Оѕтїстік Ќазаќстан облысыныѕ



жүктеу 53,35 Kb.
Дата15.02.2018
өлшемі53,35 Kb.
#9719
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

Статистика комитеті Жамбыл облысының Cтатистика департаменті


«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік

лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
080012, Тараз қаласы, Сүлейменова даңғылы, 18.

Анықтама алу үшін телефон: (8-726) 245-73-89

электрондық мекенжайы: zhambylstat@mail.ru
C-О-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

С-О-6

74954

101604


  1. Қордай ауданының Статистика басқармасының жетекші маманы С-О-6 санаты, 1 бірлік №18-4-11.

Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар өткізу. Қордай ауданының ауылдық (селолық) кенттік округтер аумағында орналасқан жеке және заңды тұлғалардан ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша алғашқы статистикалық ақпараттар жинау. Шаруа (фермер) қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарын есепке алу бойынша әрбір шаруашылыққа арналған кітаптардағы жазбалардың дәйектілігін тексеру. Қордай ауданының ауылдық округтері бойынша ауыл шарушылығы статистикасы бойынша іріктеп зерттеу және бір жолғы жұмыстар өткізу. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс атқару. Аудандық басқарма деңгейінде программалық жабдықтау қызметін көрсету. Алғашқы статистикалық деректерді қабылдау және өңдеу бойынша кешенді программалық қолдау. Департамент басшылығымен анықталған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы Мамандығы: Автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесее қаржы немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика немесе агрономия немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы немесе аңшылықтану және аң шаруашылығы немесе балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау немесе су ресуртары және суды пайдалану немесе аграрлық техника және технология.Қазақстан Республикасының заңнамасын білу:

1)Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзiн-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

2) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;

3) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы не «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанда толтырылған сауалнама;

3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде , Тараз қаласы, Сұлейменова көшесі, 18 мекенжайы бойынша Департаменттің ғимаратында өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі. 
жүктеу 53,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау