76
қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін бекіту мақсатында мәтіндік
және эксперименттік есептерді шығару, құбылыстар мен процестерді
компьютерлік модельдеу бойынша практикалық жұмыстар енгізілген. Бұл
мектеп физика бағдарламасындағы ӛзгерістің бірі.
Мектептің «Физика» пәніннің оқу бағдарламасында физика курсын
оқытудың мақсаты – оқушылардың дүниеге диалектикалық материалистік
кӛзқарасын қалыптастыруға бағытталғандығы кӛрсетілген [63, б. 3]. Оқу
пәнінің білім мазмұны «Физиканы» оқытуға бағытталған бӛлімдер мен
тақырыптырды, практикалық дағдыларды меңгеру мақсатында зертханалық
және практикалық жұмыстар берілген. Физика пәнінің оқу бағдарламасында
зертханалық және практикалық жұмыстардың тақырыптары әр сыныпқа анық
кӛрсетілген. Атап айтсақ (атомдық және ядролық физика бойынша): 9-
сыныптағы базалық білім мазмұнындағы практикалық жұмыс [64, с. 18]:
радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодын есептеу.
11-сыныптағы
базалық білім
мазмұнындағы
зертханалық
және
практикалық жұмыстар (жаратылыстану-математикалық бағыт) [63, б. 14]:
Зертханалық жұмыстар: сәуле шығарудың тұтас және сызықтық спектрлерін
бақылау; дайын фотосуреттер бойынша бӛлшектердiң ӛзара әрекеттесуiн
зерттеу.
Практикалық жұмыстар: радиоактивті ыдырауды компьютерлік модельдеу,
ядролық реакция моделі.
Бағдарламада физика пәнінің басты міндеттері ретінде тӛмендегілер
кӛрсетілген:
1) әлемнің бiртұтас физикалық бейнесін қалыптастыру, физикалық
құбылыстарды әр қырынан және әр түрлі жағдайда қарастыра алу білігін
дамыту:
2) физикалық жүйелерді бӛліп кӛрсете алу және олардың арасындағы
байланысты орнықтыра алу; физикалық құбылыс немесе пән туралы білімін
салыстыра алу және дұрыстығын анықтай алу дағдысын қалыптастыру;
3) физикалық құбылысты танып-білудің теориялық және эксперименттік
әдісін пайдалана алу, физиканың заңдарын практикада қолдану;
4)
әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептер мен қатар, мазмұнды
физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;
5) табиғаттың заңдарын тану мүмкiндiгiне сену және физиканың
жетiстiгін адами ӛркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану, жаратылыстану
ғылымының мазмұнына қатысты мәселелерді талқыланған кезде оппоненттiң
пiкiрiне құрметпен қарауға және бірлесіп есеп шығару үдерісінде
ынтымақтастыққа: қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік сезіміне,
жаратылыстану ғылымының жетiстiктерін пайдалануды моральдық-этикалық
бағалай алуға
дайын болуға, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Мектеп мұғалімдері физика пәні бойынша ӛтілген тақырыпқа қатысты
мәтіндік және эксперименттік есептерді орындау бойынша практикалық
жұмыстарды жүргізгенімен, құбылыстар мен процестерді компьютерлік
модельдеуге келгенде қиналады. Кӛбіне құбылыстар мен процестерді