Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы


Өнеркәсіптік объектілерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы



жүктеу 2,89 Mb.
бет15/25
Дата08.02.2020
өлшемі2,89 Mb.
#28618
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

Өнеркәсіптік объектілерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________________

      Тексеруді тағайында туралы акт ____________________________________________________

                                                      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН____________________________________



      Орналасқан мекенжайы ___________________________________________________________

Р/с


Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1

Технологиялық жабдықта, құбыр жолдарды және басқа да орындарда статикалық электрден қорғау жүйелерінің ұшқын басқыштар, ұшқын ұстағыштар, от тоқтататын, отқа бөгет жасайтын, шаң мен металл тұтқыш және жарылысқа қарсы құрылғылары жұмыс жағдайында ұстау









2

Резервуарлардан (сыйымдылықтардан) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар үлгілерін алу және деңгейді өлшеу күндізгі уақытта соққан кезде ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен жүзеге асыру. Көрсетілген операцияларды найзағай жарқылдап тұрған кезде, сондай-ақ өнімді тартып ағызу және тартып шығару кезінде орындауға жол бермеу.
Осындай сұйықтықтарды резервуарларға (сыйымдылықтарға) "құламалы ағыспен" беруге жол бермеу









3

Шаң жинайтын камералар мен циклондардың есіктері мен люктерін оларды пайдалану кезінде жабық күйде ұстау. Камералар мен циклондарда жиналған жанғыш қалдықтарды уақтылы жою









4

Өндірістік ғимараттарды, кәсіпорынның аумақтарындағы қоймаларды тұру үшін пайдалану, сондай-ақ өндірістік шеберханалардың қоймаларында орналастыруға жол бермеу









5

Жаяу жүру тоннелдері мен қоймалардың өту жолдарында, жабдықты, жанғыш материалдарды сақтауға, жанғыш материалдардан жасалған стендтер мен плакаттарды ілуге, сондай-ақ күштік кәбілдерді, газ, қышқыл, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр жолдарын төсеуге жол бермеу









6

Қоймалар мен өндірістік үй-жайлар арқылы транзитті электр желілерді, сондай-ақ жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш шаңдарды тасымалдауға арналған құбыр жолдарын төсеуге жол бермеу









7

Өндірістік объектілерде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімді көздейтін өрт жою жоспарының болуы









8

Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды беруді бір орталықтан жүзеге асыру. Цехтың қоймаларына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, бояуларды, лактарды, еріткіштерді бір мезгілде сақтаудың барынша рұқсат берілген мөлшерінің нормативін белгілеу. Жұмыс орындарында ауысым қажеттілігінен аспайтын (пайдалануға дайын түрдегі) материалдар көлемін сақтау. Бұл ретте ыдыстарды тығыз жабу қажет









9

Қабырғалар мен жабындардағы технологиялық ойықтарды отқа бөгет жасайтын құрылғылармен қорғау









10

Өз бетімен жабылатын өртке қарсы есіктерге арналған механизмдерді жарамды күйде ұстау









11

Жарылыстың алдын алу клапандарын қорғау мембраналарының желілер мен адсорберлерде материал түрі және жалпақтығы бойынша жобалық шешімге сәйкестігі









12

Жанғыш сұйықтық қолданылатын гидро жүйелерде бактағы майдың деңгейіне бақылаудың болуы және жүйедегі май қысымының паспортта көзделгеннен жоғары артуына жол бермеу









13

Майдаланған ағаш бөліктерінің бункерлері мен қалыпталған машиналарды сыйымдылықта разрядты ұстайтын аспирация жүйесімен және олардың толғаны туралы хабарлайтын сигнализация тетіктерімен жабдықтау









14

Барабанды кептіргішті және құрғақ жаңқа мен шаң бункерлерін автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен және жарылысқа қарсы құрылғылармен жабдықтау









15

Шаң және жаңқа материалдарын тасымалдау жүйесін оттың таралуын болдырмайтын құралдармен және жануларды жоюға арналған люктермен жарақтау









16

Аспирациялық және пневмокөліктік жүйелерден ағаш жаңқаларын және басқа да жарылу қаупі бар шаңдарды жинауға арналған сыйымдылықтар жарамды күйдегі жарылысқа қарсы құрылғылармен жабдықтау









17

Ағаш жаңқалы плиталардың термиялық өңдеу камераларынан жарылыс қауіпті газдарды шығару үшін сору құбырының шиберін әр 15 минут сайын 2-3 минутқа ашуға арналған автоматты құрылғының болуы









18

Өңдеу камералары мен май ванналарындағы температураны автоматты түрде бақылау









19

Жағу газдарын пайдаланатын кептіру барабандарын ұшқын тұтқышпен жабдықтау









20

Сіңдіру, пісіру және жанғыш сұйықтықтары бар басқа да ванналарды ғимараттан тыс жерде орналасқан жер асты сыйымдылықтарына авариялық құю құрылғыларымен жабдықтау. Әрбір ваннаны жанғыш буларды жергілікті сорумен жабдықтау









21

Ауа-бу және газ камераларының енгізу және сору каналдарын өрт туындаған кезде арнайы жабылатын қалқандармен (сұқпа жапқыштармен) жабдықтау









22

Газ кептіру камераларын желдеткіш тоқтап қалған жағдайда жанатын газды автоматты түрде тоқтататын жарамды құрылғылармен жабдықтау









23

Газ кептіру камераларының алдында ұшқынның кептіру камераларына түсуін болдырмайтын ұшқын тұтқыштар орнату









24

Үстінде жарығы бар және жұмыс істемейтін ұшқын тұтқыштары бар кептіру қондырғыларын пайдалануға жол бермеу









25

Отынмен кептіру бөлімшелерін кептіру агентінің температурасын бақылауға арналған жарамды аспаптармен жабдықтау









26

Кептіру камераларын камерада жану пайда болған кезде калориферлер желдеткіштерін өшіретін және стационарлық өрт сөндіру құралдарын қосатын құрылғылармен жабдықтау









27

Шикізаттарға, жартылай дайын өнімдерге және сырланған дайын бұйымдарға арналған кептіру камераларын (үй-жайларды, шкафтарды) температура қалыпты мөлшерден көтерілген кезде қыздыруды өшіретін автоматикамен жабдықтау









Агломерациялық өндірістердің және металдық домалақшалар өндірістерінің объектілері

28

Сөндірілмеген әкті отқа төзімділігі ІІ дәрежеден төмен емес, едені жердің үстіңгі қабатынан кемінде 0,5 метр арақашықтықты көздейтін арнайы үй-жайларда сақтау









Домналық, болат балқытқыш, электр болат балқытқыш және ферроқорытпалық өндірістің объектілері (жалпы талаптар)

29

Домна, болат балқытатын пештер тегістеулерінің, конвертерлердің, миксерлердің, шөміштердің және балқытылған металдарға арналған басқа сыйымдылықтардың жай-күйі мен жарамдылығы









30

Кәбілді туннельдерге, құю орнына тікелей жақын орналасқан май жертөлелеріне, сондай-ақ балқытылған металдарды тасымалдау орындарына кіретін жерлерді балқытылған металдан биіктігі кемінде 300 миллиметр табалдырықтармен қорғау









31

Электр механизмдердің, электр жабдықтардың және гидрожетектер қондырғыларының кәбілдерін металды, шлакты құю орындарында және жоғары температуралы басқа аймақтарда механикалық зақымданулардан, сәулелі жылудың әсерінен, сондай-ақ оларға балқытылған металл мен шлактың шашырап кетуінен қорғау









Домналық өндіріс объектілері

32

Колошников алаңы мен зерттеу жұмыстарына арналған алаңдарды екі шығу жолымен қамтамасыз ету









33

Домна пештерін қаптаманың температурасын пештің барлық биіктігі мен ауданы бойынша бақылау аспаптарымен жабдықтау









34

Өндірістің материалдары мен қалдықтарын домна пештерінің іргетастарына жинауға жол бермеу. Іргетастарды жүйелі түрде қоқыстан тазалау









35

Күйіп кетпеуін бақылау үшін ауа фурмаларын дабылдау құрылғыларымен жабдықтау. Күйіп кеткен фурмалық аспаптарда жұмыс істеуге жол бермеу









Болат балқыту өндiрiсiнiң объектiлерi

36

Балқытылған металл және шлактың түсуі ықтимал орындарда жабдықтың кез келген түрін сақтауға және материалдарды (оның ішінде жанғыш) жинауға жол бермеу









37

Мазуты бар шығыс бактарды пештердің астына орналастыруға жол берілмеу, бактарды пештерден кемінде 5 метр арақашықтықта орналастыру және арнайы жылудан қорғайтын сенімді экрандармен қорғау









38

Өрт болған жағдайда мазутты түсіруге арналған авариялық сыйымдылықтары бар жабық түсіру және құю құбыр жолдарымен шығыс бактарды біріктіру









39

Салқындатқышта конвертерлік газдар шығып тұрған кезде конвертердің жұмыс істеуіне жол бермеу









40

Кептіруге болат балқытқыш пештерді, конвертерлерді, миксерлерді қойған кезде газды тұтату үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол бермеу









41

Өрт жарылыс қаупі бар материалдар мен қоспаларды сақтау, дайындау және жасау орындарында олардың негізінде ашық отты қолдануға жол бермеу









42

Алюминий-магний, алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын селитрамен, қышқылдармен, сілтілермен және тотықтырғыштармен, сондай-ақ жанғыш материалдармен бірге тасымалдауға және сақтауға жол бермеу









43

Тез жанатын шихта материалдары бар бункерді шихта крандары троллейінің астына орналастыруға жол бермеу









Электр болат балқыту және ферроқорытпа өндiрiстерінің объектілері

44

Пеш трансформаторларын өрт сөндіру құралдарымен және трансформаторда майдың толық көлемділігіне есептелінген авариялық май қабылдағыштармен қамтамасыз ету









45

Индукциялық және доғалы вакуум пештердің вакуумдық камераларын, сондай-ақ электрондық-сәулелік пештердің қорытпа камераларын жарылыстан сақтандыратын қақпақшалармен жабдықтау









46

Газ бен шаңның тұтануын, жарылысын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталмаған электр болат қорытпа және кенді қалпына келтіру пештерінен газ шаңның бөлінуін бұру жүйелерін пайдалануға жол бермеу









47

Сұйық алюминийді тозаңдату бункерлері, камералары тозаңға айналдыру процесінде ыстық ұнтақтың конвейерлік лентаға түсуін болдырмайтын бекітпелермен жабдықтау









48

Алюминий ұнтағының қышқылдануын, өздігінен жануын және жарылуын болдырмау үшін оны өндіру және сақтау орындарында ылғал мен дымқылдың болуына жол бермеу









49

Алюминийден, магнийден және олардың негiзiндегi қорытпалардан жасалған ұнтақтар мен опаларды өндiруге арналған үй-жайларда жертөлелердi, жертөле арналары мен ойықтарды орнатуға жол бермеу.









50

Алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын селитрамен, қышқылдармен, сілтілермен және басқа да тотықтырғыштар және жанғыш заттармен бірге сақтауға және тасымалдауға жол бермеу









51

Тез тұтанатын материалдар немесе тез жануға бейім материалдарды (магний жоңқасы және магний қорытпалары, селитра, бертолет тұзы, термит қоспасы) металл термиялық цехтардың балқыту корпустарында арнайы бөлінген орындарда екі тәуліктік қажеттілікте аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста (банкаларда, бөшкелерде) сақтау









52

Өздігінен жанатын материалдарды сақтауға арналған бункерлерді жұмысы өрт сөндіру құралдарын іске қосуымен бұғатталған, осы материалдардың температурасын бақылауға арналған қондырғылармен жабдықтау









Жалға беру, құбырларды жасау және метиз өндiрiстерiнің объектілері

53

Гидрожетектің жүйелерін май құбыры үзілген кезде қысым ысырмаларын автоматты жауып тастауға арналған құрылғымен жабдықтау









54

Май шаруашылығын пайдалану кезінде ашық от көзін қолдануға, май жертөлелерінде және май толтырылған жабдықтың жанында ұшқындауға жол бермеу









55

Май жертөлелері мен кәбілді туннельдерін оларға жұмыс алаңдарынан қабыршақтар, ұшқындар және тұтанудың басқа көздерінің түсуін болдырмау үшін жауып ұстау









56

Туннельдер мен май жертөлелерінің желдеткіш құрылғыларының өрт болған жағдайда автоматты сөнуін қамтамасыз ету









57

Мойынтіректер тораптарын қайта іске қосуға арналған ванналар, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтарды құюға арналған мазутқа арналған шығыс бактарын, цех ғимаратынан тысқары орналасатын авариялық сыйымдылықтармен қамтамасыз ету









58

Қорғаныш жарылыс қаупі бар газдарды қолданатын учаскелерде жарылыс қаупі бар шоғырландырудың құрылуының алдын алатын технологиялық автоматиканы жарамды күйде ұстау









59

Металды термиялық өңдеу (лентаны үздіксіз күйдіру) кезінде қорғайтын газы жоқ ерітілген натрийі бар ваннаны пайдалануға жол бермеу. Судың немесе дымқыл материалдардың натрийі бар ваннаға түсіп кетуіне жол бермеу









60

Жұмыс орындарында титан және оның қорытпаларының үгінділерінен, жаңқаларын және басқа да қалдықтарын сақтауға жол бермеу. "Титан қалдықтары" деген жазуы бар контейнерлерді желдеткіші тұрақты жұмыс істейтін арнайы бөлінген құрғақ үй-жайда сақтау









Отқа төзімді өндіріс объектілері

61

Қоспаны қыздыру және керосинде парафинді, стеаринді еріту үшін ашық отты, ашық электр спиральдарын немесе температурасы 100°С жоғары басқа беттік қабаттарды қолдануға жол бермеу









62

Керосин-стеаринді қоспаларды дайындау және қолдану учаскелерінде өртсөндіргіштер болмағанда жұмыс істеуге жол бермеу









63

Керосин-стеаринді қоспалардың төгілуіне жол бермеу және бұйымдарды қосымша жаншу кезінде жұмыс орындарында керосин-стеаринді қоспалардың қалдықтарын жинауды жүзеге асыру









64

Жанғыш (жарылыс қауіпті) газдарды отын және қалпына келтіру ортасы ретінде қолдануға жол бермеу









Бояу, шайқау, майын кетiру және жууға арналған цехтар, учаскелер, қондырғылар

65

Бояу цехтарының (учаскелерінің) бояу дайындайтын бөлімшелерін бөлек сыртқа дербес шығу жолымен қамтамасыз ету









66

Лак-бояу дайындау, бояу және бензинмен жуу жұмыстары жүргізілетін үй-жайлардың едендерін соққан кезінде ұшқын шығармайтын, жанбайтын материалдардан жасау









67

Кемінде екі метр биіктіктегі үй-жайлар қабырғаларының ішкі қабаты ластанудан оңай тазаланатын, жанбайтын материалмен қаптау









68

Цехтың, учаскенің, қондырғының барлық есіктерін сыртқа немесе ғимараттан жақын шығатын жаққа ашылатындай етіп орнату









69

Бояу жұмыстары, бөлшектерді шаю бояйтын шкафтар, ванналар, камералар мен кабиналардан жергілікті сорып алатыны бар қолданыстағы ағынды және сорғыш желдеткіштері болған кезде ғана жүргізу. Қондырғылардың жұмысын, сондай-ақ нитро негіздегі жабындарды, бензинді және басқа да желдету жүйесі бар тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, шаю, лактау, жуу және майсыздандыру операциясына беру жүйелерін бұғаттау









70

Бояу шкафтарын, камераларын және кабиналарының сорғыш желдеткішін сумен суландырғыштарсыз (гидро сүзгілер) немесе жанғыш бояулар мен лактардың бөлшектерін ұстап алуға арналған басқа тиімді қондырғыларсыз пайдалануға жол бермеу









71

Отты кабиналар мен ауа өткізгіштегі бояудың шөгінділерін күйдіру үшін қолдануға жол бермеу









72

Бұйымдар мен бөлшектерді жуу және майсыздандыру үшін жанбайтын құрамдар, пасталар, еріткіштер және басқа да өрт тұрғысынан қауіпсіз техникалық жуу құралдарын қолдану









73

Каустикалық соданы, селитраны, саптамаларды арнайы жабдықталған үй-жайда сақтау









74

Қышқылдарды сақтау орындарын оқыс төгілген қышқылдарды тезарада бейтараптандыру үшін дайын бор, әк немесе сода ерітіндісімен қамтамасыз ету.









75

Лак-бояу материалдарының ыдысын тығыз жабылған күйде және ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 20 метр қашықтықта орналасқан арнайы алаңдарда сақтау









76

Май жағылғаннан кейін құбырлар мен басқа бұйымдарды салуға арналған сөрелерді кейіннен оны сора отырып, ағызып және бұрып жіберуге арналған қондырғылармен жабдықтау









Газ қондырғыларын пайдалану

77

Объектілерде құрылыс, күрделі жөндеу, реконструкциялау және (немесе) техникалық қайта жабдықтау аяқталғаннан кейін пайдалануға енгізілетін тұрмыстық және өнеркәсіптік аспаптарға оны жағу үшін газ әкелетін құбыр желілерін өрт кезінде үй-жайда 1000С ортаның температурасына жеткен кезде, газ құбырын автоматты түрде жабатын жылу сезгіш ілгекті құрылғылармен (клапандармен) жабдықтау









78

Жылу сезгіш ілгекті құрылғыларды (клапандарды):
1) отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттарда, сондай-ақ ғимараттың шетінде орналасқан газ құбырлары электр магнитті және газ талдағыш немесе автоматты өрт сигнализациясы іске қосылған кезде, газ құбырын жабатын клапанмен жабдықталған ғимараттарда;
2) газ құбырлары электрмагниттік клапанмен жабдықталған, ал газ жағуға арналған қондырғылары бар үй-жайлары автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қорғалған қауіпті өндірістік объектілер ғимараттарында орнатуға жол бермеу









79

Аммиакты салқындату қондырғыларының машина және аппараттар бөлімшелері үй-жайларында салқындатқыш агент буларын бұғаттау газ талдауыштардың сорып-тартатын желдетуді автоматты қосатын және салқындату қондырғыларының сығымдағыштарын автоматты сөндіретін құрылғылары бар салқындатқыш ақаусыз күйінде болуға және тиісті актімен немесе арнайы журналдағы жазбамен ресімдеумен қамтамасыз ету, жұмысқа қабілеттілігін жылына кемінде екі рет тексеру









80

Салқындату қондырғыларына арналған аммиагы бар баллондарды ғимараттың немесе құрылыстың арнайы қоймалық үй-жайларында сақтау.
Мына:
1) аммиагы бар баллондарды салқындату қондырғыларының машина бөлімдерінде сақтауға;
2) аммиагы бар құбыр жолдарын эвакуациялау жолдары бойынша, лифтілер мен көтергіштер шахталарында, сондай-ақ жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В1-В4 санатты үй-жайлар арқылы төсеуге жол бермеу









81

Аммиакты салқындату қондырғыларының машина және аппараттар бөлімшелерінің үй-жайларын жарылыс кезінде (оның ішінде оңай тасталатын конструкциялар, сындырылған панельдер, арнайы шынылау, терезе блоктарының ашылатын фрамугалары) қираудан қорғауға арналған құрылғылар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігі және үнемі жарамды күйде ұстау. Салқындату камераларының және салқындатқыш агрегаттардың үй-жайларын тікелей мақсатынсыз пайдалануға жол бермеу









82

Аммиагы бар баллондарды жұмыс істейтін жылу беру аспаптарынан кемінде 5 метр арақашықтықта орналастыру. Аммиагы бар баллондарды жүйелерді толтыруды тездету үшін қыздыруға жол бермеу









83

Салқындатқыш камераларының өртке қарсы белдіктерінде тесіктер салуға, түтіктер өткізуге, бекітулер орнатуға, сондай-ақ оларды жанғыш материалдармен қаптауға жол бермеу









84

Салқындатқыш агрегаттарды салқындату камераларының тамбурларында орналастыруға жол бермеу. Басқа үй-жайлардан сыртқа шығатын немесе дәліз арқылы есіктермен бөлінген шығу жолы болатын машина бөлімінде салқындатқыш қондырғылардың камераларын тұздықпен салқындатып орналастыру









85

Пайдалану және жөндеу процесінде жобада көзделген салқындату камераларының жанбайтын жылу оқшаулауын жанатын жылу оқшаулауына ауыстыру жүргізуге жол бермеу









86

Машина және аппарат бөлімшелерінің желдету жүйелерін басқа үй-жайлардың желдету жүйелерінен бөлу









87

Аппарат және машина бөлімшелерінің авариялық жарықтандыруын жарамды күйде ұстау









88

Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелеріндегі жарылыстан қорғайтын электр жабдығын техникалық жарамды күйде ұстау









89

Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерінің үй-жайларын пайдалану процесінде жеңіл лақтырылатын элементтерін (панелдерді, терезелерді, есіктерді) конструкциялардың басқа түрлеріне ауыстыруға жол бермеу









90

Майлау материалдарын компрессорлық үй-жайларда ауысымдық қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста сақтауды жүзеге асыру









91

Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларда компрессорға сұйық салқындатқыштың түсу мүмкіндігін болдырмау









92

Аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың үй-жайларында ішкі өрт крандары шашыраған суды алуға мүмкіндік беретін шашыратқыш оқпандармен жабдықтау









93

Компрессорлық бөлімшелер үй-жайларында компрессорлармен конструктивтік немесе технологиялық байланысы жоқ аппараттарды немесе жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеңселер мен қоймалар жасауға жол бермеу









94

Салқындатқыш агенттері бар құбыр жолдарда тасымалданатын заттарға байланысты танып ажырату бояуымен және цифрлық белгілермен қамтамасыз ету









95

Салқындатқыш агенттері бар құбыр жолдардың қолданыстағы орналасу схемаларын, сондай-ақ салқындатқыш агентті жоспарды әзірлемей және оны бекітпей ауыстыруға жол бермеу









96

Салқындатқыш агенттері бар құбыр жолдардың механикалық зақымдалуы ықтимал жерлеріне қорғайтын бүркеніштер, торлар, кішкене көпірлер орнату









97

Салқындатқыш агенттері бар құбырлардың жанбайтын жылу оқшаулағышын жанатын түріне ауыстыруға жол бермеу









98

Тоңазытқыш станциясының үй-жайларын өздігінен тығыз жабылатын есіктермен жабдықтау









      Лауазымды адам (адамдар)

      ___________________       _____________________       ______________________________

      (лауазымы)                   ( қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      _____________________             __________________________________________

             ( қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)



 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 246 және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 307 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

жүктеу 2,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау