сипаты жөнінде алғашқы түсініктер береді.Бұл ұрып ойнайтын аспаптарды үйренудің алдында біраз балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді.
Жаттығу жұмысы:
Орындалатын шығарма:
Оош
Естияр және ересек топтарында қоңырау,үшбұрыш,асатаяқ, тайтұяқ, дабыл,дауылпаз аспапатарында әуені көңілді, жеңіл, өлшем ; шығармаларды ойнатуға болады.Балалар аспапатардың дыбысын ажырата
отырып аспапта қалай ойнау керек екендігін меңгере алады, ойнау шеберліктері арта түседі.Шығарманың ырғағын, жылдамдығын өздерінше анықтай біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |