Өзін-озі тексеру сұрақтары
Электролиз дегеніміз не?
Фарадейдің бірінші заңы.
Фарадейдің екінші заңы.
Электр тогы дегеніміз не?
Электр тогын тасымалдаушы бөлшектер қандай?
Поляризация деп қандай құбылысты айтамыз?
Электрофорез дегеніміз не?
Электрофорез құбылысы қайда қолданылады?
Дәріс №10. Электромагнит өрісінің биологиялық әсері.
1 Электростатикалық және тұрақты магнит өрістері, олардың тірі организмдерге әсері.
Электр зарядтарының айналасында электр өрісі болады. Қозғалмайтын зарядтардың айналасында электр өрісі, ал магнит өрісі тұрақты магниттің және бойында тоғы бар өткізгіштің айналасында пайда болады. Осы екі өріс бір-бірімен тығыз байланысты. Айнымалы электр өрісі айнымалы магнит өрісін және керісінше магнит өрісі электр өрісін туғызады. Осы екеуі электромагниттік өрісті құрайды. Магнит өрісінің организмге тигізетін әсері мен тірі организмнің туғызатын магнит өрісін зерттейтін бір саласын магниттік биология деп атайды. Магнит өрісінің адам, жануар организміне әсері өте ерте заманда-ақ зерттеле бастаған. Магнит өрісінің нерв жүйесіне жақсы әсер ететінін кезінде орыс ғалымы С.П. Боткин ашқан болатын. Организмде пайда болатын биотоктар өте әлсіз магнит өрісін туғызады. Айталық, осындай магнит өрісін жүрек биотогы да тудырады екен.
Жасалған лабораториялық зеттеулер магнит өрісінің әсерлері мынадай:
Тұрақты магнит өрісінің ең күшті әсері қан айналыс жүйесіне беріледі. Тамырлар кеңиді, әсіресе өкпедегі, бауырдағы, бездердегі.
Лейкоциттер саны артады, эритроциттердің шөгуі артады.
Мидың электрлік активтілігі өзгереді.
Жануарлардың қозғалыс белсенділігі өзгереді.
Сонымен қатар, мынадай да әсерлер болады:
1. Қан айналысын тежейді. Биологиялық сұйықтарда сыртқы тұрақты магнит өрісі әсерінен индукциялық токтар пайда болады да, олар қанның тамырлар арқылы өтуіне бөгет жасайды.
2. Жүйке талшықтары арқылы электр импульстері өткенде оларға Ампер күші әсер етеді, соның әсерінен талшықтар ығысады, майысады. Ленц заңы бойынша оларда өздік индукция тогы пайда болады да, ол импульстің талшық арқылы өтуін тежейді.
3. барлық молекулалар магнит моментіне ие. Магнит өрісінде оларға механикалық момент әсер етеді. Биологиялық активті молекулалардың ориентациясы биохимиялық реакциялар кинетикасына әсер етуі мүмкін.
Күннің белсенділігі 11 жылда қайталанып отырады. Күн белсенділігінің ең жоғары және ең төменгі шегі биологяилық процестерге беріледі. Күн белсенділігінің 11 жылдық цикліндегі максимумы маңында магниттік дауыл деген құбылыс байқалады. Магниттік дауыл деп жердің магнит өрісінің күшті ұйтқуы нәтижесінде жер магнетизмі элементтерінің біркелкі тәуліктің жүрісінің кенеттен бұзылуын айтады. Міне осы магнит дауылы биологиялық процестердің жүруінің көп әсерін тигізеді.
2 Электрлік терапия.
Электротерапия дегеніміз жоғары жиілікті токтар мен электромагнит өрісін адам мен жан-жануарларды емдеуге қолдану әдістерінің бірі. Электротерапея әдістерінің кейбіреуін қарастырайық: Гальванизацитялау әдісі – уақытқа байланысты өзгермейтін тұрақты электр тогын емдеуге қолдану. Бұл әдіс арқылы организмге емдік заттар енеді, олардың фармакологиялық әсері жоғары болады және ешқандай зяинды эффектілері болмайды.
Дарсонвализация - жоғары жиілікті токтың айнымалы импульсі арқылы әсер ету. Дарсонвализация ауруды білдірмеу, жұмсақ мускулатурадағы спазманы болдырмау, тамырлардың варикоздық ұлғаюын кезінде қан тамырларының созылмалы болуын күшейту, сонымен қатар гипертония, невроз, ұйқысыздық сияқты ауру түрлері кезінде тағайындалады.
Диатермия - кернеуі төмен, ток күші жоғары жоғары жиілікті токпен организмге әсер ету. Ол кезде қан айналымы, зат алмасу процессі, организмнің иммунитеті күшейеді. Диатермия созылмалы ауру түрлерін емдеуге қолданылады.
Сонымен қатар электротерапияның басқа түрлері де қолданылады, мысалы УВЧ терапия – жиілігі 30 –дан 3000 МГц аралығындағы электромагниттік өріспен әсер ету. Бұл ауыртпайтын әдіс. Белгілі бір дозаларында тамырлар кеңейеді, қан қысымы азаяды.
Өзін-озі тексеру сұрақтары
Электростатикалық өріс дегеніміз не?
Магнит өрісі қалай пайда болады?
Электр және магнит өрісінің қандай әсерлері бар?
Электротерапея дегеніміз не?
Электротерапияның қандай әдістері бар?
Дәріс № 11. Фотобиологиялық процестердің сипаттамалары және физиканың заңдарының оларда қолданылуы. Белоктардың, нуклеин қышқылдарының оптикалық қасиеттері.
1 Жарық табиғаты.
Жарықтың табиғаты өте күрделі. Толқын ұзындықтары 380-760 нм электромагниттік толқындарды жарық деп атайды. Электромагниттік теория бойынша жарық көлденең электромагниттік толқын, ендеше жарық әсері электромагниттік толқынның әсері болып табылады. Ол теория бойынша электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы мынаған тең:
мұндағы - ортаның электрлік және магниттік өтімділіктері.
Электр өрісінің кернеулік векторы мен магнит өрісінің кернеулік векторы өзара перпендикуляр жазықтықта тербеледі, ал векторы толқынның таралу бағытын көрсетеді. Жарық заттардың бетіне түскен кезде атомдар мен молекулалардың теріс зарядталған электрондарына айнымалы электр өрісі әсер етеді де, магнит өрісінің тарапынан болатын әсер өте аз болады. Сондықтан, жарықтың таралу процестерінде электр өрісінің кернеулік векторы басты роль атқарады.
Жарықтың толқындық қасиеттерін көрсететін құбылыстар дифракция, интерференция, поляризация, дисперсия, ал корпускулалық қасиетін көрсететін құбылыстыр фотоэффект, Комптон эффект.
Оптикалық құбылыстарды тек жарық пен заттың бір-біріне әсерлерін есепке ала отырып қана толық ұғынуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |