Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



жүктеу 0,64 Mb.
бет1/63
Дата21.11.2018
өлшемі0,64 Mb.
#22620
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы


Пәні: Математика 1
Пән коды: Mat - 1211
Мамандықтар: 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Курс 1, семестр 1
СӨЖ –90 (сағат)


Студенттің өзіндік

жұмысына арналған әдістемелік өңдеу

2014 жыл
__. ___. 20__ ж кафедра мәжілісінде талқыланды.
№___ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ______________ Қ.Ж Құдабаев



СӨЖ тақырыптары, оларға қойылатын талаптар және мазмұны


“Математика” пәні бойынша студенттерге өзіндік жұмыс орындайтын түрліше аудиториялық емес тапсырмалар қарастырылған.
1. Аудиториялық емес тапсырмалар мыналар:

  • Рефераттар

  • Тақырыпқа сәйкес глоссарий

  • Көрмелер

  • Тесттер


2. СӨЖ-де берілген тақырып мазмұнының толық қамтылуы бағаланады. Студенттің орындаған өзіндік жұмысын бағалау келесі балл жүйесі арқылы қойылады:


СӨЖ-дің бағалану тәртібі

95-100

90-94

85-89

80-84

75-79

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Балл қойылады:

СӨЖ-дің талаптарына сай жұмысты орындай отырып, қорғағанда және өзбетінше тақырыпты түйіндей білгенде.


































СӨЖ-дің талаптарына сай жұмысты орындап, қорғағанда және оқытушының көмегімен түйіндей білгенде.


































СӨЖ-дің талаптарына сай жұмысты орындағанда оны қорғағанда түйіндей алмағанда.


































СӨЖ-дің талаптарына сай жұмысты қатесіз орындағанымен, қорғамағанда.


































Тек жұмысты электрондық презентация түрінде орындағанда.


































Тақырып бойынша тест сұрақтарын дайындап, дұрыс жауабын көрсетіп бергенде.


































Тақырып бойынша тест сұрақтарын дайындағанда.


































Тақырып бойынша

сөзжұмбақ құрастырып, жауабымен көрсете білгенде.




































Тақырып бойынша үлестірімді кеспе дайындағанда.


































Интернеттен дайын жұмысты пайдаланғанда.


































СӨЖ-ді кестедегі мерзімнен кешіктіріп тапсырғанда немесе орындамағанда.



































3. СӨЖ орындау түрлері

3.1 Реферат - студенттің таңдап алған тақырыбы бойынша жазылған жұмысы. Ол зерттелетін жұмыстың мазмұнын, маңызын, өзектілігін ашуы тиіс, ол барынша ақпаратпен қамтылуы қажет және өзіндік қорытындыдан тұруы керек. Реферат ұқыпты дайындалып, кемінде 3 негізгі әдебиетті қолданып, өз бетінше жазылады. Тақырыпқа сәйкес кестелер, схемалар және суреттер келтіріледі. Рефераттың көлемі 5-10 бет болуы керек. Рефераттың мазмұнына кіріспе, негізгі бөлімнің тақырыптары, қорытынды, ұсыныстар және қолданылған әдебиеттер тізімі кіреді. Қойылатын талаптар: сауаттылық, анықтылық, нақтылық және логикалық бірізділік, дәлділік. Реферат А4 форматта, қаріптің түрі -Times New Roman, қаріп өлшемі -14, жоғарғы, төменгі және оң жақ өрістері -2см, сол жақ өрісі -3 см болатын талаптарды қолданып жазылуы керек.



3.2. Көрме (Презентация) – бұл студенттің таңдалған тақырып бойынша кемінде 3 негізгі әдебиет қолдану арқылы өз бетінше орындайтын жұмысы. Слайдтар мазмұнды және көрнекі болуы қажет. Қорғау барысында автор тақырып бойынша терең білімін демонстрациялауы керек, талдау кезінде қойылған сұрақтарға қатесіз жауап беруі қажет.

Көрмені көрсету уақыты - 7-10 минут. Көрме таңдалған тақырыптың ашылуы мен тыңдаушылардың қызығушылығын ояту деңгейі және кәсібилігі бойынша бағаланады. Көрме компакт-дискісінде сақталынады (CD – R).


3.3. Глоссарий (сөздік) – берілген тақырып бойынша түсіндірме сөздік

дайындау.


3.4. Тесттік тапсырмалар кемінде 10 сұрақтан тұруы қажет. Тест тапсырмалары мазмұнды, анық, түсінікті болуы қажет. Тест тапсырмаларының жауаптары 5нұсқадан тұруы қажет және дұрыс жауабы көрсетілуі керек.
Көрмені дайындауға қойылатын талаптар:


Слайдты безендіру

Стиль

- Безендірудің бір типті стильі

- Назарды презентацияның өзінен басқа жаққа аударатын стильден аулақ болу.



Фон

- Көк, жасыл сияқты суық түстерді таңдаңыз.

Түстерді қолдану

- Бір слайдта үш түстен артық қолданбау ұсынылады: Фон, тақырып және мәтін үшін.

Анимациялық эффекттер

- Компьютерлік анимацияның мүмкіндіктерін пайдаланыңыз бірақ ол слайдтағы ақпараттың мазмұнынан назар аудартпау керек.

Ақпаратты көрсету

Ақпараттың мазмұны

- Қысқа сөздер мен сөйлемдерді қолданыңыз:

- Тақырып аудиторияның назарын өзіне аударту керек.



Беттерде орналасуы

- Мүмкіндігінше мәліметтер жатық түрде орналасу керек.

- Маңызды мәлімет экранның ортасында орналасуы керек.



Қаріптер

- Тақырып үшін -24 кем емес.

- Ақпарат үшін – 18 кеме емес.

- Мәліметтерді ерекшелеу үшін жуан және қиғаш жазу қаріптерін пайдалану керек.


Ерекшелеу әдістері

- Жиек, шекара, құйып бояу, қаріптердің әр түрлі түстері, жебе, суреттер, диаграммалар және т.с.с. қолдануға болады.

Ақпараттың көлемі

- Бір слайдты көп мәліметпен толтыруға болмайды.

- Әрбір анықтамалық мәлімет бір слайдта болуы керек.



Слайдтың түрлері

- Мәтіндік, кестелік және диаграммалық слайдтарды қолдануға болады.

4. Тақырыптар:




Тақырыптар

Тапсыру түрі

Бақылау кестесі

(мерзімі)



Сағат саны

1

Матрицалар, матрицаның рангсы.

Реферат

4 апта

3

2

Кері матрицаны табу.

көрме

4 апта

3

3

Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін матрицалық әдістерімен шешу.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



1 – 6 апта

3

4

Векторларды скалярлық көбейту және оның қасиеттері

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



1 – 6 апта

3

5

Векторларды векторлық көбейту және оның қасиеттері.

Баяндама

5 апта

3

6

Аралас көбейту және оның қасиеттері.

Баяндама

5 апта

3

7

Нүктеден түзуге дейін қашықтық.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



1 – 6 апта

3

8

Жазықтықтағы түзудің өзара орналасуы.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



1 – 6 апта

3

9

Екінші ретті қисықтың жалпы теңдеуін канондық түрге келтіру.

Баяндама

6 апта

3

10

Жазықтықтағы түзудің теңдеулерінің түрлері.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



1 – 6 апта

3

11

Жазықтықтағы түзу.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



1 – 6 апта

3

12

Жазықтықтар және түзулердің өзара орналасуы.

көрме

6 апта

3

13

Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия тақырыбы бойынша №1 аралық бақылау

бақылау жұмысы

7 апта


3

14

Функция ұғымы. Шексіз аз және шексіз үлкен шамаларды салыстыру.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



8 – 14 апта

3

15

Анықталмағандықты ашу.

Реферат

8 апта

3

16

Үзілісті нүктенің классификациясы, үзілісті нүкте.

көрме

9 апта

3

17

Функцияның дифференциалдануы. Дифференциалдау ережесі, қасиеті.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



8 – 14 апта

3

18

Функцияның дифференциалы.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



8 – 14 апта

3

19


Дифференциалды жуықтау есептеріне қолдану.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



8 – 14 апта

3

20

Жоғары ретті туындылар мен дифференциалдар.

Баяндама

10 апта

3

21

Айқын емес және параметрлік функциялардың туындылары.

Баяндама

11 апта

3

22

Лопиталь ережесі.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



8 – 14 апта

3

23

Дифференциалдық есептеулердің негізгі ережелері.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



8 – 14 апта

3

24

Кризистік нүктелері. Функцияның монотонды аралықтарын анықтау.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



8 – 14 апта

3

25

Функцияның экстремумдарын табу.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



8 – 14 апта

3

26

Тұйықталған аралықтағы функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу.

Кеңес беру,

ауызша сұрақ – жауап



8 – 14 апта

3

27

Функцияның графигінің дөңестігі,ойыстығы,иілу нүктелері.

көрме

12 апта

3

28

Функцияларды зертеудің жалпы схемасы және графиктерін салу.

көрме

13 апта

3

29

Иррационал функцияларды интегралдау әдісі. Бөліктеп интегралдау әдісі.

Реферат

14 апта

3

30

Математикалық анализ негіздері тақырыбы бойынша №2 аралық бақылау

Тест

15 апта

3





Барлығы:







90

1 тақырып


1. Тақырыбы: Матрицалар, матрицаның рангі.
2. Мақсаты: Матрицаның анықтамасы мен қасиеттерін білу, минорды, матрицаның рангісін табуды үйрену.

3. Тапсырма: 1. Табу керек: және : , .

жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау