Тізбекті реакция жүзеге аса алатын белсенді зонаның (кеңістіктің) ең аз өлшемі сындық өлшемдер деп аталады. Сындық өлшемді жүйедегі бөлінетін заттың ең аз массасы сындық масса деп аталады.
Басқарылатын тізбекті реакция жүзеге асатын және сүйемелденетін құрылғы ядролық реактор деп аталады.
Жылулық нейтрондармен жұмыс істейтін ядролық реактордың белсенді зонасында жылу бөлетін элемент, баяулатқыш болады. Баяулатқыш нейтрондар жылдамдығын жылулық жылдамдыққы дейін кемітеді. Жылу бөлетін элементтер бөлінетін материалдан жасалынған блок болып табылады. Олар герметикалық қабықшаға салынады, нейтрондарды әлсіз жұтады. Жылу бөлгіш элементтер ядролар бөлінген кезде бөлініп шығатын энергия есебінен қызады. Сондықтан оларды салқындату үшін жылу тасығыш ағысына орналастырады. Белсенді зона шағылдырғышпен қоршалады. Ол нейтрондардың жоғалып кетуін азайтады. Тізбекті реакция нейтрондарды күшті жұтатын материалдардан (B, Cd) жасалған стерженьдермен басқарылады.
Атом ядроларының синтез реакциясы деп жеңіл ядролардан ауыр ядролардың түзілуін айтады.
Атом ядроларының синтез реакциясында бір нуклонға келетін бөлінген энергия ауыр ядроларды бөлу реакциясындағыдан едәуір үлкен (3,5 МэВ/нуклон/ 0,84 МэВ/нуклон). Синтез реакция температурада өтеді. Сондықтан атом ядроларының синтез реакциясын термоядролық реакция деп те атайды.
Іргелі өзара әсерлесулердің төрт типі бар:
күшті, электромагниттік, әлсіз және гравитациялық.
Күшті немесе ядролық өзара әсерлесу атом ядроларындағы протондар мен нейтрондардың байланысын қамтамасыз етеді.
Электромагниттік өзара әсерлесу негізінде электромагниттік өрісінен байланысты жатқан өзара әсерлесу ретінде сиптталады. Ол нейтроно, антинейтроно және фотоннан басқа барлық элементар бөлшектерге тән. Электромагниттік өзара әсерлесудің арқасында атомдар мен молекулалар түзіледі.
Әлсіз өзара әсерлесу – микродүниеде өтетін барлық өзара әсерлесулердің ішіндегі ең баяуы. Ол нейтроно мен антинейтрононың қатысуымен өтетін өзара әсерлесуге (мысалы, ыдырау,-ыдырау), сондай-ақ ыдырайтын бөлшектің өмір сүру уақытының жеткілікті ұзақтығымен сипатталатын нейтриносыз процестерге де жауапты.
Гравитациялық өзара әсерлесу барлық бөлшектерге тән, бірақ элементар бөлшектердің массасы өте аз болғандықтан ол микродүние әлемінде мәнді емес.
Антибөлшек өзіне сәйкес бөлшектен электр зарядының, магниттік моментінің немесе басқа сипаттамасымен өзгешеленетін элементар бөлшек.
П. Дирак релятивистік толқындық теңдеу негізінде позитронның болатындығын болжады. К. Андерсон оны ғарыштық сәуледен байқады. Электрон мен позитрон бөлшек пен антибөлшектің жалғыз жұбы емес. Релятивистік кванттық теория бойынша әрбір элементар бөлшектің антибөлшегі болады (зарядтық түйіндестік принципі). Тәжірибе фотон мен - мезоннан басқа әрбір бөлшекке антибөлшек сәйкес келетіндігін көрсетеді.
Дирак теориясы бойынша бөлшек пен антибөлшек соқтығысқанда олар өзара аннигиляцияланады. Нәтижесінде басқа элементар бөлшектер немесе фотон пайда болады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |