Педагогикалық практикалар мына шарттар арқылы өткізіледі:
мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі - тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;
студент оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студентердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.
психологиялық-педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.
бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау;
педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағыттылығы;
Достарыңызбен бөлісу: |