Оңтүстік Қазақстан облысындағы



жүктеу 62,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі62,5 Kb.
#19778


Оңтүстік Қазақстан облысындағы

арнайы комиссияның ережесін

бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2013 жылғы 22 шілдедегі «Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 325-ө-м бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалармен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Ә.Бектаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі А.Мырзахметов



Б. Оспанов





Б. Жылқышиев





Ә. Бектаев





С. Қаныбеков





Е. Садыр





С. Тұяқбаев





А. Абдуллаев





Р. Исаева







Оңтүстіқ Қазақстан облыс әкімдігінің 2014 жылғы «____» ______________№____ «Оңтүстіқ Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы» қаулысына (Бланк №_____________).
Облыс әкімдігінің

«___» _________2014 жылғы

№____ қаулысына қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысындағы

арнайы комиссия туралы ереже

 


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Арнайы комиссия туралы ереже (бұдан әрі –ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы  № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.

2. Осы ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаладағы ауданның жергілікті атқарушы орган;

2) арнайы комиссия – (бұдан әрі – Комиссия) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.

3. Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) қаладағы аудан аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.

4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

5. Комиссияның қызметін бақылауды аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.


2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

 

6. Комиссияның негізгі міндеті Үлгілік қағидалардың 9-тармағы негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.



  7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.

 

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

 

8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.



9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.

10. Аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Төраға болып табылады.

Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Үлгілік ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

11. Уәкілетті орган – облыстардағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссия хатшысының міндеті бөлімнің маманына жүктеледі.

12. Комиссия уәкілетті органнан құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.

13.  Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.

14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Үлгілік ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға беріледі. Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.

16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар бекіткен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.

 

 



 
Оңтүстік Қазақстан облысындағы

арнайы комиссия туралы

ережеге қосымша


нысан

Арнайы комиссияның қорытындысы

 20 ____ж.  ___   ______ №

Арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)  

________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

өтінішін және оған қоса берілген құжаттарын қарап, адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты төмендегідей себептер бойынша:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

әлеуметтік көмек ұсыну

____________________________________________________________________   (қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы)

Туралы қорытынды шығарады.

Әлеуметтік көмектің мөлшері    _________ ____________________ теңге.

                                                            (сомасы жазбаша)


 

Комиссия төрағасы:____________________ __________________________


Комиссия мүшелері:____________________ __________________________
                              _______________________ __________________________
                              _______________________ __________________________
                              _______________________ __________________________

                              _______________________ __________________________

                              _______________________ __________________________

                                              (қолдары)                        (ТАӘ.)

Қорытынды қоса берілген құжаттармен __ данада

20__ж. «__» ___ қабылданды



Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің ТАӘ., лауазымы, қолы__________________________________________________________
жүктеу 62,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау