9
Сұлба 1.
Мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі.
Физиканы оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны, зерттеу пәні
үнемі өзгеріп отырады. Себебі мектеп қоғамның әлеуметтік
тапсырысын орындайды. Мектептегі білім берудің мақсаты
қоғамның қажеттілігіне байланысты өзгеріп отырады. Ал білім
мазмұны білім беру мақсатына тікелей байланысты. Физика
курсының мазмұны физика ғылымының даму деңгейіне, оқушы-
лардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктеріне,
ақпараттық ортаның даму деңгейіне байланысты.
Физиканы оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары
мен құралдары оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты.
Сонымен, оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары
және құралдары әдістемелік жүйені құрайды. Бұл жүйеде басты
рольді педогогикалық іс-әрекеттің стратегиясын анықтайты
оқытудың мақсаттары алады. Оқытудың әдістері, құралдары
және формалары бір-бірімен байланыста болып, оқытудың
технологиясын құрайды.
Физиканы оқытудың әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз
байланысты. Бұл байланысты біз физика курысының мазмұны-
нан, оны оқытудың әдістерінен көреміз. Бұл байланыс мына
сұлбадан көрінеді:
Сұлба 2.
Психология
ФОӘ
Физика
Педагогика
Философия, логика,
техникалық ғылымдар
10
1.2 . Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы
Педагогикалық зерттеулердің қажеттілігі бар теориялық
білімдер мен практикалық тәжірибелер арасындағы қарама-
қайшылықтардың туындауынан және оларды жаңа педаго-
гикалық міндеттерді шешуде, жаңа педагогикалық құбылыстарды
зерттеуде қолдануға мүмкін еместігіне орай пайда болады.
Физиканы оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулік қызметке
сонымен қатар педагогикалық психологияның, ақпараттық
құралдардың дамуы да өз үлесін тигізеді.
Педагогикалық зерттеулер, басқа зерттеулер сияқты, белгілі
бір мақсатпен орындалады, оны жүргізу үрдісінде нақты бір
міндеттер шешіліп, басқа бір әдістер қолданылады, немесе
басқаша айтқанда, педагогикалық зерттеулер белгілі бір
әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Әдіснама(Методология гр.methodos-зерттеудің немесе танып
білудің жолы,теория,ілім және logos-сөз, ұғым) – теориялық және
практикалық іс-әрекетті құрудың және ұйымдастырудың
принциптері мен тәсілдерінің жүйесі; танып білудің ғылыми әдісі
туралы ілім; қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістердің
жиынтығы.
Әдіснама философиялық, жалпы ғылымилық, нақты-ғылы-
милық және технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді
(В.В.Краевский, В.С.Сластенин). Әдіснаманың барлық деңгейі, өз
арасында нақты байланысы бар, күрделі жүйені құрайды.
Әдіснаманың философиялық деңгейі, оның мазмұны таным-
ның жалпы принциптері мен ғылымның категориялық құрылы-
мынан тұрады. Философиялық білім жүйесі әдіснамалық міндетті
атқарады. Бұл жағдайда философиялық деңгей кез-келген
әдіснамалық білімнің мазмұндық негізі ретінде қарастырылады.
Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе
көптеген ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық
тұжырымдама болып табылады.
Әдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез-келген арнайы
ғылыми пәнде (салада) қолданылатын зерттеу әдістері,
принциптері және шараларының жиынтығы. Педагогиканың
әдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайлықты көрсететін
педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім
алудың жолдары және көзқарастарының принциптері туралы
11
білім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және зерттеу
жұмысының бағдарламасын, логикасын, әдістерін, сапасын
бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі.
Әдіснаманың технологиялық деңгейі(зерттеу әдіснамасы)
зерттеудің әдістемесі мен техникасынан тұрады, яғыни кейін
ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық материалды алуды
және оны бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар
жиынтығы.
Белгілі бір зерттеулер жүргізуде танымның жалпы, жалпы-
ғылыми және нақты-ғылыми ұстанымдары мен әдістері қолда-
нылады. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық аппаратына
келесі категориялар жатады:
- зерттеу тақырыбы;
-
қарама-қайшылықтармен анықталатын зерттеулердің
өзектілігі, мысалы, физикалық білім алдында тұрған қазіргі
заманғы міндеттер мен осы міндеттерді шешуге мүмкіндік
бермей тұрған, қалыптасқан физиканы оқыту практикасы
арасындағы қарама-қайшылықтар;
- көрсетілген қарама-қайшылықтан туындайтын және сұрақ
түрінде тұжырымдалатын зерттеу проблемасы;
- зерттеу кезінде неге жету керектігін көрсететін зерттеу
мақсаты;
Яғни зерттеудің ғылыми нәтижесі.
- зерттеушінің жұмыстанып отырған практикасы немесе
ғылыми білімі, яғни зерттеу барысында не қаралатындығын
көрсететін нысаны(обьектісі);
- зерттеу заты – зерттеліп жатқан объектінің сол бір
аспектісі, сол бір тарабы; бір нысан бірнеше зерттеулердің заты
бола алады; Мысалы зерттеу нысаны физиканы оқыту үрдісіндегі
физикалық эксперименттің маңызы болса, ал зерттеу заты жаңа
білімді оқушыларда қалыптастырудағы физикалық экспери-
менттің маңызы немесе фронтальды зертханалық жұмыстың
білім берудегі маңызды, оқушылардың өз бетімен орындайтын
физикалық тәжірибелер маңызы т.б.
- зерттеу болжамы (гипотезасы) – бұл зерттеу барысында
дәлелденуге тиіс ғылыми алдын-ала жорамал;
- зерттеу міндеттері – зерттеу мақсаты мен болжамы арқылы
анықталады, жалпы мақсатқа қатысты олар дербес тәуелсіз
мақсаттар ретінде түсіндіріледі;
Достарыңызбен бөлісу: |