13
сұрақтар (мектеп нөмірі, жұмыс өтілі т.б.) және пікірлер, себептер,
іс-әрекеттер жөнінде (мысалы, физика сабағында өзбетімен
жұмыстың қандай формалары ұйымдастырылады т.б.) сұрақтар.
Педагогикалық зерттеулер нәтижиесінде оқыту әдістерінің
қайсысы тиімді екені анықталады.
Тиімділік критерииі болып, оқушының меңгерген білімінің
көлемі, білім жүйесі, біліктілігі, тереңділігі, саналы түрде
меңгеруі жатады.
Педагогикалық зерттеулердің барлық сатыларында теория-
лық және эксперименттік әдістер бірігіп қолданылады.
1.3 . Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы
оқыту үдерісіндегі басшылыққа алынатын құжаттар
Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу үдерісі ҚР «Білім
туралы» заң, «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары» мен «Базистік оқу жоспарын» басшы-
лыққы ала отырып ұйымдастырылады. Стандарт ҚР БМЖМС
2.003-2002 негізінде дайындалды, ол "Физика" оқу пәні бойынша
білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды
тағайындайды.
«Білім туралы» заңда білім беру жүйесін демократиялан-
дыру идеялары айқындалып, білім беру саласындағы мемлекет-
тік саясаттың ұстанымдары тұжырымдалған. Оларға: әрбір
адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және
жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгей-
дегі білімге қол жетімділігі; білім берудің зайырлы, гуманистік
және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам
өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының
басымдылығы; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және
дарындылығын дамыту; білім беру деңгейлерінің сабақтастығын
қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқыту мен
тәрбиенің бірлігі.
Білім беру жүйесін демократияландыру идеясы өзінің бейне-
сін оқыту үдерісін
гуманизациялау, гуманитаризациялау ұста-
нымдарынан
және саралап оқыту үдерісінен
көрінеді. Оқытуды
гуманизациялау барлық оқу-процесінің орталық субъектісіне
14
айналатын баланың жеке тұлғасына назарды күшейтуді
болжайды.
Оқытуды
гуманитаризациялау тиісті оқу пәндерінде (дүние-
танымдық, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық)
оқытылатын ғылымның гуманитарлық аспектілеріне назарды
күшейтуді болжайды.
Оқытуды
саралау оқушылардың жеке тұлғалық ерекше-
ліктерін, олардың қабілеттері мен мүдделерін ескеретін оқу
үрдісін ұйымдастыруды болжайды.
Қазіргі уақытта жалпы орта білімді әртүрлі типтегі оқу
орындарынан алуға болады: мектепте, гимназияда, лицейде,
колледжде, жеке мектепте, бейімдік мектепте.
Жалпы білім беретін мектеп-бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарла-
маларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша
білім берудің оқу бағдарламаларын іске
асыратын оқу орны;
Гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне
сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің
гуманитарлық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу
бағдарламасын
іске асыратын оқу орны;
Лицей – негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім
берудің жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейін-
дері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім
алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес іске
асыратын
оқу орны;
Колледж – жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін оқу
бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын
оқу орны;
Жеке мектептер – қоғамдық, діни ұйымдар, әртүрлі
бірлестіктер мен қорлар, кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың
бастауымен құрылады. Жеке мектептің білім беру қызметін
жүзеге асыру үшін тиісті білім департаменті берген өзінің
жарғысы мен лицензиясы болуы тиіс.
«Білім туралы» Заңмен Жалпы білім беретін оқу
орындарында жалпы орта білім кезең-кезеңмен үш сатыда
меңгеріледі:
- нормативтік оқу мерзімі 4 жыл болатын оқытудың
бастауыш сатысы (1-4-сыныптар);