9 – лекция.
Тақырыбы: Аласа старт.
Жоспары:
1. Аласа старттың алғашқы қимылы
2. Аласа старттағы тыныс алу ережесі
Әдебиеттер:
Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі. Э.Ж.Тілеуов, оқу құралы. Шымкент – 2003 ж
Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі. П.ғ.қ.Р.Р.Аманбаев, типтік оқу бағдарламасы. Алматы – 2001 ж
Теория и методика физического воспитания. ( под ред. Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова – М: ФИС, 1976 гл. І-ІІ ).
Матеев Л.П.Теория физической культуры – М.ФИС.1991 г
Теория спорта / Под ред. В.Н.Платонова – К: Вищашк., 1987 г
Лекцияның мәтіні
1 Аласа старттың алғашқы қимылы. Атақты жүгірушілер қысқа қашықтыққа жүгіруге арналған сөрелік тірегішті қолданды, оның көлемі әр түрліболады .2серетте көп тараған сөрелік тірегіш көрсетілген Бұл тірегіштің тұрақты бұрыш мөлшері 45 градус. Жарыс тәртібі бойынша әр спротшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етіледі, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей етіп жасалады. Артқы тірегіштің бұрышын 80 градусқа, дейін өзгертуге болады. Сөре сызығында тірегішті орналастыру мынандай түрге бөлінеді: 1. Әдеттегі стартта алдыңғы тірегішті сөре сызығынан 1-1,5 табан, ал артқы тірегішті тізе ұзындығы мөлшерінде 2. Таяу старт кезінде артқы тірегіш алдыңғы тірегішке жақындастырылады 3. Созылмалы старт кезінде алдыңғы тірегіш сөре сызығынан алшақ қойылады Бірінші тірегіштің сөре сызығына қатысты қойылуы жеңіл атлешінің бойына және тірегіштің ара қашықтығына байланысты. Тірегіштің дұрыс қойылуы, старттан дұрыс шығудың бірден-бір кепілдемесі. " Стартқа " деген бұйрық берілгеннен кейін, жүгіруші тірегіштің алдына тұрып, еңкейіп алақанды жерге тірей, аяғының табаның алдыңғы тірегішке қояды, содан кейін, жүрелеп отырып, екінші аяғының табанының артқы тірегішке яды да, артқы қойылған аяғының тізесін жерге тірейді, қолдарын сөре сызығына жеткізбей қояды, иықтың кеңдігіндей етіп саусақтарын жерге тірейді, үлкен бармақтар бір-біріне қарама-қарсы ал басқа саусақтар сырт жаққа қаратылып құйылады. Бұл кезде иық тұра старт сызығы үстінде одан сол ғана алға шығып тұрады. Табан тірегішті сезіп, дене сығылмай бос болуы қажет. .
2 Аласа старттағы тыныс алу ережесі. Сақтал бұйрығы бойынша арт тізені жерден көтеріп, денені сол ғана алға қарай еңкейтіңкіреп жүгірушінің жамбасы, иық деңгейінен жоғары кетеріледі. Дене қандай өзгерісте болса да, екі аяқты тірегіштен босатпау қажет. Дененің ауырлық күші алдыңғы тірештен аяқ пен қол арасына бірдей түсіреледі. Денені жоғары көтерумен бірге баяу тыныс алып, жүгіруге даяр тұру керек. Осы кезде назарды берілетін дыбысқа аудармай, мәре сызығының қозғалысына аудару керек. Дыбыс берілгеннен кейін, жүгіруші денесін алға қарай ұмтылдырадыда, екі аяен бірдей серпіледі. Артқы аяқ тірегіштен серпіліп алға қарай қозғала бастайды. Одан кейін тірегішті аяқ жұмысқа қосылады. Алдыңғы тірегіштен серпілген аяқтың қозғалыс бұрышы әйгілі сприншілерге мынандай 32-44 градус ( В.Борзов, Э.Фигорола, К.Льюис) ал төмн разрядты балларда 60-65 градус. Тірегіштен қатты серпінмен шығу көбінесе артқы аяқтың жедел қозғалуына, оған қарама-қарсы қолдың алға шығуына байланысты. Ал екінші қол сермеліп артқа беріледі.
10 – лекция
Достарыңызбен бөлісу: |