2.2 Мекеме өзіне мынадай міндеттемелер алады:
2.2.1 Білім алушылардың кәсіптік практикасының күнтізбелік кестесі мен бағдарламасына сәйкес ШУ-нің білім алушылардың тәжірибесі қай жерде өткізілетіні, өту орны туралы мәліметтерді ұсыну;
2.2.2 Білім алушыларды практика өтудің қауіпсіздік жағдайларымен қамтамасыз ету. Белгіленген құжаттарды рәсімдеу арқылы еңбекті қорғау бойынша міндетті таныстыру сабақтарын (кіріспе және жұмыс орнында) жүргізу: қажетті жағдайда білім алушыларға жұмыстың қауіпсіздік әдістерін үйрету сабақтарын жүргізу;
2.2.3 Білім алушының кәсіптік практиканың бағдарламасын толық игеру және оның жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті болатын зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалану арқылы білім алушының кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс орындарда қажетті жағдай жасау;
2.2.4 Өз қызметкерлерінің тарапынан білім алушылардың кәсіптік практикасына Мекеменің шағын бөлімдерінде жетекшілік жасау үшін жоғары білікті мамандарды тағайындау.
2.2.5 Білім алушылар мен университет оқытушыларына кәсіптік практика жетекшілеріне білім алушылардың кәсіптік практика бағдарламасын жақсы меңгеру және олардың жеке тапсырмаларын орындау үшін қажетті құжаттарды пайдалану мүмкіндігін беру;
2.2.6 ШУ-мен келісілген білім алушылардың кәсіптік практикасының күнтізбелік кестесі мен бағдарламасына сәйкес білім алушылардың Мекеме қызметімен толық танысу мақсатында оларды жұмыс орындарына бөлуді қамтамасыз ету;
2.2.7 Білім алушыларды кәсіптік практика бағдарламасында белгіленбеген және білім алушылардың мамандықтарына қатысы жоқ қызметтерді атқаруға жол бермеу;
2.2.8 Білім алушылардың кәсіптік практикасы аяқталғаннан кейін, әр білім алушыға мінездеме және оның дайындаған есебінің сапасына баға беру.
2.3. Білім алушы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
2.3.1 Кәсіптік практика орнында Мекеменің қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техника ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтау.
2.3.2 Мекеменің жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарау.
2.3.3 Практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтау және орындау, практикадан өту үшін белгіленген уақытта Мекеменің қарауына келу;
2.3.4 Практикадан өту барысында және аяқтаған соң Мекеме туралы құпия ақпаратты жария етпеу.
2.3.5.Білім алушы:
- мекемеде бекітілген тәлімгердің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды, кітапхана және оқу залдары базасында оқуға оқу-әдістемелік әдебиеттер қорын, зертханалық базасын, оқу мақсатында компьютерлік және басқа техниканы пайдалануға;
- кәсіптік практиканы өту барысында денсаулыққа келтірілген зиянның өтелуіне;
- кәсіптік даярлығын аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен соң иеленген мамандық бойынша бос орынның болуы кезінде Мекемеде жұмысты жалғастыруға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |