Конусты ұсақтағыштар
Конусты үсақтағыштарда материал қысу және үйкеу тәсілдерімен
ұсақталады. ¥сақталатын материал сыртқы қозғалмайтын және ішкі айналатын конустардың аралығына беріледі. Ішкі айналатын конус сыртқы крнусқа әксцентрикалы болып орналасады..Конусты ұсақтағыштар тамақ өнеркәсібінде өте көп қолданылады.
Білікті ұстағыштар
Тамақ өнеркәсібінде астықты, күнжараны, жеміс-жидектерді, және т.б.
ұсақтауда білікті ұсақтағыштар кеңінен қолданылады. ¥сақталатын материал горизонталь біліктердің арасында қысу және үйкеу тәсілдерімен майдаланады. Біліктер саны әртүрлі болуы мүмкін (бір жүп немесе бірнеше жүп). Жұп біліктер бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналып, материал екеуінің арасында ұсақталады. Біліктердің беті тегіс, бүдыр және тісті болуы мүмкін. Біліктер шойыннан жасалынады да, беті тозуға төзімді марганецті болатпен қапталады. Екі білікті ұсақтағыштың тәсімі б.б-суретте көрсетілген. (1) біліктің подшипнигі қозғалмайтын, ал (2) біліктің подшипнигі жылжымалы болады. Үсақталмайтын қатты зат түскенде білік (2) сыртқы (4) көмегімен жылжып оны өткізіп жібереді.
Білікті ұсақтағыштың өнімділігін жуық шамамен мына формуламен есептеуге болады:
мұнда В - екі білік арасындағы қуыстың ені, L- қуыстың, яғни біліктің ұзындығы, м; D - білік диаметрі; п - айналу жиілігі, айн/мин; р -материалдың тығыздығы, кг/м3; ср - түзету коәффициенті, (<р=0,5-^0,7 астық үшін).
¥сақтағыштың білігіндегі қуатты теориялық жолмен анықтау мүмкін емес, сондықтан оны тәжірибелік мәліметтер бойынша әр материалға және үхатқыш дәрежесіне байланысты анықтайды.
Балғалы ұсақтағыштар Тамақ өнеркәсібінде астықты, картопты, уытты, қантты, тұзды, күнжараны, қойыртпақты, шлакты және т.б. материалдарды ұсақтауда балғалы ұсақтағыштар қолданылады (б.7-сурет).
Мұндай ұсақтағыштардың жұмысшы органы стерженге (3) еркін орналасқан балғалар (2) болады. ¥сақтағыш білігі айналғалда балғалар қоректендіргіш (1) арқылы берілетін материалды соққылап майдалайды. ¥сақталған материал елек (4) тесіктерінен өтеді. ¥сақтау дәрежесін електің тесігінің диаметрін және балғалардың айналу жылдамдығын өзгерту арқылы реттеуге болады. Өнімділігін (Т/сағ) мына формуламен шамалап есептеуге болады.
(6.9)
мұнда D,l - ротордың диаметрі және ұзындығы, м; п -ротордың айналу жиілігі, айнымалы ұсақтау дәрежесі; Х-тәжірибелік коәффициент
Жұмсалатын қуат (кВт) мына эмпирикалық формуламен есептеледі:
4. Иллюстрациялық материалдар: Виртуалды қондырғылар. Негізгі аппараттар бейнеленген плакаттар.
5. Әдебиет:
Негізгі:
Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.
Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973
Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.
Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.
Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.
Қосымша:
Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.
Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.
6. БАҚЫЛАУ сұрақтар (кері байланысы):
Қатты материалдарды майдалау қандай мақсаттарда қолданылады?
Материалдың бастапқы және соңғы ең үлкен кесектерінің өлшемдеріне байланысты майдалаудың қандай түрлерін білесіз?
Қатты материалдарды қандай әдістермен майдалайды?
Майдалауға шығындалатын жұмыс майдалайтын материалдың қандай мінездемелеріне тәуелді?
Өндірісте майдалайтын машиналардың қандай түрлері қолданылады?
1. Тақырыбы 7: Жылулық процестер.
2. Мақсаты: Студенттерді жылудың кеңістікте өздігінен тасымалдаудың физикалық байыбымен, қабырғалар арқылы жылуалмасуды есептеу негіздерімен таныстыру.
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:
Жылуөткізгіштік.
Конвективті жылуалмасу.
Жылулық сәулелену.
Қабырға арқылы жылуалмасу.
Температуралары әртүрлі денелер арасында энергияның жылу түрінде тасымалдануын жылуалмасу деп атаймыз.
Жылуалмасуға қатысатын денелерді жылутасымалдағыштар деп атайды.
Жылуалмасу – жылудың кеңістікте таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Жылу кеңiстiкте қарапайым үш түрлi жолдармен тасымалданады: жылуөткiзгiштiк конвекция және сәулелену.
Жылуөткiзгiштiк деп температура айыпмашылықтары бар денелердiң бiр-бiрiне тікелей тиiскенде жылу алмасуын айтады. Бұл кезде жылу микробөлшектердiң (атомдар, молекулалар, электрондар және т.б.) өзара соқтығысулары нәтижесiнде тасымалданады.
Конвекция тек қана сұйық және газ ортада байқалады. Бұл процесс кезiнде жылу сұйық (газ) бөлшектерiнiң (макробөлшектердiң) қозғалуы нәтижесiнде тасымалданады. Заттың микробөлшектерi барлық уақытта қозғалыста болады, олай болса жылу конвекция арқылы тасымалданғанда жылуөткiзгiштiк арқылы да тасымалданады. Мұндай қабаттаса жылу тасымалдауды конвективтi жылуалмасу деп атайды.
Сәулелену деп жылудың кеңiстiкте электромагниттi толқындар көмегiмен таралуын айтады. Бұл процесс кезiнде алдымен дене жылуы сәуле энергиясына (электромагниттi толқындарға) айналады, ол кеңiстiкте таралып, екiншi денеге түсiп, осы денемен жұтылады (қайта жылу энергиясына айналады).
Жылулық баланс. Ыстық жылутасымалдағыштың берген жылуын (Q1) суық жылутасымалдағыш (Q2) алады
Мұнда аппараттың жылулық жүктемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |