С урет 18. Екі жергілікті желіні байланыстыратын өткізгішсіз көпір
Егер өткізгішсіз көпір «қамтитын» қашықтық жеткіліксіз болса, алысқа әсер ету көпірін орнатуға болады. Ethernet және Token Ring желілерімен жұмыс істеу үшін қашықтығы 40м ол шашыраңқы спектрдегі радиоберу технологиясын пайдаланыды. Оның құны (қарапайым өткізгішсіз көпір сияқты) қанағаттанарлықтай болуы мүмкін, өйткені микротолқынды каналдар немесе Т1 сызығын жалдау шығыны болмайды. Т1 сызығы бұл мәліметтерді 1,544 Мбит/с дейін жылдамдықпен мәліметтерді беру үшін арналған стандартты сандық сызық. Онымен сөйлеген сөзді және мәліметтерді беруге болады.
Жылжымалы желілер
Өткізгішсіз жылжымалы желілерде телефонды жүйелер мен қоғамдық қызметтер беру ортасы ретінде ықзмет атқарады. Осы кезде пайдаланылады:
пакетті ажырату;
ұялы желілер;
спутник станциялары.
Үнемі жол жүретін жұмыскерлер ос ытехнологияны пайдалана алады, өздерімен бірге тасымалданатын компьютерлер немесе PDA (Personal Digital Assistants) болса, олар электронды поштамен , файлдармен және басқа ақпаратпен алмаса алады.
Мұндай байланыс түрі қолайлы, бірақ ақырын. Беру жылдамдығы – 8 Кбит/с-ден 28,8 Кбит/с –ке дейін. Ал егер қателерді түзеу жүйесі қосылса, жылдамдық одан да азайады.
Тасымалданатын компьютерлерді негізгі желілерге қосу үшін ұялы байланыс технологиясын пайдаланатын өткізгішсіз адаптерлерді қолданады. Тасымалданатын компьютерге орнатылған кішкентай антенналар оларды қоршаған радиорентрансляторлармен байланыстырады.
Пакетті радиоқосумәліметтер келесі ақпрат
Пакетті қосуда мәліметтер келесі ақпраттар болатын пакеттерге (желілік пакеттерге ұқсас) бөлінеді:
ақпарат адресі;
қабылдау адресі;
қателерді түзеуге арналған ақпарат.
Пакеттер оларды кең хабарлайтын тәртіпте көрсететін спутникке береді. Сосын тиісті адресі бар құрылғы осы пакеттерді қабылдайды.
Ұялы желілер
Мәліметтердің ұялы санды пакеттері (Cellular Digital Packet Data - CDPD) ұялы телефондар пайдаланатын технологияны пайдаланады. Олар мәліметтерді сөйлесуді беруге арналған желі бойынша осы желіліер бос болған жағдайда береді. Бұл секундтың жартысына ғана бөгелетін байланыстың өте жылдам технологиясы, бұл оны берудің ең қолайлы әдісі қылдырады.
Ұялы желілерде, басқа да өткізгішсіз желілер сияқты жұмыс істеп тұрған желіге қосылуға мүмкіндік беретін тәсілді тауып алу керек. Nortel out of Mississauga (Онтарио, Канада) компаниясы–осы мақсатқа арналған Ethernet (Ethernet Interface Unit – EIU) интерфейстік блокты шығарады.
Микротолқынды жүйелер
Микротолқынды технологиялар кішкентай ғимараттар арасында шағын жүйелерде, мысалы, университет қалашықтарында, әрекеттестікті ұйымдастыруға көмектеседі.
Бүгінгі таңда микротолқынды технология – Құрама Штаттарында мәліметтерді алыс қашықтарға беру әдісінің кең тараған әдісі. Ол тікелей көрінетін мынадай екі нүктенің:
спутник және жер станциясы;
екі ғимарат;
үлкен ашық кеңістікті бөлетін кез келген обьектілердің (мысалы, су үсті немесе шөл) өзара әрекеттестігіне тамаша келеді.
Микротолқынды жүйелер келесі компоненттерден тұрады.
Екі трансиверлерден. Біреуі сигналдарды генерациялау (беретін станция) үшін, ал басқасы – қабылдау үшін (қабылдау станция).
Екі бағытталған антенна. Олар трансиверлер беретін сигналдарды қабылдауды іске асыру үшін бір- біріне бағытталған. Бұл антенналар үлкен қашықа жету үшін жоғарыға орналастырылады.
Тапсырма №1:
Берілген зертханалық жұмыстағы теориялық материалды мұқият оқыңдар.
Жоғарыда суреттелген кабель типтернің салыстырмалы мінездемесін құрастырыңдар.
Қорытынды шығарыңдар: қай кабель жақсы, қай кабель нашар, неліктен.
Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.
Бақылау сұрақтары
Өткізгішсіз желілер.Өткізгішсізортаны пайдалану. Өткізгішсіз желілер типтері.
Жергілікті есептеу желілері. Мәліметтерді беруде пайдаланылатын тәсілдер.
Жергілікті есептеу желілері. Инфроқызыл сәуле шығару. Инфроқызыл желілер типі. Лазер.
Кеңейтілген жергілікті желілер. Өткізгішсіз көпірлер.
Жылжымалы желілер (пакетті радиоқосу, ұялы желілер, микротолқынды жүйелер).
Достарыңызбен бөлісу: |