Титриметриялық анализ. Жіктелуі. Қышқылдық-негіздік титрлеу. Алкалиметрия және ацидометрия. Реакцияларға қойылатын талаптар.
Орындаған: Қансейтова Аяулым
Қабылдаған Мәдібекова Ғалия
Жоспары: 1. Титриметриялық анализдің мәні. 2. Титриметриялық талдау әдісінің жіктелуі. 3. Титрленген ерітінділерді дайындау. 4. Титриметриялық анализ нәтижелерін есептеу. 5. Қышқылдық-негіздік тирлеудің мәні. Титриметриялық талдау Титриметриялық анализде тирленген ерітінділер қолданылады. Концентрациясы өте дәл анықталатын ерітінділерді титрленген (қалыпты) ерітінділер, жұмыс ерітіндісі немесе титранттар деп аталады. Ерітіндінің бір куб сантиметріндегі (бір миллилитріндегі) еріген зат массасын титр дейді. Оларға көтеген тұздар (натрий тетрабораты, натрий оксалаты, натрий хлориді, калий дихроматы), қымыздық қышқылы т.б. жатады. Оны даярлау үшін дәл өлшеніп алынған затты өлшеуіш колбаға салып ерітіп, суды белгіге жеткізеді. Еріген зат массасы (m,г) және өлшеуіш колбаға көлемі (V) бойынша ерітінді титрін Т есептейді:
Достарыңызбен бөлісу: |