II. Топтық тестілеу сұрақтары.
1.Портрет қай тілден шыққан және қандай мағынаны береді?
А) Француз тілі, адам бет бейнесі
В) Неміс тілі, адам тұлғасы
Г) Испан тілі, адам қолын бйнелеу
Д) Ағылшын тілі, адам аяғын бейнелеу
Е) Орыс тілі, адамды жартылай бейнелеу
2. Бас тұлғасын неше бөлікке бөлеміз?
А) 3
В) 2
Г) 1
Д) 5
Е) 6
3.Адам басын бөліктерге бөлгенде, бөліктердің өлшемі немен өлшенеді?
А) Мұрынмен
В) Көзбен
Г) Құлақпен
Д) Ауызбен
Е) Қолмен
4. Бас тұлғасын орындау үшін қандай сызықтар қажет?
А) Тілік сызықтр
В) Қима сызықтар
Г) Көмекші сызықтар
Д) Негізгі сызықтар
Е) Жіңішке сызықтар
5. Бас тұлғасын бейнелегенде көзбен мұрынның арақашықтығы немен өлшенеді?
А) Мұрынмен
В) Көзбен
Г) Құлақпен
Д) Ауызбен
Е) Қолмен
6. Ең күрделі жанр?
А) Натюрморт
В) Пейзаж
Г) Портрет
Д) Анималистік
Е) Батальды
7. «Экорше»гипсті бастың авторы?
А) Гудон
В) С. Дали
Г) А. Дюрер
Д) К.Лорен
Е) Леонардо да Винчи
8. Өз бейнесін бейнелеу қалай аталады?
А) Натюрморт
Б) Пейзаж
В) Автопортрет
Г) Батальды
Д) Портрет
9. Мұрынның көлемі геометриялық денелердің қайсысына ұқсайды?
А) Шеңбер
Б) Тікбұрышты үшбұрыш
В) Трапеция
Г) Куб
Д) Конус
10. Пропорция дегеніміз не?
А) Заттың өлшемдерінің бір-біріне қарым-қатынасы
Б) Түстік шешім
В) Композициялық шешім
Г) Суық түстер
Д) Жылы түстер
III. Білімді қолдануға берілетін тапсырма. Студенттер берілген қойылымға (постановка) қарап, жеке-жеке практикалық жұмыс жасайды. Жұмыс барысында берілген тақырыптың бөліміне сәйкес, экорше басының көлемін, жарық-көлеңкесін штрих арқылы шығаруы тиіс. Штрихтау әдісінің түрлі деңгейлерін игеру арқылы қойылымның сауатты орындалуын байқауға болады. Жұмыстың орындалу деңгейі қою штрихтар арқылы көрінеді(4 сур.).
IV. Сергіту сәті (Көрме жұмыстары). Студенттер берілген тапсырманы орындап болған соң, көрме (просмотр) жұмыстарын жасайды яғни өзара талқылайды. Көрме жасау барысында студенттер бір-бірінің жұмыстарына өз көзқарастарын білдіреді. Бұл конструктивті сурет заңдылығына сүйене отырып, экорше басының ерекшеліктерінде анатомиялық тұрғыда айтады.
Студенттің рефлексиясы
Мен нені білдім? Не қиын болды? Қандай мүмкіндіктер алдым?
Оқытушының рефлексиясы
- Сабақ барысында қойған мақсатыма жете алдым ба?
- Студенттер үшін қиын болған сұрақ?
- Сабақ кезінде студент белсенділік танытты ма?
VI. Бағалау талаптары. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Достарыңызбен бөлісу: |