ІІ. Негізгі кезең:
3. Ақпарат бекеті. Мұнда оқушылар жаңа сабақпен танысады. (15 мин)
§ 27. Блокнот және калькулятор
Блокнот - бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жатқан аз көлемі қажет. Блокнотжұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған. Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз. Пуск - Все программы – Стандартные - Блокнот. Блокнот қолданбасының терезесі. Мұнда ақпараттарды тек алмасу буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка - Вставить, Вырезать және Вставить командаларын орындаймыз.
Файл - Макет страницы командасының көмегімен қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бағдарын(Альбомдық немесе Кітаптық)таңдауға болады.
Формат - Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз.
Файл – Сохранить как командасы арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады. Файл – Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.
Компьютердің сандық информациялар мен жұмыс атқару мүмкіндігін Windоws –ң көмекші программасы «Калькулятор» арқылы көруге болады. Бұл программа кәдімгі электрондық калькулятордың жұмысын модельдейді.
Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді тез орындауға болады. Мысалы: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударғанда, функциялардың мәндерін автоматты түрде есептеуге пайдаланады. Жүйеден калькулятордың 2 –түрін пайдалануға болады: қарапайым және инженерлік.
Пуск→Программы→Стандартные→Калькулятор.
Қалта калькуляторына ұқсас тек экранға тақырып жолы мен меню жол қосылып шығады. Калькулятордың бұл қарапайым түрі, екінші түріне көшу Вид менюінен таңдалады. Калькулятордың функционалдық батырмасымен жеке –жеке таныстыру.
Back, CE, C, /, *, +, -, =, Sgrt, %, 1/x, +/-.
Калькуляторды пайдаланып амалдар орындауға болады.
Мысалы:
756,87 және 849,03 екі сан қосу
456 санын 3 санына бөлу
625 санының квадрат түбірін табу.
(-158+108)=
Калькуляторда жеке нәтижелерді сақтау үшін қолдануға болатын ішкі жад қарастырылған. Калькулятордың ішкі жады болады, сандарды сақтап қоюға болады. Жадта 0 - басқа сан тұрса индикатордың төменгі терезесінде М - жазулы тұрады. Егер жадка жаңа сан жазса алдындағы мән өшеді.
MC –жадты өшіреді
MR –жадтағы санды индикаторға көшіреді
MS –индикатордағы санды жадқа жазады
M+ -индикатордағы санды жадқа қосады
Мысалы: 1.8-3=5 5 –ті жадқа жазамыз
2. С-инд-ды тазала
3. 10+5+MR=20
4. сосын M+=25
Сергіту сәті (1 мин)
бейнеролик арқылы оқушылармен жаттығу жасау.
4. Компьютер бекеті.(15 мин)
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс 194 бет.
А – деңгейі
Төмендегі өрнектерді калькуляторда есептеңдер және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Жұмысты аяқтап өз тектерініңді теріп, құжатты сақтаңыздар.
100-67=
(30*5)-6=
(456+76)-(76+3)=
6*(45+5-21)+9=
207+65-(54+32)*2=
76-9*(5-2)=
(300+200)-(54+3)=
66:3+11=
80:2+4(34+12)-1=
100+58-(34+5*2):2=
45:5+15-6*3=
670+300-2*4+(56-2)=
В – деңгейі
Есептерді шығарыңдар, есептеулерді калькуляторда орындаңдар және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Әртүрлі тәсілменен көшіріңдер. Жұмысты сақтаңдар.
№1 Есеп: Ботаның салмағы – 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неге тең?
№2 Есеп: қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг атықық қой және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?
5. Соңғы бекет «Білім қаласы» бекіту сұрақтары (2 мин)
Блокнот қолданбасын атқаратын қызметі қандай?
Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?
Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?
Калькулятор программасының міндеті қандай?
Программаны іске қалай қосамыз?
Қандай түрлерін білесің?
ІІІ. Қорытынды кезең:
Бағалау: Өзін-өзі бағалау (3 мин)
5- Тақырыпты жақсы меңгердім
4- Сабақты жақсыдан төмен меңгердім,әлі де жұмыс жасауым қажет
3- Бұл тақырып бойынша көп жұмыс жасауым қажет
Үй тапсырмасы: §27. Блокнот және калькулятор 191-193 бет (1 мин)
Достарыңызбен бөлісу: |