160
10.2. Демонстрациялық экспериментке
қойылатын талаптар
Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемелік құн-
дылығы мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талап етеді:
1. Тәжірибе өтіліп жатқан оқу материалымен тікелей органи-
калық байланыста көрсетілуі керек.
2. Демонстрациялық эксперименттің айқын мақсаты болуы тиіс.
3.Сабақта көрсетілетін физикалық тәжірибе көп уақыт
алмауы керек және барлық құралдарды бірден көрсетудің қажеті
жоқ. Олардың ең негізгілерін ғана тақырыпты түсіндіруде
қолданып, қалғандарын оқушылардың сұрау, қайталау сабақ-
тарында пайдаланған тиімді.
4.
Физикалық
тәжірибелер
негізінен
физикалық
заңдылық-тардың сандық мағынасын дәлелдеуге тиісті.
5.Демонстрациялық
эксперименттің
эврикалық
түрде
болғаны жөн, мұндай жағдайда тәжірибенің негізінде оқушылар
өздері "жаңалық" ашады немесе тиісті қорытындыға келеді.
6.Тәжірибенің бірнеше нұсқаларынан, жаңа сабақты түсін-
діруде олардың ең көрнекісі, әсері (эффектісі) күштісі көрсетілуі
керек.
7.Тәжірибені көрсеткенде демонстрациялық үстелде тек керек-
ті құралдар ғана қойылуы тиіс. Оның көрнекілігін күшейту үшін
мұғалім түсті қағаздарды, ақ-қара экрандарды, түрлі түсті боялған
сұйықтарды пайдаланып, құралдарды жарықтандырғаны жөн.
8.
Көрсетілген тәжірибеге қатысты сурет пен сұлбаларды
дер кезінде тақтаға сызу қажет. Ең дұрысы - суретті динамикалық
түрде салу.
9.
Физикалық экспериментті нәтижелі көрсетуде физика
мұғалімінің әдістемелік шеберлігі өте-мөте қажет.
10.3. Зертханалық жұмыстар және оларды
ұйымдастырып өткізудің әдістемесі
Зертханалық жұмысты (экспериментті) орындағанда, физика-
лық құбылыстарды оқушылардың өздері бақылайды, тексеріп
көреді; табиғат заңдылықтарын зерттейді; "қолдан қайта
162
қысқа уақыт (5-10 мин.) мерзімде; 3) физикалық практикум деп
аталатып ұзақ уақыт (2 сабақ) бойы; 4) сыныптан тыс уақытта
(кабинетте, үйде - 10,30 мин) өткізілетін эксперимент.
III. Зертханалық эксперимент мазмұны бойынша сандық
және сапалық жұмыстар болып бөлінеді.
IV. Өткізу тәсілдері бойынша зертханалық эксперимент:
1) фронталь; 2) әр түрлі жұмыстар жүйесі; 3) физикалық
практикум болып 3 ке бөлінеді.
V.Зертханалық эксперимент қойылу мақсаты бойынша
зерттеушілік, эвристикалык, иллюстративтік болып бөлінеді.
Фронталь зертханалық жұмыстар қысқа уақытты немесе бір
сағаттық болады. Ол сабақта яғни барлық оқушылар бір мезгілде
бәрі бірдей жұмысты орындайды. Фронталь зертханалық жұмыс-
тардың бірқатар ұйымдастыру - әдістемелік артықшылықтары
бар: а) өтілетін тақырыппен тығыз байланысты болады; ә) барлық
оқушының бірдей жұмысты орындауы, оны өтікізу мен тексеру
мұғалім үшін жеңілдейді. Мұғалім бұл жұмыстың мынадай
өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек: а) сыныптағы
барлық оқушыларды бірдей құралдармен қамтамасыз етудің
мүмкіндігі бола бермейді; ә) бір жұмысты 3-4 оқушы бірігіп топ
болып істегендіктен, олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып,
қалғандары тек бақылауға мәжбүр; б) жұмыстың құралдардың
тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге
оңайлыққа соқпайды.
Бағдарламада көрсетілген зертханалық жұмыстар мен физи-
калық практикумдар негізінен мектеп физика курсының мынадай
басты мәселелерін эксперименттік негізде түсіндіруді көздейді:
1) физикалық құбылыстарды бақылау және
зерттеу
2) өлшеуіш приборлармен және физикалық шамаларды
өлшеу әдістерімен танысу
3) физикалық шамалардың арасындағы сандық байланыс-
тарды тағайындау
4) физикалық тұрақтыларды анықтау және олардың сан
мәндерін табу тәсілдерімен таныстыру
5)техникалық
құралдармен
және
қондырғылармен
таныстыру.
Зертханалық жұмысты орындау әдістемесі мынадай жүйеде
өткізілуі тиіс: мұғалімнің кіріспе түсінігі (3-5мин), оқушылардың