Отчет по внешнему аудиту IQAA
26
электронды базасы жасалған. Электронды базада жеке оқу жоспарлары,
силлабустар, ПОӘК материалдары орналастырылған. 5011700-Қазақ тілі мен
әдебиеті мамандығы бойынша 2014 пен 2019 оқу жылы аралығында
қабылданған білімалушылардың көрсеткіші:
Бакалавриат бойынша студенттер саны:
2014/2015 оқу жылында – 38; 2015/2016 оқу жылында – 44; 2016/2017
оқу жылында – 71.; 2017/2018 оқу жылында – 71; 2018/2019 оқу жылында –
74.
Магистратура бойынша:
2014/2015 оқу жылында – 40; 2015/2016 оқу жылында – 28;2016/2017
оқу жылында – 32; 2017/2018 оқу жылында – 37; 2018/2019 оқу жылында –
42.
Студенттерді қабылдау контингенті жылдан-жылға артуда. Бұл
бағытта университеттің саясаты мен маркентингі дұрыс жолға қойылған.
Магистрлік диссертациялар, диплом жұмыстары, мақалалар мен
монографиялар Strike Plagiarism плагиатқа қарсы бағдарламасы арқылы
тексеріледі. Жұмыстарды тексеру рәсімі туралы ережеге сәйкес плагиаттың
бар немесе жоқ екенін анықтау міндетті. Жұмыстарды антиплагиаттан
өткізуде бірегейліктің ұсынылатын шекті мәні мынадай: жұмыстың жалпы
көлемінен бірегей мәтіннің 50% және №2 ұқсау коэффициентінің мәні 5%
аспауы тиіс. Соңғы жылдары тексерілген шекті пайыздардан бітіру
жұмыстары 100% өткен. Тексеру нәтижелері толық және қысқаша есеп
түрінде ғылыми жетекшіге жіберіледі. Ұқсату есебі Strikeplagiarism.соm
плагиатқа қарсы интернет-жүйеде жинақталады. Жұмыс оң баға берілгенде
қорғауға жіберіледі.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша дипломдық жұмыстар
мен ғылыми жобалар ғылымға қызығушылығы бар студенттерге беріледі.
Барлық магистранттар магистрлік диссертация тақырыбын бекітіп, білім
алу процесі барысында зерттеу жұмыстарын орындайды. Бейіндік бағытты
бітірген магистранттар бір жылдан соң, ғылыми-педагогикалық бағытты
бітірген магистранттар екі жылдан соң магистрлік диссертациялар қорғайды.
5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавриатқа
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының «білім бакалавры» академиялық
дәрежесі беріледі. Білім беру траекториясы келесі қызмет түрлерін атқара
алады:
– білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде,
лицей, гимназияларда;
– әдеби-шығармашылық
(әдеби,
мәдени
мекемелерде, баспа
орындарында);
– өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын,
өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде)
– баспаларда редактор ретінде;
– дикторлық;
– БАҚ қызметкері.
Отчет по внешнему аудиту IQAA
27
6М011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген
магистранттар екі бағытта (бейіндік және ғылыми-педагогикалық) білім
магистрі және педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
растайтын диплом және дипломға қосымшасы беріледі. Магистратурадан
кейінгі білім беру траекториясы:
– ғылыми-зерттеу,
эксперименттік-зерттеу
(ғылыми-зерттеу
мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер,);
– педагогикалық колледждерде, техникалық, әлеуметтік салада
колледждерде қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы;
– ұйымдастыру-басқарушы, мұғалім (орта мектептерде, гимназиялар мен
лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);
– әдеби кеңесші, т.б.;
«Тұран-Астана» университеті түлектерінің қоғамдастығы» (бұдан әрі –
Қоғамдастық) құрылған. Оның мақсаты жұмыс берушілерден түлектердің
кәсіби даярлығы сапасы туралы, түлектердің жұмысқа орналасуы және
мансаптық өсуі туралы расталған ақпаратты алу болып табылады. Осы
жұмысты ТЖМБ бірлесіп СДД жүзеге асырады. Кафедраның әлеуметтік
әріптестері ЖОО бейініне сәйкес келетін білім беру ұйымдары болып
табылады.
Жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу үшін мынадай іс-шаралар
жүргізіледі:
1. Түлектерді еңбек нарығында табысты ұсыну мақсатында
университетте әңгімелесуден өтеді, жеке тұлғааралық қатынастар мәселелері
бойынша, жұмыс орнында бейімделу және орнығу тәсілдері, қазіргі
жағдайларда жұмыс іздеу технологиясын жетілдіруге байланысты шеберлік
сабақтары мен тренингтер жыл сайын өткізіледі.
2. Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің бір бағыты «В
Контакте» әлеуметтік желісіндегі бетпен жұмыс болып табылады, мұнда бос
орындардың бар болуы, өткізілетін іс-шаралар (шеберлік сағаттары,
тренингтер, Бос орындар жәрменкесі) туралы ақпарат орналастырылады.
Бетті құру мақсаты – түлектермен ұдайы байланысты қолдау, мансаптағы
өзгерістерін қадағалау, оларды одан арғы ынтымақтастыққа тарту.
3. Жыл сайын қараша айында университет түлектері үшін «Ашық есік
күні» өткізіліп, Астана мен облыстың жұмыс берушілері шақырылады.
«Ашық есік күнінің» негізгі мақсаты – университет түлектері мен
студенттеріне уақытша және тұрақты жұмысқа орналастыруда көмек
көрсету, сонымен бірге жұмыс беруші-білім беру ұйымдарына келешегі бар
жас мамандарды іріктеуде жәрдемдесу.
4. Түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг ұдайы жүргізіледі,
практика және «Платонус» базалары жаңартылады, мұнда ЖОО түлегіне
пайдалы ақпарат орналастырылады.
5. Білім алушыларды және оқытушыларды нақты саланың
жетістіктерімен, проблемалары және болашағымен таныстыру, оларды
дәріскерлердің жеке және кәсіби қасиеттері мен құзыреттіліктері мысалында