ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«Нейтрондық физика» арнайы курсы бойынша зертханалық сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
«Сосна» дозиметр-радиометрі көмегімен заттардағы радионуклидтердің көлемдік активтілігін және бета-сәулелердің ағынының тығыздығын анықтау
Жұмыс мақсаты:. «Сосна» дозиметр-радиометрінің жұмыс істеу принципімен танысу, оның көмегімен заттардағы радионуклидтердің көлемдік активтілігін және бета-сәулелердің ағынының тығыздығын анықтау
Жұмыстың істеу тәртібі:
1. «Сосна» дозиметр-радиометрінің жұмыс істеу принципімен танысу,
2. «Сосна» дозиметр-радиометрі көмегімен заттардағы радионуклидтердің көлемдік активтілігін анықтау
3. «Сосна» дозиметр-радиометрі көмегімен заттардағы бета-сәулелердің ағынының тығыздығын анықтау
4.Алынған нәтижелер бойынша сараптамалар жасау.
Бақылау сұрақтары:
1. «Сосна» дозиметр-радиометрінің құрылысы қандай?
2. Заттардағы радионуклидтердің көлемдік активтілігіқалай анықтауға болады?
3. Бета-сәулелердің ағынының тығыздығы дегеніміз не?
4. Осы жұмыста келтірілген әдістің дәлдігін жоғарлату үшін не істеу керек?
2. Газоразрядты есептегіштің жұмыс принципін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Жарықтың корпускалық табиғатын дәләлдеу, эксперимент жүзінде бақылап, микроәлем өлшемдерін бағалау.
Құралдар мен жабдықтар:газды лазер, коллиматор, дифракциялық тор, миллиметрлік шкаласы бар экран, сызғыш.
Жұмысты орындау тәртібі
1. Лазер құрылысы мен оны қолдану тәртібімен танысу.
2.Лазер шкаласына дифракциялық торды орналастырып, экранда дифракциялық спектрдің анық кескінін алу керек.
3. Қажетті өлшеулер жүргізіп, таблицаны толтыру керек.
4. Лазер сәулеленуінің толқын ұзындығын анықтап, лазер шығаратын фотондар энергиясы мәнін есептеу керек.
Бақылау сұрақтары.
1. Ырықсыз сәуле шығарудың еріксіз сәуле шығарудан айырмашылығы неде?
2. Лазердің активті ортасы дегеніміз не?
3. Лазердің оптикалық резонаторы дегеніміз не?
4. Лазердің сәулеленуінің қасиеттерін атаңыз?
5. Лазердің жарық қарқындылығының үлкендігін қалай түсіндіруге болады?
3.Ядролық реакцияларды зерттеуде фотоэмульсия құбылысын қолдану.
Жұмыс мақсаты: Фотоэмульсия әдісін ядрорлық реакцияларды зерттеуде қолдану.
Құралдар мен жабдықтар: микроскоп, фотопластиинкалар
Жұмысты істеу реті.
1. Микроскоп көмегімен фотопластинкадан ядролық бөлшектер іздерін табу.
2. Формула бойынша бөлшектің еркін жүру жолын анықтау.
Бақылау сұрақтары:
1. Фотоэмульсия әдісі туралы не білесіңдер?
2. Фотоэмульсияның қандай түрлері бар?
3. Ядролық реакциялардың қандай түрлері бар?
«Нейтрондық физика» арнайы курсы бойынша СОӨЖ өткізуге
арналған әдістемелік нұсқау
СОӨЖ жұмыстарын ұйымдастыру:
Студенттердің белгілі бір тақарыпта жасаған конспектісімен жұмыс жүргізулері.Жұмыс барысында оқытушы тақырып материалына қысқа шолу жасайды. Студентпен бірлесе отырып конспектіде жазылған формулалар, анықтамалар мен олардың физикалық мағанасы айқындалады. Сипатталған процестер мен құбылыстардың арасындағы логикалық байланыс нақтыланады.
- Студенттер орындаған лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін,
өңдеу әдістерін талдау. Шамалардың физикалық мағанасын айқындау. Өлшеу нәтижелерін график арқылы көрсету. Алынған графиктер арқылы басқа физикуалық шамаларды өрнектеп, байланыстарын тағайындау.
- Студенттердің пәннің жеке тақырыптарды меңгеру нәтижелерін тексеру, яғни білімдерді бағалау (тест бақылау, жазбаша жұмыс).
- Компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану. Тақырыптарды меңгеру виртуаль компьютерлік демострациялар арқылы көрсетілетін электрондық оқулықтарды қолдану. Есептердің шығару жолдарын айқындайтын электрондық жетекшілірдің көмегін қолдану, яғну үйрету – көмекші программаларды пайдалану.
Студент СОӨЖ жұмыстарын орындау және өткізу графигіне сәйкес, әдебиеттер мен әдістемелік нұсқауларды қолданып, курстың жеке тақырыптары бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды:
Дозиметрлік өлшем бірліктер. Радиоактивтілік. Оның өлшем бірліктері.
Ионизация. Сәулелену дозасы. Ядролық сәулеленудің зат құрылысына әсері. Альфа – сәулеленудің затпен әсері. Бета-бөлшектердің затпен әсерлесуі. Гамма сәулелердің затпен әсерлесуі. Нейтрондардың затпен әсерлесуі..
Ядролық сәулеленудің химиялық әсері. Химиялық детекторлар
Сәулелердің биологиялық әсері.Иондаушы сәулелердің тірі ағзаға әсерінің ерекшеліктері. Иондаушы сәулеленудің алғашқы әсер ету механизмдері.
Дозиметрия және қорғану. Радиоктивті ластанған зонадағы сыртқы гамма сәулеленуден қорғанудың кейбір тәсілдері. Сәулеленудің рұқсат етілген дозаларын сақтау.
1
«Нейтрондық физика» арнайы курсы бойынша СӨЖ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.) білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады.
Студенттер шығарған жеке үй тапсырмасын бағалау өлшемінің негізіне осы белгілердің бәрін алуға болады: физикалық құбылыстың негізгі мәселесінің мазмұнын құрайтын физикалық шамалардың,
заңдардың молырақ қамтылуы; есептердің проблемалық (шығармашылық) деңгейі; мәселенің тереңірек талданып зерттелуі; шешу тәсілдерінің ең оңтайлысын таңдап алуы және т.б.
Әр студент орындайтын жеке үй тапсырмасына (бір жеке үй тапсырмасында физиканың бір бөлімі бойынша берілген 3-5 есеп болуы мүмкін) қойылатын максимал және миниамал баллдар силлабуста көрсетіледі. Әрбір жеке есептің шығарылуы бір есепке қатысты осы баллдар аралығында және айтылған өлшемдер (критерилер) бойынша бағаланады, сосын бүкіл тапсырмаға максимал және минимал баллдардың аралығында тиісті балл беріледі.
Максимал балл мысалы, «5» балл қатесіз және кемшіліксіз немесе бір ғана болымсыз кемшілікпен шығарылған есепке қойылады. Одан төменгі балл, мысалы «4» балл толық шығарылған, бірақ бірден аспайтын дөрекі емес және бір болымсыз қатемен немесе болымсыз қателер екіден аспаған жағдайда қойылады.
Одан төменгі балл мысалы «3» балл студент есептің тең жартысынан астамын дұрыс шығарғанда немесе дөрекі қатесі екіден (немесе дөрекі қатесі бірден және дөрекі емес қатесі бірден, сондай-ақ болымсыз қатесі бірден) аспаған жағдайда қойылады.
Тапсырма минимал баллдан төмен балмен бағаланған жағдайда ол студентке қайта шығару мақсатында қайтарылып беріледі.
Егер кейбір есептерді студенттің өз бетімен шығарғандығы күдік туғызса, онда одан оқытушы есепті қалай шығарғандығын түсіндіріп беруін талап ете алады. Бағаға көңілі толмаған студент оған қатысты оқытушыға тілегін білдіруіне болады.
Студент СӨЖ тапсырмалары мен оларды орындау графигіне сәйкес төмендегі тапсырмаларды орындап тексеруге беруге міндетті:
Дозиметрлік өлшем бірліктер. Радиоактивтілік. Оның өлшем бірліктері
Ионизация. Сәулелену дозасы. Ядролық сәулеленудің зат құрылысына әсері. Альфа – сәулеленудің затпен әсері. Бета-бөлшектердің затпен әсерлесуі. Гамма сәулелердің затпен әсерлесуі. Нейтрондардың затпен әсерлесуі..
Ядролық сәулеленудің химиялық әсері. Химиялық детекторлар
Сәулелердің биологиялық әсері.Иондаушы сәулелердің тірі ағзаға әсерінің ерекшеліктері. Иондаушы сәулеленудің алғашқы әсер ету механизмдері.
Дозиметрия және қорғану. Радиоктивті ластанған зонадағы сыртқы гамма сәулеленуден қорғанудың кейбір тәсілдері. Сәулеленудің рұқсат етілген дозаларын сақтау.
Білімдерді бақылау-өлшеу құралдары
1.Электронның ядроға құлауына не рұқсат бермейді?
A) Бор постулаттары
B Де-Бройл) гипотезасы
C) Энергияның сақталу заңы
D) Гейзенбергтің анықталмағандық қатысы
E) Импулстің сақталу заңы
2. Электронның импульс моментін кванттау формуласы
A)
B)
C)
Достарыңызбен бөлісу: |