- Оңтүстік Қазақстан облысы
- Ордабасы ауданы Шұбар ауылы
- «Шұбар» жалпы орта мектебі
- география пәнінің мұғалімі Пірәлі Берік
- Шығармашылық жұмыстың тақырыбы
- «География сабағында дидактикалық ойындардың -
- бала ойын дамытудағы рөлі»
- «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»
- Н.Назарбаев
- Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі.
- Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетілгендей, білім беру саласында елеулі өзгерістер жүріп жатыр.
- Қазіргі кезеңде қоғамдық пәндерді жаңа бағытта оқытуға, тәрбие және білім беру жүйелерін осыған сай жаңа деңгейге көтеруге көп көңіл бөлінуде. География пәнін оқыту, ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік тәсілдерді туған елдің табиғаты, халқы, шаруашылығы туралы білім жүйесімен қаруландыру болып табылады. Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі.
- Ол іс-әрекеттер :
- ойын,
- оқу
- еңбек.
- Географиялық ойындардың мақсаты:
- Оқушылардың қызығушылығын арттыру.
- Сонымен бірге оқушылардың ұғымдарын кеңейту және картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
- Географиялық номенклатураны меңгеруге , тапқырлыққа, шығармашылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Географиялық ойындарға қойылатын дидактикалық талаптар:
- Географиялық ойындар бағдарламаға сай келуі керек;
- Мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек;
- Уақыт мөлшері оқушыларды жалықтырмайтындай болып, алдын ала жасалған жоспар бойынша жүргізілуі керек;
- Ойын түрлері сабақ тақырыбының мазмұнын ашып іскерлік пен дағдылар қалыптастыруға көмектесетіндей болуы керек;
- Қажетті материалдар алдын-ала дайындалып, мүмкіндігінше картамен байланысты жүргізілуі керек;
- Ойындар сынып оқушыларын 2-3топқа бөлу арқылы немесе екеуара, үшеу болып, шағын бір топ құру арқылы ойналуы мүмкін.
- Біріншіден, оқушының сабаққа деген ынталылығы артады,
- үнемі түсіндіріп 45 минут тыңдағаннан оқушы жалығады.
- Ойын элементтерінің артықшылықтары:
- Екіншіден, сабаққа зауқы жоқ, жалқаулау,
- нашар оқитын оқушылардың өзі де
- белсенділік танытады.
- Үшіншіден, өтілген сабақтың мазмұны оқушының
- есінде ұзақ сақталады. Бұл деген мұғалімнің бірден-бір
- жетістігі десек артық айтпағандық болар еді.
- География сабағында дидактикалық ойындарды пайдаланудағы жұмысымның басты артықшылықтарын атап көрсетсем Оқушының пәнге деген қызығушылығын туғызу; Оқушының сабақ үдірісінде жаңа білімді меңгеруіне көңіл бөлу; ойындарды үй тапсырмасын тексергенде немесе жаңа сабақты бекітуде қолдану; Шығармашылық ізденіске баулу мақсатында оқушыларға да сөзжұмбақ, тест құрастыру тапсырмасын беру.
- ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»
- «Қазақтың
- ұлттық ат ойындары»
- Жұмбақ қою,
- мақал-мәтел,
- жаңылтпаш
- жарысы
- «Материктер мен
- дүние жүзі мұхиттар»
- Кескін картамен
- жұмыс
- картамен
- жұмыс ойыны
- «Географиялық
- диктанттар»
- «Брейн-ринг» ,
- «Не, қайда, қашан? »
- ойыны
- «Жаяу экватор бойымен»
- Бұл ойынның шарты бойынша оған 2-4 адам қатысуына болады.
- Олар еденге кішігірім шеңбер сызып, өздері сол шеңберден тыс бір-бірінен бірдей қашықтықта тұрады. Бірінші ойыншы (оның координаты «0»ендік және «0»бойлық ) ойынды бастайды, шығыс бағыты бойынша (сағат тіліне қарсы жүреді), ол өзінің жолындағы кездескен объектілерді атайды
- «Мен өзенмін».
- Ойын мүшелері шеңбер құрып тұрады. Ойында «Мен Жайық өзенімін» қандай теңізге құямын? Келесі ойынның мүшесі жауабын айтады. «Каспий теңізі»-деп, келесі өзеннің атын атап,келесі ойыншыға береді. Егер ойыншы дұрыс жауап бермесе, жолдастары қосымша екі сұрақ қояды. Өтіп жатқан тақырыпқа байланысты.
- «Материктер мен дүние жүзі мұхиттары»
- Бұл ойынды жоғарыда аталған тақырыпты өтіп болған соң пысықтау сабағы ретінде ұйымдастыру керек. Ойынның шарты бойынша әңгімені мұғалім оқиды. Оқушылар мұқият тыңдап, дұрыс емес жеріне жауап береді.
- «Географиялық пішіндер»
- Бұл ойынды 5-сыныптан бастап өткізуге болады. Әуелі оқушы әр құрлықтың, теңіздің, көлдің аралдардың пішіндерін есте сақтап қалулары керек. Кейін сабақ күрделенеді. Оқушылар объектілердің қай жарты шарда,аралдарды қандай мұхиттар қоршап жатыр, т.б. сұрақтарға жауап беретін болады. Бұғанда картоннан жасалған 10-15 см көлемдегі үлестірмелерді дайындаймыз. 10-сыныптарға саяси карталардан мемлекеттерді орналастыруды сұраймыз.
- «Брейн-ринг» , «Не, қайда, қашан? »ойыны.
- Бұл ойынның түрін жарыс сабақ қылып өткізуге болады.
- 1 Д.Ж ең биік тау шыңы? Джамолунгма
- 2 Д.Ж ең терен көл ? Байкал көлі
- 3 Евразия солтүстігінде қандай мұхйтпен шектеседі? Сол-к мұзды мұхит
- 4 Ең үлкен материк? Евразия
- 5 Жер бетінің көлемі ? 510,2 млн км
- 6 Солтүстік Американың ауданы? 24,2 млн км
- «Ең-ең» ойыны.
- Бұл ойында ең биік, ең төменгі, ең үлкен географиялық объектілерді айтып шығуға болады.
- 1. Ең суы мол өзен (Амазонка)
- 2. Ең биік тау көлі (Титикака)
- 3. Ең биік сарқырама (Анхель)
- 4.Ең ұзын тау жүйесі ( Анд)
- 1. Ең ылғалды жасыл материк ( Оңтүстік Америка)
- 2. Ең ірі түбек (Арабия)
- 3. Ең ұзын өзен (Ніл)
- 4. Ең терең шұңғыма (Мариана)
- Жұмбақ қою,мақал-мәтел, жаңылтпаш жарысы.
- Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөліп, оларға табиғат, географиялық нысандар жайлы жұмбақ жарысын ұйымдастыруға болады. Мақалдың басын бір оқушы айтса келесі топтың оқушысы жалғастыруы керек. Жалғастыра ала алмаса ұпай саны кемітіледі. Табиғат туралы мақал-мәтелдер көп болғандықтан жарыс қылып ұйымдастыруға болады.
- 1.Әлемді алғаш айналып,
- Жерді шар деп жар салып.
- Кім еді жиһанкез,
- Ойын айтқан аңғарып? ( Ф.Магеллан)
- 2.Қаласы бар,үйі жоқ,
- Өзені бар,суы жоқ.
- Орманы бар,түбі жоқ,
- Бақшасы бар,гүлі жоқ. (Географиялық карта)
- Тест сұрақтары
- 1.Ең кіші материк:
- А) Антарктида
- Ә) Аустралия
- Б) Африка
- 2. “Чили” қай материкте?
- А) Оңтүстік Америка
- Ә) Солтүстік Америка
- Б) Африка
- «Пошта»
- Бұл ойынға матадан тігілген 6 кішігірім қалта қажет. Әр қалтаға: Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия, Еуразия, Африка –деп қоямыз. Қатты қағазға материктердің, аралдардың, шығанақтардың контурларын бейнелеп қоямыз. Адрестері бойынша әр қалтаға объектілердің кім жылдам, дұрыс адрестері бойынша тапса сол жеңімпаз болады.
- «Табиғат аймақтары»
- Жан-жануарлардың,өсімдіктердің суреттері бар ашық хаттарды сабақта қолдануға болады. Оқушы оншақты жануар мен өсімдіктердің суреттері бар ашық хаттарды алып, қай табиғат зонасының өкілі екенін айтуы керек. Картамен жұмыс істеу арқылы жануарлар мен өсімдіктердің сол жерде орналасу заңдылықтарын түсіндіре кеткені жөн.
- «Жоғары-төмен»
- Ойын бастаушы екі жағына жартылай шеңбер құрып ойыншылар қатарласа тұрады. Ойын бастаушы дауыстап көлемі жағынан үлкен мемлекеттерді атайды (Қытай, Ресей, Бразилия) оқушылар сол кезде қолдарын жоғары созады. Егер көлемі кішкентай мемлекетті атаса қолдарын төмен жібереді.
- Екі рет қателескен оқушы ойыннан шығады. Ойын жүргізуші елдердің атын тек дауыстап қоймайды,әдейі қолдарымен дұрыс қимыл жасамайды. Ойыншы байқамай, ойын жүргізушінің қимылын қайталаса, ойыннан шығады.
- «Қыз қуу» .
- Шарты.1ұл мен 1қызды ортаға шақырамыз. Оларға қойылатын талап географиялық терминдерді жақсы білу керек. Бір-бірін қайталамау керек. Ойынды бірінші боп қыздар бастайды, әр терминді атаған сайын бір қадам алға жүріп отырады.
- «Жорға жарысы»
- Бұл жарыста үш топқа бір-бірден сұрақ қойылады.
- 1-топқа: Солтүстік мұзды мұхит алабына сипаттама бер?
- 2-топқа: Каспий теңіз алабына сипаттама бер?
- 3-топқа: Арал теңіз алабына сипаттама бер?
- «Аударыспақ жарысы»
- Бұл ойында аттың үстінде жүрген екі адам білектесіп күреседі, күресте кім жықса, сол жеңіске жетеді. Енді аударыспақтың тапсырмаларын орындайық. (Әр топтың оқушылары шығып, қоржыннан сұрақ алып, ауызша жауап береді.)
- «Көкпар жарысы»
- Ойынның шартын оқушылар өздері біледі. Енді көкпар жарысының сауалына жауап берейік.
- «Иә-жоқ» (сұрақ-жауап).
- 1. Қазақстанда ірілі-ұсақты 85000 өзен бар?
- 2. Ертіс, Есіл, Тобыл арал теңізіне барып құяды?
- «Теңге алу»
- Теңге алу да ат спортына жататын ұлттық ойындардың бірі. Ойыншы теңге жатқан жерге келіп, шапқан бойы теңге алады. (Оқушылар теңгені алып, артына жазылған сұраққа жазбаша жауап береді.)
- 1. Жылдық ағын дегеніміз не?
- 2. Су шығыны деген не?
- «Географиялық диктанттар».
- Бір географиялық нысанды алып кейбір сөздерді тастап кетіп, орнын толықтыру оған түгелдей дерлік сынып қатыса алады. 8-сыныпта жер бедеріне байланысты, 9-сыныпта экономикалық аудандарға немесе жергілікті жерге жазуға болады.
- Кескін картамен жұмыс картамен жұмыс ойыны.
- Сыныпты екі топқа бөліп, табиғат зоналарын, аумақтарды, биіктік белдеулерді, ендік, бойлық, теңіз, мұхит, шығанақтарды, экономикалық аудандарды, арал, материктерді түгелімен кескін картаға түсіріп, физикалық картамен қайтадан салыстырады. Жеңімпаз топ марапатталады.
- «Географиялық диктанттар».
- Бір географиялық нысанды алып кейбір сөздерді тастап кетіп, орнын толықтыру оған түгелдей дерлік сынып қатыса алады. 8-сыныпта жер бедеріне байланысты, 9-сыныпта экономикалық аудандарға немесе жергілікті жерге жазуға болады.
- Кескін картамен жұмыс картамен жұмыс ойыны.
- Сыныпты екі топқа бөліп, табиғат зоналарын, аумақтарды, биіктік белдеулерді, ендік, бойлық, теңіз, мұхит, шығанақтарды, экономикалық аудандарды, арал, материктерді түгелімен кескін картаға түсіріп, физикалық картамен қайтадан салыстырады. Жеңімпаз топ марапатталады.
- Білім алу – батылдылық,
- Оны толықтыру – даналық,
- Ал шебер қолдана білу - өнер!
- Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың
- «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
- Тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |