- студент бөлім бойынша оқу бағдарламасының модулін жасауда
дидактикалық принциптерге, критерияларға, талаптарға міндетті түрде
негізделеді;
- белгіленген оқу материалының көлемін, мазмұнын, аумақтығын
өзгертуге толықтыруға, ықшамдауға, жетілдіруге мүмкіндігі бар;
- оқу бағдарламадағы оқу мазмұнының өзгеруі оқушының танымдық,
психикалық жəне физиологиялық функциялары мен процестерін
дамытуға ықпалының болуы;
- оқушының белсенділігі мен қызығушылық қабілетінің артуына оқу
материалының ықпал болуы;
- анықталған практикалық іс - əрекеттердің жүзеге асырылу мүмкіндігі;
- өзгертілген оқу материалының өзектілігі, қолданбалылығы жəне өмірге
мəнділігінің болуы;
- белгіленген уақыт мөлшері сабақтың өткізілу тəртібіне сəйкес келуі;
- жұмысты орындаушы студент оқытушыға тапсырады:
- модулді оқу бағдарламаның тексерілген үлгісі;
- оқу бағдарлама жобасының теориялық негіздемесі.
Тапсырма №1.
Тақырып: Қызмет көрсету(8 - сағат).
Жұмыс орнын дайындау жəне техника қауіпсіздігі.
Жұмыс орны əр уақытта жинақы əрі ретті болуы керек. Жұмыс
үстеліне тек осы сабақта пайдаланатын құралдар ғана қойылады.
Құралдарды барынша сақтықпен пайдаланып, техника қауіпсіздігі
ережелері мен жеке гигиенаны мүлтіксіз сақтау керек. Мұндай сақтық
өздеріңді жəне қасыңда отырған көршілеріңді ойда жоқта жарақаттанып
қалудан қорғайды.
Сендерге еңбек мəдениетінің негізгі ережелері ұсынылады:
- сабаққа арнаулы киіммен келу(алжапқыш, жеңсе немесе халат, жаулық
немесе телпек);
- құрал-жабдықтарды, сурет, сызба, жазу жазатын жұмыс дəптерлерін
ретке келтіріп отыру;
- тек дұрыс құралмен ғана жұмыс жасау, оларды өзінің тиісті жерінде
пайдалану;
- техника қауіпсіздігінің ережесі бұзылған жағдайда, жараланғанда тез
мұғалімге хабарлау.
Жеміс сақтауды үйренейік.
Еске түсірейік: əрбір алманы қағазбен орап, сөреге қойып, жəшікте
сақтайды.
Алма мен алмұртты дөңгелектеп турап, ішіндегі дəнектерін алып, əр
түрлі тəсілмен кептіреді.
Тосап қайнатарда жемісті ұрығынан тазартып, ұсақтап тураймыз.
Сақтауға
қойылатын
көкөністерді
іріктеуге
жəне
тазалауға
көмектесеміз.
Сəбізді сақтау үшін, оны салқын жертөлеге қоярдан бұрын далаға
жайып, кептіру керек. Жабысқан балшық кеуіп, үгітіліп түседі. Сəбіздің
сабағын қайта көктемейтіндей етіп, тұқыртып кеседі. Қоймаға сақтағанда,
сəбізді үлкен жəшіктерге салу керек. Жəшіктердің жан-жағы тесілуі тиіс. Ол
ауа кіріп тұру үшін қажет. Сəбізді құрғақ құмға көміп, жəшіктерге салып,
жертөлеге сақтайды.
Киімге түскен дақты кетіру.
Киімдерді қолмен немесе кір жуғыш машинамен жуады. Сендер
орамалдарыңды, киімдеріңді жуа аласыңдар.
Кір киімдерді құрғақ күйінде себетте, неғұрлым бөлек орында сақтаған
дұрыс. Егер киім ұзақ уақыт жуылмай жатып қалса, кірін кетіру қиын
болады. Капрон шұлықтар мен ұйықтарды мерзімінде жуу керек.
Кір жуудың реті:
1. Жуар алдында мақта жəне кендір маталарды жүн, жібек маталардан
бөліп алу керек.
2. Ұнтақ сабындарды этикеткасындағы жазуын оқып барып таңдаған
дұрыс.
3. Киімді алдын ала ұнтақ сабын қосқан суға салып қояды.
4. Кір киімді сабыны көпіршіген жылы суға екі рет жуады.
5. Үтікті қатты қыздырмай, кепкен киімді іш жағынан үтіктейді.
6. Кейбір тоқыма бұйымдарды үтіктемей-ақ, жеңіл ғана сілкіп алып, тегіс
жерге жайып кептіреді
7. Боялып тоқылған бұйымдарды суға алдын ала салмай жуады.
8. Қыстырғыштарды суға жақсылап шайып алу керек, əйтпесе киімді дақ
қалуы мүмкін.
9. Қазір электр киім құрғатқыштар бар. Ол приборды қолдану үшін үлкен
кісілердің қадағалауымен орындалуы керек.
10. Киімге түскен дақты алдын ала салқын сумен жуып алып, ұнтақ сабын
қосылған сумен тазартады.
Түймебау жасау.
Түймебаудың ұзындығы түйменің өлшемінен екі есе ұзын болады.
Түймебауды екі бүктеп, киімге екі ұшын қайырып тігеміз. Түйме қадайтын
жердің түймебаудың дəл ортасына сəйкес келуін қадағалаймыз. Содан кейін
түймені қадаймыз.
Бөлмені жинау.
Сенбі сайын барлық балалар бірігіп, кесте бойынша өз бөлмеміздің
тазалығын реттейміз. Біз бірінші сыныпта гүлді күту, тақтаны тазалау,
шашылған бұйымдар мен заттарды жинау, тəртіпке келтіру орындалған
болатын. Енді терезенің шаңын сүрту, еденді сыпыру. Терезенің ластануын
жəне шаңын кетіру үшін алдымен ылғал шүберекпен əйнектің бетін сүртеді.
Кейін кепкенін күтіп таза шүберекпен сүртеді. Кейде таза шүберектің орнына
газета немесе жұмсақ таза қағаздармен де тазартуға болады. Қазіргі кезде
бірнеше терезе тазартатын ертінділер сатылады. Олардың əйнекті тазарту
мүмкіндігі өте жоғары. Сондықтан, оны пайдалану кезінде үлкен кісілердің
рұқсатымен, қолдану ережесін дұрыс сақтау қажет болады. өйткені, ол
ерітінді улы химиялық элементтердің құрамынан жасалған. Еденді сүрту
үшінде арнайы еден жуатын шүберекті ылғалдандырып сүртуге немесе
ылғалданған сыбыртқымен тазалауға болады. Пайда болған қоқысты үй
күрегімен жинап қоқыс ыдысына салады.
Тексеру сұрақтары.
1. Оқу бағдарламасы дегеніміз не?
2. Оқу бағдарламаның қызметі қандай?
3. Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұнының сипаты қандай?
4. Еңбекке баулу пəні оқу бағдарламасының басқа пəндердегі оқу
бағдарламаларынан айырмашылығы қандай?
5. Оқу бағдарламадағы тақырыптық оқу материалдарының жазылу стилі
қандай?
6. Еңбекке баулу пəні оқу бағдарламасындағы оқу материалының
бөлімдері қандай?
7. Тақырыптық оқу материалының көлемі бағдарламада мөлшері, қандай
болу керек?
8. Оқу бағдарламасын жасау, қандай құжаттарға негізделеді?
9. Мұғалім оқу бағдарламасын жасағаннан кейін, келесі қандай оқу -
əдістемелік құжатқа көшеді?
Ұсынылатын əдебиеттер.
1. Оқулықтар, оқу - əдістемелік кешеннің құрамы мен оқу
бағдарламаларын əзірлеуге жəне сараптауға қойылатын дидактикалық
талаптар. -Алматы, 2000ж.
2. Бастауыш білім беру мемлекеттік жалпы білім беру стандарты. -
Алматы, 2003.
3. Еңбекке баулу пəнінің оқу бағдарламасы(3 - сынып). -Алматы, 2003 ж.
4. Оралбекова Т. Еңбекке баулу (3 - сынып). -Алматы, 2003 ж.
Лабораториялық жұмыс №2
Тақырыбы: еңбекке баулу пəнінің күнтізбелік - тақырыптық жоспарының
құрылымы мен мазмұны.
Объектісі: еңбекке баулу пəнінің оқу процесіндегі күнтізбелік-тақырыптық
жоспары.
Достарыңызбен бөлісу: |