4. Десорбция
Сіңірілген газды сіңіргіштен (абсорбенттен) бөліп алуды бұл газды таза күйінде алу үшін және қайта пайдалану үшін сіңіргіштің регенерациясын өткізеді. Егер, газ фазасында газ концентрациясы газ-сұйық тепе-теңдігіне сәйкес келетін концентрациядан төмен болса, онда газ ерітіндіден газ ағынына өтед, яғни десорбция үрдісі өтеді.
Газ десорбциясын өткізеді:
1) оны инертті газ немесе су буы ағынында айырумен
2) жылуды абсорбентке беру жолымен
3) абсорбент үстіндегі қысымның төмендетілу жолымен
Инертті газ немесе су буы ағынында бөліп алу. Бұл жағдайда десорбциялаушы агент инертті газ немесе су буы болып табылады. Десорбциялаушы агентті ерітіндімен беттестіреді. Үлестірілетін компоненттің ерітінді үстінде парциалды қысымы десорбциялаушы агенттегі тепе-теңдік қысымынан жоғары болғандықтан бұл компоненттің ерітіндіден газ немесе су буы ағынана өтуі жүзеге асады.
Еріген газды сіңіргіштен толығырақ бөліп алу үшін, инертті газ (су буы) ағынындағы десорбция үрдісін әдетте қарсы ағынды табақшалы немесе қондырмалы бағаналарда өткізеді. Инертті газ ретінде әдетте сіңіргіштен бөлінетін газ араласатын ауа қолданылады. Газ қоспасынан одан кейінгі газды бөліп алу қиынға соғады. Сондықтан, осы десорбция әдісін газ қоспасынан бөлінген компонент одан әрі пайдаланбайтын жағдайда (мысалы, қоспадан бөлінетін зиянды газ болса) ғана қолданылады.
Су буын десорбциялаушы агент ретінде суда ерімейтін газдарды бөліп алу үшін қолданады. Осы кезде десорбцияланған газ осы су буы қоспасын десорберден су буының конденсациясы арқылы газдың су буынан айырылуы өтетін конденсаторға жібереді. Егер десорбцияланға компоненттің температурасы жоғары болса, оны су буымен конденсациялап, кейін тұнбалау арқылы судан айырады.
Абсорбентке жылу беру. Десорберге жылу беру кезінде, мысалы, оны құрғақ бумен қыздырғанда, ерітіндіден десорбцияланатын компонентпен бірге абсорбенттің бір бөлігі буланады. Осы кезде түзілетін қоспаны айыру үшін ректификацияны қолданады.
Абсорбент үстінде қысымды төмендету. Десорбцияның бұл тәсілі қарапайым, әсіресе абсорбция үрдісі атмосфералық қысымнан жоғары қысымда өткізілгенде және десорбцияны қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендету жолымен жүзеге асыруға болатын жағдайда жиі қолданады. Егер, абсорбция атмосфералық қысымда өткізілсе, десорбция үрдісін вакуумда өткізеді, осы кезде десорбцияланған компонентті вакуум-сорғышпен сорады. Абсорбцияланған компонентті ерітіндіден толығырақ бөліп алу үшін төмен қысымдағы десорбцияны жиі жылу беру жолымен десорбциямен біріктіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |