Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институты
Күні: 03.01.2013
Төртінші
басылым
Практикаларды ұйымдастыру туралы
ереже
П ҚМПИ
17 беттің 2 беті
КІРІСПЕ
Бұл ереже 5.03.005-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартына сәйкес дайындалды.
Ереже Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының талаптарын ескере отырып кәсіби
практиканың мазмұнын сипаттайды.
Кәсіби практиканы өткізу төмендегі жағдайларды ескере отырып жүзеге асырылады:
- біртұтас педагогикалық үрдісті маманның кәсіби қызметінің нысаны ретінде түсінуге
бағытталған теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;
- студенттің білім алатын мамандығына байланысты кәсіби практиканың бірінші
курстан бастап бітіруші курсқа дейінгі кезеңділігі және жүйелілігі;
- кәсіби практиканы өту барысында болашақ маманның ғылыми-зерттеушілік жұмысқа
бақыттау;
- кәсіби практиканың нақты мамандыққа бағытталуы.
1 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл ережеде келесі нормативті құжаттарға сілтемелер қолданылады:
1.1.
Қазақстан Республикасының 2007 ж. 27 шілде № 319-111 «Білім туралы» заңы
1.2.
ҚР МЖМБС 5.03.004-2009 «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша
білім беруді ұйымдастыру. Негізгі ережелер»
1.3.
ҚР МЖМБС 5.03.006-2006 «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі.
Жоғары оқу орнында білімді бағалау мен бақылау. Негізгі ережелер»
1.4.
ҚР МЖМБС 5.03.007-2006 «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Білім
беру-кәсіби бағдарламалар. Негізгі ережелер»
1.5.
ҚР МЖМБС 5.03.015-2009 «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі. Оқу
жұмысы және педагогикалық жүктеме . Негізгі ережелер»
1.6.
ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 «Жоғары білім. Негізгі ережелер»
1.7.
ҚР МЖМБС 5.03.019-2011 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға
міндетті білім еру стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 17 маусым 2011 ж. №261
бұйрығымен бекітілген.
1.8.
ҚР МЖМБС 5.03.005-2009 «Кәсіптік практика. Негізгі ережелер» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 31 шілде 2009 ж. №365 бұйрығымен
бекітілген.
1.9.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 20 сәуір 2011 ж.
№152 бұйрығымен бекітілген «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу
үрдісін ұйымдастыру ережесі»
1.10. 14 наурыз 2008 ж. № И-01 Республиканың жоғары оқу орындарында кредиттік
технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру туралы нұсқаулық хат.
1.11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 18 наурыз 2008 ж.
№125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың ағымдық үлгерімін, аралық
және қорытынды аттестациясын өткізу ережесі.
1.12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 қаңтар 2012 ж.№110 Қаулысымен
бекітілген білім беру мекемелерінің түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру
мен қайта қабылдау ережесі.
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты
Күні: 03.01.2013
Төртінші
басылым
Практикаларды ұйымдастыру
туралы ереже
П ҚМПИ
17 беттің 3 беті
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.
1 Берілген ереженің мақсаты ҚМПИ студенттерінің кәсіптік практикасын ұйымдастыруды
регламенттеу болып табылады.
3.2 Кәсіби практика жоғары оқу орнының оқу үрдісінен алынған теориялық білімді бекітуге,
практикалық дағды мен құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.
3.3 Оқу үрдісінде білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес кәсіби
практиканың әртүрлі түрлері қаралған: оқу- танымдық, оқу, үздіксіз педагогикалық,
педагогикалық, өндірістік, дипломалды және студенттің мамандығына сәйкес т.б. практика
түрлері.
3.3 Практиканың кез келген түрі практика бағдарламасы негізінде ұйымдастырылады және
өткізіледі. Студенттерді практиканың барлық түріне жіберу институт бойынша өтілу мерзімі,
базалары, жетекшілері, арнайы пәндер, педагогика және психология бойынша әдіскерлері
көрсетілетін бұйрықпен рәсімделеді.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА
1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
Практиканың негізгі мақсаты – студенттерді пән мұғалімі және сынып жетекшісінің
(тәрбиешінің) біртұтас қызметтерін орындауға дайындау. Педагогикалық практика
барысында келесі міндерттер шешіледі:
- студенттерді инновациялық, шығармашылық ойлай білуге тәрбиелеу;
- мұғалімнің педагогикалық үрдісті басқаруға дайындығын қалыптастыру;
- жалпы педагогикалық білімін, оқушының жеке тұлғалық диагностикасын және
сыныптағы, мектептегі біртұтас педагогикалық үрдіс жағдайын жүзеге асыруға
арналған білік пен дағдыларын жетілдіру;
- пән мұғалімдерімен, оқушылармен, ата- аналармен серіктестік орнату;
- педагогикалық қабілеттерді дамыту және қалыптастыру;
( ұйымдастырушылық, коммуникативтік, конструктивтік, қолданбалы т.б. );
- кәсіби-педагогикалық қабілеттерді қалыптастыру (өз мамандығы бойынша сабақтың,
сыныптан тыс сабақтардың оқыту, дамыту және тәрбиелеу сынды міндеттерін
анықтап шешу, оқыту әдістерін, дәстүрлі және инновациялық технологияларды
үйлестіре қолдана білу);
- педагогикалық қызметтегі шығармашылық-зерттеушілік дағдысын қалыптастыру;
- педагогикалық үрдісті басқарудағы өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалай білуге
дайындығын, тұлғалық қаситтерін дамыту. Осы негізде еңбек нарығындағы
бәсекелестік жағдайында кәсіби мұғалімнің өзін өзі дамыту, өзін өзі жетілдіру және
өзін өзі дәлелдеу мақсатына бағытталған жұмыстар жасау.
2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Педагогикалық практика келесі қызметтерді орындайды:
- танымдық (ақпараттық);
- бейімдеушілік;