Отчетный доклад Акима области



жүктеу 178 Kb.
Дата13.01.2020
өлшемі178 Kb.
#26518
түріОтчет

Отчетный доклад Акима области Кульгинова А.С. перед населением ЗКО «Об итогах СЭР области за 2017 г. и основных направлениях развития на 2018 г.»
г. Уральск, Дворец школьников и молодежи, 10:00 ч.

Қадірменді әлеумет!

Құрметті облыс тұрғындары!

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Енді біздің ел атқа қонады: дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына да тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысады» деген болатын. Мақсаты айқын еліміз өткен жылы да айтулы шараларды табысты өткерді.

Осыдан тура бір жыл бұрын алдарыңызда есеп беріп, 2017 жылға арналған жоспарлармен бөліссек, бүгін міне еліміз бен өңіріміздің дамуында ерекше орын алған тағы бір жылды қорытындылаймыз.

Біз үнемі барлық әкімдердің есептік кездесулері мен азаматтарды қабылдаудағы сіздердің ұсыныстарыңызды ескеріп келеміз. 2018 жылдың 4 қаңтар күні облыс әкімдігінің ресми сайты мен жергілікті ақпарат құралдары арқылы онлайн сауалнама жүргізуді бастадық. Әрқайсыңыздың ұсыныстарыңыз біз үшін аса маңызды.



20 сұрақтан тұратын онлайн сауалнамаға 40 күннің ішінде мыңдаған белсенді тұрғын қатысқан. Дауыс берушілердің 15%-і Жол құрылыстары және оны жөндеу жұмыстары қажет деп тапқан. 12 проценті өңірдегі медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға ұсыныс берген. 9% қатысушы жұмыссыздықпен күресу қажеттігін алға тартса, 8% респондент тұрғын үйлерді салу қарқынын төмендетпеуді сұраған. Ауыз су, газбен қамтумен қатар қоғамдық тәртіпті күшейту, абаттандыру жұмыстарын күшейтуді өтінген азаматтар да бар. Барлық дауыс берушінің ұсыныстарын ескеретін боламыз. Өңіріміздің тыныс тіршілігіне бей-жай қарамайтын әрбір тұрғынға алғысымызды білдіреміз.

2017 жыл бойынша Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы оң көрсеткіштермен қорытындыланды. Оған ең бірінші кезекте Елбасы қабылдаған мемлекеттік бағдарламалар тікелей септігін тигізді.



Ішкі жалпы өнім өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 1,5 трлн. теңгені құрады. 6,3% өсім бар. (Жылдық қорытынды көктем айларында шығатын болады).

Өткен 12 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінде 5,5 процент өсім бар (2 трлн. теңге). Соның ішінде тау-кен 5,5 процентке, өңдеу саласы 5,7 процентке өсті. Облыс тұрғындарының саны 2017 жылы 647 мың адамды құрады. Орал қаласының тұрғындары 304 мыңға жетті.


ИНВЕСТИЦИИ

Инвестиции в несырьевом секторе показывают рост на 22% или на 30 млрд. тенге больше, чем в 2016-м году. В том числе в сельском хозяйстве выросли в 1,7 раза; в транспорте – на 20%. Всего в денежном выражении в прошлом году мы привлекли инвестиций на 414 млрд. тенге.

Это 8-й результат по сравнению с другими регонами.



МСБ

Главой государства поставлена задача к 2050-му году довести долю малого и среднего бизнеса в структуре ВВП до 50-ти процентов. Сегодня эта доля в ВРП региона достигла 42%, здесь ежегодная динамика роста на 1,5-процента (2014 г. – 38,7%; 2015 г. – 40%; 2016 г. – 42%). Мы на втором месте после Астаны. Количество занятых граждан в этом секторе достигло 112 тысяч человек, то есть за год увеличение на тысяч (+13%). Люди поверили в то, что можно и нужно работать в данной сфере. Этому способствуют и прямая господдержка. К примеру, только в прошлом году поддержаны 184 проекта предпринимателей на общую сумму кредитов в 21 млрд. тенге – это на 70% проектов больше прежнего уровня. Количество действующих субъектов МСБ также выросло на 2,5% 36,2 тыс. до 37,1 тыс. ед.), всего же выпущено продукции на 1,0 трлн. тенге с ростом на 10,5%.
НАЛОГИ

Поступления в госбюджет выросли на 2 млрд. тенге и составили 256 млрд. Только предприятия Карты индустриализации уплатили свыше 5 млрд. тенге налогов.
КАРТА ИНДУСТРИАЛИЗАЦИИ

Всего по Карте индустриализации введено 22 проекта на сумму 81 млрд. тенге, из них в 2017-м году - 10 проектов, благодаря которым создано 536 рабочих мест, из них 6 экспорториентированные.




  • Уважаемые участники встречи!

Теперь давайте о наших проблемных вопросах. Первый вопрос, который волнует жителей – это дороги. За всю новейшую историю наш регион находился на последнем месте в стране.
«НУРЛЫ ЖОЛ» – ДОРОГ­И
За один год данную проблему мы не  решим. Но год за годом мы приближаемся к цели.

Только по «Нурлы Жол» и другим источникам финансирования Правительством выделено 36 млрд. тенге. Что сделано? Проведена большая слаженная работа с Министерством по инвестициям и развитию и «Казавтожол». Если в 2014-м году мы отремонтировали 160 км. дорог, в 2016-м – 290, то в прошлом году – уже в раза больше – 500 км начали, 420 км. завершили.

В их числе и ремонт внутрипоселковых дорог в Акжаикском, Бурлинском, Таскалинском – всего в 9-ти районах из 12-ти и в городе Уральске (2 района – Бокейорда и Жанибек - конкурсные процедуры).

«Нұрлы Жол» бағдарламасы арқылы бөлінген қаржыға күретамыр жолдарымыз жөнделіп жатыр. 30 шақырымы қалған Орал-Саратов тас жолын жөндеу жұмыстарын биыл жалғасады. Ал облыстық маңызы бар жолдардың 128,5 шақырымы жөнделді. Орал қаласында жұмысы басталған 67 көшенің 61-і аяқталды. Облыс орталығының жолдарын жөндеуге 2015 жылы – 1,3 млрд. 2016 жылы – 2,4 млрд. ал 2017 жылы – 8,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Депо көпірін қайта салу жұмыстары қарқынды жүруде. Егер көпірдің құрылысын қосатын болсақ, 10 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.



В результате жители ощущают реальный экономический и социальный эффект. Улучшается состояние сети и протяженность дорог. Наши казахстанские предприятия, в том числе и местные, вовлечены с полной загрузкой производственных мощностей. Всего создано 11 тысяч новых постоянных рабочих мест.
«НУРЛЫ ЖЕР» - ЖИЛЬЁ
Следующая основная проблема, волнующая регион – это улучшение жилищных условий. На приемах граждан жители постоянно задают этот вопрос. Сегодня мы наблюдаем значительный спрос на жилье. Только вкладчиков «Жилстройсбербанка» у нас уже 56 тысяч человек, очередников – 22 тысячи. Главой государства была принята программа «НУРЛЫ ЖЕР», по которой региону выделено свыше 14 млрд. тенге.

Что сделано? По «Нурлы жер» мы построили 14 новых многоквартирных жилых домов в областном центре и 188 одноэтажных домов в 8-ми районах области. Более 1,5-тора тысяч семей получили новое жилье. Или более 3-х тысяч семей за последние два года. В их числе 700 семей детей-сирот, ветеранов, инвалидов и других, социально уязвленных категорий граждан. По сравнению с 2016-м годом жилья ввели на 42% больше.
ИКИ
Ввод жилья невозможен без предварительной работы по оснащению инженерными коммуникациями. Для этого построено 15 объектов или свыше 200 км. электро- и теплосетей (2016 г. – 350 км.; 2017207 км.). Эти коммуникации дают возможность возведения новых 128-ми домов на селе, 28-ми многоквартирных домов в городе и 13-ти социальных объектов (в новом микрорайоне областного центра, северо-восточная часть г. Уральска).
АУЫЗ-СУ
Тұрғындарды толғандырып жүрген, біздің жұмысымыздағы басшылыққа алынған басым бағыттардың таы бірі – алыс елді мекендерді таза ауыз-сумен қамту. 2016 жылы өңірдегі 443 елді мекеннің 37 пайызында ғана орталықтандырылған ауыз-су болды. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында, Парламент депутаттары мен Үкіметтің қолдауының нәтижесінде өткен жылы 13 миллиард теңгеге 60 ауылға таза ауыз-су жеткізу жұмыстарын жүргізуді бастадық. Нәтижесінде көрсеткішті 40 пайыздан асырдық. Осы ауылдарда 77 мың халық тұрады. Қазір облыстың 178 елді мекеніне ауыз-су жеткізілген. Бөлінген қаржының 9 млрд. теңгесіне 1 100 шақырым су құбыры тартылды. Жұмыстар жалғасуда.
ГАЗДАНДЫРУ
Газбен қамту көрсеткіші 93,4 пайызды құрап келсе, өткен жылы 6 ауданның 36 елді мекеніне газ тарту жұмыстары жүргізілді. Алыс елді-мекендердің тұрғындары отын, көмір жағудан құтылды. Нәтижесінде 94 пайызға жеттік. ( Бокейорда – 11 ; Акжайык - 11; Жангала - 4; Жанибек - 3; Сырым – 6, Чингирлау -1). Жұмыстар 23 елді мекен бойынша әлі де жалғасуда. Биыл осы жұмыстарды аяқтап, көрсеткішті 95 пайызға жеткізетін боламыз. Бұл жұмыстар бойынша Энергетика министрлігінің қолдауы бар, бірге тығыз жұмыс істеп келеміз.
БЕРЕЗОВКА
Отдельно решался вопрос поэтапного переселения жителей сёл Берёзовка и Бестау. Данный вопрос был на особом контроле у Главы государства.

В 2017-м году полностью завершено переселение жителей этих сёл в - город Аксай.

Всего переселены 464 семьи более 2 000 человек. Построены девятиэтажных дома (306 кв.) и 100 одноэтажных домов с пристройками (это 503-х комнатных и 50 – 4-х комнатных домов). Построен детский сад на 320 мест, школа на 300 мест, а также сдан в эксплуатацию современный спорткомплекс для всех жителей Бурлинского района.



Здесь большую работу провело руководство компании «Карачаганак Петролеум Оперейтинг» вместе с местными исполнительными органами. Им благодарность, а жителей - поздравляем с новосельем!
УРАЛЬСК
Про Уральск хотелось бы отдельно сказать. Аким города об основных итогах уже докладывал на отчетной встрече. И, действительно, за последние годы город существенно преобразился.

Город – это наш общий дом. В последние годы мы в разы увеличили финансирование ремонта дорог – с 1,3 млрд. тенге до млрд. тенге. Хороших дорог стало больше. Мы привели в должный вид порядка 90-та км. - включая и пригороды. Благоустраиваем дворы – в прошлом году это ещё 54 дома с населением 10 тысяч человек (с 2007 - 2016 гг. – благоустроено 277 дворов из 386-ти). Застраиваем общественное пространство - появились новые парки и скверы, новая площадь, набережная. Внедряем энергосберегающее освещение улиц.

Уральск - это европейский город. Люди и История нашего города – это наше основное богатство. Эту сложную задачу - соответствие современному статусу города - мы должны решать вместе со всеми жителями! И эту задачу выполним!
АВАРИЙНОЕ И ВЕТХОЕ ЖИЛЬЕ
Улучшение облика города – это также решение вопроса аварийного и ветхого жилья. На этом Президент страны особенно акцентировал внимание. В области таких домов 243 из них 43 – официально признаны аварийными.

Что сделано? За 2016-й - 2018-ые годы мы запланировали снос 20-ти домов. Половина уже снесено, на их месте возводим новые современные дома. В самом начале ведь никто не верил, что такое возможно. Что получат новые комфортные условия. Но мы сделали это. И сейчас эта работа активно идёт. Новосёлы сегодня тоже в зале, мы их поздравляем! И отдельное «спасибо» говорим строителям за их работу!

МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖКХ

То же самое по модернизации ЖКХ. Дома устаревают, изнашиваются. На сегодня более 90-та таких домов отремонтировано, из них в прошлом году - 5 домов и лифтов. В текущем запланировано отремонтировать еще 10 многоэтажных домов и 10 лифтов.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауылшаруашылық саласының өткеніне нақты дәлел келтірейік. 1991 жылдан 2000 жылдарға дейін өңірімізде мал басының саны күрт азайған. Ірі қара мал басы 1991 жылы 789 мың болса, 2000 жылы 336 мыңға дейін азайған. Қой мен ешкі 2 млн. 300 мыңнан астам болса, 2000 жылы 571 мың бас тіркелген. Жылқы 112 мыңнан сол 2002 жылы 46 мыңға дейін түсіп кеткен. Құс 1 млн. 752 мыңнан 334 мыңға азайған. Халықтың қолындағы жалғыз капитал мал басы ғана болғанын осыдан аңғаруға болады.
Бұл мәселені шешудің жолы қандай болды?
2001 жылдан бастап, Елбасының ауылшаруашылық саласына ерекше көңіл аударуының нәтижесінде өсімдер тіркелген. Бірнеше жыл қатарынан жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекеттің былтырғы жылғы қолдауына тоқталатын болсам, «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша 2017-2021» бағдарламасына сәйкес өткен жылы ауыл тұрғындарына 10,3 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10,7 процентке артық. Және 8,5 млрд теңге несие берілді. 2016 жылғы көрсеткіштен 5,7 процентке көп. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 300 ауыл тұрғыны 1,5 млрд теңгені құрайтын микрокредиттермен қамтылды. Нәтижесінде 285 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы алғанда агроөнеркәсіптік кешенді инвестициялау 70 процентке дейін өсті.

Былтырғы есеп бойынша 556 мың ірі қара, 1 млн.156 мың ұсақ мал, 170 мың бас жылқы және 1 млн. 503 мыңнан астам құс тіркелген. Яғни біз 1991 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда жылқы малы 58 мыңға артты. Құс пен ірі қара мал саны 90 жылдардағы межеге жетіп қалды.



Асыл тұқымды мал саны 2017 жылы 88 500-ден асты. Бұл 2016 жылғы (72 946 бас асыл тұқым) көрсеткішпен салыстырғанда 21,3 пайызға артық.
Ел экономикасын әртараптандыру бойынша Елбасы аграрлық салаға ерекше көңіл бөліп келеді. Аталған көмектердің нәтижесінде астық өнімдері 2015 жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп жиналды (2017 - 368,6 мың тонна; +58,7 мың тонна, 2016 - 310 мың т., 2015 - 95,5 мың т).

Ал күздіктер 2016 жылмен салыстырғанда 45 процентке (176 мың тонна; +55 мың тонна) (2015-22,4 мың т., 2016-121 мың т.), майлы дақылдар 12 процентке (52 мың тонна; +5,7 мың тонна) (2015-11,7 мың т., 2016-46 мың т.) артық. Әрине саладағы өсім мемлекеттің қолдауы мен ауа-райының қолайлы болуы да оң ықпалын тигізді.

Аграрлық саланы кәсіп көзіне айналдырған азаматтар үшін қандай мүмкіндіктер бар?
Өткен жылы ауылшаруашылық өнімдері 9 елге экспортталды. (Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина). (мұздатылған және тірі күйінде ірі қара, ұсақ мал етін, балық, ұн өнімдерін, майлы дақылдар және басқа да өнім түрлері)

Елбасының Иранға, Қытайға сапарының нәтижесінде ет экспортында жаңа нарықтар ашылды. Ауылшаруашылық министрлігі мен «Қазақинвест» ұлттық компаниясымен бірігіп алғаш рет Иранға 500 тоннадан астам қой еті экспортталды. Жұмыстар әлі де жалғасуда. Өңіріміздегі 2 ірі кәсіпорын Қытайдың инспекциялық тексеруінен өтті. Биыл ет экспорттау жоспарланып отыр.

Облысымыз ірі қара мал етін экспорттау бойынша алдыңғы қатарда – тек өткен жылы экспортқа 2200 тоннадан астам ет шығарылды. (негізгі экспорттаушылар – «Кублей» және «Батыс Марка Ламб» компаниялары).



ИРРИГАЦИЯ

Агроөнеркәсіптік кешеннің басымдық саласы ретінде Мемлекет басшысы айқындап берген ирригациялық жүйелерді қайта жаңарту және жайылымдық жерлерді суландыру жұмыстары қарқынды жүруде. Осы салада 2 млрд. 250 млн. теңгеге барлығы 6 жобаны бастасақ, соның 4-еуі аяқталды.

В прошлом году в Сырымском районе завершен капремонт Шолак-Анкатинского водохранилища и реконструкция Улентинской системы лиманного орошения. В Жанибекском районе - реконструкция лиманов Абдильман и Сорколь Зеленовском районе – строительство в селе Перемётное гидротехнического переливного сооружения на реке Деркул. Завершаем Кирово-Чижинский канал и плавучую насосную станцию на Урало-Шалкарском канале в Теректинском районе (133,5 млн. тнг.).

Нәтижесінде өңірде 3,5 мың га жерді тұрақты сумен, 70 мыңнан астам­ гектар суару жүйесімен қамтамасыз етілді.

2 жыл ішінде облыста игерілмей жатқан 1 млн. гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. (Барлығы 1 млн. 375 мың га.)

Тиісті жоспарларға сәйкес ауылшаруашылық кооперативтері құрылуда. 18 кооператив құру жоспарланса, бізде 43 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Ал өңіріміз бойынша барлығы – 214 кооператив жұмыс істейді.



ТРАНСПОРТ и ЛОГИСТИКА

Не менее актуальным для нас как транзитного региона между Азией и Европой, является развитие транспорта и логистики. Из за неразвитости инфраструктуры нам приходилось добираться в европейские и другие города через соседние регионы.

Что сделано? Открыли новые авиарейсы во Франкфурт, в Москву, Актау и  Атырау. На  этапе подготовки находится вопрос развития малой авиации. Данный проект Министерство по инвестициям и развитию поддержало проект в ряде регионов страны, и мы тоже заинтересованы наладить регулярные рейсы малой авиации в наши отдаленнные районы.

Понятно, что не все летают, многие выбирают поезда. Как вы знаете, Президентами Казахстана и России на встрече в Астане осенью 2016-го года было достигнуто соглашение о бездосмотровом следовании скоростных поездов через границу. В результате, запущены комфортабельные поезда «Тулпар-Тальго» и время в пути по маршрутам сократилось на 35%: «Уральск-Астана» - на 14 часов (1 сутки); «Уральск-Алматы» - на 24 часа (1,5 сутки).



ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Жұмыспен қамту саласында кешенді бағдарламалар нәтижесінде 27 500 адам қамтылды. 14 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды, соның 11 мыңнан астамы – тұрақты. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2 мың жұмыс орнына көп.

БІЛІМ САЛАСЫ

Білім саласында қандай проблемалар болды?

Біріншіден, алдыңғы жылдары 3 ауысымда оқитын 3 мектеп тіркелді. Бұл өз кезегінде оқушылардың лайықты білім алуына кедергісін келтірді.

Екіншіден, 1 апатты жағдайдағы білім беру нысаны тіркелді. Ол оқушылар мен ұстаздардың өміріне тікелей қауіп төндірді.

Үшіншіден, кадр тапшылығы байқалып, мұғалім жетіспейтіні анықталды.

Төртіншіден, урбанизация мен туу көрсеткішінің оң нәтижесінің ықпалынан балабақшада орын болмайтын жағдайлар кездесті.

Енді осы мәселелер қаншалықты шешімін тапты?

Ең алдымен өңірімізде 2017 жылы білім саласына бөлінетін қаражат 5,5%-ке өсті.

Былтыр өңірімізде әлеуметтік сала бойынша 46 нысанды күрделі жөндеуден өткіздік.



24 жаңа білім беру нысаны салынды. (8-і мектеп, 3-і балабақша, 1 интернат, 1 спорт лагері, 1 спортзал және 10 жеке балабақша). Сол арқылы біз 3 ауысымдағы 3 мектептің және апатты жағдайдағы 1 мектептің мәселесін шештік.

Ал кадр тапшылығын өткен жылы алғаш рет жергілікті бюджет есебінен 200 мектеп түлегіне білім гранты беру арқылы шеше бастадық. Сол 200 гранттың 66-сы болашақ мұғалімдерді дайындауға жұмсалды. Педагог мамандар дипломын алған соң, келісім шартқа сәйкес, маман жетіспейтін мектептерде жұмыс істейтін болады.

Егер 2016 жылы 24 қана жеке балабақша болса, қазір ол көрсеткіш 43-ке дейін көбейді. Соның нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемелермен қамту 99,9 процентке жетті. (2015 жылы 97,9%, 2016 жылы 99,7%) Бұл бағытта жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы мемлекет және жеке серіктестігі аясында жұмыстар жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар облыс мектептеріндегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету көрсеткіші 95 процентті құрады. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балалардың 61 процентін қамтыды. Интернетке облыстың 380 мектебі толық қосылса, оның 330-ы кеңжолақты интернетпен қамтылған.



ЗДРАВООХРАНЕНИЕ

Еще один вопрос, который нас касается напрямую – вопрос здравоохранения. Это нехватка врачей, обновление объектов, обеспечение лекарствами и другие.

Мы в прошлом году увеличили бюджет сферы до 38 млрд. тенге с ростом на 3 млрд. тенге (рост на 8%).



Что сделано? Если в 2016 году мы провели кап. ремонт 4-х объектов здравоохранения, то в 2017 году - уже 19-ти. Построили новых объекта (Бурлинский район: ФАП и и мед. пункт в селах Кентубек и Успенка). Введена в эксплуатацию новая поликлиника в областном центре.

За последние три года в область прибыло 270 молодых специалистов, из них в прошлом году – 86 человек. Половина из них трудится на селе. Для молодежи региона выделили 24 гранта на медицину. Несмотря на это, нехватка кадров составляет 207 человек. Этот вопрос будем решать комплексно.

На укрепление базы было направлено 2,5 млрд. тенге: на них закуплено 100 единиц мед. техники и свыше 1 тысячи единиц компьютерной техники. За два года приобретено порядка 100 единиц санитарного автотранспорта, в том числе – 24 реанимобиля (2016 г. – 56 (17 реанимобилей); 2017 г. - 21 (7). Открыт учебно-клинический центр, внедрено 14 новых видов операций. Теперь остается открытым вопрос обеспечения лекарствами. Эта проблема актуальна не только у нас, ее будем решать комплексно.

Во всех организациях действует единая онлайн информационная система. В поликлиниках города работает система электронной очереди, обслужено более 700 тысяч человек (9 200 в месяц). Проведены мероприятия по присвоению электронного паспорта пациента.

Автоматизирована служба скорой медицинской помощи – тем самым сокращено время доезда карет на 4 минуты – с 13 до 9 минут. Скринингом на раннее выявление ряда заболеваний охвачено порядка 130-ти тысяч человек.

В результате удалось снизить материнскую смертность в раза (1 случай против 3-х в 2016-м году); младенческую смертность на 14%; общую смертность населения и смертность от злокачественных заболеваний – на 5%; смертность от туберкулеза – на 3,7%.



МОЛОДЕЖЬ

Вопросы есть в молодежной сфере. Это – трудоустройство, обучение, досуг и спорт. В прошлом году трудоустроено порядка тысяч молодых людей, в том числе свыше 3,5 тысяч - на постоянные рабочие места. По программе «С дипломом в село» направлено 500 молодых специалистов, им выданы подъемные пособия на 260 млн. тенге. Свыше 400 молодых специалистов были обеспечены кредитами на сумму свыше 1,0 млрд. тенге на приобретение жилья. То есть, это действенная программа и прекрасный жизненный стартап для целеустремленных молодых людей.

В результате всех мер, доля молодежи NEET (нигде не работающая и не обучающаяся молодежь) составила 3%. На сегодня данный показатель является самым низким по республике.

СПОРТ

В сфере физической культуры и спорта проведено свыше 2,5 тысяч спортивно-массовых мероприятий, в которых приняли участие свыше 130-ти тысяч человек. Наши спортсмены завоевали 612 медалей (178 золотых, 186 серебряных, 248 бронзовых).

Построено свыше 30-ти спортивных площадок, введён открытый ледовый каток. Мы хотим, чтобы Уральск, наш регион - стал учебно-тренировочным центром для национальной сборной по хоккею с мячом.

Сонымен қатар Ақсай қаласы мен Переметное ауылында 2 спорт кешені бой көтерді. Барлығы 4 спорт кешені өткен жылы пайдалануға берілді. Жылдар бойы ескі ғимаратты жалға алып келген дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының Деркөлде құрылысы басталғанынан хабардарсыздар.

Вы знаете, что в 23-х зимних Олимпийских играх принимают участие наши спортсмены Нурберген Жумагазиев и Абзал Ажигалиев - знаменосец нашей сборной! Даже попасть на Олимпийские игры непростая задача. Более того, это мощный стимул и яркий пример для сотен юных приуральцев. Пожелаем успехов!



МӘДЕНИЕТ

2017 жылы мәдениет саласын қаржыландыруға облыстық бюджеттен 7 млрд. 140 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Қаланың іргесіндегі ірі елді мекеннің бірі Подстепное тұрғындарының көп жылдар бойы күткен мәдениет үйі салынды.

Сырым Датұлының 275 жылдығы мен Алаш қозғалының 100 жылдығы кеңінен аталып өтілді. Облыс орталығында Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспановаларға арналған ескерткіш бой көтерді. Алдыңғы жылы күй атасы Құрманғазы мен Дина Нұрпейісоваға арналған ескерткіш орнатқан болатынбыз.

Зиялы қауым өкілдерінің көптен бері көтеріп жүрген мәселелері шешімін тауып, облыстық қазақ драма театрына Хадиша Бөкееваның, Қадыр Мырза Әли орталығына Қадыр ақынның есімдері ресми түрде берілді.



ОБЩЕСТВЕННЫЙ ПОРЯДОК
Один из важных вопросов, волнующих жителей – общественная и личная безопасность.

В рамках цифровизации данной сферы внедрен учет административных правонарушений в режиме онлайн на республиканской платформе «Web-АП», сотрудники МПС оснащены планшетами и техникой, выделено 200 млн. тенге.

Ведутся работы по проекту ЕРАП - «Единый реестр административных производств» для быстрого оформления штрафов, что снижает время на процедуры.

Приобретено для обеспечения охраны общественного порядка 125 автомобилей (2016 г. - 60), большая часть – направлена в районы.

И благодаря этим мерам удалось добиться снижения количества зарегистрированных уголовных правонарушений на 8%; преступлений, совершенных несовершеннолетними снизилось на 12%; краж - на 6,8%. Улучшена раскрываемость тяжких и особо тяжких преступлений (на 0,8%), отмечается повышение раскрываемости преступлений средней и небольшой тяжести.
ЦИФРОВИЗАЦИЯ
Цифровизация – один из основных приоритетов модернизации, обозначенных Главой государства. В этой сфере реализуются 30 проектов концепции «Smart City». Назову основные:

Первое. Система автоматического распределения детей в детсады. Сегодня своего ребенка можно направить в детский сад по электронной очереди. Ранее были вопросы скрытого характера, заведующий детсадом мог не сообщить о наличии свободных мест. Такие факты были.

Второе. Онлайн смс-регистрация новорожденного ребенка для выдачи свидетельства о рождении.

Третье. Медицинская информационная система, через которую по всей стране будет доступен личный электронный паспорт пациента.

Четвертое. В онлайн режиме действует система «Дежурный прокурор». Граждане могут записаться на прием, получить консультацию, обратиться с жалобой в надзорный орган.

Пятое. Система обратной связи с населением «Народный контроль» для ясной и дистанционной взаимосвязи госорганов с жителями.

Шестое. Начат проект электронное «Е-КСК». Это - получение квитанций через Единый расчетный центр, прозрачность работы через электронную отчетность председателей КСК и другие вопросы.

Седьмое. Оснащение экипажей полиции бортовыми и персональными камерами для повышения законности и безопасности и ряд других.

Здесь отмечу, что по проекту «Безопасный город» в регионе установлено свыше 6 тысяч видеокамер. С этого года будет свыше 7,5 тысяч. Камеры будут следить за безопасностью на дорогах, во дворах, в общественных местах, в том числе, в школах и детсадах.



Восьмое. В сфере земельных отношений открыт единый портал земельных ресурсов области.

Девятое. В онлайн режим переведена работа 22-х комиссий, оказывающих гос. услуги в целях прозрачности и снижения коррупционных рисков.

Десятое. Открыт Центр «Smart Uralsk» – здесь бизнесу и гражданам, по принципу «одного окна», предоставляется 641 услуга. Открыт офис «Доступный акимат», в котором уже оказано свыше 30 тысяч гос. услуг по обращениям жителей.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Құрметті ағайын!

Тұрмысы түзелген ел рухани құндылықтарын түгендей бастайды. Түрлі кездесулерден байқағанымыздай, тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныс-сұрақтары өзгеріп келеді. Осындай кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы дер кезінде жарияланды. Өңір тұрғындары тарапынан қызу қолдау тапты. Соның нәтижесінде кәсіпкерлердің, жастардың, азаматтардың белсенділігі жоғарылады.

Аталған мақалада Мемлекет басшысы әр адам өзін өзгертуден бастау керектігін алға тартты. Біз масылдықтан арылып, қалыптасқан көне стереотиптерді жойып азаматтық жауапкершілікті өз мойнымызға алатын уақытқа жеттік. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихыңды ұмытпай, болашаққа бағдарыңды айқындауға үндейді. Негізгі мақсат – білімнің салтанат құруы арқылы елдік, мемлекетшілдік дәрежеде ойлауды қалыптастыру. Өткен жылы 140-тан астам іс-шара өткізілді. Ақжайықтан түлеп ұшқан елге танымал азаматтар туған жерінде бас қосып, жастарға үлгі-өнеге көрсетті. Кәсіпкерлеріміз рухани құндылықтарымыздың түгенделуіне өз үлестерін қосты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл жұмыстар одан әрі жалғасып, 400-ден астам мәнді де, мағыналы іс-шаралар жоспарладық.

Құрметті жиынға қатысушылар!

Өткен жылы туындаған мәселелерді ашып айтып, олардың қалай шешімін тапқанын баяндадым. Өңір экономикасының даму көрсеткіштеріне өздеріңіз куәсіздер. Өткен жылға өкпе жоқ. Дегенмен, жаңа жылдан ерекше үміт күтетін халықпыз. Ендігі кезекте 2018 жылы жүзеге асырылатын жұмыстармен тыныстыруға рұқсат етіңіздер.



2018 ЖОСПАРЛАРЫ

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл басында Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 үлкен бағытты атап көрсетті. Барлығы да елімізді ілгерілетіп, халқымыздың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған. 2018 жылы атқарылатын жұмыстар Елбасының биылғы Жолдауындағы бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады.



Глава государства в Послании текущего года акцентировал внимание на повышении производительности труда в обрабатывающем секторе, трансферте технологий с использованием элементов 4-ой промышленной революции, таких как: автоматизация, роботизация, управление большими данными, 3Д-проектирование и других.

Первое.

По индустриализации мы запланировали ввод еще 7-ми проектов с созданием 150-ти рабочих мест. О них мы ещё расскажем.



Второе.

Согласно поручениям Главы государства, планируем продолжить работу по энергоэффективности, энергосбережению, внедрению новых технологий по утилизации промышленного и бытового мусора. Хочу напомнить, что прошедшая выставка «ЭКСПО» в Астане предоставила возможность познакомиться с самыми новейшими технологиями и, благодаря Выставке, к нам пришли работать финские партнеры по утилизации ТБО в Уральске. Работы уже ведутся.

По возобновляемым источникам энергии рассматриваются проекты местных предпринимателей, работы будут продолжены. Здесь нам большую поддержку оказывает Министерство энергетики.



Үшінші.

Жолдаудың (төртінші бағыт) Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру бөлімінде Президент «Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек» деп атап өтті. Сондықтан біз өткен жылы атқарған жол жөндеу жұмыстарының деңгейінен түспеуді мақсат еттік. Биыл Жалпақталдан асқан тас жолды Казталовкаға жеткізуді көздеп отырмыз. Саратов бағытындағы тас жолдың 104 шақырымы толықтай жөндеп, шекараға сегізжолақты жол салынатын болады. Бұдан кейін Орынбор тас жолын жөндеу жоспарымызда бар. Инвестициялар және даму министрлігімен жобалау жұмыстарын бастадық.

Облыс орталығында былтыр басталған 6 көшенің жолын жөндеу жалғасады, сонымен қатар тағы қосымша 13 шақырым жолды жөндейтін боламыз. Осы жұмыстар аяқталған соң, жыл соңында өткен 3 жылда жөнделген жолдардың ұзындығы бойынша 1 мың шақырымнан асқымыз келеді.

Биылғы жоспарда Омега көпірін жөндеуге кірісу жұмыстары бар.
Четвёртое.

Согласно поручению Главы государства, нам необходимо внедрять новые методы в проектировании и строительстве зданий, применять современные материалы, активно использовать потенциал государственно-частного партнёрства.

По «Нурлы жер» планируем построить 21 городской многоквартирный дом и 123 жилых дома на селе. В результате, еще 2 тысячи семей приуральцев получат собственное жильё, по итогам 3-х лет количество таких семей составит свыше 5 тысяч.

По государственно-частному партнерству будут продолжены проекты по аварийным и ветхим домам, объектам образования, здравоохранения и спорта, особенно, на селе.



Пятое.

Послание Главы государства ориентирует нас на примение новых подходов в планировании городской застройки с упором на новые технологии, на повышение эффективности транспортно-логистической инфраструктуры.

Здесь вкратце расскажу о планах по благоустройству областного центра.



В текущем году запланирована реконструкция терминала аэропорта «Орал». Он устарел и морально, и физически. Мы до этого говорили о разработке документации, теперь приступаем к модернизации терминала.

Далее. Строится новый специальный Центр обслуживания населения с сопутствующим сервисом. Здесь будет вся необходимая инфраструктура для транзитных и местных владельцев транспорта и т.д.

У нас недостаточно современных отелей для развития внутреннего туризма, проведения официальных мероприятий. Будем строить новый отель. Планируется привлечь к работе иностранных инвесторов, готовых вложить собственные средства в комплекс современных зданий класса «люкс». Отмечу, что данные начинания не по линии «КПО».

Ақжайық өңірінде мәдениет дамығанымен, облыс орталығында лайықты мәдениет үйі жоқ. Түрлі кездесулерде тұрғындардың өтініштері айтылып жүр. Сондықтан, азаматтардың ұсыныстарын ескеріп, биыл 1500 орындық заманауи Мәдениет үйінің құрылысын бастайтын боламыз.

Будет снесен старый омеговский и построен с нуля новый широкополосный мост. Это мы начнем сразу после завершения строительства деповского моста. Хотим успеть начать в текущем году.

Далее.

Согласно прогнозным данным, в ближайшие годы население Уральска, с учетом урбанизации, рождаемости, внутренней миграции, достигнет 400 тысяч человек. Уже сейчас потребность в жилье является одной из первоочередных проблем.

Теперь, в соответствии с Генеральным планом развития областного центра, мы приступим к строительству нового микрорайона «Акжайык». Это будет новая инфраструктура города, где на территории в 450 гектар будут построены 20 социальных объектов и 130 многоэтажных жилых домов для 50-ти тысяч человек.
АЛТЫНШЫ.

АУЫЛДАР

Былтыр біз 12 ауданның 100-ден аса елді-мекендерінде болдық. Жағдайды көзбен көріп жүрміз. Елбасымыздың «Ауыл дегеніміз – халықтық тұрмыс-салтымыздың, ұлттық мәдениетіміз бен әдет ғұрпымыздың, рухымыздың қайнар көзі» деген сөзі бар. Сондықтан біз қала мен ауылды бөліп қарамаймыз. Керісінше арасындағы айырмашылықты жоюға күш салатын боламыз.

Сол мақсатта биыл тағы 50 ауылдың халқына таза ауыз-су жеткізетін боламыз. Газдандыру жұмыстары жалғасын табады.

2018-2021 жылдар аралығында ұялы байланыс пен интернет жеткізуді кезең-кезеңімен жүзеге асырмақпыз. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тығыз жұмыс істеуді бастадық. 92 елді мекен интернетпен қамту жұмыстарын бастаймыз.

Елбасы биылғы Жолдауында «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек» деп атап көрсетті. (Үшінші бағыт – «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі) Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларына сәйкес өңірімізде суармалы жерлеріміз кеңейіп келеді. Біздің жоспарымызда Жаңақала ауданындағы қақпаларды жөндеу мен Азнабай-Тайпақ каналын қалпына келтіру жұмыстары бар. Осы жұмыстар жүзеге асқаннан кейін біз 215 мың га. жайылым жерлерді суландыруға мүмкіндік аламыз.

Биыл егіс көлемін тағы да кеңейтетін боламыз. Майлы дақылдарды былтырғы көлемнен төмендетпейміз.

Ет және ет өнімдерінің экспорт көлемін ұлғайтуымыз қажет. Оған өңіріміздің әлеуеті жетеді.



СЕДЬМОЕ.

В соответствии с Посланием Президента особое внимание уделяется развитию человеческого капитала как основе модернизации, повышению роли учителя, здравоохранению.

В социальной сфере в 2018 году планируется охватить мерами занятости свыше 20 тысяч человек. Порядка тысяч – будут трудоустроены на вакантные рабочие места, более 4-х тысяч человек получат профессиональное образование; свыше 400 человек – получат кредиты и гранты.

Білім саласы бойынша. Құрылысы жүргізіліп жатқан нысандар аяқталып, рет-ретімен мектептерді күрделі жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Облыста 223 шағын мектеп (МКШ) бар. Соның барлығы «Bilim Media» электронды оқулықтарымен және интернетпен қамтамасыз етіледі. Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, білім саласының жаңартылған бағдарламасына сәйкес, бастауыш және орта сынып мұғалімдерінің жалақысы 30 процентке дейін көтеріледі.

В здравоохранении с 2018 года ведётся реализация пилотного проекта «Безбумажное ведение медицинской документации», оно будет во всех медицинских организациях (37).

ҚОРЫТЫНДЫ

Есептік кездесуге жиналған құрметті қауым!

Елбасымыз «Қазақстан - 2050» стратегиясы мен «100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» мемлекет алдына 30 дамыған елдің қатарына кіру туралы өршіл мақсат қойды.



Мемлекет басшысының өңірлердің әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы тапсырмаларына сәйкес, тиісті министрліктермен, Парламент депутаттарымен және «Нұр Отан» партиясымен тығыз жұмыс істеп келеміз. Нәтижелі жұмыстар Мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес мүшелерінің, көпұлтты еліміздің бірлігін нығайтудағы үлесі зор облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің, кәсіпкерлер мен тұрғындардың қолдауы арқылы жүзеге асуда.

Елдігімізге сызат түсірмей, Елбасы бастап, қоғам болып қостап, бірлігіміздің арқасында аяқтан тұрған еліміздің гүлденуі жолында ынтымақпен еңбек етейік! Баяндамам аяқталды, назарларыңызға рахмет!



__________________________


жүктеу 178 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау