«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ»
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА ГОРОДА КОСТАНАЯ»
ҚАЛАЛЫҚ БАЙКАУЛАРДЫҢ ЕРЕЖЕ ЖИНАҒЫ
СБОРНИК ПОЛОЖЕНИЙ ГОРОДСКИХ КОНКУРСОВ
Қостанай қаласы, 2015 жыл
Материал кәсибі байқауларға сапалы дайындалу үшін білім беру ұйымдарының педагогтарына көмек ретінде дайындалған.
Материал подготовлен в помощь педагогам организаций образования для качественной подготовки к профессиональным конкурсам.
© Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
әдістемелік кабинеті
© Методический кабинет
отдела образования акимата г. Костаная
МАЗМҰНЫ
«Аттестатталушы педагогтың фестивалі» .................................. 4-8
«Ең үздік жыл педагогы» ............................................................. 9-14
Жас педагогтардың «Педагогикалық олимп» .......................... 14-16
«Білім үдірісіндегі IT – технологиялары» ............................... 16-23
«Ең үздік мектеп психологы-2015»............................................23-26
«Педагогикалық шеберліктің эстафетасы»..................................26-28
«Қуаныш шеберханасы»................................................................28-30
СОДЕРЖАНИЕ
«Фестиваль аттестуемого ............................................................. 31-36
«Лучший педагог года» ................................................................. 36-42
«Педагогический олимп» .............................................................. 42-44
«IT–технологии в образовательном процессе» ........................... 44-50
«Лучший школьный психолог - 2014»...........................................50-53
«Эстафета педагогического мастерства» ………………………...53-54
«Мастерская Радости» ……………………………………………55-57
«АТТЕСТАТТАЛУШЫ ПЕДАГОГТЫҢ ФЕСТИВАЛІ» БАЙҚАУЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ.
«Аттестатталушы педагогтың фестивалі» байқауы білім бөлімімен өткізіледі.
БАЙҚАУ МАҚСАТЫ – аттестатталушы мұғалімдер жұмысының
түсаукесері және ұсынған санаттарының сәйкестіктігін анықтау.
БАЙҚАУ МІНДЕТТЕРІ:
Педагогикалық мамандығының дәрежесін көтеру.
Қала педагогтерінің белсенділігін, шығармашылық ізденістерін, өзіндік жұмыстарын арттыру.
Қызметтестік, ынтымақтастық атмосфера құрайтын, нәтижеге бағытталған тиімді технологиялар мен оқыту, тәрбиелеу, дамыту әдістемелерді іздену.
Қала деңгейінде озық педагогикалық пен инновациялық тәжірибені тарату және насихаттау.
БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ.
Байқауға міндетті түрде жоғары мен бірінші санаттарға ұсынған және осы санаттарды растайтын аттестатталушы педагогтар қатысады.
БАЙҚАУДЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ ТӘРТІБІ.
Байқауға дайындықты және өткізуді ұйымдастырушы комитет жүзеге асырады.
«Аттестатталушы педагогтың фестивалі» қалалық байқауы екі кезеңде жүргізіледі:
I кезең : сырттай. Педагогикалық портфолио байқауы. 2015 жылы ақпан айында өткізіледі. 2015 жылдың 16 ақпанға дейін аттестатталушы педагогтар ұйымдастыру комитетінің хатшысына портфолионы (электрондық нұсқасын HTML немесе Microsoft Office FrontPage форматта) тапсырады. Портфолио құрастыру ұсыныстар 1 косымшада.
I кезеңде жүлделі орын алған қатысушылар, әділқазылардың шешімімен сәйкестің II кезеңіне қатыспай жеңімпаз және байқау жүлдегерлері болады. Қалған мұғалімдер II кезеңге қатысады.
II кезең (сырттай ) 2015 жылдың 2-13 наурыз аралығында өткізіледі.
Жоғары санатты мұғалімдер шебер – класс өткізу жоспарын ұсынады, бірінші санатты мұғалімдер интерактивті тақтамен өткізген сабақ жоспарын ұсынады. Шебер – класс өткізу, ашық сабақтың жүргізу жоспарына талаптар 2 қосымшада.
Екінші кезеңнің материалдарын ұйымдастыру комитетіне қағаз және электрондық түрде ұсыну керек.
II кезеңге қатысудан босатылады:
- соңғы 5 жылдың ішінде (2010 жылдан 2015 жылға дейін) облыстық және республикалық педагогикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері,
- жұмыс өтілі 30 жылдан астам жоғары біліктілік санатын растайтын мұғалімдер.
БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.
Байқаудың қорытындысы бойынша және әділқазылардың шешімімен 2014 -2015 оқу жылында ұсынған біліктілік санаттың сәйкестігіне нұсқау беріледі. Байқаудың I - II кезеңдері бойынша жеңімпаздар анықталады. Байқау жеңімпаздары білім бөлімінің мақтау қағаздарымен мараппатталады.
«Аттестатталушы педагогтың фестивалі»
қалалық байқауына
1 қосымшасы
Портфолио құрастыру ұсыныстары.
Портфолиоға мұғалімнің кәсіби шеберлігінің өсуі, дәреже жетістіктері
кіреді. Мұғалім төменде көрсетілген тізімнен өз бетінше керек бөлімдерді тандап алады.
Әр жеке материалдың уақыты белгілені керек.
Портфолиоға кіргізілген материалдар мұғалімнің кәсібилігін растауын
дәлелдейтіндей түрінде түсініктемеде көрсетілу керек.
Бөлімдері
|
Айдарлары
|
Мазмұны
|
Портрет
|
Мұғалім туралы жалпы мәліметтер. Бұл айдарда өзін түйіндеме, өзін-өзі таныстыру түрінде көрсетуге болады.
|
Аты-жөні, тегі, туған жылы.
|
|
Кәсіби жолы (бұл бөлім мұғалімнің жеке дамуын көрсетеді)
|
Білімі, мамандығы: жоғары оқу орны
(құжаттардың көшірмесі).
Еңбек және педагогикалық өтілі, осы
ұйымдағы жұмыс өтілі (жұмыс орны, кезеңі, қызметі, беретін пәні)
Кәсіби біліктілігін жетілдіру – мекеме, күні, курстың аты, курстың бағдарлама көлемі (кәсіби біліктілігін дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі).
Ғылыми, құрмет атақтарының болуы.
|
|
Аттестация
|
Біліктілік санаты, күні және берілген бұйрық нөмірі, сертификат (көшірмесі).
|
Әдістемелік жұмыстар
|
Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруі
|
Өзін-өзі жетілдіру тақырыбы және сол тақырып бойынша материалдар.
Конференцияларға, дөңгелек үстелге, семинарларға қатысу (іс-шаралардың тақырыбы, өткізілетін мекеменің аты, қатысу формасы, баяндамасы).
Эксперименттік жұмыстарға қатысу (шығармашылық, жобалау, эксперементті жұмыстардың тақырыбы мен суреттемесі).
Білім жетілдіру курстарында шығармашылық жұмыстар.
|
|
Мұғалімнің шеберлігін дәлелдейтін әдістемелік жұмыстар.
|
Қалалық, білім беру ұйымының
әдістемелік бірлестігіне қатысу (тақырыбы, қатысу дәржесі, баяндамасы).
Оқу бағдарламалар (мемлекеттік,
авторлық).
Сабақ өткізу жоспарлары, конспектілері.
Оқушылардың аралық, қорытынды
аттестациялық бағдарламалары.
Педагогтың өзі құрастырған бақылау,
тексеру жұмыстары, тесттер, зерханлалық жұмыстар.
Мұғалім өзі дайындаған көрнекіліктер және дидактикалық материалдар.
Сабақтың презентациялары және
флипчарттары.
Мультимедиялық жұмыс жоспарлары.
|
|
Жұмыс тәжірибесі (шығармашылық есеп, баяндамалар, дайындығы)
|
Ашық сабақтар өткізу жоспарлары.
Конференция, семинарлардағы баяндамасы.
(Қалалық, облыстық, республикалық) семинарлардағы баяндамалардың тезистері.
Басылымдар.
|
|
Сыныптан тыс жұмыс
|
АКТ қолдануымен жобалар.
Үйірме және факультативтердің
бағдарламалары.
Пәндік апталықтар, олимпиадалар,
сайыстар.
Сыныптан тыс жұмыстарды сценарийлері.
Экскурссиялық жұмыс.
|
Жетістіктері (мұғалімнің белгілі уақыттағы педагогикалық қызметі нәтижелерінің өсуі)
|
|
Мадақтамалар, алғыс хаттар, грамоталардың көшірмелері.
|
|
Кәсіби, шығармашылық педагогикалық сайыстар және әдістемелік апталықтарға қатысу.
|
Әр түрлі сайыстардағы дипломдардың көшірмелері
|
|
Тәрбиеленушілерді сайыстарға қатысуға дайындау
|
Сайыстар, жарыстар және т.б.
жеңімпаздары.
Оқушылардың алған грамоталар
мен дипломдардың көшірмесі.
Оқушылардың жобалау жұмыстары.
Оқушылардың шығармашылық
жұмыстарын суреттеу.
Соңғы үш жылдық оқушылардың
білім сапаларының көрсеткіштері.
|
|
Пікір
|
Оқушылар, әріптестер, ата- аналар, әкімшілік пікірлері.
|
|
Диагностика
|
Мұғалім жұмысының 3 жылдық салыстырма талдауы.
|
|
Нұсқалық бөлігі
|
Мұғалімнің өзінің қалауы бойынша керек құжаттар.
|
«Аттестатталушы педагогтың фестивалі»
қалалық байқауына
2 қосымша
Шебер – класстың, сабақтың өткізу жоспары бойынша нұсқаулар.
Шебер – класстың сценарийі бір сабақ ретінде құрастырылады. Сценарийге шағын түсініктеме беріледі. Бұнда материалды таңдау және ұйымдастыру принциптері, тәрбие үдірісінде жаңа әдістемелік, ақпаратты технологиялар, қажетті құралдарды қолдануға ерекше дәйектеме беріледі. Оқушының меңгерген немесе шебер-класс барысында жетілдірілген әрекетінің білік, дағдылары мен тәсілдері сипатталады.
I. Шебер – класс жоспарының жобасы.
1. Шебер – класстың тақырыбы.
2. Аудиторияға мінездеме.
3. Мақсаттар.
4. Міндеттер.
5. Қолданылатын әдістемелер, технологиялар, құрал – жабдықтар.
6. Мазмұнның бөлігі.
7. Күтілетін нәтиже.
II. Шебер-класстың критерийлері:
- мазмұнының инновациялығы (көрсететін әдістеме, тәсіл мен қолданыстың жаңашылығы);
- идеяның жаңашылығы, олардың дәлелдігі мен сенерлігі;
- ақпаратты технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелері мен тәсілдерін нақты суреттеу;
- мазмұнның логикасы мен ізеттілігі;
- жұмыста дәстүрлі және инновациалық тәжірибені байланыстырудың тиімділігі - педагикалық шешімдерінің түп нұсқалығын көрсетеді;
- жұмыстарды тәрбиелеу үдірісінің даму өзекті беталысымен байланыстыру.
III. Ашық сабақ.
Ашық сабақ жүргізу жоспарында көрсетіледі:
Сабақ тақырыбы. Сабақтың түрі мен типі.
Сабақтың мақсаты.
Сабақ міндеттері: өзара іс-әрекет ұйымдастыруы, білім, білік,
дағдыларының меңгеруі, қабілеттерінің дамуы, шығармашылық әрекетәнің тәжірибесі, қарым- қатынасы және т.б.
Сабақтың мазмұны (сабақтың барысы): танымды іс – әрекетінің
белсенділігі, оқушылардың үлгі бойынша біліктілігін желілдіру, шығармашылық белсенділігінің дамуы, жеке қасиеттерін қалыптастыру және т.б.
Білім сапасын бақылау және түзету.
Қосымша.
IV. Ашық сабақтың бағалау критерийлері:
жаңашылдығы;
педагогтың шығармашылығы;
сабақ мазмұнына қосымша материалдардың қолданылуы;
педагогикалық әдістер мен тәсілдердің нақты сипаттауы;
сабақ нәтижесін көрсету;
оқушыларға өз беттерінше білім алуларына, қажетті мысалдарды,
дәлелдерді табуларына, белсенді іс-әрекетіне жағдай жасау;
оқушылардың шығармашылық ұжымдық белсенділігі;
эаман талабына сай ақпараттық техногияларды сабақта қолдану.
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» БАЙҚАУЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
«Үздік педагог» атты байқауын (бұдан әрі - Байқау) «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ өткізіп отыр.
ІІ. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
шығармашылықпен жұмыс істейтін, рухани-адамгершілік, ғылыми әдістемелік және ақпарат мәдениетін, қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияны меңгерген, жан-жақты дамыған, балалар мен жасөспірімдердің үздік тілімгерін анықтау.
ІІІ. БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
мұғалімнің мамандық мәртебесін арттыру;
қала мұғалімдерін шығармашылық ізденіске, креативті өздігінен
белсенді жұмыс істеуге ынталандыру;
нәтижеге, ынтымақтастыққа бағытталған оқыту, тәрбие беру мен
дамытудың тиімді технологияларын және әдістерін іздестіру;
қала деңгейінде оң педагогикалық іс-тәжірибені насихаттау мен
тарату.
IV. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР.
Байқау қаланың білім беру ұйымындағы жалпы білім беретін пән педагогтары арасында өткізіледі. Педагогтың өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Ескерту: соңғы бес жыл арасында алдыңғы байқаулардан орын алған педагогтар қатыса алмайды.
V. БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ.
Байқау жыл сайын үш кезеңде өтеді:
І кезең – іріктеу, мектепішілік, 2015 жылдың 27 ақпаннан 27
наурызға дейін мектепте өткізіледі. Әр білім беру ұйымынан Байқаудың ІІ кезеңіне қатысу үшін 1 кандидат ұсынылады.
