Ауырлық күші әсерімен тұндыру (графитациялық тазалау).
Инерциялық күштер әсерімен тұндыру.
Сүзу.
Ылғалды тазалау.
Электростатикалық күштер әсерімен тазалау.
Газды тазалау дәрежесін h мына түрде анықтайды:
где G1, G2 — Алғашқы және тазаланған газдардағы асылған бөлшектердің мөлшері.
Графитациялық тазалау. Шаңтұндыру камералары
Ауырлық күші әсерімен газды шаңнан тазалау тұндыру камераларында жүргізіледі. Шаңдалған газ камераға 1 беріледі,оның ішінде горизонталь сөрелер 2 орналасқан. Газ камерада қозғалғанда газдан шаң бөлшектері сөрелерге қонады. Сөрелерден өткен газ бөгетті 3 айнала ағып, камерадан шығарылады. Сөрелерде жинақталған шаң бөлшектері мезгіл – мезгіл есікшелер 4 арқылы шығарылып тасталады.
8.6 сурет. Шаңтұндыру камерасы:
1 – камера; 2 – горизонталь сөрелер; 3 – бөгет; 4 – есікшелер.
Осы әдіспен газды үлкен бөлшектерден ғана жеткілікті тазалауға болады, сондықтан шаңтұндырғыш камераларды газды шаңнан алдын ала тазалауға қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |