Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері



жүктеу 2,12 Mb.
бет7/12
Дата25.05.2018
өлшемі2,12 Mb.
#17622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


441

Тек зауытта дайындалған және жанбайтын материалдардан жасалған үстінде орнатылған, электрмен және сәулемен емдеу кабинеттерінде қолданылатын ауа қабаты бар стерилизаторлармен қамтамасыз етілуі

едәуір

442

Парафин мен озокеритті жылытуды зауытта дайындалған жылытқыштардың сору шкафындағы арнайы бөлінген үй-жайда немесе су моншасында орындау

едәуір

443

Аппараттар мен қондырғылардан үй-жайлардың жергілікті желдету жүйелерінің шығаруды шатырдың жоғарғы нүктесінен кемінде 2 метр биіктікте жүзеге асыруды қамтамасыз ету

едәуір

444

Аппаратураның профилактикалық байқауын анықталған ақауларды жою шараларын қабылдай отырып, техникалық төлқұжатта (нұсқаулықта) белгіленген мерзімде жүргізу

болмашы

445

Әрбір электрмен және сәулемен емдеу бөлімшесінде (кабинетінде) қызмет етуші персонал жүргізген өртке қарсы нұсқауларды және электр аппаратурасының жұмысында байқалған ақауларды тіркеу журналын жүргізу

болмашы

446

Операциялық, операция алдындағы, наркоздық және операциялық блоктың үй-жайларының есік орындары мен өтетін жолдары арқылы науқастарды сүйретпелерде еркін тасымалдауды қамтамасыз ету

өрескел

18.2 Емдеу мекемелерінің зертханалары

447

Өндірістік қажеттіліктерге арналған тез тұтанатын сұйықтықтарды құбыр арқылы немесе тасымалдауға арналған жабық, сынбайтын арнайы ыдыста беруді қамтамасыз ету

едәуір

448

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жұмыс істейтін үй-жайларда ішіне асбест төселген, қақпағы бар металл жәшікке салынған, қабырғасы қалың шыны немесе тығыз тығындысы бар сынбайтын ыдыста сақтау. Мұндай сұйықтықтарды полиэтиленді сыйымдылықтарда сақтауға жол бермеу

едәуір

449

Зертханаларда заттар мен материалдарды қатаң түрде ассортимент бойынша сақтауды қамтамасыз ету

едәуір

450

Сұйық оттегіні тез тұтанатын заттармен, майлармен және сұйық майлармен бір үй-жауда сақтауға жол бермеу

өрескел

451

Сығылған, сұйытылған және ерітілген жанғыш газдары бар баллондарды зертхана ғимаратынан тысқары металл шкафтарда орналастыру

едәуір

452

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды қыздыратын аспаптарға, шілтерлерге және басқа да от көздеріне 1 метрден жақын орналастыруға жол бермеу

өрескел

453

Пайдаланылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды кәрізге құйылуына жол бермеу 

едәуір

454

Едендер мен жабдықтарды тез тұтанатын жанғыш сұйықтықтармен және заттармен жууға жол бермеу

едәуір

455

Шілтерлер жанып тұрған және электр қыздырғыш аспаптары қосылып тұрған кезде байқаусызда төгілген сұйықтықтарды тазалауға жол бермеу

едәуір

456

Жұмыс орнында майланған шүберек пен қағазды қалдыруға жол бермеу

болмашы

457

Жұмыс орнында және жұмыс істейтін үй-жайларда белгісіз өрт қауіпті қасиеттері бар қандайда бір заттар мен препараттарды сақтауға жол бермеу 

болмашы

458

Жұмыс орнын, жанып тұрған шілтерлерді және басқа қыздыру аспаптарын қараусыз қалдыруға жол бермеу

өрескел

459

Ішінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды ашық отта, сондай-ақ тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарында қыздыруға жол бермеу

өрескел

18.3 Бір және көп орындық емдеу барокамералары

460

Барокамера үй-жайларының қабырғаларын, аспалы төбелерді жанбайтын материалдармен қаптауды орындау

өрескел

461

Барокамера үй-жайларына орталықтан, сумен жылыту, жылу тасымалдағыштың температурасы 950С-тан аспайтындай етіп орнату. Жылу беру аспаптарынан және жылудың басқа көздерінен барокамераға дейінгі арақашықтықты кемінде 1 метр етіп қамтамасыз ету

едәуір

462

Екi немесе одан көп бiр орынды немесе бiр көп орынды барокамералар орнатылатын үй-жайларда авариялық жарықтың бар болуы

едәуір

463

Тiкелей барокамераларда орнатылған шырақтарда тек қыздыратын лампалардың болуы

едәуір

464

Пациенттi бароаппаратқа синтетикалық киiмде жайғастыруға жол бермеу




465

Бароагрегаттарды (барокамераларды, барокондиционерлердi) жерге тұйықтамай бароппараттарды пайдалануға жол бермеу

едәуір

466

Барокамераға тез тұтанатын сұйықтықтарды, майларды, оттың немесе ұшқынның пайда болуына қабiлеттi заттар мен бұйымдарды кiргiзуге жол бермеу

өрескел

467

Барозалда (үй-жайда, көлiк салонында) ақаулы аспаптарды және электр өткiзгiштердi (зақымдалған оқшаулағыштармен, сенiмсiз ұшқындайтын түйiсулермен) пайдалануға, электр қыздырғыш аспаптарын (су қайнатқыштарды, электр плиталарын) пайдалануға, жанғыш материалдардан жасалған жиһазды, ұшқын тудыруға қабiлеттi материалдар мен заттарды пайдалануға, ашық отты қолдануға, темекi шегуге, жұмыс орындарының төменгi жағына жарық түсiру үшiн ашық орындалған шырақтарды қолдануға жол бермеу

өрескел

468

Майы алынбаған оттегi жабдығын пайдалануға жол бермеу

өрескел

469

Барозалда жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды, майларды, сондай-ақ жанғыш, оның iшiнде таңып байлау материалдарын сақтауға жол бермеу

едәуір

470

Барозалдағы оттегi концентрациясын 23%-дан артық асыруға жол бермеу

едәуір

18.4 Дәріханалар және дәріхана қоймалары

471

Басқа мақсаттағы ғимаратта орналасқан дәрiханаларда жалпы саны 100 килограммнан аспайтын тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың болуы

едәуір

472

Арнайы орынға тiгiнен тұрғызылған күйде нығайтылған және қамытпен тығыз бекiтiлген, екеуден аспайтын оттегi толтырылған баллонды жеке орналасқан дәрiханаларда сақтауды жүзеге асыру

едәуір

473

Транзиттiк электр кәбілдерi өтетiн үй-жайларда, сондай-ақ газ коммуникациялары және май толы аппаратуралары бар үй-жайларда сақтауға жол бермеу

едәуір

474

Өнiмдi үйiп-төгiп сақтауға және оны жылу беру радиаторлары мен құбырларына нығыз жинауға жол бермеу

едәуір

475

Материалдарды сақтау қоймаларында ашуға және буып-түюге жол бермеу

болмашы

476

Пластмасс бұйымдарын желдетiлетiн, қараңғы, құрғақ үй-жайда бөлме температурасында, жылу беру жүйелерiнен кемiнде 1 метр қашықтықта сақтауды қамтамасыз ету

едәуір

477

Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi дәрiлік заттарды сақтауға арналған үй-жайларды жанбайтын және төзiмдi стеллаждармен және тұғырлармен қамтамасыз ету

едәуір

478

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды енi кемiнде 0,7 метр және биiктiгi кемiнде 1,2 метр есiктерi бар жапсарлас жанбайтын шкафтарда сақтауды қамтамасыз ету

едәуір

479

100 килограммнан астам мөлшердегi тез тұтанатын сұйықтықтарды бөлек тұрған ғимаратта, шыны немесе металл ыдыста, өзге топтардағы от қауiптi заттарды сақтау үй-жайларынан оқшаулап сақтауды жүзеге асыру

едәуір

480

Ұйымдардың өндiрiстiк үй-жайларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жалпы мөлшерi 3 килограммнан аспайтындай етiп, жылыту аспаптары мен шығу жолдарынан қашықта арнайы металл жәшiкте сақтау

едәуір

481

Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi заттар сақталатын үй-жайларда сыртынан, сондай-ақ осы үй-жайлардың iшiндегі есiктерде айқын көрiнетiн «От қауiптi», «Жарылыс қауiптi», «Темекi шегуге жол берiлмейдi», «Өрт шыққан жағдайда 101 телефонына қоңырау соғу қажет» деген жазулардың болуы

болмашы

482

Тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған контейнерлерді сұйықтықтардың булануын алдын алу үшiн тығыз жабылатын қақпағы бар шыныдан немесе металдан дайындау

едәуір

483

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар бөтелкелер, баллондар мен өзге де үлкен сыйымдылықтарды соққыдан сақтайтын ыдыста немесе баллон аударғыштарда бiр қатарда сақтауды жүзеге асыру

едәуір

484

Тез тұтанатын және жанғыш сұйық дәрілік заттарды минералды қышқылдармен (күкiрт, азот және өзге де қышқылдармен), сығылған және сұйытылған газдармен, тез жанғыш заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен, жарылыс қауiптi қоспалар беретiн (хлорат калиi, перманганат калиi) бейорганикалық тұздармен бірге сақтауға жол бермеу

едәуір

485

Жанғыш және жарылыс қауiптi дәрiлік заттарды қабырғасы қалың, тығыз жабылатын контейнерлерде (бөтелкелерде, банкаларда, барабандарда) сақтау

едәуір

  1. Білім беру нысандарына қойылатын талаптар

486

Оқушылармен және студенттермен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын және өрт шыққан жағдайдағы іс-қимылдармен зерделеу бойынша сабақтар өткізу. Бастауыш сыныптармен, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелерінде өртке қарсы тақырыбында әңгімелесулер өткізу. Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында өрт қауіпсіздігі қағидасын оқу бойынша нұсқаулық сабақтарын өткізу

едәуір

487

Зертханаларда тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақтауға жол бермеу

едәуір

488

Егер сору шкафта орындалатын операцияға қатысы жоқ заттар, материалдар мен жабдықтар болса, сондай-ақ олар жарамсыз және желдеткіштің ажыратылған жүйесі болса, онда жұмыс жүргізуге жол бермеу

өрескел

489

Тез тұтанатын заттармен жұмыс жүргізілетін сору шкафтарын жанбайтын лакпен боялудың немесе оның ағаш бөліктерін жабудың болуы

едәуір

490

Жұмыс соңында қолданылған тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтардың арнайы жабық ыдыста жиналуын, бұдан әрі пайдаға асырылуы үшін зертханадан шығарылуын қамтамасыз ету

едәуір

491

Тез тұтанатын сұйықтықтар және жанғыш сұйықтықтарды кәрізге төгуге жол бермеу

едәуір

492

Балалар мекемелерінің көп қабатты ғимараттарында кіші жастағы балалардың топтарын (сыныптары) екінші қабаттан жоғары орналастырмау

өрескел

493

Сыныптарда, кабинеттерде, шеберханаларда, жатын бөлмелерде, асханалар мен басқа да үй-жайларда жићаздар мен жабдықтарды орналастыру кезінде адамдарды кедергісіз эвакуациялауды және өрт сөндіру құралдарын алуды қамтамасыз ету

өрескел

494

Оқу сыныптары мен кабинеттеріндегі парталар (үстелдер) санының артық болуына жол бермеу

едәуір

495

Сабақтар аяқталғаннан кейін кабинеттердегі, зертханалардағы және шеберханалардағы өрт, жарылыс және өрт қаупі бар барлық заттар мен материалдарды жеке үй-жайларда орналастырылған жанбайтын шкафтарға (жәшіктерге) орналастыру

едәуір

496

Балалар тәулік бойы болатын мектеп ғимараттары мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде телефон байланысы қамтамасыз етілген қызмет көрсетуші персоналдың тәулік бойы кезекшілігінің болуы

едәуір

  1. Әлеуметтік сала объектілеріне (қарттар және мүгедектер үйі, балалар үйі, интернат үйлері, балалар және мүгедектерге арналған психоневрологиялық орталықтар) қойылатын талаптар

497

Қағаздарға және басқа да жанғыш қалдықтарға арналған себеттер мен жәшіктерді тұрақты тазарту, қоқыстарды ғимараттан тыс арнайы бөлінген орынға шығару

едәуір

498

Жанған кезде уыттылығы жоғары өнімдер шығаруға қабілетті полимерлік материалдар қолдана отырып жасалған жиһаз бен жабдықтарды пайдалануға жол бермеу

едәуір

499

Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының қызметтік үй-жайларында тұрмыстық электр аспаптарын (тоңазытқыштарды, қысқа толқынды пештерді, электр жылытқыштарды, электр шәйнектерді) орнатуға және пайдалануға жол бермеу

едәуір

500

Тамақты тек осы мақсаттарға арнайы бөлінген және жабдықталған жерлерде ғана дайындауды (жылытуды) қамтамасыз ету. Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған электр жылытқыш аспаптарын автоматты өшіру құралдарынсыз қолдануға жол бермеу

өрескел

501

Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында үй-жайларды жарықтандыру ұшін керосин шамдар мен шырақтарды қолдануға жол бермеу

өрескел

502

Жатын бөлмелерде, ойын бөлмелерінде және қызмет көрсетілетін тұлғалар болатын басқа да үй-жайларда үтіктерді, электр плиталарын және басқа да электрмен жылытқыш құралдарды пайдалануға жол берілмеу. Киімдерді үтіктеуді тек осы мақсатқа бөлінген арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана жүзеге асыру

өрескел

503

Қызмет көрсетуші персоналдың тәулік бойы кезекшілігінің болуы. Кезекшінің өзімен бірге эвакуациялық шығу есіктеріндегі барлық құлыптардың кілттері жиынтығы болуы. Кілттердің басқа жиынтығын кезекшінің үй-жайында сақтау.

едәуір

  1. Сауда объектілеріне қойылатын талаптар

504

Сауда залдары мен эвакуациялау жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлерді сақтауға жол бермеу. Оларды күн сайын жиналуына қарай алынып тастауды қамтамасыз ету. Жанғыш ыдыстарды ғимараттың терезелеріне жақын жинауға жол бермеу

өрескел

505

Терезе ойықтары немесе түтін жоюға арналған шахтасы жоқ үй-жайларда жанғыш тауарларды немесе жанбайтын тауарларды жанғыш орамада сақтауға жол бермеу

өрескел

506

Сіріңкелерді, одеколонды, иіссуларды, аэрозоль орамаларын және өртке қатысты басқа да қауіпті заттарды басқа заттардан бөлек арнайы бейімделген үй-жайларда сақтауды жүзеге асыру

өрескел

507

Сауда залдарында сатып алушылар болған кезде отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге жол бермеу

өрескел

508

Тез тұтанатын сұйықтықтарды және жанғыш сұйықтықтарды және жанғыш газдарды (газ баллондарын, бояуларды, лактарды, еріткіштерді, тұрмыстық химия тауарларын), аэрозоль орамаларын, оқ-дәрілер мен пиротехникалық бұйымдарды өзге мақсаттағы ғимараттарда орналастырған кезде оларды сатуға жол бермеу

өрескел

509

Эвакуациялау жолдарында және сатылы торларда сағат жөндеу орындарын, ою және басқа да шеберханаларды, сондай-ақ дәрі-дәрмек, газет, кітап және басқа да дүңгіршектерді орналастыруға жол бермеу

өрескел

510

Сауда залдарында әуе шарларын толтыруға және басқа да мақсаттарға арналған жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға жол бермеу

өрескел

511

Сатылы торларда, тамбурларда және басқа да эвакуациялау жолдарында сауда, ойын аппараттарын орналастыруға және тауарлар саудасына жол бермеу

өрескел

512

15000 мыңнан артық аэрозоль орамаларын сақтауға жол бермеу

едәуір

513

Ашық базарлардың сауда қатарларының үстіндегі жабындарды жанбайтын материалдардан немесе оттан қорғайтын құрамдармен өңделген ағаштан жасау

өрескел

514

Сауда қатарлары арасындағы ашық өту жолдарын маталармен, қағазбен, үлдірмен жабуға жол бермеу

өрескел

515

Базарларды басқа мақсаттағы ғимараттың бөлігіне немесе оларға жапсарлас құрылыстарға орналастыруға жол бермеу

өрескел

516

Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгіршектер мен дүкеншелерді жанбайтын материалдардан жасау. Жанғыш сұйықтықтарды, дезодоранттарды, сығылған газдарды сатуға арналған павильондар мен дүңгіршектерді жеке тұрған немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгіршектер тобын отқа төзімділігі І, ІІ, ІІІа дәрежелі етіп салу

едәуір

517

Жұмыс уақытында сатып алушылардың эвакуациялық шығу жолдарымен байланысты жолдар арқылы тауарларды тиеу мен ыдыстарды түсіруді жүзеге асыруға жол бермеу

едәуір

518

Әрқайсысының сыйымдылығы 1 литрден астам шыны ыдыстарға бөлшектеп құйылған тұрмыстық химиялық тауарлармен, лактармен, бояулармен және тез тұтанатын сұйықтықтармен, жанғыш сұйықтықтармен сауда жасауға, сондай-ақ «От қаупі бар», «Отқа жақын шашыратпа» деген ескерту жазулары жоқ заттаңбасынсыз өрт қауіпті тауарларды сатуға жол бермеу

жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау