Мақал–мәтел — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.
Тыйым - тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. «Бүйірін таяну –қайғының, жағын таяну - мұң-шердің, жүресінен отыру - әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. Демек, тыйым - халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.
Достарыңызбен бөлісу: |