Білім беру ұйымдары байқаудың ІІ кезеңіне жіберу барысында педагогтың педагогикалық қызметіндегі жетістіктерінде мына көрсеткіштерді ескерсін:
педагогикалық қызметінің жоғарғы нәтижесі (білім беру
мониторингі, оқу жетістіктері мен оқушылардың қорытынды аттестаттаудан өтудің ішкі бағаның нәтижесі, ҰБТ көрсеткіші, білім сапасына тәуелсіз берілген баға, қорытынды емтихандардың, пәндік олимпиада көрсеткіші, ғылыми-практикалық конференция, жобалар, шығармашылық байқаулар, спорттық байқаулардың көрсеткіші );
педагогтың кәсіби құзырлығы (біліктілігін арттыру,
инновациялық (жаңашыл) білім беру технологияларды пайдалануы);
өзінің педагогикалық іс-тәжірибесін жинақтап, тарату (шебер-
сынып, семинарлар, ғылыми-практикалық конференция өткізуге қатысу, педагогтың қатысымен БАҚ баяндамасы, баспа бетінде жарық көрген әдістемелік еңбегі).
педагогикалық шеберлігі мен педагогтың жеке тұлғасына
берілген баға, марапаттары (алғыс хат, мақтау қағазы, дипломдары).
педагогтың білім беру саласында аймаққа, республикаға
қосқан үлесі (мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу бойынша жұмысы, авторлық бағдарламалар әзірлемесі, оқу-әдістемелік кешені, инновациялық педагогикалық идеяны насихаттау).
ІІ кезеңге қатысуға сұраныс 2015 жылдың 31 наурызына дейін жіберілсін.
ІІ кезең –қалалық, сырттай, 2015 жылдың 1 сәуірінен 30 сәуірге
дейін өткізіледі.
«Педагогтың шығармашылығы» сырттай турдың тапсырмалары:
педагогтың шығармашылық портфолиосы;
сайыскердің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік бағытын сипаттайтын мақала;
«Ұстаз атына лайық ...» фотокөрмесі.
Келесі турға сырттай бағалау нәтижесінде жоғары көрсеткішке ие болған сайыскерлер жіберіледі.
Байқаудың екінші кезеңіндегі тапсырмалардың мазмұны педагогтың шығармашылық білім деңгейі мен педагогикалық құзырлығының қалыптасуын анықтауға бағытталған:
педагогтың креативтілігі, жалпы эрудициясы;
рефлексивті-аналитикалық қызметті жүзеге асыру және жүйенің перспективті дамуын болжай алуы;
қазіргі сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды жобалап, модельдеу шеберлігі.
ІІІ кезең - күндізгі, 2014 жылдың 14 қыркүйегінен 18 қыркүйекке
дейін өткізіледі. Байқауға қатысушылар жұмыс жүйесінің презентациясын және ашық сабақ көрсетеді.
Күндізгі турдың тапсырмалары:
пән бойынша сабақ (ұйымдастыру комитетінің бекіткен кестесі бойынша) және өткізген сабағын өзіндік талдауы.
Сабақтың тақырыбы пәнді оқыту күнтізбелік жоспарға сай болуы тиіс. Сабақтың ұзақтығы 45 минут.
Презентация-қорғау «Мұғалімнің жұмыс жүйесі» (7 минутқа дейін).
Бағалау критерийлері:
Байқаудың тапсырмасы – презентация-қорғау «Мұғалімнің жұмыс жүйесі».
жұмыс жүйесінің маңыздылығы - қазіргі және болашақ мектеп мәселелері
үшін маңызды шешімдерге бағытталған;
жүйенің тиімділігі мен шынайлығы – жүйенің тұтастығы – қойылған мақсатқа жету үшін мазмұны мен әрекеттің толықтығы;
ұсынып отырған жүйенің тиімділігі мен нәтижеге жетуі;
материалды ұсынудағы мақсатқа негізделгені мен логикалық мазмұны;
презентацияның мәдениеттілігі.
Байқау тапсырмасы- сабақ
- бағдарлама материалын білуі;
- өз қызметін ұйымдастыруы;
- оқушылардың қызметін ынталандыра білуі;
- дәстүрлі емес түрі;
- еліктіргіштігі;
- танымдылығы;
- түрі мен әдіс-тәсілдерінің мақсатқа негізделгені;
- сабақтың мақсатқа жетуі;
- оқушылардың шығармашылығын қолдану;
- сабақтың білімнің даму концециясына сәйкес келуі.
VІ. САЙЫСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ТАПСЫРЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ
Мектепішілік кезең нәтижесі бойынша қалалық кезеңге қатысатын мұғалімдерді тіркеу үшін ұйымдастыру комитетінінің хатшысына келесі құжаттар тапсырылады:
1. Мектепішілік сайыстың қазылар алқасы хаттамасынан үзінді.
2. Мұғалімнің сайысқа қатысуға жеке өтініші (өтініштің үлгісі 1-қосымшада).
3. Педагогтың шығармашылық портфолиосы (шығармашылық портфолио құрылымының үлгісі 2-қосымшада).
4. Педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік бағытын сипаттайтын мақала (көлемі А-4 парағында 10 беттен кем емес).
5. «Ұстаз атына лайық ... » фотокөрмесіне суреттер. 15 фотокөрініс: жеке портрет, мектепте, отбасында, бос уақыттағы сүйікті ермегі. Фотосуреттердің өлшемі: көріністер – 30X40 (см), портрет – 20X30 (cм) электрондық түрде өткізіледі.
Сайысқа қатысушының құжаттары қазақ немесе орыс тілінде MS Word мәтіндік редакторымен терілуі керек:
– жиектері: жоғарғы – 2,5 см, төменгі – 2 см, оң жақ – 1,5 см, сол жақ – 2,5 см;
– қаріп: KZ Times New Roman, кегль өлшемі – 14,
– жол аралығы – 1қабат;
– азат жол – 0,78 см;
– құжат атауы бас әріпті қалың қаріппен жазылуы керек.
Өтініш қабылдау уақытынан кешіккен, құжаттар толық болмаған, ресімдеу талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда құжаттар қабылданбайды.
VII. БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
Байқаудың әділ-қазылар алқасының құрамына Қостанай қалалық білім бөлімінің әдіскерлері кіреді. Сайыс бағалау көрсеткіштері бойынша берілетін ұпайлар:
пән бойынша сабақ және оны өзіндік талдауы (25 ұпайға дейін);
педагогтың шығармашылық портфолиосы (15 ұпайға дейін);
педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік бағытын сипаттайтын мақала (20 ұпайға дейін);
«Ұстаз атына лайық ...» фотокөрмесі (15 ұпайға дейін);
Презентация-қорғау «Мұғалімнің жұмыс жүйесі» (25 ұпайға дейін).
Байқаудың 5 бағыты бойынша ұпайдың ең жоғары мүмкін саны: 100 ұпай.
Байқау тапсырмаларын бағалаудың нәтижесі бойынша әділ-қазылар жеңімпазды (Гран-при), жүлдегерлерді (1, 2, 3 орын) және номинация бойынша лауреаттарды анықтайды: «Жаңашыл-мұғалім», «Зерттеуші-мұғалім», «Шығармашылық мұғалім», «Кәсіби-мұғалім», «Ойшыл мұғалім», «Шебер-мұғалім», «Құзыретті мұғалім», «Дарынды мұғалім». Жеңімпаздар, жүлдегерлер мен лауреаттар марапаттау қағазымен және сыйлықтармен марапатталады. Қалған қатысушылар Дипломмен марапатталады.
«Үздік педагог»
қалалық байқауына
1-қосымша
«Үздік педагог – 2015»
қалалық байқаудың
ұйымдастыру комитетіне
Ө т і н і ш (үлгі)
__________________________________________________________________
(мектептің толық атауы)
__________________________________________________________
(байқауға қатысушының лауазымы мен жұмыс орнының атауы)
(байқауға қатысушының толық аты – жөні)
«Үздік педагог – 2014» қалалық байқауына қатысуға ұсынады.
Директор ______________________ _____________________
(қолтаңбасы) (Т.А.Ә.)
М.О.
«Үздік педагог-2015»
қалалық байқауына
2-қосымша
Шығармашылық портфолио құрылымының үлгісі
Жалпы мәлімет
|
Тегі
|
|
Аты
|
|
Әкесінің аты
|
|
Туған күні (күні, айы, жылы)
|
|
Жұмысы
|
Қызметі
|
|
Жұмыс орны
|
|
Сынып жетекшілік
|
|
Педагогикалық өтілі
|
|
Біліктілік санаты
|
|
Білімі
|
Білімі (оқу орнының атауы, факультеті, бітірген жылы)
|
|
Тілдерді білуі (меңгеру деңгейі)
|
|
Ғылыми атағы, дәрежесі
|
|
Жетістіктері
|
Мұғалімнің және оқушының үкіметтік, қоғамдық және халықаралық мадақтамалары (атауы мен жақшада алған уақытын көрсету)
|
|
Негізгі басылымдар
|
№
|
Атауы
|
Басылымның аты, мерзімі, беттерінің саны
|
Түйін (әр басылымға ең кемі 30 сөзбен)
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
соның ішінде кітапшалар, бар болса.
Авторлық білім беру бағдарламалар, әдістері және технологиялары
|
№
|
Атауы
|
Сипаттау (әр бағдарлама, әдістеме, технология жайлы 30 сөз көлемінде)
|
Енгізу және нәтижелілігі (әр бағдарлама, әдістеме, технология жайлы 50 сөз көлемінде)
|
|
|
|
|
Біліктілігін арттыруы
|
1
|
Облыстық курстар
|
|
2
|
Республикалық курстар
|
|
3
|
Халықаралық курстар
|
|
4
|
Съездер, конференциялар, семинарлар және т.б.
|
|
Қосымша сұрақтар
|
1
|
«Үздік педагог-2014» жеңімпазы - бұл … (ойды аяқтаңыз)
|
|
2
|
Өз әріптестіріңізбен қандай инновациялармен бөлісер едіңіз?
|
|
3
|
Сіздің хоббиіңіз?
|
|
4
|
Сахнада қандай өнеріңізбен таңқалдыра аласыз?
|
|
Байланыс
|
Үй телефоны
|
|
Ұялы телефоны
|
|
Жеке электронды поштасы
|
|
ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМП»
БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
«Педагогикалық олимп» жас педагогтардың қалалық байқауы (бұдан әрі - Байқау) «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ өткізеді.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ :
талантты жас педагогтарды анықтау, оларды қолдау және марапаттау;
жас педагогтарды жаңа интеллектуалды және шығармашылық іс-әрекеттердің жаңа нысанасын іздендіруге ынталандыру және насихаттау;
жас педагогтардың кәсіби қарым-қатынас аясын, тәжірибесін және дүниетанымын кеңейту;
қазiргi заманғы жас педагог туралы қоғамда оң пiкiрiн қалыптастыру;
БАЙҚАУДЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ.
Байқауда білім беру ұйымдарының 3 жылға дейін тәжірибесі бар ұстаздары қатысады.
Ескерту: өткен байқауларда жүлделі орындарға ие болған жас педагогтар қатыспайды.
БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ.
Байқау пән мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестік деңгейінде өткізіледі.
Байқаудың келесі кезеңдері бойынша өткізіледі:
I кезең: сырттай, мектепішілік. 2015 жылдың 2 наурызынан 20
наурызға дейін өткізіледі. Білім беру ұйымдарының ішінде жас мұғалімдердің іс-әрекеті зерттеліп, II кезеңге қатысу үшін үміткерлер іріктеледі.
Байқауға қатысу үшін білім бөліміне ұйымдастыру комитетінің хатшысына міндетті түрде қағаз жүзінде директор қолымен расталған байқауға қатысу сұранысын 2015 жылдың 6 сәуіріне дейін келесі формада ұсыну керек:
Мектеп
|
Қатысушының аты-жөні, тегі (толық)
|
Пән
|
Білімі
|
Санаты
|
Жұмыс өтілі
|
Байланыс телефоны
|
II кезең: күндізгі, қалалық. 2015 жылдың 10 сәуірінен 17 сәуірге
дейін өткізіледі.
Бірінші байқаудың нәтижесі бойынша II кезеңге өткен педагогтар «Менің мамандығым - мұғалім» атты өзін таныстыру презентацияны және «Мен өмір сүретін әлемім» атты шығармашылық нөмір ұсынады. Өзін таныстыру презентациясымен шығармашылық нөмірге қойылатын талаптар қосымшада көрсетілген.
БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ.
Барлық іс-шаралар нәтижесінде әділ-қазылар пән мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігі деңгейінде жеңімпазды (1 орын) және жүлделі орынға ие болғандарды (2, 3 орын) анықтайды. Жеңімпазға және жүлделі орынға ие болғандарға білім бөлімінің мақтау қағаздары ұсынылады.
«Педагогикалық олимп»
жас педагогтар
қалалық байқауына
ҚОСЫМША
«Менің мамандығым-мұғалім!» атты өзін таныстыру
презентациясына қойлатын талаптар.
Сөйлеушінің регламенті – 5 минут, әділ-қазылар сұрақтарына жауап беру үшін – 3 минут. Берілген уақыт ішінде Байқауға қатысушылар озық педагогикалық идеяларды, өмірлік басымдылықтарды, мамандыққа, әріптестеріне, балаларға деген көзқарастардың мәнін ашу керек.
1. 1. Өзін таныстыру презентациясының бағалау критерийлері:
- түп нұсқалығы (дара стиль);
- жалпы интеллектуалды және мәдени деңгейі;
- педагогикалық артистілік;
- презентацияның мәдениеті;
- регламент.
2. «Мен өмір сүретін әлемім» атты шығармашылық нөмірге қойылатын талаптар. Байқауға қатысушылар шығармашылық нөмірді еркін тақырыпқа (ән, әдеби-музыкалық композиция, би және т.б.) ұсынады. Қатысушының өз нөмірін көрсетуге берілген уақыт 3 минуттан аспау керек .
2. 1. Шығармашылық нөмірді бағалау критерийлері:
- артистiлiк;
- ширақтық, бейнелiк, мазмұндаманың эмоционалдылығы;
- шығармашылық жұмыстың даралығы;
- сөз мәдениетi.
Сонымен қатар Байқау барысында әділ-қазылары Байқауға қатысушыладың іс-әрекетін келесі көрсеткіштер бойынша бағалайды:
- мемлекеттік білім стандартына сай оқыту үрдісінде мазмұнды және технологиялық әдістерді, жаңа амалдар және тәсілдер қолдану бойынша педагогтың іс-әрекеті;
- озық және жаңашыл тәжірбиені, әдістемелік шеберлікті, өзіндік ізденімдерін қолдана білуі;
- қатысушылардың шығармашылық мүмкіндіктері, өзінің кәсіби айқындамаларын көрсете білуі;
- жеке кәсіби мүмкіндіктері; шығармашылыққа бейімділігі; импровизация; жеке шығармашылық қабілеті; адамгершілігі; ұйымдастырушылық және коммуникативті қабілеттері.
«БІЛІМ ҮДІРІСІНДЕГІ IT – ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»
БАЙҚАУ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
анықтылық, есептілік және жылдамдылық өлшемі бойынша басқару сапасын көтеру үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияны (АКТ) пайдалануы мен кәсіби қарым-қатынас кеңістігін кеңейту, шығармашылық потенциалын дамыту, АКТ – мұғалімдер мен басшылардың кәсіби дамуын ынталандыру;
білім берудің дамуына әсер еткен АКТ пайдалануымен үздік енген жобаларды анықтау;
талантты АКТ-басшыларын, АКТ-педагогтарын анықтау, оларды қолдау және мадақтау;
АКТ-ны барынша нәтижелі моделдерін пайдалануын таратылуы және тираждау;
инновациялық педагог тәжірибелерін кеңінен тарату;
педагог кадрларының кәсіби құзыреттілігін көтеру;
білім процесінде пән мұғалімдерінің қазіргі ақпараттық-коммуникативтік технлогияны пайдалануына ынталандыру;
сабақта жаңа стратегияларды, АКТ әдістерін және түрлерін пайдалануды іздену.
БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
білім берудің және басқару сапасын дамуын жақсарту үшін АКТ пайдаланудың ағымдағы деңгейін анықтау;
анықтылық, есептілік және жылдамдылық өлшемі негізінде басқару сапасын көтеру үшін АКТ пайдалану бойынша жетекшілердің рейтингін анықтау;
білім ұйымдарының АКТ пайдалану ауданында шешім қабылдауға әсер ететін факторлар ақпаратын жинау;
білім беру мен басқару сапасы дамуына әсер еткен АКТ пайдалануымен енгізілген жобаларды анықтау және бағалау.
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР.
Сайысқа барлық түрдегі білім ұйымдарының педагогтары, жетекшілері, педагогикалық ұжымдар қатыса алады. Мектептен ұсынылған жұмыстардың саны шектелмейді .
Ескерту: 5 жыл аралығында алдыңғы сайыстардан жүлделі орын алған мұғалімдер қатыспайды.
IV. БАЙҚАУДЫҢ ЖҰМЫС ОРГАНДАРЫ.
«Білім үдірісіндегі IT – технологиялары» байқауын дайындау мен өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын түзету мен іске асыру үшін білім бөлімінің бұйрығы негізінде қалалық ұйымдастыру комитеті құрылып, қазылар алқасы құрамы анықталады.
Қалалық байқау ұйым комитеті:
байқаудың жүргiзуiнің ортақ тәртiбiн анықтайды;
«Бiлiм үдірісіндегі IT-технологиялары» қалалық байқаудың қорытындыларын шығарады және талдайды;
қалалық білім бөлiмiнiң сайты арқылы ақпараттық жарнама жасайды.
«Бiлiм үдірісіндегі IT-технологиялары» байқаудың әділ-қазылары:
инновациялық жобаларды бағалау белгiсiн өндейдi;
жеңiмпаздарды анықтайды және жүлделi орындарды үлестiредi.
БАЙҚАУДЫҢ ТӘРТIБІ ЖӘНЕ ЖҮРГIЗУIНIҢ МЕРЗIМДЕРI.
Байқау екi кезеңде өткiзiледі:
I кезең - сырттай, сұрыптау. 2015 жылдың 2 қарашадан 13 қараша
аралығында өткiзіледi. Сырттай кезеңге қатысатын білім беру ұйымдарынан жұмыстардың саны белгіленбейді.
II кезең - күндізгі. 2015 жылдың 4-ші желтоқсанында өткiзіледi.
Күндізгі кезеңде номинациялар (секциялар) бойынша байқаулық жұмыстардың қорғанысы өткiзіледi.
Ұйымдастырушы комитет номинациялар бойынша секциялардың жұмысы басталу уақытын тағайындайды және ашық қорғаныс үшiн сұрыптаушы турдың нәтижелерiне арналған байқаулық жұмыстардың авторлары шақырылады. Жұмыстардың қорғау кезеңінде бiлiм беру ұйымдарының өкiлдері қатыса алады. Жұмыстардың қорғауы секцияның (номинацияның) барлық қатысушылардың қатысуымен күндізгі түрде өткiзіледі. Жұмыс қатысушысыз қаралмайды, өйткенi қорғаныс байқаулық рәсiмiнің ажырамас бөлiктігi болып табылады.
Байқау қатысушысының сөйлейтін сөздiң регламентi - ауызша әңгiменi және жұмыстың көрсетуiн есептегенде 7 минуттан аспауы керек. Әділқазылар мүшелерiмен бірге секцияларға қатысқандар қатысушыларға сұрақтарды қоя алады.
БАЙҚАУДЫҢ МАЗМҰНЫ.
Байқау барысында білім беру ұйымдарының, ұжымдардың арасында биiк кәсiби рейтингке ие болған шығармашыл ұстаздар, жетекшiлер, педагогикалық ұжымдар анықталады.
Байқаудың барлық кезеңдерiнде әділқазылар келесi көрсеткiштер бойымен талапкердiң қызметiн бағалайды: АКТ негiзінде кәсiби шеберлігін, ақпараттық бiлiктiлiктi және жеке қасиеттері (шығармашылық, импровизация және басқалары); мұғалiм мен басшының жұмыс жүйесі және АКТ арқылы оның басқаруы; АКТ негiзiнде тиiмдiлiгі және басқарушылық қызметтiң нәтижелiлiгi.
Байқау келесi НОМИНАЦИЯЛАР бойынша өткiзіледi:
«Интерактивтік жабдықтарды пайдалану арқылы үздік сабақ»
номинациясы. Номинацияға оқушыларды оқыту және тәрбиелеу жұмысында ақпараттық технологиялары мен интерактивті құралды қолданатын барлық білім беру ұйымдарының пән мұғалiмдері, педагогикалық қызметкерлері қатыса алады. Қатысушы бұл номинацияға қатысу үшін бір сабақты ғана көрсете алады.
Бағалау критерийлері:
Оқудың негізгі принциптерін мұғалімнің жүзеге асыруы:
- ғылымилығы;
- қол жетімділігі;
- көрнекілік;
- жеке және жас ерекшелігін ескеру;
- практика және өмірмен байланысы;
- жүйелілік.
2) Мұғалім ұсынған оқу әдісі мен әдістемесін технологиялау:
- сабақта жаңа әдістер мен технологияларды қолдану;
- мақсаты мен міндеттерінің нақты болуы;
- оқу материалының мазмұнына сай болуы;
- қызметтегі формалары мен әдістерінің тиімділігі;
- оқыту әр кезеңінде оқыту үдерісінің нәтижелілігі;
3) Қызметтің даму мінездемесі:
- әр оқушының танымды белсенділігін арттыру;
- табысты жағдайларды туғызу;
- оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қызметтес болуды қамтамасыз ету.
«Үздік IT – менеджер» номинациясы. Бұл номинацияда білім беру
ұйымдарында, ұжымдарда жоғары кәсіби рейтингке ие болған шығармашыл басшылар анықталады.
Үміткерлердің қызметі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
АКТ негізінде кәсіби шеберлігі, ақпараттық құзыреттілігі және жеке
қасиеттері (шығармашылық, импровизация және басқалары);
АКТ негізінде басқарушылығы және жұмыс жүйесі;
АКТ негізінде басқару қызметінің тиімділігі мен нәтижелігі.
Байқау жұмыстарының мазмұны: авторлық концепциясының қорғауы мен презентациясы (АКТ негізінде авторлық бағдарлама мен жобалар, әдістемелер, технологиялар, басқару жұмысының жүйесі, құжаттарды электронды түрде енгізу).
Мектепті басқарудың бағдарлама құралдары үшін:
Іс-қағаздарын жұргізу жүйесі мүмкіндік береді:
білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылардың жеке іс
қағаздарын жүргізу;
алфавиттік және мекенжайлік кітаптарды реттеу;
іздеу, динамикалық есеп және есеп дизайн жүйесін қолдана отырып,
есептің әртүрлі формасын жасау;
стандарттық мектеп есептерін, мектеп паспортын, сыныптарды
толықтыруын, жынысы мен жылдары бойынша оқушылардың құрамын қалыптастыру;
қызметкерлер мен оқушылардың жеке құжаттарын басып шығару;
қалыптасқан үлгілер арқылы білім беру ұйымдары бойынша бұйрықтар
жобасын құру; білім беру ұйымдарының бұйрықтар циклограммасын қалыптастыру; оқушылардың қозғалуын және оқушылар мен мектеп қызметкерлері бойынша электрондық бұйрық кітаптарін жүргізу; тағайындалған қатысушылар мен реквизиттер бойынша бұйрықтардың іріктеуін орындау.
Жоспарлау жүйесі:
базалық және мектеп компонент, сынып тізімі, мектептің қалыптасқан
құрылуы негізінде базистік және оқу жоспарын, сағаттың санын есептейді;
мұғалімдердің негізгі және қосымша жүктемесін таратуға мүмкіндік
береді;
танымал және талап ететін фирмалардың кесте құрастыру
бағдарламасымен бірге сабақ кестесін қалыптастыру ұшін мәлімет беру.
Үлгірім бағасының жүйесі оқушының үлгірімін есептейді:
білім беру ұйымында қабылданған шкала бойынша бағалар түрімен;
қолданушы пайдаланатын бағдарламаның көрсеткіші негізінде
жалпылау көрсеткіш түрімен.
Аттестация және мектепішілік бақылау жүйесі оқу үдірісінің
жағдайын келесі критерийлер бойынша талдауға мүмкіндік береді:
білім сапасы мен үлгірімі;
оқушылардың үлгірімінің пайызы;
орта ұпай.
Алынған мәліметті пайдалана отырып мұғалімнің сабақ беретін кез келген сыныпта кез келген пән бойынша немесе жалпы мектептің, немесе барлық пәндер бойынша мұғалімнің жұмысын бағалауға болады. Осы талдауды графикалық немесе кесте түрінде мұғалімдердің аттестациядан өту кезінде және мектептің оқу үдірісінің жағдайын анықтау үшін қолдануға болады.
«Үздік электрондық білім ресурсы» номинациясы. Үздік
электрондық білім ресурсы (ЭБР) оқу әдістемелік кешендерді (ОӘК) білдіреді. Оған кіреді:
пән бойынша теориялық материалдар (электрондық оқу құрал, видеодәрістер жинағы, ақпараттық – анықтама материалдары);
практикум (виртуалды лабораториялық және санау практикумы, практикалық құрал немесе басшылық);
өз-өзін бақылауға арналған дидактикалық материалдар (практикалық, семинарлық және лабораториялық тапасырмалардың, бақылау жұмыстарының жинақтары, өз-өзін тексеруге арналған тесттер);
әр түрлі аттестация мен сабақтарға дайындау, пәндерді оқу бойынша оқушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар;
ОӘК қолдану сабақтарды ұйымдастыру үшін мүғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар.
Оқу – әдістемелік кешен әдістемелік және дидактикалық қашықтық және басқа білім технологияларды енгізуге, арнайы құрастырылған жұмыс бағдарлама бойынша оқушыға керек оқу материалдарды беру арқылы оқыту, тренинг және білім бақылауды қоса әдістемелік сүйемелдеу және оқушының жұмысын ұйымдастыруын қамтамасыз ету керек.
Бағалау критерийлері:
байқауға қатысу үшін құрастырған ЭБР-ың мазмұны жоғарыда берілген ОӘК-ің талабына сай болу;
құрастыруға ұсынылған оқу әдістемелік кешен оқу пәндерінің жұмыс бағдарламасына сай болу;
байқауға қатысу сұраныстың ақпараттық-коммуникативтік технологияларды дамыту және білім бағдарламаларды жүзеге асыру үшін оларды пайдаланатын мақсаты мен міндеттеріне сай болу.
«Үздік автоматтандырылған құралдарды қолдау және білім мен
ғылыми қызметті сүйемелдеу» номинациясы.
Автоматтандырылған құралдарды қолдау және білім мен ғылыми қызметті сүйемелдеу білдіреді:
- автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (ААЖ),
- білім сапасын бақылау автоматтандырылған жүйелерді,
- электрондық мәлімет базасын.
4. 1.Бағалау критериилері:
- байқауға қатысу үшін жасалған автоматтандырылған құралдарды қолдау және білім мен ғылыми қызметті сүйемелдеуі жоғарыда көрсетілген автоматтандырылған құралдарды қолдау және білім мен ғылыми қызметті сүйемелдеу түріне сай болу;
- байқауға қатысу сұраныстың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және мектептің ғылыми-білім бағдарламаларын жүзеге асыру үшін оларды пайдаланатын мақсаты мен міндеттеріне сай болу.
«Үздік диагностикалық аспап» номинациясы. Байқауға қатысуға
болады:
электронды білім ресурстарды қолдану ұсыныстар негізінде бақылау-өлшегіш материалдар жинағы;
оқушылардың әдептілік, даму және т.б. деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін электронды тесттер, сауылнамалар және т.б.
Бағалау критериилері:
оқу мақсаты үшін жұмыстың практикалық мағынасы;
әдістемелік жұмыстың деңгейі;
материалдың анықтылығы мен стилі.
«Мұғалімнің үздік сайты» номинациясы. Сайттарды бағалауда келесі критерийлер саналады:
дизайн: рәсімделуінің түп нұсқасы, оқылымы, сайттың өзектілігі, сайттың барлық беттерінің силистикалық біртұтастығы,
интерактивтілігі: кірушілермен кері байланыстың әр түрлі болуы,
ақпараттылығы: ақпараттың өзектілігі, жаңарудың жиелілігі мен жылдамдығы, сайттағы суреттеу және мәтін материалдың сапасы, материалдың логикалық орналасуы,
жаңалығы: жаңа интернет-технологияны қолдану (мысалы: WEB 2.0).
нормативті, нұсқаулық, ақпараттық материалдардың болуы, сонымен қатар мұғалімнің қызметін суреттейтін фотосурет материалдары,
мұғалімнің өзі жасаған еркін таратылатын оқу-әдістемелік құралдың (оқу жоспарлары, пән бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдар, лабораториялық практикумдар, тест тапсырмалары және т.б.), сонымен қатар пайдалы ақпараттар алатын сайттарға сілтемелердің болуы.
«Мұғалімнің үздік портфолиосы» номинациясы. Портфолио – жеке
жетістіктерінің портфелі. Портфолио белгілі мерзім ішіндегі мұғалімнің әр түрлі қызмет (оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерін есептеуге мүмкіндік береді.
Бағалау критерийлері:
мазмұнның логикасы мен ізеттілігі;
портфолионың құрылымына сай болу;
білім жүйесінің басты бағыттарына сай болу және өзектілігі;
ұсынылған материалдың әдістемелік құндылығы;
жеке және кәсіби тұжырымдамасының, мақсатты белгілерінің, жеке кәсіби шеберлігінің өсу жоспарының жүйесі болуы;
қызметінің нәтижелігі;
жұрт алдында сөйлеу шеберлігі.
«Оқушының үздік портфолиосы» номинациясы.
Бағалау критериилері:
мазмұнның мазмұнның логикасы мен ізеттілігі;
портфолио құрылымына сай болу;
білім жүйесінің басты бағыттарына сай болу және өзектілігі;
ұсынылған материалдың әдістемелік құндылығы.
VII. МАТЕРИАЛДЫ БАЙҚАУҒА ҰСЫНУ РЕТІ.
Байқауға қатысу үшін білім бөліміне электронды түрде сұраныс мына формада беріледі:
№
|
Мектеп
|
Қатысушының аты-жөні, тегі
|
Пән
|
Атауы
|
Номинация
|
Керекті құрал-жабдықтар
|
|
|
|
|
|
|
|
Байқауға қатысушылардың жұмыс саны шектеусіз. Басқа байқауларда жүлдеге ие болған жұмыстар «Білім үдірісіндегі IT–технологиялары» байқауында қарастырылмайды. Ұсынылатын материал CD- және DVD-дискаларында жазылып, 2015 жылдың 20 қарашадан кешікпей ұйымдастыру комитетінің хатшысына қатысушының ақпараттық картасымен бірге мына түрде тапсырылуы керек:
Байқауға қатысушының ақпараттық картасы.
Автордың (авторлардың аты-жөні,тегі)
|
|
Білім беру ұйымының атауы
|
|
Қызметі
|
|
Педагогикалық өтілі
|
|
Біліктілік категориясы
|
|
Телефон, e-mail
|
|
Жұмыс орнының толық атауы
|
|
Номинация
|
|
Біліктілігін көтеру және соңғы үш жыл ішінде облыс деңгейінде оқыған АКТ оқу курстары (оқыған жерін, күнін, жылын көрсету)
|
|
VIII. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ РЕТІ.
Барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Жеңімпаздар білім бөлімінің грамотасымен марапатталады.
«ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ - 2015» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережесі.
Конкурс берілген ережеге сәйкес «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің балалар шығармашылық мектебі» МКҚМ-да өткізіледі.
Конкурс заманауи білімнің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін, гуманистік бағыттылығын арттыруға себеп болатын міндетті құрастырушы білім әрекеті ретінде психологиялық білімді насихаттауға бағытталған.
Конкурс мақсаты:
Конкурс талантты, шығармашыл психологтарды анықтау, мектеп психологтарының кәсіби деңгейін және шығармашылық потенциалын барынша толықтай жүзеге асыруды арттыру мақсатында, сонымен қатар қаланың білім мекемелеріндегі білім үрдісінің психологиялық-педагогикалық сүйемелденуі қызметінің мәртебесін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Конкурс міндеттері болып табылады:
- мамандардың өзіндік жүзеге асырылуы үшін, олардың шығармашылық потенциалын ашу үшін жағдай жасау;
- қаланың талантты педагог-психологтарын анықтау, оларды қолдау және мадақтау;
- білім мекемелерінің педагог-психологтарының озық тәжірибе жұмысын кеңейту;
- конкурс қатысушыларының кәсіби шеберлігінің өсуіне, кәсіби психологиялық білім маңыздылығын күшейтуге және әлеуметтік –психологиялық қызмет мәртебесін жоғарылатуға септігін тигізу.
Конкурс шарттары
Конкурстың басты шарты білім ұйымдары психологтарының шығармашылық жұмысындағы психология-педагогикалық ойлармен, жобалармен, нәтижелермен алмасу болып табылады.
Қалалық конкурсқа 0-ден 3-ке дейін жұмыс өтілі бар, Қостанай қаласы білім мекемелерінің педагог –психологтары қатысады. Жас шектеулі емес. Үміткерлерді ұсыну білім мекеменің әкімшілігімен және өзіндік ұсынумен жүзеге асырылады.
Қатысушылар:
Психолог әріптестерінің жетістіктерімен танысады;
Кәсіби жұмысты ұйымдастыру түрлерінің, үлгілерінің, әдістерінің, құралдарының алуан түрлілігі туралы көрсетілімді кеңейту мүмкіндігін алады;
Кәсіби ой-өрісінің деңгейін арттыру мүмкіндігін алады;
Шығармашылық өз ойын білдіру амалдарын игереді.
Конкурсты өткізу үлгілері .
Бір тақырыпқа эссе жазу. «Мен .....қажетпін» тақырыбына ең үздік эссе ( өз жұмысы туралы психологтың ой-толғанысы.
Бағалау өлшемдері:
-ғылыми бағыттылығы және өзектілігі;
- түпнұсқалығы, тұтастығы, мазмұны;
-тіл жағынан рәсімдеу мәдениеті.
Эссе көлемі- 1,5-2 басылған бет, WORD, 14 шрифт. Эссе конкурс ұйымдастыру комитетіне жіберіледі(gshdt@kst-goo.kz).
Өзі жасаған тұсаукесер. Қатысушылар өзінің талантын, жаңашылдығын, басшылық қасиетін және т.б. көрсете отырып, өзін кез келген үлгіде көрсету қажет.
Бағалау өлшемдері:
-сахна шеберлігі;
-жаңашылдығы;
-кәсіби шеберлігі;
Ұзақтығы 3 минуттан көп емес.
«Мектептің психологиялық қызмет моделі». Конкурста тәжірибеде мақұлданған және тәжірибеде қолдану нәтижелері бар жұмыс көрсетіледі.
Бағалау өлшемдері:
Тақырып өзектілігі;
Таңдалған тақырыптың мазмұны;
Жалпы және кәсіби білімдарлығы;
Ұзақтығы 5 минут.
Жас ерекшелік және педагогикалық психология тесттері.
Құжаттарды ұсыну тәртібі
Үлгі бойынша қатысу сұранымы (1 қосымша).
Қатысу сұранымы 2014 жылдың 16 сәуіріне дейін қабылданады. Мерзімнен кеш түскен материалдар қарастыруға жатпайды. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды.
Конкурсты ұйымдастыру.
1)Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
2)Конкурс әділқазылар құрамында - білім бөлімінің, әдістемелік кабинеттің мамандары, жоғары санатты мұғалімдер.
3)Конкурс әділқазылары қатысушылардың жұмыс сапасын бағалайды, конкурс қорытындысы бойынша қажетті құжаттаманы құрастырады.
4) Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар бен жүлдегерлер дипломдармен, құнды сыйлықтармен марапатталады .
5) Конкурс нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
1 қосымша
Конкурс қатысушысының сауалнамасы
1.Тегі_________________________________________________________________
Аты _______________________ Әкесінің аты ______________________________
2.Туған жері, күні______________________________________________________
3.Байланыс телефоны (жұмыс, үй, ұялы)____________________________________
4.Базалық білімі (оқу мекемесінің толық атауы)_____________________________
______________________________________________________________________
Факультеті____________________________________________________________
Диплом бойынша мамандығы____________________________________________
______________________________________________________________________
5.Қосымша кәсіби білімі________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(оқу мекемесінің толық атауы, факультеті, мамандығы)
6.Жұмыс орнының толық атауы___________________________________________
______________________________________________________________________
7. Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі______________________________________
______________________________________________________________________
8.Психологиялық-педагогикалық жұмыс өтілі_______________________________
______________________________________________________________________
9.Аталған мекемедегі жұмыс өтілі_________________________________________
______________________________________________________________________
10.Лауазымы, жүлделері_________________________________________________
______________________________________________________________________
11.Басылымдары (басылым күні, шығарылуы, атауы)_________________________
_____________________________________________________________________
12. Сізді конкурсқа қатысуға не итермеледі?________________________________
______________________________________________________________________
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЭСТАФЕТАСЫ»
АТТЫ ЖАС ТӘРБИЕШІЛЕР МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕРІНІҢ
ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың мақсаты:
- жас педагогтың тәлімгерлер жүйесінде кәсіби өсу процесін оңтайландыру, педагог-тәлімгерлер мен жас мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін көтеру .
Міндеттері:
- педагогикалық шеберліктерін кәсіби жетілдіру;
- жас педагог пен тәлімгердің өздерінің жұмыстарын шығармашылықпен жүзеге асыру;
- жас маманның педагогикалық ұжымға , бірлестік мәдениетіне, үздік педагогикалық тәжірбиеге енуді тарату;
-кәсіби дәстүрлерді тарату және кәсіби қатынастың диапазонын кеңейту.
Байқауға қатысушылар.
Байқауға қатысуға Қостанай қаласының білім мекемелерінің қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін, жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық топтары, мектепке дейінгі мекемелерге бағынуға тәуелсіз шағын орталықтар,бөбекжай-бақшаларының (жас тәрбиешілер мен олардың тәлімгерлері) тәрбиешілері қатысады.
Жас тәрбиеші -конкурсанттардың педагогикалық жұмыс өтілі– 3 жылға дейін. Әр мектепке дейінгі мекеме байқауға қатысу үшін бір жас маман мен оның тәлімгерін ұсынады .
Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімі.
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады. Байқауды өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, ол байқауды өткізудің түрін анықтайды, байқаудың тапсырмалары дайындалады.
Байқау 2 кезеңде жүргізіледі:
1 кезең - іріктеу (сыртқы), 2015 жылдың 2-3 сәуірі. Ұсынылған материалдарды талдау:
- байқауға қатысу өтініші;
- конкурсанттың сауалнамалары: жас маман және оның тәлімгері;
- «Менің алғашқы қадамым және алғашқы қуаныштарым» атты жас маманның эсесі;
- «Кәсіби шеберліктің құпиялары» атты тәлімгердің жас маманмен жұмыс жобасы.
2 кезең - финалдық, 2015 жылдың 14 сәуірде №61 бөбекжай-бақшасының базасында жүргізіледі. Байқаудың 2 кезеңіне қатысуға іріктеу кезеңінің жеңімпаздары шақырылады.
Кезең өзіне қосады:
- «Кәсіби шеберліктің құпиялары» (тәлімгер мен жас маманның бірлескен жұмысы) атты жобасын жүзеге асыру нәтижесінің презентациясы, ұзақтығы-8 мин.
- Конкурсанттардың кәсіби және шығармашылық құзыреттіліктерін ашатын тапсырмалар.
Білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие секторына құжаттарды тапсыру мерзімі 2015 жылдың 31.03. дейін.
Байқаудың әділ-қазылар алқасы.
Байқаудың барлық кезеңдерінде жеңімпаздарды таңдау процесінде барынша объективтік жетістік мақсаттарын саралау үшін әділ-қазылар алқасы құрылады. Оның міндеттеріне : бағалау көрсеткіштерін анықтау және дайындау, материалдарды саралау, конкурсанттардың жұмыстарының кәсіби дағдыларын бағалау, қатысушыларды бағалау нәтижелерімен таныстыру кіреді.
Әділ қазылар алқасына Қостанай педагогикалық институтының, Қостанай педагогикалық колледжінің , Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің өкілдері енеді.
Қатысушыларды марапаттау.
Байқаудың сынақтарының нәтижелерін анықтау бойынша әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды, олар мадақтаулар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады .
Достарыңызбен бөлісу: |