2. Экстракция әдістері
Бейорганикалық заттардың экстракциясында эдетте бір экстрагентпен сулы фазадан бір немесе бірнеше заттарды бөліп алады.
Органикалық заттардың қоспасын экстракциямен бөлуде қолданылатын экстрагенттің санынан тәуелді:
1) бір экстрагентті экстракция, жүйе кем дегенде үш компоненттен тұрады (бастапқы ерітіндінің екі бөлінетін компоненті және экстрагент).
2) екі экстрагентті экстракция (фракциялық экстракция), жүйе кем дегенде төрт компоненттен тұрады (бастапқы ерітіндінің екі компоненті және екі араласпайтын экстрагент).
Бір экстрагентпен экстракция көп таралған. Мысал ретінде сатылы экстракцияны қарастыруға болады, оны жүзеге асыру әдістері төменде келтірілген.
Бір сатылы экстракция. Бүл ең қарапайым әдіс, яғни бастапқы ерітінде Ғ және S экстрагент араластырғышта араласады.(ХІІІ-8 сурет), сосын ол екі қабатқа бөлінеді: экстракт Е жэне рафинат К. Бөліну көбінесе тұндырғыш сепараторда өтеді. Жеткілікті уақытта байланысты экстрагент пен бастапқы ерітінді әрекеттесуінен тепе-теңдікке жақын құрамды экстракт пен рафинат алынуы мүмкін.
Сонымен, экстрагирленетін заттың мөлшері біртекті таралу заңымен сипатталады және оның бөліну дәрежесі салыстырмалы түрде төмен болады. Бөліну дэрежесін қолданатын экстрагент мөлшерін арттыру жолымен жоғарылатуға болады. Бірақ, экстрагент ағыны мен бастапқы ерітіндінің көлемдік қатынысын арттырғанда экстракт концентрациясы төмендейді, бұл ол соңғы өнімнің бөліп алуын қымбаттатады. Осы себептен бір сатылы экстракцияны өндірісте таралу коэффиценті өте жоғары болған жағдайда қолданады.
Процесс периодты және үздіксіз жүруі мүмкін - араластырғышқа экстрагенттің үздіксіз қайтарылуы арқылы (оның регенерациясынан кейін)
Көп сатылы экстракция есептеуінің негізінде жатқан бір сатылы экстракция процесінің есептеуі төменде көрсетілген.
Алдымен қарапайым кездейсоқ жағдайды қарастырайық, фазалар бір-бірінде ерімейді.
0 концентрациялы бастапқы ерітіндінің А кг еріткіші S кг экстрагентпен араласады да экстракция нәтижесінде тең фазалар пайда болады: концентрациялы рафинат және концентрациялы экстракт (кг/кг еріткіште). Фазалардың салмақтық қатынасы b' = S/A. Онда таралтын зат бойынша материалды баланс
бұдан:
= m , ескеріп табамыз
Осыған сәйкес, алынатын рафинаттың концентрациясы
(XIII,12)
және экстракт концентрациясы
(XIII,13)
Таралатын затты бөлу дәрежесі
(XIII,14)
мұндағы, e = bm — экстракциялық фактор.
Достарыңызбен бөлісу: |