Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы



жүктеу 58,62 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі58,62 Kb.
#2806

Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Өнеркәсіптік өндірісі

2008 жылғы қаңтар-қарашада Өскемен қаласының қаржылық корпорацияға жатпайтын, 1-ден 50-ге дейін адамы бар ірі және орта кәсіпорындары, қосалқы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, ауылшаруашылық құрылымдары, ұйымдаспаған экономикалық қызмет орындары қолданыстағы бағамен 200830,3 млн. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі (салыстырмалы бағада) 2007 жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейдің 91,7%-ын, 2007 жылғы қарашадағы деңгейдің 85,1%-ын, 2008 жылғы қазандағы деңгейдің 110,7%-ын құрады.

Негізгі капиталға инвестиция

Есеп берген кәсіпорындар бойынша 2008 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға 52279,6 млн. теңге сомасында инвестиция игерілді, бұл 2007 жылғы сәйкес кезеңдегіден 10,7%-ға артық. Инвестицияның көп бөлігі құрылысқа және ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға – 50,5%, машина, жабдықтар және құрал-саймандар сатып алуға – 46,2%, басқа да күрделі жұмыс шығындары – 3,3% бағытталды.

Ауыл шаруашылығы

2008 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Өскемен қаласында мал шаруашылығы өнімін өндірумен 4 ауылшаруашылық құрылымы, 24 шаруа қожалығы және 2,8 мың малы бар жұртшылық шаруашылығы айналысты.
Алдын ала алынған деректер бойынша 2008 жылғы қаңтар-қарашада шаруашылықтардың барлық санаттарында 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 75,0 тоннаға кем тірі салмақта мал мен құс етін союға өткізді. 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда сиыр сүті 538,2 тоннаға кем өндірілді, 2007 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 1028,7 мың дана жұмыртқа кем өндірілді.
Шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал мен құстың өнімділігі мынандай деңгейге шықты: 1 сиырға шаққандағы орташа сүт мөлшері – 2732 кг (2007 жылғы қаңтар-қарашада 102,6%), 1 мекиенге шаққандағы жұмыртқаның орташа мөлшері – 148 дана (87,6%).
2008 жылғы қаңтар-қарашада шаруашылықтың барлық санаттарындағы ауыл шаруашылық малдарынан 100 аналық басқа шаққанда: 94 бас бұзау (2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 106,8%), 1109 бас торай (121,6%), 72 бас қозы мен лақ (87,8%), 40 бас құлын (57,1%) алынды. 2008 жылғы қаңтар-қарашада барлығы 2948 бас бұзау (2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,0%), 11311 бас торай (112,2%), 172 бас қозы мен лақ (102,4%), 6 бас құлын (85,7%) алынды.
2008 жылғы қаңтар-қарашада шаруашылықтардың барлық санаттарында 440 бас шошқа, 93 бас қой мен ешкі, 34 бас жылқы, 40 бас мүйізді ірі қара мал өлім жітімге ұшырады.

Құрылыс


Құрылыс қызметі. 2008 жылғы қаңтар-қарашада ірі және орта жалдау құрылыс ұйымдары өз күштерімен 34181,9 млн. теңгенің (өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,5%-ға артық) жұмыс көлемін орындады. Жалдау жұмыстары көлемінің негізгі бөлігі жеке меншік формасындағы кәсіпорындарға (98,1%), 1,9% - мемлекет меншігіне тиесілі болды.
Жалдау жұмыс құрылымында 81,3%-ын құрылыстық-монтаждық жұмыстар, 9,1%-ын күрделі жөндеу жұмыстары, 3,3%-ын ағымдағы жөндеу жұмыстары, 6,3%-ын басқа да жалдау жұмыстары алды.
Объектілер мен қуаттылықтарды пайдалануға енгізу. Қаңтар-қарашада пайдалануға жалпы ауданы 70980 м2 болатын 263 ғимарат берілді, соның ішінде 128 ғимарат тұруға тағайындалған, және 135 ғимарат тұруға тағайындалмаған.

Көлік


2008 жылғы қаңтар-қарашада жол жүк көлігі кәсіпорындары 1707,9 мың тонна жүк тасыды. 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жүк тасымалы көлемі 28,5%-ға кеміді. 2008 жылғы қаңтар-қарашада барлық қатынастардағы жүк айналымы 94,4 млн. тонна-шақырымды* құрады.
2008 жылғы қаңтар-қарашада Өскемен қаласының көлік кәсіпорындары 61483,6 мың жолаушы* тасыды, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,3%-ға артық. 2007 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда жолаушы тасымалы айналымы 4,6%-ға кеміп, 563,2 млн. жолаушы-шақырымды* құрады.
*-жеке кәсіпкерлер мен көлікке жатпайтын ұйымдардың есебінсіз

Сауда және басқа қызмет көрсету

Жедел деректер бойынша 2008 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек тауар айналымының көлемі 106739,0 млн. теңгені құрады, соның ішінде ресми тіркелген сауда кәсіпорындары 58388,6 млн. теңгенің тұтыну тауарларын, сауда объектілері бар жеке тұлға кәсікерлері 29274,7 млн. теңгенің тауарларын, базарларда сатушылардың 19075,6 млн. теңгенің тауарларын сатты.
2008 жылғы қаңтар-қарашада қаланың көтерме сауда кәсіпорындары 175328,0 млн. теңгенің тауарын сатты. Сонымен қатар, сыйақы немесе келісімшарт негізіндегі (комиссиялық агенттер арқылы) көтерме тауар айналымы осы кезеңде 209,7 млн. теңге есептелді.
2008 жылғы қаңтар-қарашада сауда қызметінің көлемі 4454,8 млн. теңгені құрады, оның басым бөлігі қоғамдық тамақтандыру қызметінің үлесінде.
01.12.2008 жылғы 20 адамнан жоғары жұмысшылары бар кәсіпорындарда тауарлы қордың көлемі көтерме және бөлшек саудада 15448,3 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы қараша айының басындағыдан 307,2 млн. теңгеге артық. Бөлшек сауда желісінде және көтерме сауда қоймаларында тауар қорымен қамтамасыз ету деңгейі тиісінше 131 және 59 күнді құрайды.

Шағын бизнес

Статистикалық тіркелім деректері бойынша Өскемен қаласында 01.12.2008 жылы 6617 шағын бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар) тіркелді, бұл 2007 жылғы осы күнмен салыстырғанда 4,9%-ға артық. Тіркелгендердің 70,1%-ы іс-әрекеттегі кәсіпорындар болып табылады, яғни экономикалық қызметті атқара алады немесе жүргізе алады, соның ішіндегі кәсіпорындардың 62,2%-ы белсенді болды.
01.12.2008 жылы шағын кәсіпкерліктегі жұмысшылар санын 01.12.2007 жылдың деректерімен салыстырғанда 2,3%-ға артты және 24453 адамды құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-қарашасында шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 29322,6 млн. теңгенің өнімін (тауарлар, қызметтер) өндірді және 2007 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда 27,2%-ға өсті.

Бағалар мен тарифтер индексі

2008 жылғы қарашада облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағасының жиынтық индексі мен тарифтері 2008 жылғы қазанға қатысты – 100,8%-ды, 2007 жылғы желтоқсанға қатысты – 110,0%-ды құрады.
2008 жылғы қарашада облыс бойынша азық-түлік тобындағы тауарлардың баға индексі 2008 жылғы қазанға қатысты – 100,7%-ды, 2007 жылғы желтоқсанға қатысты – 111,7%-ды құрады.
2008 жылғы қарашада облыс бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобының баға индексі 2008 жылғы қазанға қатысты – 0,8%-ға төмендеп, 99,2%-ды, 2007 жылғы желтоқсанға қатысты – 106,7%-ды құрады. 2008 жылғы қарашада облыс бойынша халықтар үшін қызмет етудің баға индексі мен тарифтері 2008 жылғы қазанға қатысты – 102,6%-ды, 2007 жылғы желтоқсанға қатысты – 111,1%-ды құрады.

Еңбек нарығы

Өскемен қаласы бойынша филиалдарды, сонымен бірге санына қарамастан барлық денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарын, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдар және банктерді қосқанда барлық ірі және орта кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің тізім бойынша саны 2008 жылғы қаңтар-қазан айларында орта есеппен 112177 адамды (облыс бойынша сәйкестік көрсеткіш 37,1%) құрады. 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда қала бойынша жұмысшылар саны 0,3%-ға артты.
Үйлестіру, жұмыспен қамту Департаментінің және ШҚО әлеуметтік бағдарламасының деректері бойынша 2008 жылғы 1 желтоқсанда Өскемен қаласында жұмыссыздар 1865 адам (2007 жылғы 1 желтоқсанда – 1974 адам) болды.

Еңбекақы төлеу

2008 жылғы қаңтар-қазанда жұмысшылардың жалпы жалақы қоры (ірі және орта кәсіпорындар, филиалдарды, сонымен қатар санына қарамастан барлық денсаулық сақтау, білім беру ұйымдары, басқарма, сақтандыру органдары, қоғамдық ұйымдар және банктерді қосқанда) Өскемен қаласы бойынша 59704,1 млн. теңгені құрады, немесе облыс бойынша сәйкестік көрсеткіш 43,0%. 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда қала бойынша еңбекақы қоры 16,3%-ға өсті. Өнеркәсіп үлесіне жалпы еңбекақы қорының 34,5%-ы тиді.
2008 жылғы қаңтар-қазанда Өскемен қаласы бойынша орташа атаулы еңбекақы 54936 теңге көлемінде болды, бұл 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,7%-ға, сонымен қатар 2008 жылғы қазанда – 56909 теңгеге жоғары болды.

Демографиялық жадай

Жедел деректер бойынша Өскемен қаласы халқының 2008 жылғы 1 қазандағы саны 298,7 мың адам болды, соның ішінде қала халқы – 287,2 мың адамды (Өскемен қаласының жалпы санының 96,1%-ы) және ауыл халқы – 11,5 мың адамды (3,9%) құрады. 2008ж. 1 қазандағы тұрғындар саны 2008 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 0,2%-ға артты.
2007 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда туылғандардың саны 14,3%-ға өсіп, 4134 адам болды. Содан басқа өлі туылған 50 бала тіркелді.
2008 жылғы қаңтар-қазанда 3651 адам қайтыс болды, 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,1%-ға артық.
2008 жылғы қаңтар-қазанда Өскемен қаласында 2515 неке және 1029 ажырасу тіркелді. 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда тіркелген неке саны 7,5%-ға, ажырасу 17,3%-ға кеміді.
Қалалық жерде некеге отыру 7,2%-ға, ажырасу 17,5%-ға кеміді, ауылдық жерде 29 некеге отыру және 8 ажырасу тіркелді.
Жедел деректер бойынша 2008 жылғы қаңтар-қазанда Өскемен қаласындағы көші-қон процесіне 9951 адам қатысты, соның ішінде қалаға 5217 адам келіп, 4734 адам кетті.

Халықтың ауруға шалдығуы

Өскемен қаласының облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің деректері бойынша 2008 жылғы қаңтар-қазанда 2007 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда халықтың “С” гепатитімен ауыруы (3,2 есеге), ротавирусты энтеритпен ауыруы (2,8 есеге), менингокок инфекциясымен (2,3 есеге), мерезбен (8,9%-ға) көбейгені байқалды.
Тұмаумен (94,5%-ға), қызамықпен (93,4%-ға), энтеритпен (75,0%-ға), сальмонеллезбен (34,2%-ға), ), тыныс органдарының құрт ауруымен (31,9%-ға) ауыру жағдайларының саны азайды.
Жұқпалы аурулардың көп бөлігі 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиді. 2008 жылғы қаңтар-қазанда ауырып тіркелген балалардың қала бойынша жалпы санының 100,0% - ротавирусты энтеритпен және менингокок инфекциясымен, 59,9% - жоғарғы тыныс жолдарының өткір жұқпалы ауруларымен, 48,5% - ішектің өткір жұқпалы ауруымен, 48,1% - сальмонеллезбен, 29,8% - педикулезбен тіркелді.

Қылмыстылық



2008 жылғы қаңтар-қазанда қаланың құқық қорғау органдары 6147 қылмыс тіркеді, 2007 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 7,5%-ға артық. 2007 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда Үлбі, Сол жағалау тірек бекеттері бойынша қылмыс саны 15,2, 11,0%-ға сәйкес өсті. Октябрь тірек бекеті бойынша қылмыс саны 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеді және 99,4%-ды құрады.
Құқық бұзушылық құрылымында 2008 жылғы қаңтар-қазанда неғұрлым үлкен үлесті криминалдық полицияда тіркелген қылмыстар (93,2%), экономика саласындағы қылмыстар – 3,5%, басқа қызметтер бойынша қылмыстар – 3,3% алды.
жүктеу 58,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау