Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет17/61
Дата16.02.2018
өлшемі5,03 Kb.
#9758
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61

 
51 
Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен 
бітетін  іс  емес,  мұны  оқушылардың  мектепті  бітіргенге  дейін 
дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс. 
 1. Физикалық ойлау деп оқушылардың: 
а)физикалық құбылыстарды бақылау, 
ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу, 
б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды 
анықтау, 
в)  физикалық  құбылыстар  мен  шамалардың  арасындағы 
сандық және сапалық байланыстарды тағайындау, 
г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу 
д)  физикалық  білімдерді  практикада  қолдана  білу 
ебдейліктерін дамытуды түсінеміз.  
Мұның  сапалық  дәрежесін  оқушылардың  мынадай  іс-әреке-
тінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсіл-
дерді  қолдана  білуі,  ә)  физикалық  формулалардың  дұрыстығына 
сеніп,  тексере  білуі,  б)  есеп  шығаруда  тиімді  тәсілдерді  дұрыс 
таңдап  ала  білуі,  в)  физикалық  шамалардың  өлшем  бірліктерін 
тексере білуі, г)физикалық зандылықтардың өмірде қолданылуын 
түсіндіре білуі, т.б.  
Оқушылардың  ғылыми-техникалық  ойлауы  физика  мен 
математиканың  арасындағы  терең  байланысты  таба  білуге, 
олардың  техникада  қолдану  мүмкіндіктерін  алдын  ала  болжай 
білуге, физикалық идеялардан  түрлі техникалық конструкциялар 
мен  модель  сұлбаларды  жасай  білуге  үйрету  арқылы  дамы-
тылады.  Бұған  шала  өткізгіштер  мен  электромагниттік  толқын 
теорияларын  мысал  ретінде  алуға  болады,  себебі  оның  негізінде 
электрониканың және радио телевизиялық техниканың қарыштап 
дамығаны белгілі. 
   
2.  Табиғаттың  объективті  заңы  -  энергияның  сақталу 
және 
айналу 
заңы-мектепте 
оқытылғанда, 
табиғат 
құбылыстарының  өзара  байланыстылығы,  материя  қозғалысы 
формаларының  өзгеруі,  энергияның  сақталуы  туралы  ол  заңның 
негізгі идеясы бүкіл физика курсын "қызыл жіптей көктеп" өтеді. 
Бұл  оқушылардың  диалектикалық  ойлауын  дамытуға  қолайлы 
мүмкіндік  туғызады.  Физикалық  құбылыстардың  арасындағы 
байланыстардың  себеп-салдарларын  анықтай  білуге  үйрету  - 
оқушылардың  диалектикалық  ойлауын  дамытуға  өте  пайдалы 
әдістемелік  тәсіл.  Мысалы,  капиллярлықтың  себебі  –  сұйық-


 
52 
тардың  беттік  керілу  құбылысы,  жарық  жылдамдығының  бір 
ортадан  екінші  ортаға  өткендегі  өзгеруі  -  жарықтың  сынуының 
себебі  дене  жылдамдығының  өзгеруі-күш  әсерінің  салдары,  ал 
ауа салмағының салдары - атмосфералық қысым болып саналады; 
физикалық  парадокстар  мен  софизмдерді  шешу  де  -  бұл  мақсат 
үшін әсерлі тәсілдің бірі. 
2. Оқушылардың  индуктивтік  ойлауы  логиканың  синтездік 
(жалқыдан  жалпыға  көру,  жинақтау)  тәсілі  негізінде  дамы-
тылады.  Мысалы,  балалардың  жұқа  резеңке  шарларын,  футбол 
мен машина баллонының камераларын насоспен үрлеп толтыруы, 
сабын  суы  көпіршіктеріп  шығаруы,  Паскаль  шарымен  (сумен 
және  түтінмен  толтырылған)  тәжірибе  жасауы  арқылы  жеке 
фактіларды  қорытып,  Паскаль  заңын  түсіндіріп,  оның  тұжы-
рымдамасын береміз. 
3. Анализ  (жалпыдан  жекеге  көшу  арқылы  талдау)  тәсіліне 
сүйеніп  оқушылардың  дедуктивтік  ойлауын  дамытуға  болады. 
Мәселен,  Паскаль,  Бернулли,  Ленц  заңдары  энергияның  сақталу 
және  айналу  заңының  дербес  түрі  ретінде  қорытылып  шығары-
лады;  Ньютон  заңдары,  қозғалыс  мөлшерінің  сақталу  заңының 
жеке  бір  дербес  түрі  ретінде  қарастырылады;  Бойль-Мариотт, 
Гей-Люссак,  Шарль  заңдар  -  газның  кинетикалық  теориясының 
дербес  түрі.  Ойлаудың  аналитикалық  және  синтетикалық 
тәсілдері физикалық есептерді шығаруда да көп қолданылады. 
Индуктивтік ойлауды дамытуда бақылаудан және зерттеуден 
алынған  фактілерді  қорытындылаудың  (элементар  бөлшектердің 
қасиеттері, электролиз туралы Фарадей зандары, т.т.) маңызы зор. 
Дедуктивтік  ойлауға  дағдыландыруда  физикалық  құбылыстарды 
классификациялау  мен  жүйелеу,  салыстыру  мен  аналогия  (ұқса-
ту)  тәсілдерін  пайдалану  да  тиімді.  Мысалы,  физика  сабақта-
рында  термометрлердің,  насостардың,  механикалық  қозғалыс-
тардың  түрлері,  тегі,  класы  бойынша  классификациясы  беріледі. 
Мұны тақтада мынадай әр түрлі формада сызып көрсеткен жөн: 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
53 
 Сұлба 3. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мәліметтерді  сұлба  түрінде  берілуі  физикалық  шамаларды 
мәндерінің артуы бойынша талдап, жинақтап, кестеге түсіргенде 
жүйелеу (систематизациялау) тәсілін  қолданудың да  тиісті нәти-
жесі  бар  (мысалы,  денелердің  меншікті  жылу  сыйымдылықтары 
мен өткізгіштердің меншікті кедергілерінің кестелері). 
Физикалық  аналогияға,  жіңішке  және  жуан  өткізгіштіктер 
кедергілеріне  -  тар  және  кең  көшелердегі  адамдар  тобырын, 
тізбектеп  және  параллель  қосылған  өткізгіштіктердегі  электр 
кернеуіне - сондай тармақты су құбырындағы қысымды мысалға 
келтіруге болады. 
Оқушыларды физикалық құбылыстарды салыстырудың күр-
делі формаларына (жоғары сыныптарда) үйретуге болады. Мыса-
лы,  актив,  сыйымдылық,  индуктивтілік  кедергілердің  немесе 
электронды,  ионды,  аралас  электр  өткізгіштердің  өзара  жалпы 
ұқсастықтары  мен  ерекшелік  айырмашылықтарын  олардың 
ажырата білгені жөн. 
Төменгі  сыныптарда  денелерді  (қатты,  сұйық,  газ  тәрізді), 
көлемі  мен  формасын  сақтау  қасиеті  бойынша,  механикалық 
қозғалыстардың  жылдамдығы  мен  траекториясы  бойынша  клас-
сификациялауға  үйретудің  мүмкіндігі  бар.  Меншікті  салмағы, 
тығыздығы,  жылу  өткізгіштігі,  жылу  сыйымдылығы,  электр 
өткізгіштігі,  балқу  температурасы  бойынша  денелердің  физи-
калық  қасиеттерін  талдап,  салыстыруға,  жүйелеуге,  классифи-
кациялауға  болады.  Талдаудың  нәтижесінде  әр  түрлі  кұбылыс-
тардың  бәріне  бірдей  тән  қасиетті  анықтаудың  да  оқушылардың 
физикалық  ойлауын  дамытуда  маңызы  үлкен.  Мысалы,  өсімдік-
тердің қоректенуі, сорғыш қағазды пайдалану, май шамның пілігі 
(фитиль), үй қабырғасының сыз болуы, қызанақты банкіде тұздау 
қандай  физикалық  ортақ  бір  құбылысқа  негізделген  (капил-
лярлық құбылыс) екендігін тағайындау. 
Механикалық қозғалыстың  түрлері 
Бір қалыпты
 
қозғалыс
 
Бірқалыпсыз қозғалыс 
Бірқалыпты үдемелі 
Бірқалыпты кемімелі 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау