Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі аппараты бақ-та бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған



жүктеу 469,88 Kb.
бет1/2
Дата20.05.2018
өлшемі469,88 Kb.
#14949
түріКонкурс
  1   2

Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі аппараты БАҚ-та бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған

(мемлекеттік орган атауы) конкурстар туралы мәлімет


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты D, D-O санаттарындағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін бірыңғай конкурс өткізеді.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларына» сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 6 қарашадағы өкімімен D, D-O санаттарындағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу жөніндегі бірыңғай конкурстық комиссия құрылды.





Мемлекеттік органның атауы

Бос лауазымның атауы мен санаты

Бекітілген біліктілік талаптары

Функционалдық міндеттері

БАҚ атауы және жарияланған күні

Мемлекеттік мекеменің мекен жайы, сымтетігі



Облыс әкімі аппараты

Облыс әкімі аппараты кәсіпкерлік және туризм салаларының даму мониторингі бөлімінің басшысы (D-3 санаты)


Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, халықаралық қатынастар, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, туризм, ветеринария.


Облыс әкімі қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастырушылық шараларды қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, туризмнің дамуына мониторингін қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, туризм саласында бағдарламалардың орындалуына бақылау жасау. Бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру. Бағыныстағы қызметкерлердің жұмысын болжамдау және жоспарлау қабілетінің болуы.


«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті.

№192-193


27.11.2015ж.

«Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси

газеті.

№141


27.11.2015 ж.


Шымкент қ., Нұрсәт ш/а, Астана даңғылы, 10, ӘІО ғимараты «В» корпусы, 118 бөлме.
(8-725-2)

24-71-72,



24-71-74







Облыс әкімі аппараты баспасөз қызметінің бас маманы (D-4 санаты, 2 бірлік)

Гуманитарлық ғылымдар, білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.


БАҚ-та жарияланған материалдар бойынша облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау. Облыс әкімінің қызметін БАҚ-та жариялап отыруды қамтамасыз ету. Облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру бойынша брифингтер ұйымдастыру.Тілтабысқыштық, дербес компьютерде жұмыс істей білу.












Облыс әкімі аппараты агроөнеркәсіп кешені және табиғатты пайдалану мониторингі бөлімінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік)

Ауыл шаруашылық ғылымдары, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, халықаралық қатынастар, жерге орналастыру, кадастр, геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару, ветеринария.


Агроөнеркәсіп кешенін және табиғат пайдалануды дамыту салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметті қамтамасыз ету. Көрсетілген салаларға мониторингін қамтамасыз ету және тиісті материалдар дайындау. Бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру. Тілтабысқыштық, дербес компьютерде жұмыс істей білу.












Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты)

Заңгерлік мамандығы бойынша.



ҚР нормативтік құқықтық келісімдерінің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіру. Заңнамалық келісімдерде көзделген жағдайда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктеме дайындау. Ведомстволық қарасты ұйымдарда қажеттілік болған жағдайда құқықтық жұмыстардың қалыпын және заңдардың сақталуын бақылау. Басқармада ҚР нормативтік-құқықтық кесімдерінің орындалуына мониторинг жүргізу. Ведомстволық қарасты ұйымдарының мамандарына консультативтік-әдістемелік көмек көрсету.












Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы емдеу профилактикалық қызметті үйлестіру бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік)

Педагогикалық, экономикалық, заңгерлік және медициналық мамандығы бойынша.


Облыстың ересек медицина ұйымдарының мамандарының оқу орынынан кейінгі білім жетілдіруі, қайта даярлықтан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың негіздерін біліп, жүргізу. Облыстың ересек медициналық ұйымдарында медициналық қызметкерлердің білімін жоғарлату туралы заңдылықтарын сақтауын бақылау.Облыстың ересек медицина ұйымдарының медициналық қызметкерлердің білімін жоғарлату бойынша жұмыстарды үйлестіру, қадағалау міндетті. Дәрігерлік қөмекке дейінді медициналық көмектің сапасын бақылау, медицина колледждерінің жұмысын болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру қабілетінің болуы.












Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 2 бірлік)

Медициналық мамандығы бойынша.


Акушер-гинекологиялық, педиатриялық, балалар мен әйелдерге медициналық көмек көрсететін қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізу, облыс денсаулық сақтау ұйымдары мен қызметтерінің әрекетін нормативтік-құқықтық қамсыздандыру. Облыстың балалар мен әйелдерге қызмет көрсететін медициналық ұйымдарында медициналық қызмет туралы заңдылықтарын сақтауын бақылау. Облыстың медициналық ұйымдарында балалар мен әйелдерге медициналық көмек көрсету жөніндегі жұмыстарын үйлестіру.












Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы дәрілік заттармен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің ұзақ мерзімді жалақы сақталмайтын демалысы уақытына) (D-О-4 санаты, 1 бірлік)

Медициналық, фармацевтика, санитарлық-гигиеналық, биотехнология, биология мамандығы бойынша.


Облыс халқын қауіпсіз және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуге және дәрілік заттарды тиімді пайдалануын бақылауға байланысты жұмыс. Вакцинаға және басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттарға тапсырыс дайындау, сол заттарды қабылдау, есепке алу, аймақтарға беру, сақтау және тасымалдау кезіндегі салқындық тізбесін сақтауын бақылау. Облыстың медициналық ұйымдарында фармацевтикалық қызметі туралы заңдылықтарын жаңаруын, сақтауын бақылау, бағдарламалық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету. Облыс халқын иммунопрофилактика және вакцинамен реттелетін жұқпалы ауруларды азайту немесе болдырмау кешенді жұмысына ат салысу.












Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты)

Дене шынықтыру және спорт, заңгер, мемлекеттік басқару.


Басқарманың жұмыс Регламентінің орындалуына бақылау жасайды және ол бұзылған жағдайда жауап береді; облыс әкімі мен оның орынбасарларының, басқарма басшылығының тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды; өз құзіреті шегінде ҚР-да дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тармақтарының, дене шынықтыру мен спортты дамытудың аймақтық бағдарламасының орындалуын ұйымдастырады, материалдарды және бекітілген есепті жинақтайды; басқарма басшысының тапсырмасы бойынша басқармаға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар қызметіне тексеру жүргізуді ұйымдастырады; басқармаға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың, аудандық және қалалық спорт бөлімдердің жұмыстарына әдістемелік-консультативтік көмек көрсетеді; бөлімнің жұмысын басқарады, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады; басқарманың жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын әзірлейді; қызметтік құжаттар бойынша тапсырмалардың орындалуы мерзіміне, азаматтар келіп түскен шағымдарды қарау барысына бақылау жүргізеді.












Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік)

Әлеуметтану, саясаттану, экономика, құқық, халықаралық қатынастар және жергілікті мемлекеттік басқару мамандықтары.


Облыстың қоғамдық-саяси ахуалының даму тенденцияларына талдау және болжау жасайды. Облыстың қоғамдық-саяси жағдайы мәселелері жөнінде анықтамалық және ақпараттық-сараптамалық мәліметтерді дайындайды. Сараптамалық мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара байланыс жасайды. Облыс әкімі мен орынбасарларының, қала, аудан әкімдерінің жеке қабылдауларында азаматтар тарапынан көтерілген өзекті мәселелерге зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Басқарма басшысы мен орынбасарларының, бөлім басшысының бөлімге қатысты өзге де тапсырмаларын жүзеге асырады.












Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік)

Мәдениет және өнер, музыкалық білім, бейнелеу өнері, тарих, археология, қазақ тілі және әдебиеті, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша.


Басқарма басшысының, басқарма басшысы орынбасарының, бөлім басшысының тапсырмаларын орындау; облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, оңтүстік-цирк, оңтүстікфильм мекемелерімен тиісті жұмыс жүргізу; аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне қарасты клуб мекемелері, кинотеатр, зообақ және саябақтармен тиісті жұмыс жүргізу; мәдениет мекемелерінің жұмыстарына талдау, болжау, сараптау, жоспарлау жұмыстарын жүргізу; өзіне жүктелген мекемелердің тоқсандық іс-жоспарының орындалуына бақылау жасайды, оның қорытындысы бойынша тоқсан сайын есеп береді; өзіне жүктелген мекемелердің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; ақын-жазушылар одағы мен композиторлар және т.б. өнер ұжымдарымен байланыстар жасау; жоспардан тыс атаулы күндер мен шығармашылық кештерді ұйымдастырып өткізу.












Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты)

Инженер-құрылысшы, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру мамандықтары бойынша.


Құрылыстарды, ғимараттарды салу, кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдауға ұсыныс беру. Әлеуметтік нысандардың құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеге сай жүргізілуін үйлестіру туралы шұғыл ақпараттар мен мәліметтерді жинау және ұсыну, бөлімнің есептерін дайындау және ұсыну. Облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының жоспарына сәйкес нысандардың құрылыс мәселелері бойынша салааралық басқармалармен бірлескен жұмыс жүргізу. Пайдалануға тапсырылатын құрылыс нысандарының жұмысшы және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру.












Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік)

Инженер-құрылысшы, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру мамандықтары бойынша.


Бекітілген аудан және қалалардың құрылыс бөлімдері -тапсырысшылармен әлеуметтік нысандардың құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеге сай орындалуын үйлестіру, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы шұғыл ақпараттар мен мәліметтерді жинау және ұсыну. Салалық министрліктер мен комитеттерге есептер дайындау. Әлеуметтік нысандардың құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша жүргізілген мониторингке талдау жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін ұсыныс енгізу. Пайдалануға тапсырылатын құрылыс нысандарының жұмысшы және мемлекеттік қабылдау комиссияларын құру және жұмысын үйлестіру.












Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы тұрғын үй және инженерлік коммуникациялар құрылысы бөлімінің жетекші маманы (D-О-5 санаты, 1 бірлік)

Инженер-құрылысшы, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша.


«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын облыс аумағында жүзеге асырылуын үйлестіру. Облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының жоспарына сәйкес тұрғын үй және инженерлік коммуникациялар мәселелері бойынша салааралық басқармалармен және жергілікті әкімдіктермен жұмыс жүргізу. Аудан, қалаларда салынатын тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс монтаж жұмыстарына мониторинг жүргізу. Құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы шұғыл ақпараттар мен мәліметтерді жинау, ұсыну. Бөлімнің іс-номенклатурасын жүргізу, кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу.












Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы жобаларды қарау және іске асырылуына мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты)

Заңгер, жылуэнергетика, электроэнергетика, мұнай газ ісі, су ресурстары және суды пайдалану, көлік, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әуе, автомобиль және темір жолдары, құрылысшы, жергілікті мемлекеттік басқару және экономика мамандықтары бойынша.

Инженерлік инфрақұрылымдар жүйесі бойынша жүргізіліп отырған жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімінде жүзеге асырылуына, бюджет қаржысы есебінен бөлінген қаржының тиісті деңгейде игеріліп, түпкі нәтижеге қол жеткізуін ұйымдастыру.













Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы заң қызметі бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік)


Заңгер мамандығы бойынша.

Негізгі функционалдық қызметтері бойынша облыс әкімдігінің қаулылары мен шешімдерінің жобасын жасауға қатысу. Мемлекеттік сатып алулар бойынша өткізілген конкурстарға қойылған талап-арыздар мен ұсынымдар бойынша жұмыс жасау, экономикалық сот процестеріне қатысу. Құқықтық маңызы бар құжаттарды дайындауға қатысу және әзірлеу. Басқарманың құрылымдық бөлімдеріне құқық жұмыстары бойынша құқықтық құжаттарды дайындау мен ресімделуіне және талаптарды қайтару жауаптарын негізді дайындауда әдістемелік көмек көрсету. Лауазымды тұлғалар мен басқарма қызметкерлерінің қызметтеріне қарасты қолданыстағы заң актілері мен оларға енгізілген өзгерістер туралы таныстырып, хабардар ету.












Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы газбен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, (D-О-4 санаты, 1 бірлік)

Мұнай газ ісі, құрылысшы, жергілікті мемлекеттік басқару және экономика мамандықтары бойынша.


Газ құбырлары жүйесін құру, қолданыстағы газ құбырлары жүйесін қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау. Құрылысы біткен нысандарды заңға сәйкес пайдалануға тапсыру құжаттарын дайындау арқылы іске қосуды, облыс көлемінде табиғи газбен жабдықтау бойынша стратегиялық және оперативтік жоспарларды дайындауды, орта мерзімді және индикативтік жоспарларды дайындауды. Облыс көлемінде табиғи газ құбырлары жүйесінің пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау.












Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу, пайдалану бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысы кезеңіне) (D-О-4 санаты, 1 бірлік)




Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу, пайдалану жоспарларын және іс-шараларды жүзеге асыруды үйлестіру; құрылыстардың күнтізбелік кестесін түзіп, олардың орындалуын бақылау; автомобиль жолдарының көктемгі және күзгі байқауларын ұйымдастыру және бақылау; ай сайын облыстық маңызы бар автожолдарын салу, жөндеу жұмыстарының жобалық – сметалық құжаттарға және сметалық құжаттамаға сәйкестігін зерттеп, оларды қабылдауға қатысу; жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу бойынша орындалған жұмыстардың бақылау өлшемдерін жасауға және оларды мемлекеттік қабылдауға қатысу.












Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік):


Экономика, заңгер, гуманитарлық ғылымдар мен бизнес және техникалық ғылымдар мен технологиялар саласындағы мамандықтар, құрылыс, құрылыс технологиясы, су ресурстары және суды пайдалану, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, ақпараттық жүйелер, жергілікті мемлекеттік басқару мамандығы бойынша.


Бекітілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты, есептілікті жинау, қорыту талдау жұмыстарына мониторинг жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға қадағалау және мониторинг жасауды ұйымдастыру. Бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мерзімінде қаралып, оның шешілуін қамтамасыз ету. Бөлімнің міндетіне жататын жұмыстарды ұйымдастыру және орындау. Басшылық тарапынан өзіне міндеттелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу конкурстарына жүргізілетін мониторинг жұмыстарының заң талаптарына сәйкес жүргізілуін бақылау.












Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы инфрақұрылым саласында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік)

Экономика, заңгер, гуманитарлық ғылымдар мен бизнес және техникалық ғылымдар мен технологиялар саласындағы мамандықтар, құрылыс, құрылыс технологиясы, су ресурстары және суды пайдалану, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, ақпараттық жүйелер, жергілікті мемлекеттік басқару мамандығы бойынша.


Бөлімге қатысты мемлекеттік сатып алу конкурстарын сала бойынша нормативтік-құқықтық актілерде көзделген мерзімде мемлекеттік сатып алу «Веб-порталында» жариялануы мен өткізілуін қамтамасыз ету. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда басқарманың  құзыретiне жататын мемлекеттік сатып алуға қатысты мәселелер бойынша түсiндірме дайындау және оның дұрыстығын қамтамасыз етіп бұрыштама қою. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады, қабылданған шешімдердің жобасын дайындайды, оны мемлекеттік сатып алу «Веб-порталында»  орналастыру. Бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мерзімінде қаралып, оның шешілуін қамтамасыз ету. Бөлімнің міндетіне жататын жұмыстарды ұйымдастыру және орындау. Басшылық тарапынан өзіне міндеттелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысатын әлеуетті өнім жеткізушілерге қойылатын біліктілік талаптардың заң шеңберінде орындалуын бақылау.












Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты)


Құрылыс немесе құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, сәулет, көлік құрылысы, гидротехникалық құрылыс және ғимарат.


Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды қамтамасыз ету, салынып жатқан және салынуы жоспарланған (қайта жаңғыртылатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін ) объектілер мен кешендерге мониторинг ұйымдастыру, салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу. Тексеру қорытындылары бойынша құрылыс субъектілеріне берілген нұсқаманың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, қала құрылысы және жобалау құжаттамасының сапасына бақылауды ұйымдастыру, жобалау құжаттамасына сараптама жүргізу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жоюға болмайтын бұзушылыққа жол берген заңды, жеке және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамалық тәртіпте белгіленген шараларды қолдану; құрылыс субъектілеріне қатысты әкімшілік іс қозғағанда заңдылықты қамтамасыз ету. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарламада көрсетілген деректердің анықтығын белгілеу бөйынша тексеруді жүзеге асыру. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарламаларға талдау және мониторинг жүргізу. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру үшін бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, бақылау. Бөлімнің жұмысын үйлестіру.












Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маман-ревизор (D-О-4 санаты, 1 бірлік)

Экономикалық, қаржылық, заңгер және бухгалтерлік есеп және аудит.


Басқарма жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады және оны жақсарту жөнінде ұсыныстар еңгізеді. Басқарманын Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асыру. Басқарманың стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын тексеруді жүзеге асырады. Басқарманын есепке алу мен есептіліктің жүргізілуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады, бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратады және белгіленген мерзімде алады, басқармада бюджет және өзге де заңнамасының сақталуын бақылау. Ішкі бақылауға қатысты жұмыстарды үйлестіру.












Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы өнеркәсіптің базалық салаларын дамыту бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік)

Экономика, менеджмент, металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, мемлекеттік және жергілікті басқару, туризм, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, құқықтану, қаржы мамандықтары.


Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын жақсарту шараларына ықпал етеді. Жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық құжаттарын, тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруды және бақылауды ұйымдастырады. Облыс өнеркәсібінің өндірістік әлеуетін қолдану тиімділгін арттыру, бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруды көбейту шараларын дайындауға қатысады. Өнеркәсіптің салалық бағдарламарымен жұмыс жасайды. Облыстық туристік өнімді ішкі және дүниежүзілік туристік нарыққа шығару. Басқарманың туризм логистика қызмет саласына қатысты салаларды дамыту үшін инвестициялар тарту. Өңірде шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету. Бөлімдің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын басқарма басшысына бекітуге ұсынады және орындалуын қадағалайды және жазбаша түрде басқарма басшысына ұсынады. Бөлімдердің құзыретіндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына және бағдарлама аясында бөлінген қаражаттың толық, тиімді игерілуіне жауапты болады. Тиісті бағдарламалар және облыста мұнай өнімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша өз құзыреті шегінде аудан, қала әкімдерімен, салалық министрліктермен тікелей қарым-қатынас жасап, жұмысты оңтайландыру бойынша ұсыныс береді. Облыстағы жанар-жағар май қызметі бойынша кәсіпкерлік құрылымдарының қызметін үйлестіреді, оларға талдау жасайды. «Қазақстандық қамтуды дамыту бойынша 2010-2014 жылдарға арналған» бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ-на (NADLoC) мониторинг және талдау жүргізеді. Қазақстандық мазмұнды жоғарылату бойынша жұмыс жүргізеді, тауарөндірушілер көлемін жоғарылату шараларына ықпал етеді.












Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы индустриялды-инновациялық даму бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік)

Экономика, менеджмент, металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, химиялық бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру, география, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары.

Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылып жатқан жобалар бойынша ақпарат жинақтау және талдау жұмыстарын жүргізеді. Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу барысын тұрақты түрде мониторингілеу және жобаның толық қуаттылыққа шығуы бойынша жұмыстар жүргізеді. Облысқа инвестициялар тарту шараларын қарастырады, инвестициялық саясатты белсендіруде болжамдар, талдаулар жасайды. Инновациялық жобаларды енгізу мәселелері бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық технобағы» ЖШС бірлесе жұмыс жасайды. «Оңтүстік Қазақстан облысы 2013-2014 жылдарға арналған инновациялық жобалар Картасы» шеңберінде «Шымкент инновация» ЖШС өзара бірлесе жұмыс жүргізеді.












Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы әкімшілік бөлімінің бас маман – есепшісі (D-О-4 санаты, 1 бірлік)

Экономика, қаржы, есеп және аудит мамандықтары бойынша.

Қаржы операцияларын қамтамасыз етеді. Қазынашылықтан өзгешіліктер бойынша бюджеттен жұмсалатын шығыстар сметасының орындалуын қамтамасыз етеді. Бюджет қаржысының игерілуін қамтамасыз етіп, орындалуына тікелей жауапты болады. Бюджет бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарманың әкімшілік шығындарын жоспарлау, қажетті құжаттарды дайындап, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуын қамтамасыз етеді. Басқарманың есеп-қисап жұмыстарына қатысты шараларды ұйымдастырады. Басқарманың стратегиялық жоспарын дайындау және бекітуге ұсыну, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету, орындалуына мониторинг жүргізу және бақылауға алады. Мемлекеттік сатып алудың заңдылыққа сәйкес орындалуын қадағалау.












Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы инвестициялық жобаларды қолдау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 2 бірлік)

Экономика, халықаралық қатынастар, құқықтану, менеджмент, туризм, география, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары.


Жаңа бизнес бастамаларына, экспортқа бағытталған өндіріске қолдау жасау. «Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын ұйымдастыру. Арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекеттік субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдауға қатысады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын басты бағытта ұстап, орындалуына тікелей жауапты болады. Кәсіпкерлік саласындағы саясатты үйлестіру барысында инновациялық жобалар дайындауға қатысып, жүзеге асырылуынын ұйымдастыруға ықпал етеді. Тиісті бағдарламалар бойынша екінші деңгейдегі банктермен және аудан, қала әкімдерімен, салалық министрліктермен тікелей қарым-қатынас жасап, жұмысты оңтайландыру бойынша ұсыныс береді. Бөлімнің құзыретіндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына және бағдарлама аясында бөлінген қаражаттың толық, тиімді игерілуіне жауапты болады. Жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық актілерін, тапсырмаларын жүзеге асыруды ұйымдастырады. Бөлімнің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дайындап, бөлімге жетекшілік жасайтын басқарма басшысы орынбасарының келісмімен басқарма басшысымен бекіту үшін тиісті бөлімге ұсынады және орындалуын ұйымдастырады.








Аппарат акима Южно-Казахстанской области Информация об объявленных конкурсах на занятие

(наименование госоргана) вакантных административных государственных



жүктеу 469,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау