Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»



жүктеу 2,47 Mb.
бет1/3
Дата11.12.2017
өлшемі2,47 Mb.
#4092
түріСабақ
  1   2   3

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы


Жалпы гигиена пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
Біліктілігі:
Курс: III______бөлім_____топ______
Семестр:

Құрастырғандар: Жақсыбаева Ж.Б.

Тойжанов Б.Қ.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді
«___»__________
«___» хаттама.


Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Долтаева Б.З.

1- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Ауаның физикалық қасиеттерінің гигиеналық маңызы. Температураның адам ағзасына тигізетін әсері. Ауа райы, климат. Биіктік және кессон ауруы.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға ауаның физикалық қасиеттерінің гигиеналық маңызы. Температураның адам ағзасына тигізетін әсері. Ауа райы, климат. Биіктік және кессон ауруын оқыту және алдын алу.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Ауаның физикалық қасиеттері: температурасы, ылғалдылығы, ауа жылдамдығы, қысымы

Адам ағзасы нормада өмір сүру үшін және жұмысқа деген қабілеттілігін сақтау үшін ағзада жылулық тепе - теңдік сақталу керек, яғни ағзада пайда болған энергия мен сыртқы ортаға берілетін энергия мөлшерінің тепе - тең болуы. Егер жылуды сыртқа шығару нашарласа, ол ағзада жиналып, ағза қызады. Ал жылуды көп мөлшерде жоғалту адамның салқындап қалуына әкеліп соғады. Адам қоршаған ортаның жылулық жағдайына ыңғайланып жүреді, мысалы, күн суық кезде қалың киім киеді, үйі жылы болу үшін от жағады, қар және жаңбырдың астында қалмас үшін үй салады. Ағзаның энергия жоғалтуы қоршаған ортаның жылулық жағдайына байланысты, ол температурамен, ылғалдылықпен, ауа жылдамдығымен, сәулелі энергиямен анықталады.

Температура және ауа ылғалдылығы. Атмосфералық ауа күн көзінің сәулесінен қызбайды, ол топырақтағы жылумен қызады. Сондықтан минималды температура күн көзі шығардың алдында болады, ал максималды температура 13-15 сағат арасында болады, бұл кезде топырақтың беті максималды қызады. Ауаның жерге жақын ыстық қабаты жоғары қарай көтеріліп, айлап салқындайды. Ауаның температурасы, елдімекен орналасқан жеріне байланысты қатты ауытқиды, мысалы, экваториялды Африкада максимум + 50–63˚С температура аралығында болса, минимум - 94 ˚ С температура Антарктидада болады.

Су көздерінің беткі қабаттарынан, топырақтан және жасыл өсімдіктерден үнемі су буы бөлініп шығып, ылғалдылықты арттырады.



1м.куб ауа құрамындағы су буының граммен анықталған мөлшері

«ауаның абсолютті ылғалдылығы» деп аталады.

Максималды ылғалдылық дегеніміз белгілі температурада 1 м. куб ауаны толығымен қанықтыру үшін қажет су буының граммен анықталған мөлшері.

Температура өссе, максималды ылғалдылық та өседі.



Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасына тең, ол пайызбен өлшенеді. Салыстырмалы ылғалдылық – ауаның су буымен қанығу дәрежесін көрсетеді.

Су булары атмосфералық ауа құрамында әр түрлі мөлшерде болуы мүмкін. Оның мөлшері жергілікті жердің жағдайына және температураға байланысты болады. Температура жоғарылаған сайын, су буларының мөлшері де жоғарылайды, сондықтан жазғы уақытта, қысқа қарағада ауада су буы көбірек болады. Ауаның ылғалдылығы ауадағы су буының мөлшеріне байланысты. Ауаның ылғалдылығының гигиеналық маңызы бар. Ауа су буымен қаныққан кезде олардың конденсациясы пайда болады. Су буы шаң бөліктеріне немесе басқа қатты бөлшектерге яғни аэрозольдерге тұнып, тұман пайда болады.



Жылу алмасу

Қалыпты жағдайда ( бөлме температурасы + 18 ˚ С ) адам терісі арқылы барлық бөлінген жылудың 85% - ы, ал 15 % -ы қабылдаған тамақты, суды, тыныс алатын ауаны жылыту үшін және өкпеде суды буға айналдыру үшін жұмсалады. Егер қоршаған орта температурасы адам денесінің температурасынан жоғары болса, адам жылуды терлеу арқылы шығарады. Адам ауыр жұмыс жасаса және қоршаған орта температурасы жоғары болса бөлінетін тердің мөлшері тәулігіне 6-10 литрге дейін жетеді.

Жоғары салыстырмалы ылғалдылық ( 70 %) жылу алмасуға жоғары температурада да, төменгі температурада да теріс әсерін тигізеді. Егер қоршаған орта температурасы 30 ˚ С болса және ылғалдылық жоғары болса, тердің бөлінуі қиындайды, ағзаның қызып кетуі байқалады. Егер температура төмен болса, ылғалдылық жоғары болса, адам жылуды конвекция жолымен жоғалтады, адам салқындап, ауырып қалуы мүмкін.

Қатты құрғақ ауа (ылғалдылығы 20-30 %) да адамға теріс әсер етеді – жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары кеуіп, қорғау қызметі нашарлайды. Адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін оңтайлы салыстырмалы ылғалдылық 40-60 % арасында болу керек.



Ауа жылдамдығы

Ауа жылдамдығы жылуды конвекция және булану арқылы жоғалтуды көбейтеді. Егер қоршаған ортаның температурасы жоғары болса, ауа жылдамдығы адамға жақсы әсер етеді. Күннің қатты ыстық кездерінде ауаны желдеткішпен желдетсе адам өзін жақсы сезінеді, ал мұндай ыстықта ауа жылдамдығы нашар болса, адамның денесі қатты қызып кетеді. Егер ауа температурасы төмен болса, ауа жылдамдығы көп болса, конвекция жолымен жылу жоғалту артады. Бұл адамға теріс әсерін тигізуі мүмкін. Адам жауырап, ауырып қалуы немесе үсіп қалуы мүмкін. Қоршаған ауаның температурасы жоғары болса, адамның үстіндегі киімі ылғалды болса немесе денесі терлеген болса, ауаның қатты қозғалысы немесе өтпе жел кезінде адам жылуды ылғал бөлу арқылы жоғалтады, ол адамда жоғары тыныс алу жолдарының жедел ауруы туындауы мүмкін.



Жел бағыты – қай жақтан соғып тұрғанымен анықталады. Елдімекенді жобалағанда және салғанда желдің бағыты және күші анықталады. Желдің бағыты жиі ауысатындықтан, осы жердегі желдің басым көпшілігі қай жақтан екенін анықтау керек. Ол үшін жел бағытының бір жылдағы қайталану жиілігін анықтайды және осы көрсеткіштер бойынша кесте құрайды. Оны «жел бағытының розасы » дейді. Сонымен «жел бағытының розасы» дегеніміз желдің бағытының және қайталануының графикалық көрінісі.

№ 1 сурет. Жел бағытының басым көпшілігі солтүстік – батыс жақтан.

Жел жиілігі: С – 25, СШ -32, Ш-12, О-10, ОШ- 19, ОБ-28,

СБ-60.


Көрсетілген жел бағытының розасында желдің бағытының басым көпшілігі солтүстік батыстан соғатыны және желдің сирек кезедесетін жағы оңтүстік пен шығыстан екені көрініп тұр, сондықтан өндірістік мекемелерді бұл елдімекеннің оңтүстігіне және шығысына орналастырған дұрыс, сол кезде өндірістерден шыққан зиянды заттар желмен елді мекеннен алыс жаққа әкетіледі.

Ауа қысымы және оның гигиеналық маңызы

Ауа қысымының тәуліктік өзгерісі 1-2 мм сынап бағанасынан аспау керек, ал жылдық өзгерісі 20 – 30 мм сынап бағанасынан аспау керек. Ауа қысымының жайлап өзгеруі адам ағзасына теріс әсер етпейді. Қысымның көп мөлшерде ауытқуын адам самолетте ұшқанда немесе тауға шыққанда байқайды. Бұл кезде атмосфералық қысым мен оттегінің парциалдық қысымы төмендейді, ол кейбір адамдарда метеоризм тудырады: асқазан - ішек жолдарында газдың көбеюі мен бірнеше функционалды өзгерістер байқалады: көкеттің жоғары орналасуы, тыныс алу тереңдігінің шектелуі. Сондықтан самолетпен ұшқанда ондай адамдар оттекті приборлар қолданғаны жөн.

Адам 9 - 10 км биіктікке көтерілгенде өте төмен қысымның әсерінен кейбір адамдарда «биіктік декомпрессиялы» ауруы байқалады. Ол кезде адамдардың бұлшық еттері және буындары ауырады. Аурудың алдын алу үшін адамдар скафандрлар киіп немесе қысымның қажет мөлшерін ұстап тұратын және есіктері жақсы жабылатын кабиналарда ұшқаны дұрыс.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

Атмосфералық ауаның адам өміріндегі алатын орыны?

Атмосфералық ауаның химиялық құрамы?

Оттегінің табиғаттағы ролі?

Көмір қышқыл газының табиғаттағы ролі?

Ауаның физикалық қасиеттері?



13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)

2- тақырып

1. Сабақтың тақырыбы: Ауаның химиялық құрамы.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға атмосфералық ауа гигенасын, ауның физикалық қасиетін, химиялық құрамы мен таныстыру және оқыту.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Атмосфера - жерді қоршаған ауа қабаты, ал ол газдардың қоспасынан тұрады. Ауаның негізгі бөлігі (90%-на дейін) 15 км-ге дейінгі биіктікте орналасады, яғни басым бөлігі тропосфера, ал қалған бөлігі 48 км-ге дейінгі биіктікте немесе стратосфера қабатында (9,99%) орналасқан. Атмосфераның ең жоғары қабатында небары 0,01% ауа болады. Жер бетінен 50 км-ден 80 км-ге дейінгі аралықта мезосфера қабаты, 1000 км-ге дейін ионосфера, 3000 км-ге дейін экзосфера, 50000 км-ге дейін магнитосфера қабаты орналасқан. Жер бетіндегі газ қабықшасының қалыңдығы – 50000 км. Атмосфераның физикалық және химиялық қасиеттерінің гигиеналық маңызы зор. Біріншіден, олар адамның функционалдық жағдайларының дәрежесін анықтайды, екіншіден, атмосфералық ауаны ластайтын заттардың айналымына әсер етеді. Демек, осы 2 жағдай адамның денсаулығына әсерін тигізеді.



Атмосфералық ауаның химиялық құрамы

Ауаның химиялық құрамы: азоттан (78,09%), оттегінен (20,94%), аргоннан (0,93%), көмір қышқыл газынан (0,03%) тұрады. Осы негізгі 4 құрамдас атмосфераның табиғи газдық құрамының 99,99% - ын құрайды. Қалған 0,01% бөлігі неон, гелий, метан, криптон, ксенон, озон және т.б. инертті газдардан тұрады. Адам тыныштық жағдайында минутына 5-10 л, қозғалыс кезінде 30 л, жұмыс істеу кезінде 100 л-ге дейін ауа жұтады. Ауаның физикалық және химиялық құрамының өзгеруі адамның денсаулығына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Ауаның құрамының тұрақтылығы және оның таза болуы онда жүретін табиғи өзін - өзі тазалау процесіне байланысты өзгеріп тұрады. Өзін -өзі тазалау процестеріне мыналар әсер етеді: жел, ластанған ауаны

елдімекеннен алыс жаққа алып кетеді, жаңбыр – ауаның құрамындағы зиянды заттарды жуып кетеді, оттегі мен озонның химиялың әсері, микроорганизмдер, ауа құрамындағы органикалық және басқа да қоспаларды тотықтырады, өсімдіктер мен балдырлар көмірқышқыл газын өздерінің бойына сіңіріп алып, ауаны оттегімен толықтырады. Бірақ қазіргі кезде ауада жүретін табиғи өзін - өзі тазалу процесінің күші, ауаны таза ұстау үшін жеткіліксіз, сондықтан атмосфералық ауаны қорғау бойынша шаралар орындалуы қажет.

Ауаны орташа тәуліктік тұтыну 15 - 30 м3-тай болады. Оттегі, азот және инертті газдар ауаның тұрақты құрамды бөліктері болып табылады және олардың ауадағы қатынасы іс жүзінде барлық уақытта бірдей.



Оттегі – ауаның маңызды құрамдас бөлігі. Адамдар мен жануарлардың өмірі үшін, жану және тотығу процесі үшін өте қажет. Ашық атмосферада оттегі мөлшерінің ауытқуы қатты байқалмайды. Адам ағзасында физиологиялық өзгерістер ауа құрамындағы оттегінің мөлшері 16-17% төмендегенде байқалады, ал оттегінің мөлшері ауа құрамында 11-13% төмендегенде адамда айқын оттегі жетіспеушілігі байқалады. Бұл кезде адамның жұмыс қабілеті күрт төмендейді. Ауа құрамындағы оттегінің мөлшері 7-8% төмендегенде адам оттегі жетіспеушілігінен өліп кетуі мүмкін.

Парциалды қысымның төмендеуі адамдар мен жануарларда оттегі жетіспеушілігін тудырады ( қанның оттегімен қанығуы төмендейді). Оттегінің жетіспеушілігі, оттегінің парциалдық қысымының төмендеуінен пайда болады, мысалы, ондай өзгеріс адам самолетте ұшқан кезде байқалады, оны «биіктік ауруы» деп те атайды. Бұл мәселені оттекті приборлар, скафандрлар және самолет кабиналарына ауаны компрессорлардан өткізіп беру арқылы шешуге болады.

Мұндай өзгеріс адам тауға көтерілгенде де байқалуы мүмкін. 3000 метр биіктікке көтерілгеннің өзінде –ақ адамда « тау ауыруы» пайда болуы мүмкін. Бұл кезде ағзада, ұлпаларда тотығу процесі бұзылады, адам өзін нашар сезінеді, тыныс алуы жиілейді. Тау ауруының алдын алу үшін адам өзін - өзі шынықтырып, акклиматизацияға үйрету керек. Үнемі тауға шығып, шынығып жүрген адамдар және үнемі тауда тұратын адамдар оттегінің жетіспеушілігін сезінбейді.

Оттегінің аз концентрациясы жабық бөлмелерде көп адам болған кезде байқалады. Мысалы, су асты кемелерінде апат болған жағдайда, шахталарда, қолданылмайтын құдықтарда оттегін басқа газдар ығыстырып шығаруы мүмкін.

Медиктерді оттегінің жоғары концентрациясының адам ағзасына әсерінің ерекшелігі қызықтырады. Медицинада тыныс алатын ауаны оттегімен байыту (40-60% -ға дейін ), оттегі жетіспеушілігін емдеген кезде қолданылады. Барокамерада қысым 3 атм. болады, мұндай кезде гипоксия жағдайындағы ұлпалардың оттегімен қамтамасыз етілуі жақсарады, олардың жұмысы тұрақталады. Медицинада емдеудің бұл түрін «гипербариялық оксигенация» деп атайды. Бұл әдіс хирургияда және жедел терапияда, мысалы, адам көміртегінің монооксидімен уланғанда қолданылады.

Азот - ауаның негізгі құрамдас бөлігі. Ол азотты заттардың айналымына қатысып, маңызды биологиялық рөл атқарады. Ол оттегін араластырғыш ретінде қолданылатындықтан, маңызы зор, өйткені таза оттегі адамға токсикалық әсер етеді.

Көмір қышқыл газы немесе оны көміртегінің қос тотығы деп те атайды – түссіз газ, иісі жоқ, шырышты қабықты тітіркендірмейді, ауа құрамында көп мөлшерде болса да адам оны сезбейді, сондықтан адам ол газбен уланып қалғанын білмей де қалады. Көмір қышқыл газы ауадан 1-1,5 есе ауыр, сондықтан ол бөлменің төменгі жағында жиналады. Атмосфералық ауа құрамында көп емес 0,03-0,04%, мөлшерде кездеседі, оның мөлшері табиғатта өзгеріп тұрады. Тұрғын бөлмелер үшін көмір қышқыл газының мөлшері - 0,1%. Ауа алмасуы жоқ бөлмелерде, адамдар көп жиналған кезде көмір қышқыл газының концентрациясы 0,7- 0,8% - ға дейін жетеді. Адамның хал-күйінің нашарлауы көмір қышқыл газының концентрациясы 1,0 - 1,5% -ға жеткен кезде байқалады. Егер бөлменің ауасының құрамында көмір қышқыл газының мөлшері 0,1 - 0,15 % болса, ол сол бөлменің ауа алмасуының нашарлығын көрсетеді, яғни бөлмедегі көмір қышқыл газының мөлшері сол жердің ауасының ластануының жанама санитарлық көрсеткіші болып табылады. Егер ауа құрамында көмірқышқыл газының мөлшері 1% -ға жетсе, адам ағзасында қышқылдық – сілтілік тепе - теңдіктің бұзылуы (ацидоз) байқалады, бірақ жұмыс қабілеті өзгермейді, ал көмір қышқыл газының концентрациясы 1,5 –

3 % болған кезде, улану белгілері байқалады: тыныс алудың нашарлауы, бас ауырыуы, жұмыс қабілетінің нашарлауы және т.б. Көмірқышқыл газының бөлмедегі мөлшері 6% -ға жеткен кезде адам өміріне қауіп төнеді, ал 10-12% -ға жеткен кезде адам есін жоғалтады, өледі.

Атмосферада көмір қышқыл газының артуының себебі отынның жануы.

Аргон, неон, гелий, криптон, ксенон - инертті газдар, олардың концентрациясы ауада тұрақты, биологиялық белсенділігі жоқ. Ешқандай реакцияға қатыспайды.



Озон – атмосфераның жерге жақын бөлігіне стратосферадан өтеді. Озон стратосферада ауаның отегіне ультракүлгін сәулелердің әсерінен электрлік разряд кезінде пайда болады, сондықтан ол ауаның табиғи құрамына кіреді. Озонның атмосферадағы мөлшері 3,5 млрд. тоннаға жақын, ал көлемі ауаның небәрі 0,000001% -ын құрайды. Озон биологиялық нысандарға өте зиянды әсер ететін күн сәулесінің қысқа толқынды ультракүлгін бөлігін ұстап қалады, оны өзіне сіңіріп, жер бетінің қатты суып кетуінен сақтайды. Соңғы 17 жыл ішінде Солтүстік жарты шар стратосферасында озонның концентрациясы 3% кеміген.

Атмосфералық ауаның тұрақты емес табиғи құрамына аммиак, күкіртсутек, су булары және шаң кіреді. Аммиак атмосфералық ауа құрамына органикалық азотты заттардың ыдырау процесінен түседі. Күкіртсутек құрамында күкірті бар ақуызды заттардың атмосфералық ауада ыдырауынан пайда болады.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

Атмосфералық ауаның адам өміріндегі алатын орыны?

Атмосфералық ауаның химиялық құрамы?

Оттегінің табиғаттағы ролі?

Көмір қышқыл газының табиғаттағы ролі?

Ауаның физикалық қасиеттері?



13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
3-тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Адам үшін судың алатын орны. Ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптар.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға су және сумен қамтамасыздау гигиенасы, адам үшін судың алатын орынын, ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптарды оқыту және үйрету.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Судың физиологиялық және гигиеналық маңызы кіші дәрет арқылы, 400-600 мл тері қабаты, 350-400 мл тыныс алу кезінде, 100-150 мл нәжіс арқылы шығарады. Жоғалтқан судың орнын адам тәулігіне 1,5 л –ін сұйық Су адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына әсер ететін қоршаған ортаның маңызды элементтерінің бірі. Су адам ағзасында үлкен рөл атқарады: ағзадағы барлық физикалық - химиялық процесс судың қатысуымен жүреді, су барлық зат алмасу, тотығу, гидролиз процестеріне қатысады. Су ағзаға керек қоректік заттарды тасымалдап, ағзаға керек еместерін ағзадан шығаруға қатысады.

Қалыпты жағдайда адам ағзасында ішкі ортаның осмотикалық қысымының тұрақтылығы сақталады, ол ағзаға су мен тұздардың түсуімен және шығарылуымен анықталады.

Қоршаған ортаның қалыпты температурасында және ылғалдылығында ересек адамның тәуліктік су балансы 2,2 - 2,8 л-ді құрайды. Адам ағзасы тәулігіне 1,5 л - ге жуық судыішумен ( шай, кофе, сусындар және т.б.), 600-900 мл-ін тамақ тағамдарымен толықтырады, ағзадағы тотығу процестерінің әсерінен 300 - 400 мл су пайда болады.

Қоршаған орта температурасы көтерілген кезде және ауыр дене жұмысы кезінде ағзаның суды жоғалтуы артады.

Мысалы, ыстық климат жағдайында, дене еңбегін атқарған кезде адамның суға деген сұранысы 5 л және одан да көбірек болуы мүмкін.

Ағзаға су жеткіліксіз мөлшерде түскенде адам шөлдейді және оған физиологиялық реакция береді, яғни су ішеді. Осылай ағзада су балансы және электролиттік тепе-теңдік тұрақты деңгейде болады. Егер ағза жоғалтқан судың орнын толтырып тұрмаса, ағзаның өмірлік маңызды мүшелердің жұмысы бұзылуы мүмкін.

Адамға су тек ішу үшін ғана емес, оның көп мөлшері санитарлық және шаруашылық – тұрмыстық мақсатта да қажет: яғни жеке бас гигиенасын сақтау үшін, кір жуу, үй – жайын таза ұстау үшін қажет. Су қоғамдық орындарды таза ұстау (мектептер, балабақшалар және т.б.), емдеу-сауықтыру орындарында жуып- тазалау жұмыстарын жүргізу үшін өте қажет.

Қазіргі кездегі қалаларға су орталықтандырылған канализация орнату үшін, орталықтандырылған жылыландыру жүйесін орнату, жасыл өсімдіктерді суару, көшелерді жуу үшін және көпшілікті сауықтыратын орындарда (жүзу бассейндері және т.б.) қажет.

Өндірістік мекемелер өзінің өндірістік қажетіне өте көп мөлшерде су жұмсайды.



Судың бір адамға қажет мөлшері дегеніміз - адамның суға физиологиялық сұранысын толық қамтамасыз ететін және гигиеналық, шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік мақсатқа қажет су мөлшері.

Судың сапасының үлкен гигиеналық маңызы бар. Судың сапасы оның органолептикалық қасиетімен, химиялық құрамымен, эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздігімен анықталады.

Судың органолептикалық қасиеті мөлдірлігімен, дәмімен және иісімен сипатталады. Судың химиялық (минералдық) құрамы 85%-ға дейін кальций, магний, натрий катиондарынан, гидрокарбонат, хлорид, сульфат аниондарынан тұрады. Қалған бөлігі аммоний, калий, нитрат, нитрит, фосфат аниондарынан және микроэлементтерден ( фтор, йод, цинк және т.б.) тұрады.

Химиялық құрамы бойынша табиғи сулар арасында айырмашылықтар болады. Минералды тұздардың көп концентрациясы суға жағымсыз дәм береді, ас қазан – ішек жолдарының қызметіне теріс әсер етеді, ол суларды тұрмыста және өндірісте қолдану мүмкін емес. Кейбір тұздар адамның ағзасына улы әсер етуі де мүмкін.

Ішуге қолданылатын су ашық су көздеріне өндірістік мекемелердің тазартылмаған қалдық сулары жіберілсе судың құрамында химиялық заттардың: сынап, мышьяк, қорғасын, хромның улы концентрациясы пайда болады.

Су көптеген жұқпалы ауру қоздырғыштарының көбеюіне және таралуына жақсы орта болып саналады. Адамдар арасында жұқпалы аурулар туындамас үшін, оларды сапалы судың жеткілікті мөлшерімен үздіксіз қамтамасыз ету керек. Ол туралы кейінірек айтылады.

Елдімекендерді сумен қамту екі түрлі жолмен іске асады: орталықтандылырған және орталықтандырылмаған немесе оны жергілікті сумен қамту деп те атайды.

Орталықтандырылған сумен қамту кезінде құбыр арқылы су бүкіл

елді мекенге немесе бір бөлігіне беріледі.

Кейбір елді мекендерде, көбіне ауылды жерлерде, сумен қамту тікелей су көзінен алынады (құдық, бұлақ). Мұндай сумен қамту түрін – орталықтандырылмаған немесе жергілікті сумен қамту деп атайды.

Қолданылатын судың мөлшері суды алудың оңайлылығына және елді мекеннің көркейтілуіне байланысты. Көркейтілуі жоғары болған сайын, суды қолдану мөлшері де артады.

Елдімекенге орталықтандырылған су көзін жобалаған кезде сол елге қажет судың мөлшерін анықтайды. Осы мақсатта белгіленген сумен қамту нормативтері қолданылады.

Жаңадан жобаланып жатқан су құбыры елдімекен сұранысын қанағаттандыру үшін, белгіленген нормативке сай оның қуаттылығын және елдімекендегі адам санын анықтау керек.

Суару үшін кететін су мөлшері бөлек саналып, содан кейін жалпы барлығы қосылып, ол елдімекенге қанша су мөлшері қажет екені анықталады.

Орталықтандырылмаған сумен қамту кезінде бір адамға қажет судың мөлшері 30-50 л / тәулігіне, ал орталықтандырылған, ыстық суы бар сумен қамту кезінде бір адамға 250-300 л / тәулігіне деп есептеледі.

Алдын ала санитарлық қадағалау кезінде санитарлық мекеме қолданылған нормативтің дұрыстығын және қажет су мөлшерінің дұрыс есептелгенін қадағалайды.

Орталықтандырылған су құбырын орнату тек елдімекеннің санитарлық жағдайын ғана жақсартып қоймады, ол ішек жұқпалы ауруларын азайтуда да маңызды шаралардың бірі болып табылады.

Судың сапасына қойылатын талаптар

Қазіргі кезде қолданылып жүрген санитарлық норма мен ережесіне

«Орталықтандырылған сумен қамту кезіндегі судың сапасына қойылатын талаптар» сай ауыз су ретінде қолданылатын су эпидемиологиялық және радиауионды жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы жағынан зиянды емес және органолептикалық қасиеті жақсы болу керек.

Ауыз су ретінде қолданылатын судың сапасының стандартта көрсетілген нормативтерге сай екенін суға химиялық - бактериологиялық зерттеу жүргізіп анықтайды.


Судың физикалық қасиеттері

Судың мөлдірлігі судың құрамындағы қалқып жүрген заттарға байланысты. Ауыз су ретінде қолданылатын судың мөлдірлігі 30 см тереңдікте судың астына қойылған белгілі шрифтпен жазылған жазу көрінетіндей болу керек.

Судың түсіне ашық және терең емес жер асты суларынан алынған судың құрамында топырақтан жуылған гуминді заттардың болуы, су гүлденген кезде және ашық су көздері қалдық сулармен ластану әсерінен болуы мүмкін. Судың түсі нормада 20˚ -дан көп болмауы керек.

Судың дәмі мен иісі судың құрамындағы өсімдік тектес органикалық заттардың болуына байланысты, олар суға батпақтың, шөптердің иісіндей иіс береді. Сонымен қатар судың иісіне және дәміне судың өндірістік қалдықтармен ластануы да әсер етеді. Ал жер асты суларының иісі мен дәміне көп мөлшерде еріген минералды тұздар мен газдар да әсер етеді, мысалы хлоридтер мен күкіртсутектер. Олар су тазалау стансасында тазалаудан өткеннен кейін иісі мен дәмі кетеді.

Суды зерттеу кезінде иісінің қарқындылығын және сипатын анықтайды. Ол балмен анықталады. 0 балл - иісі жоқ, 1 балл - өте әлсіз иіс, 2 балл - әлсіз иіс, 3 балл- анықталатын, 4 балл – айқын иіс, 5 балл - өте қатты білінетін иіс. Ауыз су ретінде қолданылатын судың иісі мен дәмінің қарқындылығы қазіргі кезде қолданылып жүрген нормативтерге сай 2 балдан көп болмауы керек.

Егер суды зерттеу кезінде табиғи судың түсіне тән емес түс анықталған болса, оның қайдан пайда болғанын міндетті түрде анықтау керек.

Судың химиялық құрамы. Санитарлық норма мен ережеге сай су химиялық құрамы жағынан зиянсыз болу керек және табиғи судың құрамында кездесетін заттар, суға өңдеу процесінде қосылатын реагенттер, адамдардың іс әрекет нәтижесінде суды ластайтын заттардың мөлшері стандарттағы нормативтерге сай болу керек.

Судың химиялық құрамына зерттеу жүргізген кезде оның табиғи химиялық құрамына және оны өңдегенде қолданылатын заттарды ескеру керек. Гигиеналық жағынан маңызы жоғары болып келесі көрсеткіштер саналады.

Құрғақ қалдық. Судың құрамының жиынтығы құрғақ қалдықпен анықталады, ол 1 литр суды булағанда қалатын зат. Ол судың минерализация дәрежесін көрсетеді. Орталықтандырылған су үшін ол нормада – 1000 мг/л

( тұщы су).



Темір көбіне жер асты суларының құрамында темірдің

дигидрокарбонаты түрінде кездеседі. Су ауамен қатынасқа түскенде темір тотығып, темірдің гидрооксидіне айналады. Ол суға лайлы қоңыр түс береді. Егер судың құрамында темірдің мөлшері 0,3 - 0,5 мг/л - ден көп болса, судың органолептикалық қасиеті нашарлайды, ал оның мөлшері судың құрамында 1-2 мг/л болған кезде, лайлылық пен түсінен басқа судың дәмі де өзгереді. Орталықтандырылған судың құрамында нормада темірдің мөлшері – 0,3мг/л, ал жергілікті су көзі суының құрамында 1 мг/л – ден көп болмауы керек.

Судың құрамында кальций мен магний тұздарының болуы судың қаттылығына әсер етеді. Қаттылығы 1,75 моль/л –ге дейінгі суды жұмсақ су дейді, 1,75 – 3,5 дейінгі суды – орташа жұмсақ су, 3,5-7,0 аралығындағы суды қатты, ал 7,0 –ден жоғары суды өте қатты су деп атайды. Қаттылығы жоғары суда еттің, бұршақ тұқымдастардың пісуі қиын болады. Ыдыстардың ішінде қақтар пайда болады. Кір жуған кезде сабын көпірмейді. Ондай суларды орталықтандырылған жылыландыру жүйесінде қолданған кезде олардың іші тез бітеліп қалады. Стандарт талаптарына сай ауыз судың қаттылығы нормада 3,5 моль/л немесе 7 мг-экв/л – ден көп болмауы керек.

Хлоридтер. Жай ағынды сулардың құрамында көп емес мөлшерде 20-30 мг/л дейін кездеседі. Құрамында хлордың мөлшері 350-500 мг/л болса, онда суда тұзды дәм пайда болады. Ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. 1Стандартқа сай судың құрамында хлоридтер нормада 350 мг/л –ден аспауы керек.

Сульфаттар. Өзен суларында және тұзды көлдердің шөгінділерінде тұрақты түрде кездеседі. Судың құрамында сульфаттардың мөлшері 500 мг/л болса, суда ащы - тұзды дәм пайда болады. Ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Мұндай суды бұрын қолданып көрмеген адамдарда ол диспепсия туындатуы мүмкін. Стандартқа сай судың құрамындағы сульфаттардың мөлшері 500мг/л аспауы керек.

Фтор қосылыстары – Судың құрамында болатын фтор қосылыстарының құрамындағы фтор ионы сүйектің және тістің минералдануына қатысады. Судың құрамындағы фтордың мөлшері нормада 1,2-1,5 мг/л болу керек. Егер судың құрамында фтор мөлшері 5 мг/л – дейін көтерілсе ол адамдар арасында сүйектердің зақымдануын туындатады ( остеосклероз, остеопороз.)

Ауыз судың құрамына улы заттар су көзіне өндірістен шығарылған тазартылмаған қалдық суларды жіберген кезде пайда болады. Бұл кезде өндірістің технологиялық процесімен танысып, қосымша суға қандай зерттеулер жүргізу керектігін анықтау керек.

Ашық су көздеріне жаңбыр, қар суымен бірге топырақтан ауылшаруашылығында қолданылатын қоршаған орта әсеріне төзімді пестицидтер де түсуі мүмкін. Гигиенистердің зерттеулерінің нәтижесінде судың құрамындағы бірнеше жүз зиянды заттардың шектеулі рұқсат етілген концентрациясы анықталған. Мысалы, созылмалы уланудың алдын алу үшін судың құрамындағы қорғасынның мөлшері -0,03 мг/л –дан, мышьяк мөлшері - 0,0,5 мг/л – ден көп болмауы керек.

Жұқпалы аурулардың таралуында су факторының рөлі

Егер ауыз судың құрамына жұқпалы ауру қоздырғыштары түссе, су эпидемиологиялық жағынан қауіпті болады. Су арқылы мынандай жұқпалы аурулар тарайды: іш сүзегі, тырысқақ, дизентерия.

Ауру қоздырғыштары ашық су көзіне тұрмыстық қалдық су арқылы, өндірістік мекемелердің тазартылмаған қалдық сулары арқылы түседі. Ал адам ағзасына ол қоздырғыштар тазартылмаған өзен суын ішкенде, суды өңдеу технологиясы сақталмағанда түсуі мүмкін.

Суға байланысты эпидемиялар бірқатар ерекше белгілермен сипатталады:

- аурудың бірден көтерілуі,

- ластанған суды ұзақ уақыт пайдалану кезінде аурудың жоғары деңгейінің

сақталуы,

- ластану көзін жойғаннан кейін аурудың бірден төмендеуі,

-су көзінің әсер ету аймағының тұрғындары арасындағы бұрқ етпелердің

шектелуі,



  • эпидемияның созылмалы ағымда өтуі аз ластанған суды тұрақты тұтыну кезінде болады.

Жоғарыда айтылғандай су арқылы жұғу жолы тырысқаққа және іш сүзегіне, дезинтерияға қатысты.

Су арқылы берілетін вирустарға: жұқпалы сары ауру, полиомиелит, аденовирустар, А және Б коксаки вирустары жатады. Әлемнің барлық елдеріне кең таралған жұқпалы гепатит ең терең зерттелген. Бұл ауруларды тудыратын вирустар қоршаған ортаға адамдардың нәжістерімен түседі.

Су жолымен берілу факторы адамдардың туберкулезді жұқтыруында да маңызды, тіпті қоздырғышы жұқтырылған суда шомылғанның өзінде де қауіпті болып табылады. Туберкулез микобактериялары су нысандарына туберкулез ауруханаларының, санаториялардың ағынды суларынан, сонымен қатар малдарды суару кезінде түседі.

Адамның су арқылы сібір жарасын да жұқтыру қаупі бар, ол биофабрикалардың және жүн жуатын орындардың ағынды суларын залалсыздандырмай су көздеріне жіберген кезде болады.

Су инфекцияларының қарқындылығы сулы ортада қоздырғыштардың тіршілік қабілеттілігінің деңгейіне, вируленттілігінің сақталу дәрежесіне байланысты. Олардың көбінің табиғи жағдайдағы өмір сүру қабілеттілігінің ұзақтығы бірнеше айды құрайды. Бірақ суда олардың ошақтарының пайда болуына бірнеше күннің өзі де жеткілікті. Бұл үшін қоздырғыш адамның ішегіне түсу қажет, сондықтан барлық эпидемиологиялық тізбек небәрі екі звенодан ғана тұруы мүмкін:


  1. Құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар залалсыздандырылмаған нәжіс немесе ағынды сулардың су нысандарына түсіп, оны ластауы.

  2. Қоздырғыштың залалсыздандырылмаған ауыз сумен адамның ішегіне түсуі.

Мұндай жағдайлар XIX ғасырдағы елдімекендерге тән болды, өйткені ол кезде адамдар инфекцияның қоздырғыштары және суды тазарту, залалсыздандыру туралы білмеген. Қазірге кезде де санитарлық – гигиеналық талаптардың бұзылуына байланысты бұл инфекциялардың таралуы кездеседі. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда су арқылы таралатын жұқпалы аурулар қазіргі кезде едәуір азайған. Қазіргі кезде су инфекциясының пайда болу себептері төмендегідей.

  • сумен қамтамасыз ету көзінде санитарлық қорғау аймағының нашар ұйымдастырылуы;

  • су құбырындағы судың нашар тазартылуы және залалсыздандырылуы;

  • су құбырларының ескіруі себебінен судың екіншілік бактериалды ластануы;

  • ашық су көздерінен алынатын суды өңдеусіз шаруашылық және ауыз су мақсатында пайдалану;

Сонымен, қоздырғыштардың су арқылы берілу жолы инфекциялық аурулардың таралуында басты фактор болып табылады.

Жұқпалы ауру қоздырғыштары (вирустар және бактериялар) және гельминт жұмыртқалары ашық су көздеріне елдімекеннен шыққан тұрмыстық және өндірісітік қалдық сулардан, емдеу - сауықтыру ұйымдарынан тазартылмай түскен қалдық сулар, адамдар мен жануарлардың нәжістері арқылы түсуі мүмкін.

Жұқпалы ауру қоздырғыштары адам ағзасына тазартылмаған суды ішуге қолданғанда немесе суды тазалау технологиясы сақталмаған кезде түседі.

Жер асты суларының ластануы егер қоқыстарды тастайтын жер, дәретхана дұрыс орналастырылмағанда немесе суы ластанған құдықтың суын ішкенде болуы мүмкін.

Бруцеллездің де су жолы арқылы берілу мүмкіндігі бар.

Бұл аурулардың қоздырғыштары жергілікті су көзіне ірі қара мал, кеміргіштердің шығындылары арқылы түсуі мүмкін.

Қазіргі таңда сумен қамту жағдайының жақсаруына байланысты, су арқылы таралатын жұқпалы аурулар саны едәуір азайды, бірақ әлі күнге дейін жұқпалы аурудың су арқылы таралуының маңызы бар, сондықтан ішетін судың сапасына қатаң қадағалау жүргізілу керек.

Эпидемиологиялық қауіпсіздік. Ауыз су құрамында қалыпты жағдайда патогенді микроорганизмдер болмауы керек, осыған байланысты оның эпидемиялық қауіпсіздігіне белгілі – бір нормативтер қойылады.

Осы мақсатта судың қауіптілігін оның құрамындағы микробтың жұқпалы ауру қоздырғыштары бар немесе жоғымен емес, өйткені оларды анықтау қиынырақ, сондықтан жанама көрсеткіштермен анықтайды. Судың сапасына берілген жаңа стандартта сапрофиттік ауру тудырмайтын бактериялар және ішек таяқшасы бактериялар тобының болуымен сипатталады. Осы көрсеткіштері бойынша су келесі талаптарға сай болу керек: 1 мл араластырылмаған судағы бактериялардың жалпы саны 50 көп болмауы керек.

Зерттеулер көрсеткендей, судың құрамында сапрофитті бактериялар аз болған сайын, жұқпалы ауру қоздырғыштары да аз болады.

Ішек таяқшалары суға адамдардың нәжістері арқылы түсуі мүмкін, сондықтан судың құрамында ішек таяқшасы анықталса, ол суда ішек жұқпалы ауруларының қоздырғыштары да бар екенін көрсетеді, яғни судың эпидемиологиялық қауіптілігінің маңызды көрсеткіші, ол адам нәжісімен түсу механизміне негізделген. Сондықтан, ішек таяқшасы судың нәжістік ластануының көрсеткіші болып таңдалынып алынды.

Сонымен қатар ішек таяқшасы ішек инфекциясының қоздырғыштарына қарағанда өте төзімді, егер ішек таяқшасын жоятындай жағдай болса, онда ішек инфекциясының қоздырғыштары да жойылды деп санауға болады.

Екінші жанама көрсеткіш ол – коли-индекс. Коли индекс дегеніміз

1 литр араластырылмаған судағы ішек таяқшасының мөлшері. Ол 3 көп болмауы керек.

Үшінші жанама көрсеткіш – коли-титр. Коли- титр дегеніміз – бір ішек таяқшасы табылған судың мөлшері. Ол 300 мл аз болмауы керек, бұл кезде су эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болып саналады. Бұл арнайы зерттеулермен негізделген. Егер суды залалсыздандырылғаннан кейін судың құрамында жоғарыда келтірілген көрсеткіштер болса, онда судың құрамындағы ішек инфекциялары қоздырғыштары толығымен жойылды деп айтуға болады.

Соңғы кездегі зерттеулер көрсеткендей - энтеровирустар (энтеровирус - ауру адамның ішегінен бөлінеді) – полиомиелит вирусы, жұқпалы сары ауру вирусы және т.б. – ішек таяқшасына қарағанда әлдеқайда төзімді.

Жаңа СанЕменН -ға сәйкес ауыз судың эпидемиологиялық қауіпсіздігі төмендегідей көсеткіштермен сипатталады:


  1. термотолерантты колиформды бактериялар - 100 мл - де болмауы керек.

  2. Жалпы колиформды бактериялар – 100 мл – де болмауы.

  3. Жалпы микробтар саны – 1 мл – де 50 көп емес.

  4. Колифагтар – болмауы

  5. Сульфидредуцирлейтін клострдиялар споралары – 20 мл- де болмауы.

  6. Лямблия цисталары – 50 мл – де болмауы.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

Жалпы су көздеріне анықтама беріңіз?

Судың бір адамға қажет мөлшері дегеніміз не?

Судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар?

Судың физикалық қасиеттерін айтып беріңіз?

Судың химиялық құрамы жайында айтып беріңіз?



13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
4- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Су тоғандарын санитарлық қорғау. Судың сапасын жоғарылату.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға суды санитарлық қорғау аймақтарымен таныстыру, судың ластануының алдын алуды оқыту. Судың сапасын жоғарылатудың әдістерімен (химиялық, физикалық, механикалық)таныстыру.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Судың сапасын берілген санитарлық нормаларға дейін жеткізу, су тазарту қондырғылары арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсаттағы сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде келесі әдістер ең көп таралған: химиялық құрамын қалыпқа келтіру бойынша, судың органолептикалық қасиетін жақсарту бойынша, эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша.



Мөлдірлендіру- суды майда қалқып жүрген заттардан тазалаудың ең негізгі әдісі болып табылады, ал мөлдірлендірудің негізгі операциясына тұндыру жатады. Тұндыру тек ірі қалқып жүрген заттар үшін қолайлы, ал коллоидты және майда қалқып жүрген заттардың тұнуы үшін өте көп уақыт керек, сондықтан осы заттардың тұну жылдамдығын арттыру үшін коагулянттар, яғни реагенттер қолданылады.

Судың коагуляциясы. Коагуляция процесі дегеніміз молекулалық тартылыс күшінің әсерінен судағы қалқып жүрген өлшенді бөлшектердің өз- ара жабысуы нәтижесінде іріленіп, тұнуы.

Қалыпты жағдайда табиғи сулардағы қоспалардың бөлшектері теріс зарядталғандықтан олар бір-бірін тебеді, сондықтан олардың жабысуын іске асыру үшін суға коагулянттар (реагенттер) қосады. Үлпектердің өзара қатынасы нәтижесінде олар іріленеді және тұнбаға түседі.

Коагулянт ретінде көбінесе глинозем - алюминий сульфатын Al (SO4)3 қолданады, бірақ суық суда глиноземнің тиімділігі төмен. Бұл жағдайда оның орнына темір препаратын пайдаланады (темір купоросы –Fe SO4, темірдің күкірт қышқылы- Fe (SO4)3, темір хлориді- FeCl3), бұларға судың төмен температурасы әсер етпейді. Темір препаратымен коагуляция процесін жүргізер алдында суды әкпен сілтілендіру керек, бірақ оңтайлы нәтижені темірдің хлоридін, аллюминийдің күкіртті қышқылы және әктің біріктірілген қоспасын қолданғанда береді.

Суды тұндыру. Тұндырғыштар сүзгіштердің жұмысын жеңілдетеді, судағы заттарды литріне 10-12 мг-ға дейін азайтады және суды мөлдірлендірудің бірінші сатысы болып табылады. Судың қозғалыс бағытына байланысты тұндырғыштардың үш түрін ажыратады: көлденең, тік, радиалды тұндырғыштар.

Суды сүзу. Суды тазартудың екінші сатысына жатады. Сүзгіш материалы ретінде жиі қолданылатындар: кварц құмы, құм және қиыршық тас. Сүзу материалы ретінде қолданылатын затқа Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты болуы керек. Сүзгілердің жұмыс тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіш – сүзу жылдамдығы болып табылады. Сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде әр түрлі құрылымдағы сүзгі қолданылады. Сүзу жылдамдығына байланысты оларды: баяу сүзгілер (сағатына 0,1- 0,2 м), жылдам сүзгілер (сағатына 6-8 м) және өте жылдам ( сағатына 100 метр) деп бөлінеді.

Тазартудың арнайы әдістері. Жоғарыда айтылған судың сапасын жақсартудың қарапайым әдістерімен қатар, ауыз судың сапасын стандарттарға жеткізетін арнайы әдістері қолданылады.Суды арнайы өңдеу әдісі дегеніміз- судың құрамындағы белгілі бір химиялық заттың мөлшерінің нормадан көп немесе нормадан аз болған жағдайда, оны нормаға дейін жеткізуін айтамыз. Оларға келесі әдістер жатады: суды жұмсарту, суды тұщыландыру, суды фторлау, суды дефторлау, суды темірлеу, темірсіздендіру.

Суды залалсыздандыру әдістері

Адам қолданатын су эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болу керек, яғни құрамында микроорганизмдер мүлдем болмауы керек, әсіресе патогенді микроорганизмдер, сондықтан ауыз су ретінде қолданылатын су тұтынуға жіберілер алдын міндетті түрде залалсыздандырылу керек.



Суды залалсыздандыру дегеніміз әр түрлі әдістер қолданып судың құрамындағы микроорганизмдерді жою.

Көптеген ғалымдар суды залалсыздандыруды шартты түрде үшке бөлген: реагентті (химиялық) залалсыздандыру, реагентсіз (физикалық) және залалсыздандырудың аралас түрі.

Химиялық әдіске - хлорлау, озондау, ауыр металдардың иондарымен өңдеу жатады. Бұл әдістер ірі су құбырларында кеңінен қолданылады.

Хлорлау – қазіргі уақытта біздің елімізде және шет елдерде де кең қолданылатын тәсілдердің бірі. Ол газ тәрізді хлормен немесе құрамында белсенді хлоры бар препараттар: хлорлы әк, гипохлорид, хлорамин, хлордың қос тотығын қолдану арқылы іске асады. Залалсыздандыру аяқталғанда суда қалдық хлор бос күйде және байланысқан түрде де болады. Оңтайлы болып, хлор сумен 30 минут әсерлескеннен кейін судың құрамындағы қалдық хлордың мөлшері 0,3-0,5 мг/ л саналады. Бұл жанама көрсеткіш СанЕменН «Ауыз суға» енгізілген және санитарлық бақылау тәжірибесінде қолданылады. Ереже бойынша, ірі су құбырларында газ тәрізді хлор қолданылады, ол қолданылатын жеріне сұйытылған түрде баллондарда жеткізіледі.

Хлорлы әк кальцийдің хлорсутектік және хлорлы қышқылды қосылысы болып табылады және 35% - ға дейінгі белсенді хлорды құрайды. Хлор әгін ұзақ және жарық жерде сақтағанда оның белсенділігі төмендейді. Гипохлоридтер хлорланған қышқылдың натрий және калий тұздары болып табылады. Оларды арнайы қондырғыларда қайнатылған тұздарды электролиздеу арқылы өндіреді. Хлордың қос тотығы газ болып табылады. 110С-тан төмен температурада жарылу қаупі бар, осыған байланысты оны қолдану шектелген.

Суды хлормен залалсыздандырудың бірінші тәжірибелерінде –ақ, оның белгілі бір бөлігінің тек микроорганизмдермен емес, сонымен қатар судағы басқа заттармен жұтылатыны байқалады. Бұл құбылыс хлорды жұту немесе хлорға қажеттілік деп аталған. Оңтайлы бактерицидтік әсері үшін суға енгізілген хлордың мөлшері сіңірілген препараттың мөлшерін тек арттырып қана қоймай, қалдық хлор деп аталатын біраз артық мөлшерін де құрмау керек. Белгілі бір әсер ету уақытынан кейін қалдық хлордың мөлшері бойынша, қажетті бактерицидті әсері туралы айтуға болады.

Залалсыздандырылған кезде қалдық хлор суда бос және байланысқан түрде болады. Бос хлордың белсенділігі байланысқан түріне қарағанда 2 есе жоғары. Бұл кезде қалдық хлордың өлшем түрі препараттың енгізілген мөлшеріне байланысты. Хлордың аз мөлшері судағы органикалық заттармен сіңіріледі. Мөлшері жоғарылаған кезде қалдық байланысқан хлор түзіледі (хлораминдер). Мөлшерінің ары қарай көбеюі байланысқан хлордың белгілі бір деңгейге дейін азаюына, ал кейін бос қалдық хлордың артуына алып келеді.

Залалсыздандыру аяқталғанда суда қалдық хлор бос күйінде де, байланысқан түрде де болады. Оңтайлы болып, суда 30 минут әсерлескеннен кейін қалдық хлор 0,3-0,5 мг/л мөлшерде болу керек. Бұл жанама көрсеткіштер СанЕменН «Ауыз суға» енгізілген, және санитарлық бақылау тәжірибесінде қолданылады.

Залалсыздандыру тиімділігін қалдық хлордың, басқаша айтқанда жанама мөлшер бойынша болжайды. Сонымен қатар, қалдық хлор хлорлау процесінің нәтижесі болуы мүмкін, мысалы, судың төмен температурасы кезінде. Әдебиетте хлорланған суда микроорганизмдердің реактивация процесі, сондай –ақ хлорға төзімді штаммалардың пайда болуы туралы мәліметтер бар. Сондықтан бактерицидті әсердің кепілдемесі үшін, кейде ішер судың органолептикалық қасиеттерін нашарлататын, бірақ толық залалсыздандыруға кепілдеме беретін хлордың артық мөлшерімен залалсыздандыру қолданылады.



Суперхлорлауды әдетте, эпидемия ошағында қолданады, осыдан кейін хлордың артық мөлшерін аэрациямен, хлорды гипосульфид натрийімен байланыстыру арқылы немесе белсендірілген көмірмен сорбциялау арқылы жоғалтады. Мұның бәрі ауыз суды алуға экономикалық төлемді арттырады. Сонымен қатар хлордың спороцидті әсері өте жоғары концентрацияда (200-300 мг/л) және ұзақ экспозицияда (24 сағатқа дейін) пайда болады. Хлор препараттарының вирустарға әсері 0,5–тен 100 мг/л-ге дейін концентрация диапазонында байқалады. Қарапайымдылардың цисталары мен гельминт жұмыртқалары хлорға жоғары төзімділік көрсетеді.

Суда хлордың қалдық концентрациясының мөлшері көбіне күдік шақырмайды. Толығымен ауыз суда қалдық хлордың мөлшерінің улылығы аз. Тәжірибелік хлор шырышты қабаттарды тек 10 мг/л-ден жоғары концентрацияда тітіркендіреді, СанЕменН-да рұқсат етілген шегінен жоғары болады. Бірақ келтірілген кемшіліктерге қарамастан, хлорлау бүгінде басқа әдістермен салыстырғанда ауыз суды заласыздандырудың арзан, оңай және кеңірек таралған әдісі болып табылады. Әсіресе сумен берілу жолындағы әр түрлі эпидемиологиялық жағдайларда тиімді болып табылады. Бұл жағдайда міндетті түрде су құбырының залалсыздандырылуы жүргізіледі. Сонымен қатар осындай залалсыздандыру апаттық жұмыстардан кейінгі тораптың кезкелген ластануында, сондай–ақ жаңа су құбырларын қолдануға өткізер алдында жүргізіледі.

Залалсыздандыру халыққа су беруді аяқтаумен байланысты, сондықтан оны түнгі уақытта жүргізу, сондай-ақ хлордың жоғарғы концентрациясын қолдану тағайындалады. Іске асырылған су құбырларында белсенді хлордың концентрациясы, мөлшермен 6 сағаттан кем емес қатынаста 100 мг/л болу керек. Жаңа су құбырларының профилактикалық залалсыздандыруында хлордың 40-50 мг/л концентрациясында қатынас уақыты 24 сағатқа дейін көбеюі мүмкін. Су құбыры торларының ең төменгі және жоғарырақ жерлерін де бақылау бекеттерін қояды және оның «хлор астында» болған уақытында халыққа су бөлуге тыйым салынады.

Озон - өткір иісі бар газ. Суды өңдеуде озонның бактерицидтік әсері XIX ғасырдың 90 жылдарында анықталған.

Тәжірибелік мақсат үшін оны озонаторда жасанды жолмен алады, ол әр кезде тек ауамен араласпа түрінде болады және өте әлсіз қысым түседі. Судағы озонның максималды концентрациясы шектелген.

Хлормен салыстырғанда суды озондау кезінде бактерицидті әсер тезірек дамиды. Бірақ та күштірек тотықтырғыш патенциалы болғандықтан, судың бактериялар мен органикалық қоспаларының тотығуына хлорға қарағанда озон көбірек жұмсалады.

Атомдық оттегі тек бактерияларды ғана емес, сонымен бірге спораларды, вирустарды жойып, сонымен қатар судың түстілігін бұзып, оған иіс беретін судағы органикалық заттарды жояды. Озондауды тек қана ауыз суды заласыздандыру үшін ғана емес, сондай-ақ оны дезодорациялау және құрамындағы улы органикалық заттарды жоюға мүмкіндік береді. Хлордан айырмашылығы, озонның артық мөлшері оның оттегімен қанығу есебінен, судың органолептикалық қасиеттерін жақсартады. Осы кезде судың минералдық құрамы және реакциясы өзгеріссіз қалады.

Толығымен, озондау залалсыздандыруға, түссіздендіруге және дезодорацияға әкелетіндіктен судың кешенді өңдеуі болып табылады. Озондау тиімділігінің көрсеткіші - қалдық озон, оның концентрациясы залалсыздандырудан кейін, СанЕменН-ға сәйкес, 0,1- 0,3 мг/л деңгейінде болу керек.

Күміспен залалсыздандыру және суды консервациялау мақсатында қолдану бір жүз жылдыққа ғана белгілі емес, өйткені күміс иондары, тек қана бактериялардың ғана емес, сондай-ақ вирустардың да белсенділігін тежей отырып, кең спекторлы микробқа қарсы әсерге ие болады. Әсерінің механизмі күміс иондарының жасушаға еніп, оның ферменттік жүйесін тежеуде болып табылады.

Бірақ күміс спорацидті әсер көрсетпейді, ал оның вирулицидті белсенділігі тек жоғары концентрацияда (0,5-10 мг/л) байқалады. Сонымен қатар, күміс қымбат реагент болып саналады, ал оның ШРЕК-і суда 0,05 мг/л-ді құрайды. Залалсыздандырылған суды стандарт деңгейіне дейін жеткізу үлкен қиыншылықтар туғызады. Сондықтан, күмісті залалсыздандыру және суды консервациялау үшін қолдану кіші көлемдегі автономды сумен қамтамасыздау жүйесімен шектеледі.

Ішер суды залалсыздандырудың болашақтағы жолдарының бірі жоғары бактерицидті, вирулицидті, сонымен қатар паразитоцидті әсері бар йод препараттарын қолдану болып табылады. Хлордан айырмашылығы, йод жылдам әсер етеді және судың органолептикалық қасиеттерін нашарлатпайды. Оның микробқа қарсы әсері 0,3-2,0 мг/л мөлшерде 20-30 минут бойы көрінеді. Йод препараттары судың аз көлемін залалсыздандыру үшін қолданылады. Йодты мөлшерлеу күрделі аппаратураны қажет етпейді және дала жағадайында қолдануға болады. Ауыз суды залалсыздандырудың физикалық әдістеріне: ультракүлгін сәулелендіру, иондаушы сәулесі, ультрадыбыс, электрлік зарядтар, термиялық өңдеу жатады. Бұл әдістердің химиялық әдіспен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар:


  • залалсыздандырылған судың құрамы мен қасиеттерін өзгертпейді;

  • реагенттердің тасымалдануы сақталуын талап етпейді;

  • уыттылық әсер қауіптілігі жоқ;

- суды тез залалсыздандырады.

Ультракүлгін сәулелену биологиялық әсерлесудің әр түрлі дәрежесі бар оптикалық спектрдің бөлімдеріне жіктеледі (УКС-А,УКС-В,УКС-С). Бактерияларға күштірек ультракүлгін сәулесінің (200-280 мкм) қысқа толқынды бөлігі әсер етеді. Ультркүлгін сәулесінің сезімталдығының дәрежесі бойынша микроорганизмдер келесі ретпен бөлінеді:

- вегетативті бактериялар;

- вирустар;

- бактериялық споралар;

- цисталар;

- қарапайымдылар.

Сонымен бірге микробқа қарсы әсері толығымен өңделетін судың тазалық дәрежесіне (лайлылық, түстілік) мироорганизм түріне, олардың мөлшері мен сәулелену дозасына байланысты. Сондықтан суды ультракүлгін сәулеленумен залалсыздандыру белгілі бір жағдайларда ғана таңдап алынады. Олардың ішінде негізгісі - судың төмен лайлылығы және түстілігі.

Ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру су ағысының үстінде сондай-ақ оның ағын қабатында шамдарды орналастыру арқылы жүргізіледі. Сондықтан сәуле түсіру көздерінің жүктелген және жүктелмеген түрлерін ажыратады.

Бірінші рет ультрадыбысты залалсыздандыру әсері 1928 жылы көрсетілген, оны суды өңдеу үшін, кешірек қолдана бастады. Бактерицидті әсер негізінен электрондық микроскоппен анықталған бактериялардың механикалық бұзылуымен түсіндіріледі. Ультрадыбыс барлық микроорганизмдерді өлтіреді: патогенді және патогенді емес, вегетативті және споралы, анаэробты немесе аэробты, сондай - ақ оның тіршілік өнімдері де жойылады. Ол судың химиялық және органолептикалық көрсеткіштеріне мүлдем әсер етпейді, бірақ кемшіліктері де жоқ емес. Сонымен қатар, әдіс ультракүлгін сәулелендіруден 4 есе қымбат және үлкен өнімді ультрадыбыстық қондырғылар құрылысының өзі қиындықтар тудырады.

Ауыз суды залалсыздандырудың ең қарапайым және ең көне әдісіне термиялық өңдеу әдісі, қайнату жатады. Біраз минут қайнатқанда микроорганизмдердің вегетативті формалары өледі, ал олардың споралары белсенділігін жоғалтады. Ең негізгі фактор – ол бактериялар мен вирустардың өлуі қайтымсыз, осыдан олардың реактивациясы болмайды, ал ізінше залалсыздандыру тиімділігін бақылауға болады. Бұл әдістің сенімділігі - судың көрсеткіштеріне мүлдем тәуелсіз, бірақ ол энергияның көп жұмсалуын талап етеді, сондықтан бұл әдіс үй жағдайында, жеке нысандарда, сондай ақ эпидемиялық жағдайларда қолданылады.

Суды залалсыздандырудың физикалық әдістерінің қатарына оның сүзуін жатқызуға болады. Ол қарапайым, қолдануда үнемді және өңделетін судың физикалық - химиялық көрсеткіштерін нашарлатпайды. Суды физикалық тәсілмен залалсыздандыру үшін электр тогы қолданылады.

Суды залалсыздандырудың физикалық факторларының арасында электромагнитті өрістер мен лазерлік сәулеленуді қолдануды айтуға болады, бірақ бұл әдістер әлі тәжірибелік өңдеу сатысында болып отыр.

Көрсетілген бағыттардың бәрі әр түрлі химиялық немесе физикалық әдістердің қосылуы болып табылады. Осылай араласқан химиялық тәсілдердің қатарында хлор мен озонның, хлор мен сутегі пироксидінің, хлор мен күмістің, хлор мен мыстың, сутегі пироксиді мен озонның, күміс иондары мен мыстың қолданылу зерттелді.

Физикалық әдістер комбинацияларына ультракүлгін сәулесі және ультрадыбыс, гамма сәулелену мен қайнату, сондай ақ электрлік әсерлесу кешенінің бірігуін жатқызуға болады. Соңғы уақытта көп көңіл суды залалсыздандырудың физикалық - химиялық әдістеріне бөлініп жүр.

Залалсыздандыру дәрежесі көптеген факторлаға байланысты, оларды ең жоғарғы тиімділікке жеткізу керектігін білу керек.

Залалсыздандыру микроорганизмдердің төзімділігіне және олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл бөлімдегі көп жылдық зерттеулер бірқатар заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді: залалсыздандыру әсеріне вегетативті формаларына қарағанда бактериялардың споралары төзімдірек, залалсыздандыру тиімділігі бактериялды ластану дәрежесіне және судағы вирустар санына байланысты, энтеровирустар суда залалсыздандыруға ішек таяқшасымен салыстырғанда төзімдірек.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)

5- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды жоспарлауда қойылатын гигиеналық талаптар. Тұрғын үйлердің микроклиматы, оларды нормалау.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жоспарлануына, жарықталуына, желдетілуіне, микроклиматына қойылатын талаптарымен таныстыру

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау