Оқу-əдістемелік кешен 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен əдістемесі» мамандығына арналған мемлекеттік стандарт жəне Қр бжҒМ 28. 09



жүктеу 5,17 Kb.
Pdf просмотр
бет26/36
Дата18.12.2017
өлшемі5,17 Kb.
#4695
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36

Предметі:  2  –  сыныптың  көркем  еңбек  бөлімі  оқу  материалының 
мазмұнында күнтізбелік – тақырыптық жоспарын құрастыру. 
 
Мақсаты:  көркем  еңбек  бөлімінің  тақырып  мазмұнының  күнтізбелік  – 
тақырыптық жоспарының жобасын жасау. 
 
Міндеттері:  
-  жұмыстың міндеттері жəне мазмұнымен ұқыпты оқып танысу; 
-  үлгі күнтізбелік – тақырыптық жоспардың құрылымы жəне мазмұнын 
қарастыра түсіну; 
-  күнтізбелік  –  тақырыптық  жоспарды  құруға  қажетті  дидактикалық 
талаптарды нормативті оқу - əдістемелік құжаттардан оқып қарастыру; 
-  күнтізбелік – тақырыптық жоспардың жобасын жасау; 
-  орындалған жұмыстың мазмұнын тексеру жəне ол туралы есеп беру. 
 
Жұмыстың  құралдары:  бастауыш  мектептің  еңбекке  баулу  пəнінің 
мемлекеттік  міндетті  білім  беру  стандарты;  2  сыныпқа  арналған  еңбекке 
баулу пəнінің оқу бағдарламасы, оқу құралдары, нормативті оқу - əдістемелік 
құжаттарды  жасаудың  дидактикалық  талаптары,  күнтізбелік  –  тақырыптық 
жоспардың үлгісі, қосымша оқулық құралдары. 
 
Жұмысты орындауға нұсқау. 
 
 
Сыныпқа  арналған  көркем  еңбек  оқу  материал  бөлімінің  мазмұнымен 
тапсырма №1 толық таныса қажетті дидактикалық талаптарға, күнтізбелік – 
тақырыптық жоспар үлгісіне негізделе, оның кестедегі бағаналы құрылымын  
анықтауға  кіріседі.  Күнтізбелік-тақырыптық  жоспардың  құрылым  үлгісі 
төмендегі  кестеден  байқауға  болады.  Орындаушы  өзінің  білім  дəрежесіне 
сəйкес  бағананың  қосымша  атаулары  мен  мазмұнын  жетілдіруге  мүмкіндігі 
бар.  Күнтізбелік  жоспарда  негізінен  бөлімнің  жəне  тақырыптың  атауы, 
тақырыптың  қысқаша  мазмұны,  жалпы  сағат  көлемі,  əр  сабақтың 
тақырыбына  бөлінген  нақты  уақыт,  оның  мақсаттары  сияқты  белгілері 
анықталуы қажет.   
Əрбір  тақырыптық  оқу  мазмұнын  анықтағаннан  кейін,  қолданылатын 
оқытудың  формаларын,  əдістерін,  құралдарын  жəне  практикалық 
тапсырмалардың  түрлерін  көрсетілген  бағаналарда  жазылады.  Күнтізбелік 
жоспардың соңғы бағаналарында пайдаланатын оқулық құралдардың аттары 
мен авторлары, үй тапсырмасы белгіленеді. 
 Күнтізбелік  -тақырыптық  жоспардың  жобасы  жасалынғаннан  кейін, 
оқытушыдан  тəжірибеге  жіберілуі  үшін  рұқсат  алынады.  Ол  үшін 
орындаушы  жасалынған  жобаның  құрылымы  мен  мазмұнына  теориялық 
негіздеме  жасап,  дұрыс  орындалғаны  тексерілуі  тиіс.  Бұл  кезеңнен  кейін 
студент  күнтізбелік  жоспардың  жобасын  мектеп  тəжірибесінде  сынап, 
қолайлығы  мен  тиімділігі  туралы  бастауыш  мектеп  мұғалімдерінен 


қанағаттырарлық  пікір  алып,  оқытушыға  төмендегі  құжаттармен  есеп  бере 
тапсырады: 
-  күнтізбелік – тақырыптық жоспарды құрудың теориялық негіздемесі; 
-  күнтізбелік – тақырыптық жоспардың үлгісі. 
 
Жұмыстың орындалу шартына ескертулер: 
 
-  студент  күнтізбелік  –  тақырыптық  жоспарды  жобалауда  логикалық 
сəйкестікте  оқу  материалының  мазмұнын  жетілдіруге,  толықтыруға, 
тақырыпты өзгертуге, жаңартуға, ықшамдауға мүмкіндігі бар; 
-  күнтізбелік – тақырыптық жоспардың кесте құрылымы мен мазмұнын 
жетілдіруге мүмкіндігі бар; 
-  оқытудың  дəстүрлі  жəне  жаңа  құралдарын,  формаларын,  оқыту 
əдістерін, тапсырмаларды өз еркімен дидактикалық талапқа сай таңдай 
қолдана алады; 
-  күнтізбелік  –  тақырыптық  жоспардың  оқу  құралдары  оқушының 
танымдық,  психикалық  жəне  физиологиялық  функциялары  мен 
процестерін дамытуға ықпалының болуы; 
-  оқу құралдарының дидактикалық принциптеріне сəйкес келуі; 
-  күнтізбелік  жоспардың  қарастырылуындағы  құрылымы  мен  мазмұны 
логикалық үндестікте болуы. 
 
Тапсырма № 1. 
 
Бөлім:Көркем еңбек (ұлттық киім – 8 сағат). 
 
Техникалық  мəліметтер.  Ұлттық  киімдер  туралы  мəлімет.  Ұлттық 
киімдердің  тігілуі,  қолданылуы,  қиып  жапсыру.  Қауіпсіздік  техникасы 
ережелерін сақтау жəне тазалық- гигиеналық талаптарды орындау. 
Жұмыста  қолданылатын  тəсілдер.  Өлшеу,  пішу,  қию,  тігу,  желімдеу, 
біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану. 
Шамамен  берілетін  тапсырмалар.  Жасайтын  бұйымдар:  қалапақ, 
сəнделген  тақия,  шапан,  тұмақ,  сəукеле,  кимешек,  көйлек,  етік,  мəсі-кебіс, 
шалбар, тон. 
 
 
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар үлгісі. 
 
Рет 
сан
ы 
Тараула
ры  мен 
тақыры
птары 
Тақыр
ыптың 
мазмұн
ы 
Сағ
ат 
сан
ы 
Уақыт
ы 
Сабақт
ың  
түрі 
Сабақт
ың 
əдістері 
Пəнарал
ық 
байланы
с  
Көрне
кілік 
Машы
қтық 
жұмыс 
Құрал
дар
1.
2.   
3.   
4. 
5.   
6.   
7.   
8.   
9.   
10.  
11.
 
Тоқсан 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
Тексеру сұрақтары. 
 
1.  Күнтізбелік – тақырыптық жоспар дегеніміз не? 
2.  Күнтізбелік  –  тақырыптық  жоспардың  құрылымы  мен  оның  мазмұны, 
қандай белгілерімен ерекшелінеді? 
3.  Күнтізбелік жоспарды құру, қандай құжаттар негізінде орындалады? 
4.  Күнтізбелік жоспардың қызметі қандай? 
5.  Күнтізбелік жоспардағы оқу материалының көлемі қандай? 
6.  Дидактикалық тапсырмалар мен қолданылатын құралдардың мазмұны, 
қандай мөлшерде көрсетіледі? 
7.  Күнтізбелік  жоспардың  ішіндегі  бөлім  мен  сабақ  тақырыптарының 
жазылу себебі неде? 
8.  Күнтізбелік – тақырыптық жоспардан кейін кезектегі оқу - əдістемелік 
құжат не болып табылады? 
 
 
Ұсынылатын əдебиет. 
 
1.  Бастауыш  білім  беру  мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандарты.  - 
Алматы, 2003 ж. 
2.  Выгонов В. В. Практикум по трудовому обучению. -М., 1999 ж. 
3.  Геронимус Т. М. Урок труда. Я все умело сам (УМК). -М., 1998 ж. 
4.  Гукасова А. М. Методика трудового обучения. -М., 1990 ж. 
5.  Давлетова  К.  Ш.  Методика  трудового  обучения  в  начальных  классах. 
Уральск, 2005 ж. 
6.  Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(2 сынып). -Алматы, 2003 ж. 
7.  Конышева Н. М. Методика трудового обучения младших школьников. 
-М., 1988ж. 
8.  Оралбекова Т. Еңбекке баулу (2 – сынып). -Алматы,2002  ж.  
9.  Хворостов  А.  С.  Декоративно  –  прикладная  искусства  в  школе.  –
М.,1995 ж.  
10. .Сатканов  О.  С.  Методика  трудового обучения  в  начальных  классах.  -
Алматы, 1995 ж. 
 
Лабораториялық жұмыс №3 
 
Тақырыбы:  оқушыны  қағаздан  (картоннан)  жұмыс  орындауға  үйретудің 
оқыту мазмұны жəне оның технологиясы.  
 
Объектісі:  бастауыш  мектептің  оқу  процесіндегі  1  сынып  еңбекке  баулу 
пəнін оқыту мазмұны. 
 


жүктеу 5,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау